Қосымша құралдар
Оқушы ішкі жиынтық бақылау жұмысына өзімен бірге алып келуге рұхсат етіледі:
7-10- сыныпқа арналған географиялық атлас
Қарындаш
Калькулятор
Әкімдік ету ережелері
Өзіңіздің кабинетіңіздегі кез-келген көрнекі материалдарды мысалы диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды тест уақытында жауып қойыңыз.
Тест басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып алып, жұмыстың орындалуына қанша уақыт берілгендігі туралы оқушыларға хабарлаңыз. Оқушылардың жұмысты орындау барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын естеріне түсіріңіз. Тесті бастамас бұрын барлық оқушылардың нұсқауды түсінгендігіне көзіңізді жеткізіп сұрақтары барма екенін сұраңыз.
Барлық жұмысты орындау уақытында оқушылар жұмыстарын жеке және өздігінен орындап жатқандықтарына көзіңізді жеткізіңіз. Тест уақытында олардың бір-бірімен сөйлесулеріне немесе бір–бірінен көшіріп алуларына болмайды.
Жұмысты орындау барысында көмек беретін мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілетін ресурстардан басқа) оқушылардың қосымша ресурстарды пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Оқушылардың қажетсіз жауаптарды өшіргішпен өшіргенше, сызып тастауға рұқсат беріледі.
Оқушылардың тест орындау процесінде нұсқауға немесе орындау уақытына байланысты сұрақтары болса жауап беріңіздер. Сіздердің оқушылар үшін сөздерін оқуға, емле ережелеріне көмектесуге, сұрақтарын өзгертіп айтуға және кез келген ақпаратты беруге мүмкіндіктеріңіз жоқ.
Тестің аяқталуына 5 минут қалғанда оқушыларға хабарлап отырыңыздар.
Тест аяқталғаннан кейін сыныптағы оқушылардың жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын сұраңыз.
Стандарттау және балдарды қою
Барлық мұғалімдер стандарттау процесінде бекітілген балдарды қою схемасының бірдей нұсқасын қолданады. Стандартталған балдарды қою схемасын қолданғанда қателіктер мен ауытқушылықтарды жібермес үшін, балдарды қою процесінде мұғалімдердің қойған балдарының мысалдары тексеріледі.
