
№ 1 Тапсырма
Эндокриндік жүйе
Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз —қанның құрамындағы _______(гормондар) және ________(минералдық ) заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Эндокриндік бездердің (гректің endon – ішкі, сrіnео – бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы __________( тамырларға ) өтеді. Эндокринология ішкі сөлініс бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан. Ішкі секреция бездері шығарған заттар _______( гормон ) деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысы мен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді ___( үш )топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).
Басты ішкі секреция бездері (сол жақта — еркек, оң жақта — әйел): 1.Эпифиз 2. Гипофиз 3. Қалқанша без4. Тимус 5. Бүйрек үсті безі 6. Ұйқы безі 7. Аналық без 8. Аталық без
№ 2 Тапсырма
Эндокриндік жүйенің қызметі
Эндокриндік жүйенің қызметі ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды. Гипоталамус жүйке жүйесінің бөлігі және эндокриндік жүйенің ______(орталық) мүшесі болып табылады. Алдыңғы және орталық гипоталамустың ядроларында жүйкелік және эндокриндік жасушалардың қызметін біріктіре атқара алатын ______(нейросекреторлық нейрондар ) анықталады
Ішкі тұрақтылықты, яғни, __________(гомеостазды ) қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылып қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.
|
|
1. Ми 2. Жұлын 3. Жүйкелер
|
1. Гипофиз 2. Қалқанша без 3. Бүйрекүсті бездер 4. Ұйқы безі 5. Жыныс бездер
|
№ 3 Тапсырма Гормондар
Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін _______(биологиялық заттар). Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай ______-(аминдер) , (нәруыздар),( стероидтар) және _______ (май қышқылдары) болып келеді.
Гормондардың қасиеті:
Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
Арнайы әсер;
Био-физиологиялық белсенділік;
Әр түрге арнайшылық;
Тек тірі жасушаларға әсер ету.
№ 4 Тапсырма
1. Қант диабетін нақтылау үшін негізгі критерии:
глюкозурия
гипегликемия
гиперлипидемия
кетонурия
гипокалиемия
2. Қант диабетінің І типіне не тән:
жақын туыстарында қант диабеті болуы
зиянды әдеттер
жоғары калорилі тағамдық заттар қолдану
туу кезінде жарақат
басынан өткерген вирусты инфекция
3. Жас өспірімдік жаста соматотропты гормонның гиперпродукциясы әкеледі:
акромеалия
алыптылық
гипофизарлы нанизм
ерте жыныс жетілуі
қалқанша безінің қыметінің тежелуі
4. Қандай гормондар контринсулярлы қызмет атқарады:
глюкогон, соматотропты
тестостерон
эстроген
ацетилхолин
альдостерон
5. Диффузды токсикалық зоб кезінде ұйқы артериясынан естілетін систолалық шудың себебі:
митральды қақпақша жеткіліксіздігі
тахикардия
артерияның зобпен басылуы
анемия
аортальды стеноз
6. Қалқанша безінің инвазивті емес қосымша зерттеу әдісіне жатады:
радиоизотопты сканирлеу
қалқанша безі биопсиясы
УДЗ
қалқанша безі гормонының қан құрамындағы деңгейі
магнитті резонансты томография
7. І типті қант диабеті бар аурудың анамнезін зерртегенде негізгі болып табылмайды:
тұқымқуалау
отбасында бұрынғы және қазіргі уақытта қант диабетімен ауыратындардың болмауы
витилиго сияқты қосымша аурудың болуы
науқастың жас болуы
жиі стересс
8. Жиі бас ауру, бас киім, аяқ киімнің ұлғаюы келесіге тән:
артериальды гипертензия
интоксикация
гипофиз аденомасы
кетоацидоз
евнухоидизм
9. Науқас қалыпты және жоғарғы тәбеті бола тұра дене массасының төмендеуіне шағымданады, бұл неге тән:
І типті қант диабеті
асқазан обыры
диффузды токсикалық зоб
нейрогенді анорексия
Аддисон ауруы
10. Қантты диабет кезінде байқалады:
қандағы қанттың мөлшерінің төмендеуі
қандағы қанттың мөлшерінің жоғарлауы
гиперкальциемия
гипокальциемия
дұрыс жауабы жоқ
№ 5 Тапсырма