11. Баға қою саясаты.
Студент барлық
аудиториялық сағаттарға қалмай қатысуға
міндетті. Сабақ қалдырған  жағдайда
деканат шешімі бойынша қалдырған
сабақтарынан тапсырмалар алады. Сабақты
көп қалдырған жағдайда оқытушы студентті
сабаққа қатыстырмауға құқылы. Дәрісте
сол курс студентінен басқа бөтен адамға
қатысуға болмайды. 
Барлық оқу
сабақтарына қайталау жүргізіліп отыруы
қажет. Материалды дұрыс меңгергендігін
тексеру негізінде: тест өткізу, жазбаша
жұмыс, т/б жұмыстар өткізу қажет. 
Барлық тапсырмаларды
орындамаған  және курстық жұмыстарын
қорғамаған студенттер экзаменге
жіберілмейді.