Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Сдж арналған тапсырмалар

1. Нарық шаруашылыгының негізгі субьектілері болып табылатындар:

А) өндіріс факторының иелері;

В) өндірістік, сауда және несие беруші капиталистер;

С) жалдамалы жұмысшылар, капиталистер, жер иелері;

Д) үй шаруашылығы, бизнес және үкімет;

Е) кәсіподақ, кәсіпкерлердің бірігуі, мемлекеттік институттар.

2.Жоғарыда аталғандардың ішінде қайсысы нарық тетіктернің кұрылымдық элементтері болмайды?

А) бәсекелестік;

В) сұраныс;

С) ұсыныс;

Д) бұйрықтық (директивтік) жоспарлау;

Е) баға.

3.Нарық экономикасында «қалай өндіру» мәселесі шешіледі:

А) өндірушілердің ұмтылысы арқылы пайда алу және соған орай,

өндіріс ұстанымын азайту;

В) сұраныс пен қозғалыс арқылы соңғы өнімге белгіленетін баға;

С) өндірісті мамандандыру негізінде;

Д) өндіріс құралдарын экономикада кеңінен қолдану негізінде;

Е) трансакциялық шығынды қысқарту негізінде;

4. Нарық инфрақұрылымы дегенде не түсіндіріледі:

А) өндірістің материалдық жағдайы;

В) өндірістің жалпы жағдайын қамтамасыз ететін, шаруашылық кызметінің саласы мен аясы;

С) қызмет аясы;

Д) өндіріс құралдары;

Е) тауар өндірушілердің тиімді қызметі үшін жалпы жағдайда қамтамасыз, ететін, қызмет аясы мен әр түрлі ұйымдардың жүйесі.

5. Нарық инфрақұрылымының элементтері болып табылатындар:

А) тауарлық жэне қор биржалары, еңбек биржасы, сауда үйлері;

В) әкімшіліктер, соттар, прокуратура;

С) зауыт пен фабрикалар;

Д) өндірістің материалдық жағдайы;

Е) адамның өмірлік қызметінің жағдайы.

6.Нарықтық экономика жағдайындағы тауар өндірушілер арасындағы байланыстардың негізгі нысаны болып табылатындар:

А) шарттар жүйесі;

В) жоспарлы байланыс;

С) тікелей коғамдык қатынастар;

Д) баспа-бас айырбас байланысы;

Е) телеграфтық байланыс.

7. Нарықтың басымдылығына қатысты емес:

А) ресурстарды тиімді бөлу;

В)нарық кімнің ақшасы бар, солардың сұранысын канағаттандыруға бағытталған;

С)барлық шектелген ақпараттардың болуына қарамастан, нарықтың пайдалы қызмет ету мүмкіндігі;

Д) өзгерісті жағдайларға жоғары бейімділік және икемділік;

Е) ғылыми-техникалық революцияның нәтижелерін оңтайлы пайдалану.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

1. Нарықтық инфрақұрылым.

2. Нарықтық қайта құрудың Қазақстандық үлгісі.

7-ТАҚЫРЫП. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Талқылайтын сұрақтар

  1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал ететін факторлар.

  2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар.

  3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарықтық тепе-теңдік.

  4. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың құралдары ретінде.

  5. Икемділік түсінігі. Икемділік теориясын тәжірибеде қолдану.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а) –сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне сәйкес болғандағы баға;

А. Нарықтық ұсыныс.

б) –жеке сатып алушының сұранысы;

Б. Сұраныс икемділік коэффициенті табыс бойынша.

в) –баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы тура байланыс;

В. Сұраныс заңы.

г) –сұраныс көлемінің баға өзгерісіне әрекет ету дәрежесі;

Г.Нарық сұранысы.

д) –тепе-теңдік баға көлеміне сәйкес келетін өнім көлемі;

Д.Сұраныс көлемі.

е) – ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы;

Е.Сұраныстың қиылыспалы икемділігі.

ж) – жеке өндірушінің ұсынысы;

Ж.Ұсыныстың икемсіз жағдайы.

з) – баға мен сұраныс көлемінің арасындағы кері байланыс;

З. Сұраныстың икемді жағдайы.

