
- •Ету жүйесiн қалыптастыру ерекшелiктерi
- •1.2 Мемлекеттi басқарудағы ақпарат жүйесiн дамыту мәселелерi
- •1.3 Электрондық үкiметтi қалыптастыру ерекшелiктерi
- •Саяси жүйе буындарының талдауы (желiлiк тәсiл)
- •Электрондық кеңiстiк сегменттерi
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы Интернет нарығын талдау
- •2005-2006 Жж. Қазақстанда Интернетке қатысушы аудитория мен оның коммуникативтi әсер ету аймағы (мың адам есебiмен)
- •Интернеттi қолдану бағалары (2007 ж.)
- •"Megaline" жүйесiнiң Интернет бағаларының көрсеткiштерi (2007 ж.)
- •3.1 Ақпараттық жүйе экономиканы басқару құралы ретінде
- •3.2 Қазақстан Республикасына электронды үкiметтi дамыту бағыттары
"Megaline" жүйесiнiң Интернет бағаларының көрсеткiштерi (2007 ж.)
Ақпаратты өткiзу жылдамдығы (кiрiс/шығыс) |
Ақпарат көлемi, Гбайт |
Төлем ақы (бiр айға) |
Артық қабылданған ақпаратқа қойылатын үстеме баға |
"MegalineStart" тарифi бойынша Basic 128 Кбит/с/ 128 Кбит/с |
0,4 |
1982,61 |
148,69 |
"MegalineStart" тарифi бойынша Active 128 Кбит/с/ 128 Кбит/с |
0.8 |
3172.18 |
133.82 |
"MegalineStart" тарифi бойынша Basic 256 Кбит/с/ 128 Кбит/с |
0.6 |
3711.44 |
138.78 |
"MegalineStart" тарифi бойынша Active 256 Кбит/с/ 128 Кбит/с |
1.0 |
4948.58 |
124.91 |
"MegalineStart" тарифi бойынша Basic 387 Кбит/с/ 128 Кбит/с |
0.8 |
5154.78 |
128.87 |
"MegalineStart" тарифi бойынша Active 384 Кбит/с/ 128 Кбит/с |
1.2 |
6185.74 |
115.98 |
"MegalineStart" тарифi бойынша Basic 512 Кбит/с/ 256 Кбит/с |
1.0 |
5947.82 |
118.96 |
"MegalineStart" тарифi бойынша Active 512 Кбит/с/ 256 Кбит/с |
1.5 |
7137.39 |
107.07 |
Қазiргi кездегi ең өзектi мәселелердiң бiрi байланыс пен ақпарат берудiң жаңа замандық түрлерiне халықтың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыда халықтың қол жетiмдiлiгiн арттыру үшiн Интернет нарығын жетiлдiру қажет. Елiмiзде "Қазақтелекомды" қоса есептегенде халықаралық және қаларалық байланыс қызметiн көрсететiн жетi оператор бар.
Ел тұрғындарының үштен бiрi өмiр сүретiн, Қазақстанның iрi қалаларының егде тұрғындарының Интернеттi пайдалануының тиiмдi құрылымының динамикасын қарастырайық .
Айына бiр реттен жиi интернетке қосылатын тұтынушылардың суреттейiнше, "максималды аудитория" категориясын ыңғайлы талдау үшiн жүйелi және жүйесiз аудиторияға бөледi. Кестеде келтiрiлгендей белсендi аудитория, электронды коммерцияны бағалау үшiн елеулi мәнге ие болады. Кестенiң оң жақ бөлiгiнде (1 және 2 графа) 2005 және 2006 жж. жағдайы бойынша екi тез арадағы құрылымы орналастырылған. Жоғарыда көрсетiлген кестедегi құрылымның алға жылжуын сипаттайтын болсақ, жүйелi аудиторияның бiрiншi кезекте Интернетке қосылушылар, ең болмағанда желiнi бiр рет қолданушылар есебiнен өсетiнiн көрсетедi.
-
3
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН АҚПАРАТПЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ
3.1 Ақпараттық жүйе экономиканы басқару құралы ретінде
Қазақстан үшiн экономиканы тиiмдi басқару сұрағы бiрiншi кезектегi мiндеттердiң бiрi болып табылады. Қазақстанның қазiргi жағдайына ұқсас экономиканы басқарудың оң нәтижесiне жеткен елдердiң тәжiрибесi мен басқару әдiстерiн, әртүрлi жүйе тиiмдiлiгiн талдай отырып, Қазақстан үшiн жарамды, негiзгi экономиканы басқару тетiгiн белгiлеуге болады: бұл мемлекет мүмкiндiгi арқылы басқару және нарықты мемлекеттiк реттеу арқылы жүзеге асырылады. Бiрiншi бағыты мемлекеттiк секторды тiрек ете отырып, холдинг пен банк белгiлерiнiң бiрлесiмдiлiгi бар ұйымды қалыптастыру, соның нәтижесiнде оның бөлшектерiн жекешелендiру арқылы, мемлекетке максималды пайда келтiру.
Экономикаға мемлекеттiк әсер етудiң екiншi бағытының негiзi-нарықты мемлекеттiк басқаруды реттеу. Бұл мемлекет қызығушылығындағы нарықтың тактикалық өзгерiсiн жүзеге асыру үшiн де, сондай-ақ стратегиялық мемлекеттiк мақсатқа жету үшiн де керектi бағыт.
Европа елдерiнiң тәжiрибесi көрсеткендей, алдыңғы қатарлы салалардың технологиялық даму кезеңiне сүйенген кезде ғана; экономиканы реттеуде мемлекеттiк бөлiм тиiмдi жұмыс iстей алады.
Ресей қоғамның барлық саласында ақпараттанудың ролiн мойындағанына қарамастан ақпараттық қоғамға өтуде ендi дамып келедi. Дамыған елдердiң алға басар жолындағы есептеулерi мен қателiктерiн ескерiп, кейбiр кемшiлiктi пайдаға шешуге болады. Экономикалық дамуды реттейтiн мемлекеттiк басқару органдары мен нақты ақпараттағы нарық субъектiлерiнiң қажеттiлiгiн бiруақытта қанағаттандыратын нарық экономикасына керектi жалпымемлекеттiк ақпараттық жүйенi жобалап, әлемдiк деңгейдегi мамандандырылған қорғаныс сипатындағы ақпараттық институттар мен халық шаруашылығын басқаруда ұйымдастырылған жабық жүйенi құруда үлкен тәжiрибеге ие бола отырып, даму жолында бiрнеше сатыдан секiрiп, басып озып, алдыңғы шекпе шығуға болады. Өз қарамағындағы қуатты ақпараттық жолдингке ие бола отырып, ақпарат нарығындағы ақпарат ағымын бақылай отырып, мемлекет аз уақытта экономиканы қалыпқа келтiру мүмкiндiгiн иеленiп, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қаратыра қосылады.
Дегенмен, келешекте үлесi үздiксiз төмендемейтiн мемлекеттiк статистиканың аймақтық филиалдары, ведомстволар мен министрлiктердiң аймақтық қЫзметтегi ақпараттық қамтамасыз етудiң жоғары деңгейлi құрылған технологиясының сызба нұсқасын сақтайтынын көремiз.