Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сынып, 2 тоқсан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.43 Кб
Скачать

«География» пәнінен ішкі жиынтық бағалауға (іжб) арналған спецификация

8- сынып

Астана - 2014

Мазмұны

  1. Дағдылар тізімі.......................................................................................................2

  2. Кіріспе.....................................................................................................................2

  3. 8-сыныптағы ішкі жиынтық бағалау жұмысы мен дағдыларға шолу..............3

    1. ішкі жиынтық бағалаудың тоқсан бойынша өткізу барысы.......................3

  4. 2- тоқсан...................................................................................................................4

4.1 2-тоқсанда қамтылатын сұрақтар мен балл қою схемасы...........................7

  1. Қосымша құралдар..................................................................................................8

  2. Әкімдік ету ережелері.............................................................................................8

  3. Стандарттау және балдарды қою...........................................................................9

  1. Дағдылар тізімі

    1-дағдылар тобы

    Сипаттамасы

    Білу

    Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен анықтамаларды, нақты деректерді білуі және еске түсіруі

    Түсіну

    Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізуі, болжауы немесе түсіндіре білуі

    2-дағдылар тобы

    Сипаттамасы

    Қолдану

    Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс емес жағдайларда, контексте қолдануы

    Сыни ойлау

    Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен сенімділігі туралы шешім қабылдауы

    Анализ

    Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес ақпараттарды және/немесе нәтижелерді жинақтап, материалдарды немесе тұжырымдарды бөлікке бөлуі және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білуі

    Синтез

    Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білуі

    Бағалау

    Оқу бағдарламасындағы сипаттамасына байланысты, пән және сыныпқа сәйкес белгілі критерийлер арқылы материалдың немесе идеялардың құндылығы туралы шешім қабылдауы

    Рефлексия

    Пікірлерді, ойлар мен оқиғаларды талдау және талқылау, сонымен қатар ой толғаныс нәтижесінде әрекет немесе шешім қабылдау. Айғақтарды жинақтау мен пайдалану арқылы (пән мен сыныпқа сәйкес) жорамалдарды зерттеу және нәтижесінде бағалау мен өзіндік қорытынды жасау. Жасалған қорытындыларды талдау қабілетін көрсету.

    Математикалық сауаттылық

    Әр түрлі пәндер, контекстер мен күнделікті жағдаяттарда сандарды, есептеуді, график, кесте және басқа да математикалық концепцияларды түсінгенін және қолдана алатындығын көрсету.

  2. Кіріспе

Мақсаты: ішкі жиынтық бағалау жұмысы оқушылардың білім, түсінік, дағдыларының оқу бағдарламасы мазмұны мен оқу жоспарына сәйкестігін дәлелдеуге бағытталады. Бағалау оқу жоспарындағы тоқсанға арналған жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

География бағдарламасының басты мақсаттары: географиялық білім ғылыми әлемнің ажырамас бөлігі екендігін таныту, феномендер мен үрдістердің түрлерін бағалай отырып, белгілі бір жерде өмір сүруге бейімделуін түсіндіре отырып, қоршаған ортаны өмірдің тірегі ретінде бағалай отырып, географиялық білімді күнделікті өмірде қолдану қабілетін дамыту және мәселелерді шешу. Географиялық ақпараттың әр түрлі көздерімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, оқушылардың географиялық объектілердің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау құралдарын қолдану, олардың құрылымдарын жақсарту сияқты практикалық дағдыларын, сараптау және сипаттау дағдыларын және кестелер, сызбанұсқалар, диаграммаларды талдауды жақсартуға мүмкіндік беру. Оқушыларға географияның ғылыми пән ретіндегі ролі мен қазіргі адамзат пен жаһандық мәселелерді шешудегі мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]