и) –жеке сұраныстар соммасы;

И. Жеке ұсыныс.

к) –сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің табыстың пайыздық өзгерісіне қатынасы;

К. Ұсыныс заңы.

л) –сұранысқа ие болған тауарлар саны;

Л. Ұсыныс икемділік коэффициенті.

м) –жеке ұсыныстар соммасы;

М. Тепе-тең өнім шығару.

н) – бір тауарға тұтынушылық сұраныстың, басқа тауар бағасы өзгергенде әрекет ету дәрежесі;

Н.Жеке сұраныс.

о)-бағаның тұрақты болған кезінде кез келген тауар көлемі сатылатын сұраныс;

О. Баға бойынша сұраныс икемділігі.

п)-тез аралықтағы ұсыныс;

П. Тепе-тең баға.

Келесі пікірлер дұрыс па:

        1. Сұраныс заңы берілген тауардың бағасы мен сұраныс арасындағы кері байланысты көрсетеді.

        2. Сұраныс қисығы теріс бағыт болады.

        3. Ұнға сұраныс төмендегенде, оның бағасы өседі.

        4. Егер тұрғындар бағаның әрі қарай өсуін күтсе, онда сұраныс қисығы оңға жылжиды.

        5. Табыстың өсуіне қарай, тауарға деген өсетін болса онда берілген тауар қалыпты тауарларға жатады.

        6. Сұраныс икемділігің баға бойынша коэффициенті абсолютті өлшем бойынша алынады.

        7. Сыраға деген сұраныс, суға қарағанда икемді.

        8. Ұсыныстың өсуі, ұсыныс қисығының оңға және төмен қозғалуын көрсетеді.

        9. Тепе-теңдік өнім көлемі – ол өнім көлемінің тепе-тең бағаға сәйкес келуі.

        10. Нарық ұсынысы – жеке ұсыныстардың соммасы.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

1. Берілген Qd = 20 - 2Р, Qs = 14 + 4Р онда Р - баға, Qd –сұраныс көлемі, Qs-ұсыныс көлемі.Табу керек тауардың тепе-тең өндіріс көлемімен, бағасы қаншаға тең?

2.Тұрғындар табысының артуынан видеомагнитофон және нанның сұраныс қисығы қалай өзгереді?

3. 7.1- кестесіне сүйене отырып сұраныстың нарықтық көлемін тап және А, В,С тұтынушыларына жеке сұраныс қисығын, нарықтық сұраныс қисығын сал.

Баға (Р)

Тұтынушылардың сұраныс көлемі

Нарықтық сұраныс көлемі

А

В

С

10

-

-

1

7

1

1

3

4

2

3

5

1

3

7

9

4.7.2-кестесіне сүйене отырып ұсыныстың нарықтық көлемін тап және А, В,С тауарына жеке ұсыныс қисығын, нарықтық ұсыныс қисығын сал.

Баға (Р)

Өндірушілердің ұсыныс көлемі

Нарықтық ұсыныс көлемі

А

В

С

12

30

35

27

9

27

30

24

6

20

23

18

3

10

11

5

1

-

1

-

5. Сұраныс қисығы келесідей берілген:Qd = 180- 4 Р, онда Р – баға.

Ұсыныс қисығы келесі түрде: Qs = 100 + 4Р.

Табу керек: а) тепе-тең өндіріс көлемі және тепе-тең баға қаншаға тең?

б) егер мемлекет тауардың бір бірлігіне 3 у.е салық енгізсе, онда тепе-тең бағасы және сұраныс көлемі қандай болады?

6.Сұраныс қисығының ығысуы неден болғандығын түсіндіріңіз?

Q

7. Тауарға деген бағаның 16 дан 20 өсуі, тауарға деген сұраныс көлемін 100 ден 80 азайтты. Табу керек сұраныстың доғалық икемділік коэффициентін.

8. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициент мәнін кестеге толтыр.

Баға бойынша икемділік коэффициент

Иекемділік түрі

Икемді сұраныс

Икемсіз сұраныс

Сұраныс икемділігі бірге тең

Абсолютті икемді сұраныс

Абсолютті икемсіз сұраныс

Еd