Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эндокриндік жүйеоьрптнеаквакнквс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Қалқанша безі

Қалқанша безі эмбриогенездің ___(3-4 аптасында) 1 және 2 желбезек қалталарының жұптарының арасында жұтқыншақтың қабырғасының өсіндісі түрінде пайда болады. 3-4 желбезек қалталарының деңгейінде ол екіге жарылады да қалқанша безінің екі бөлігін береді. Бастапқы эпителий жасушаларының созындысы кері дамиды, оның біраз бөлігі ғана сақталып, бездің екі бөлігін біріктіріп тұратын _______(қылтаны) құрайды. Басқа сүтқоректілерде бездің екі бөлігі бір-бірінен оқшауланып, жеке орналасады. Мезенхима созындылардың арасына кіріп қан тамырлары мен дәнекер тіндердің бастамасы болады. Адамда нейробластылардың туындысы нейроэндокриндік парафолликулярлық жасушалар қалыптасады.

Қалқанша безі сыртынан дәнекер ұлпалық капсуламен қапталған. Капсуладан бездің ішіне кіріп орналасқан ______(трабекулалар) оны бөліктерге бөледі. Бездің екі бүйірлік және сиректеу кездесетін пирамидальды бөліктері, қылтасы ажыратылады. Қалқанша безінің құрылымдық-қызметтік бірлігі ______(фолликула) деп аталады. Бөлік ішінде, бөлікшелердің арасында дәнекер тін орналасады.

9 Тапсырма

Жемсау ауруы

Жемсау (зоб) ауруы — бұл ______(қалқанша безінің)  әнтек зораюынан пайда болатын тамақтағы ісік немесе түйін.

Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті әйелдің организмінде _____(йодтың жетіспеушілігі) баланың өлі тууына немесе ақьш-есі кем, мылқау боп тууына себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай анасы жемсау боп ауырмаса да болуы мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне жердің қойнау қабатында, су мен аста йод құрамы аз болып келетін таулы аймақтарда жиі кездеседі.Зобты қалайша алдын алып емдел жазуға және кретинизмді қайтіп болдырмауға болады: Зоб ауруы көп тараған аймақта тұратын адамдардың барлығы ішіп-жемінде йодталған тұзды қолданулары қажет. Бүл зобтан алдын-ала сақтандырғыш әрі оны емдеп жазатын дәрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады, бірақ мұның қажеттілігі жоқ).

Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын ______(1 стақаннан) ішіп отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып кетсе), ауруды одан әрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы.Дегенмен де зобтан құтылудың ең оңай жолы ______( йодталған тұзды)  қолдану болып табылатынын қайталап айтамыз.

10 Тапсырма

1. Әр сөйлемнің тұсындағы қоршаудың ішіне берілген сөздің сәйкес келетінін жазыңдар

  1. Организмге тамақ құраымен түсетін көмірсулардың сіңіруін реттейтін гармон (инсулин)

  2. Ұйқы безінің инсулинді жеткіліксіз бөлінуінен глбкозаны клеткалардың сіңіре алмауынан (қан диабеті)

  3. Аз мөлшерде ой еңбегін қоздыратын, ал көп мөлшерде, керсінше, тежеу туғызатын гармон ( адреналин)

  4. Қосымша мәліметтермен танысу.

« Кішкене бездерінің құпия сыры»