Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіпкер дәріс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.68 Кб
Скачать

1 Тақырып. Кәсіпкерлік құқық түсінігі.

Дәріс

Кәсіпкерлік құқыққа сипаттама. Кәсіпкерлік құқықықтың реттеу тәсілдері, қағидалары және қайнар көздері. Кәсіпкерлік құқық жүйесі.

Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж.) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу — басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер — алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Олы туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 жж.) былай деген: «Кәсіпкер — адамдарды өндірістік шеңбер ауқымыкда ұйымдастыратын адам».

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 жж.) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жардайында табыс алу максатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам білсенділігін жатқызды.

Экономикалық және құқытық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түріңде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес — табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік — новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер — ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды. Заң ғылымда «кәсіпкерлік қабілетгілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілетгілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу кабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатыңдардың барлығығының қолынан бұл келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қьдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілетгілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз караспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай кабілетгілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес — бұл табыс әкелетін адампың экоиомикалық қызметі. Кәсіпкерлік — бұлда адамның экономикалық кызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске барыттайды және осы жаңалыкты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратьш болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині колданылады.

Қазақстан республикасы Президентінің «Шаруашылык серіктесі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік кызмет шаруашылық серіктесігінің түріне қарай жеке және ұйымдык болуы мүмкін:

  1. жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

  2. толык, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

  3. жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;

  4. коммандитті — аралас жауапкершілік (біреудің толык мүлікімен және басканың салынған салымымен);

  5. косымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымён және оған жататын мүлікпен косымша жауапкершілік мойына алынады;

  6. ендіріс және түтыну кооперативтері;

  7. консорішумдар;

  8. акционерлік коғамдар.

Мемлекеттік және казыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылыкты жүргізу кұқығына негізделсе, екіншісі - жедел баскару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептін екі тұрі қолданылады: таза мемлекеттік — толық ІІІаруашылық есеп, казыналык — толык емес шаруашылық есеп.

Көсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жана жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік кызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтык тұрғыдан дараланған. Кәсіпорының ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

      • азаматгар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;

      • ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар.

КР–ң Конституциясында меншіктің көптеген нысандары, жеке меншікке қол сұсқпаушылық және жеке кәсіпкерлік қызметтің бостандығы бекітілген.

Кәсіпкерлікқызметтің заңдық базасы өте кең. Негізгі кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін заңдар ретінде ҚазССР – ғы кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметтің бостандығы тур заң 1990 ж. 11 желтоқсан, 1994 – шілдедегі «жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау тур» заң. Негізін салушы заңдар ретінде «меншік туралы» 1990ж. 15 – желтоқсан заңы, 1991 ж. 13 ақпанда қабылданған «кәсіпорында туралы» ж. т. б. айта кетуге болады. 2006 жылы 31 қаңтарда қабылданған “Жеке кәсіпкерлік туралы” заң жоғарыдағыладың біразының күшін жойды, себебі кәсіпкерлік экономиканың негізгі құралы, ал ол өз алдына үнемі дамып өзгерісте болып отырады.

Кәсіпкерлік қызыметті реттеу нарықтық экономиканың қалыптасуымен байланысты бүкіл заңдармен жүзеге асып отырады (шаруашылық серіктестік, акционерлікқоғам, монополияғақарсы қызмет тур, банкроттықбанктер тур ж.т.б. зандар).

Сондықтан экономикалық реформаны құқықтық қамтамасыз ету туралы әңгімені қозғағанда кәсіпкерлік қызмет туралы оның дұрыс құқытық реттелуі туралы жағдайды бірінші кезекке қоямыз. Себебі республикада кәсіпкерлікті дамыту ол ең алдымен дұрыс заңдарға байланысты, ал дұрыс реттелген қатынас тұрақтылыққа әкеледі. Экономиканың тұрақтылығы еліміздің болашағының жарқын болашағы болып табылады. Тәжірибедегі басты мәселелердің бірі көбіне зандар бір – біріне қарама – қарсы келеді кебіреулері әрекет етпейді ал кейбіреулері орындалмайды.

Заңның даму концепциясы сауда немесе кәсіпкерлік кодексін қабылдау туралы мәселенің мақсатқа сәйкестігіне байланысты. Бұл кәсіпкерлер үшін барлық заңдарды кодификациялау арқылы бір заңға жинау мүкіндігін туғызады. Ал екінші жағынан тәжірибеде бұдан бірдеме шығару қиыншылық туғызуы мүмкін. Себебі кодекс әр түрлі қатынастарды реттеуші нормаларды жинай алмайды (әкімшіл, қарж, азам, еңбек). Кодекс тек қана бір саланы реттейді және оның жалпы бөлімі болуы керек.

Ал кәсіпкерлік немес сауда кодексі азаматтық кодекстің жалпы бөлімін қайталайды. Кәсепкерлік кызметке байланысты қатынастар ақша – тауар, нарықтық қатынастардан туындайды яғни азаматтық кодекспен реттелетін нормалар.

Сондықтан кәсіпкерлік туралы жеке заңдық актілер қабылдау мүмкін бірақ бұл актілер азаматтық кодекске қосымша болыу керек.

Көптеген Батыс европа және латын америка елдерінде жалпы азаматтық құқық пен бірге арнайы сауда құқығы бар. Азаматтық және сауда кодекстері әрекет етеді. Ал кейбір елдер Швейцария, Италия, Нидерландия екі автономды Кодексті қабылдаудан бас тартып тұтас азаматтық кодексті қабылдады.

Кәсіпкерліктің даму бағыты. Кәсіпкерлік қызмет, тауар өндіру, қызмет көрсету, өндірісті инвестииялау яғни ауылшаруашылықта, құрылыстық және т.б. қатынастармен байланысты сонымен қатар нарықта делдал тауарды сатып алу сатуменде байланысты.

Кәсіпкерлік қоғамның барлық аясымен тығыз қарым қатынаста сондықтан оның болуы:

      • Экономикаға негізделген

      • өндірістік қатынас жүйесіне кіруі керек

      • өндірістік еңбектің өсуін көрсету керек

      • тиімді материалдық және қаржылық ресурстарды қолдану, ғылыми техникалық прогресске қол жеткізуді қамтамсыз ету керек.

Кәсіпкерлікпен қоғамның ара қатынасы әлеуметтік аясындағы нәтижелермен сипатталуы керек, яғни елеулі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру.

Кәсіпкерліктің қоғамдағы саяси өмірімен қарым-қатынасы оның дамуының маңызды аспектісі болып табылады.

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметке қолдауды қамтамсыз ету қажет. Бұлсыз кәсіпкердің қоғамда беделі орнатылмайды және қолайлы даму жағдайы қалыптаспайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]