Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкер дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.68 Кб
Скачать

11 Тақырып. Дүние жүзілік шаруашылық және оның даму жағдайы мен кәсіпкерлік қатынастарға қатыстылығы.

Дәріс

Дүние жүзілік шаруашылық мәні және пайда болу негіздері. Халықаралық кәсіпкерлік интеграция. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің халықаралық қатынастарындағы құқықтық жағдайы.

Халықаралық интеграцияның ұдайы өсуі қазіргі кәсіпкерлік қатынастардың дамуының жаңа белестерін дамытып қоғамдық қатынастарға енгізуде. Отандық кәсіпкерлердің бәсекеге төтеп бере алуы көптеген себептерге байланысты. Соның бастысы халықаралық шаруышылықтың дамуын терең зерттеу және оларды құқытық реттеу миханизімі мен нормаларының ерекшеліктерін жетік түсіну негізгі орынды алады. Заңгерлердің дүние жүзілік шаруашылық мәселелеріне терең тоқтатылуы көптеген экономикалық, құқықтық, саяси негіздерді түсіндіре отырып оларды реттеу миханизімінің табиғатын түсіндіреді. Дүниежүзілік шаруашылық бұл бір-бірімен тауарлы-ақша қатынастарымен байланысқан, егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы болып табылады. Осы шаруашылықка дамыған және дамушы елдер енеді. Бұл процесс ХҮІ-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басына дейін жалғасып, үш жүз жылдан астам уақытқа созылды.

ХУІ-шы ғасырдың соңында пайда болған ұлттык мемлекеттер арасындағы тауар айырбасы ХХ-шы ғасырдың басында жалпы дұниежүзілік сыйпатқа ие болды. Нәтижесінде олардың арасында тұрақты экономикалық байланыстарды қалыптастырды. Бұған даму деңгейі әр дәрежедегі бір қатар дамушы елдер де жатады.

Статистиканың куәландыруына қарағанда, «үлкен жетілік» елдердің көп экономикалык, мүмкіншілігі барлығын байқатады. Ондағы тұрғындар жалпы алғанда 650 млн. адам болып, әлем халқының 12%-нан астамын құрайды.

Осы «жетілік» үлесіне дүниежұзілік жалпы ұлттық өнім мен өнеркәсіп өндірісінің 50%-дан артығы, ауыл шаруашьшығы енімнің 25%-дан астамы келеді.

Дүниежүзінде тұратын халықтың орташа түрғынымен салыстырғанда, «жетілікхе» енетін елдердің бір тұрғынына 4-4,5 еседен артық азық-түлік келеді екен.

Жоғарыдағы жетілікке енетін елдерге өндірістік қатынастары ете жақын болып, «жаңа индустриалды елдер» тобын кұрайтындар жатады. Оларға: Бразилия, Мексика, Аргентина, Оңтүстік Корея,

Гонконг, Тайвань, Сингапур жатады. Бұл елдердің дамуына ірі шетел инвестициясы — әсіресе, американ, жапония, батыс-еуропаның капиталдары — көмектесті. Соның арқасында өнеркәсіп өндірісі саласында ірі құрылыс жобалары жүзеге асты.

Экономикалық дамуы жағынан екінші деңгейде Таяу Шығыстағы мұнай өндіруші елдер: Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Аравиясы жатады.

Өнеркәсіптік қатынастары аса дамымаған топкд 40-қа жуык елдер енеді. Дүниежүзілік шарушылық аясында өтпелі кезеңнін экономикалык дағдарысынан шыға бастаған елдер де талпыныс жасауда. Нарыктық катынастарға талпыныс байқатқан Шығыс Еуропа және ТМД елдері тартылуда. Дүниежүзілік шаруашылықгағы 100-ден астам елдер дамымаған еддер қатарын құрайды. Жоғары дамыған елдердің иңдустриалды дәрежеден постиндустриалды (ақпаратты) қоғамға етуінде олардың даму деңгейі тым төмен көрінеді.

Халыкаралық Экономикалық Интеграция

Бірнеше ұлттык шаруашылықтын бірігіп аймактык экономикалык жүйе кұруын халықаралық экономикалық интеграция процесі дейміз.

Осы интеграциялык құрылымға -- Еуропалық экономикалык қауымдастык (ЕЭҚ) жатады. ЕЭҚ 1957-ші жылы құрылып, оған алғашкыда алты мемлекет енді: Белыия, Голландия, Италия, Люксембург, Франция, Германия. Ал, 1973-ші жылы төрт мемлекет қосылцы: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып — «Еуропа он екілігі» дұниеге келді. Ұлттык, Еуропа парламенті кұрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Кызмет саласына қауымдастықтың бюджет-каржы істерін бакылау жатады. ЕЭҚ-тың ұкіметаралық органы болып Министрлер Кеңесі жатады. Министрлер Кеңесі шешімі серіктес-мемлекеттің заңцарымен пара-пар саналады. Кеңесі жұмысыньщ аясына қауымдастык қызметінің негізгі сұрақтарьі толық енеді. Әр мемлекеттін басшысы Кеңесі мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавитгік ретпен ауыстырылады.

Еуропалық экономикалық кауымдастық территориясында енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өз ара еркін қозғалып отырады.

Жан басына шаққанда азық-түлік ендіруді Еуропалык экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.

Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің сауда-экономикалык тобы (АСЕАН) құрыдды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд, / Филиппин. Латын Америка территориясында 1980-ші жылы сондағы елдерден ен ірі экономикалык сауда тобы құрыдцы. Мақсаты - аймактағы сауда мен экономикалык ынтымактастықты дамыту, баска елдермен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикандық жалпы нарықты құру болып табылады. Бұл кауымдастыққа 11 ел кіреді: Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналаскап.