Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаб.ж.5.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121.62 Кб
Скачать

Сынақтың нәтижелерін есептеп қозғалтқыш жұмысының негізгі көрсеткіштерін анықтау

Бұраушы момент. Барлық тәжірибе негізінде алынған нәтижелер тексерілгеннен кейін есептеліп сынақ журналына жазылады. Керекті есептеулер төменде берілген тәуелділіктер бойынша жүргізіледі.

Бұраушы момент-иінді біліктен трансмиссияға берілетін циклдық момент.

Стендте сыналған қозғалтқыштың бұраушы моментін есептеу төменде келтірілген тәуелділіктерпен анықтайды

, (1)

мұнда Р-тежеуіш таразысының көрсетуі, Н (Кг);

–тежеуіш иінінің ұзындығы, м;

–редуктордың беріліс саны;

-редуктордың ПӘК-і;

Зертханадағы стендтерде қозғалтқыш пен тежеуіш арасында тіке беріліс болғандықтан = 0,716, = 1, = 1.

Егерде тиімді қуат Ne және иінді біліктің айналу жиілігі белгілі болса бұраушы момент мына формуламен есептеледі

Н.м, (2)

мұнда nқозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі, мин-1 (айн./мин.).

Номиналды қуатқа сәйкес номиналды айналу жиілігіндегі бұраушы моментті номиналды бұраушы момент (Мkн) -деп айтады

мұнда Neн қозғалтқыштың номиналды тиімді қуаты, кВт;

nн – қозғалтқыштың номиналды қуатына сәйкес иінді білігінің айналу жиілігі, мин-1.

Максималды бұраушы момент Мk max - дроссель толық ашылғанда яғни отын толық берілгенде алынған жылдамдық сипаттамасы бойынша максималды бұраушы момент (айналу жиілігі индексінде көрсетіледі). Корректор болған жағдайда Мk max қозғалтқыштың корректормен жұмыс істегенінде анықталады.

Бұраушы моменті қорының номиналдық коэфициенті деп максималды және номиналды бұраушы моментінің айырымының номиналды бұраушы моментке қатынасын айтады,%.

Қозғалтқыштың қуаты. Тиімді қуат Ne - ол тұтынушыларға берілетін қуат, яғни барлық пайдалы қуат. Сынағанда қозғалтқыштың тиімді қуаты төмендегі теңдеумен анықталады

Ne =М * (3)

мұнда Мк-бұраушы момент, Н.м;

- иінді біліктің бұрыштық жылдамдығы, с , =

мұнда n-иінді біліктің айналу жиілігі, айн./мин.

Тиімділік қысым (Pe) белгілі болса, МПа.

Ne = , (4)

мұнда, – бір цилиндрдің жұмыс көлемі, дм3

–цилиндрлер саны;

z – тактілік коэфициенті, екі тактіліге z = 1, төрт тактіліге z = 2.

Номиналды қуат (N ) дегеніміз, моторды жасаған зауыттың кепілдік берген шартты жағдайындағы (желдеткішсіз, ауа тазартқышсыз, пайдаланылған газдардың және ауаның енгізу-шығару шуылын бәсеңдеткішсіз, іске қосылмаған генератормен, гидронасоссыз және компрессорсыз) кем дегенде 60 сағат обкаткадан өткен қозғалтқыштың тиімді қуаты.

Эксплуатациялық қуат - бұл іске қосылған желдеткішпен ауа тазартқышпен, дыбыс бәсеңдеткішпен, іске қосылмаған генератормен гидронасоспен және компрессормен жұмыс істегендегі қозғалтқышдің тиімді қуаты.

Максималды қуат Ne max - отын толық берілгенде қозғалтқыштың максималды тиімді қуаты.

Шекті қуат (қуаттың мүмкін деген ең жоғарғы мөлшері) дегеніміз, мотордың желдеткіші, дыбыс бәсеңдеткіші, ұшқын сөндіргіші, газдарды шығару трубасы, пайдаланған газдарды бейтараптатқыш, генератор, гидронасос және компрессор алынып тасталған, айналу жиілігін реттегіш немесе отын беруін шектеуіш айырылған жағдайда қозғалтқыштан алынатын тиімді қуат.

Механикалық шығындардың қуаты - бұл қозғалтқыш бөлшектерінің арасындағы және ауадағы үйкеліске, қосымша агрегаттарды қозғалысқа келтіруге және насостық шығындарға, яғни қозғалтқышдің ішінде жұмсалатын қуат. Оны бірнеше әдіспен анықтауға болады:динамометр мен қозғалтқышді айналдыру, цилиндрлерді айыру, бос үдеу әдісі ж.т.б. Динамометр мен қозғалтқышты айналдыру әдісі мен механикалық шығындарды анықтағанда келесі теңдеуді пайдаланады

N =0, 001Mк =0,735Р 10 , кВт.

мұнда Мk - қозғалтқыштың иінді білігін айналдыруға қажет бұраушы момент, Н.м;

ω-иінді біліктің бұрыштық жылдамдығы, с ;

Р-қозғалтқышді айналдырғандағы тежеуіштің таразысының көрсетуі, кг;

-тежеуіш білігінің айналу жиілігі, мин-1 (айн./мин.)

Отын шығыны. Отынның сығаттық шығыны Gт- берілген режимде жұмыс істегенде қозғалтқышдің бір сағатта жағатын отыны, кг./сағ. Қозғалтқышты сынағанда ол келесі формуламен анықталады:

Gт = кг/сағ., (5)

мұнда, ∆G-өлшеген уақытта жұмсалған отын мөлшері, г;

- өлшеу ұзақтығы, с.

Отынның меншікті шығыны -қозғалтқышта бір сағатта жұмсалған отынның соған сәйкес қуатқа қатынасы

= г./кВт.сағ. (6)

Ауаның параметрлері. Ауаның теориялық (есепті) шығыны G басқа шығындарды ескермегендегі қозғалтқыш жұмсайтын ауаның есепті мөлшері, кг./сағ.

G = кг./сағ. (7)

мұнда Vh –цилиндрдің жұмыс көлемі, дм3 (л).

-ауаның тығыздығы,кг/м3.

= 1,293 =0,4645 кг/м3., (8)

мұнда Рo –ауаның барометрлік қысымы, мм.сн.бағ;

t0 – қоршаған ауаның температурасы, С;

To - қоршаған ауаның абсалютті температурасы, К.

Ауаның нақты шығыны G , кг/сағ.- қозғалтқыш шығындаған (тәжірибеде өлшенген) ауа мөлшері. Келесі тәуелділікпен анықталады:

G = k , кг/сағ. (9)

мұнда k-ауа шығынын өлшейтін диафрагманың тұрақтысы

1-ші стендіге (дизель қозғалтқышы орнатылған) k = 15,4.

2-ші стендіге (карбюраторлы қозғалтқыш орнатылған) k = 15.

H – манометр көрсеткен қысымның ауытқуы, мм.су бағ.

Цилиндрлерді толтыру коэффициенті ηv –қозғалтқыштың цилиндрлеріне енген жаңа зарядтың массалық мөлшерінің цилиндрдің жұмыс көлеміне қоршаған ортаның қысымы мен температурасындай жағдайда мүмкіндігінше сйатын жаңа зарядтың массалық мөлшеріне қатынасы

ηv = (10)

Төрт тактілі қозғалтқыштарға (жану камерасының үрлеуі болмаса)

ηv = (11)

Ауаның жеткіліктілік коэфициенті (α) дегеніміз қозғалтқыштың цилиндріне енгізілген ауаның GВ (кг.) отын толық жанып бітуіне қажет теориялық ауаға GВтеор (кг.) қатынасы.

(12)

мұнда - бір килограмм отын толық жанып бітуіне қажет ауа мөлшері,

= ( С+8Н-О), (13)

мұнда С, Н, О отындағы көміртегінің, сутегінің және оттегінің массалық үлестері.

Дизельдік отындарында: С = 0,857; Н = 0,133; О = 0,001.

Бензинде: С = 0,855; Н = 0,145.

14,8 алуға болады.

Тиімділік ПӘК-і η –ол қозғалтқыштың білігінде тиімді жұмысқа айналған жылудың жұмсалған отын жылуының мөлшеріне қатынасы.

η = = , (14)

мұнда, –отынның ең төменгі жану жылулығы, ( =41…44 МДж./кг.);

–меншікті отын шығыны, г/кВт.сағ.

–қозғалтқышдің білігіндегі жұмысқа айналған жылу мөлшері.

1. Кесте