Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Сдж арналған тапсырмалар

1. Натуралды шаруашылықта не тұрақты тапшылықта болады?

А) тауарлар мен қызметтер;

В) табиғи ресурстар;

С) ақша;

Д) уақыт;

Е) интеллектуалды тауарлар.

2. Натуралды шаруашылық дегеніміз:

А) сатуға арналған өнім;

В) өндірісті кеңейту;

С) қоғамдық еңбек бөлінісі;

Д) әмбебап өндірістік еңбек;

Е) тікелей (қолма-қол) байланыс.

3. Құн заңының мәні:

А) қазіргі нарықтық шаруашылықтың апат мінездерін реттейтін, заң;

В) айырбас құны бойынша жүзеге асатын, заң;

С) тауар айырбастары олардың құнының өсуімен көтерілетін және олардың айырбас құндарының түсу кезінде төмендейтін, заң;

Д) тауар құнының шамасы кеткен шығындардың сомаларына тең;

Е)тауарлардың импорт және экспорт құндарының арасындағы ара қатынастар өзгермейді.

4. Ақшаның қызмет қатынастарына не жатпайды?

А) қор жинау құралы;

В) құн өлшемі;

С) айырбас құралы;

Д) тартымдылық құралы;

Е) төлем құралы.

5. Келтірілген қызметтердің қайсысын алтын ақша ғана атқара алады?

А) құн өлшемі;

В) төлем құралы;

С) әлемдік ақша;

Д) айналым құралы;

Е) асыл қазына жинау құралы.

6.Бартер ақшаның қай қызметін атқарады?

А) қор жинау құралы;

В) айналым құралы;

С) дүниежүзілік ақша;

Д) құн өлшемі;

Е) төлем құралы.

7. Ақшаның қандай қызметі баға ұғымын білдіреді?

А) құн өлшемі;

В) қор жинау құралы;

С) әлемдік ақша;

Д) төлем құралы;

Е) айналым құралы.

8. Ақша бірлігін үлкейту, белгілі бір пропорция жолымен ескі ақшаларды жаңа ақшаларға айырбастау:

А) дефляция;

В) деноминация;

С) девальвация;

Д) ревальвация;

Е) нуллификация.

9. Ақша экономикалық категория ретінде-бұл:

А) жалпылама эквивалент қызметін атқаратын товар;

В) басқа товарға қарай құнын анықтайтын товар;

С) алтынмен құнын анықтайтын товар;

Д) алтын және күміс;

Е) товар айырбасына қызмет атқаратын құрал.

10. Қай жылы Қазақстанда ұлттық валюта енгізілді?

А) 1990ж;

В) 1992ж;

С) 1993ж;

Д) 1995ж;

Е) 1994ж;

11. Стипендияны төлеу кезінде ақша қандай қызмет атқарады?

А) құн өлшеуші;

В) айналым құралы;

С) төлем құралы;

Д) жинақтау құралы;

Е) дүниежүзілік ақша;

12. Ақша айналысының көрсеткіштерін көрсетіңіз:

А) берілген елдегі евро және американ доллары және өндірістік дамыған елдердің басқа да валюталары;

В) ақша бірлігі;

С) ақша агрегаттары;

Д) ақша түрлері;

Е) ақша жүйесінің институттары.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

  1. Шекті пайдалылық теориясы.

  2. Құн нысанының дамуы және ақшаның пайда болуы.

  3. Ақша нысандарының эволюциясы: тауар-ақша, металл, қағаз, несиелік, “электрондық” ақшалар.

  4. Ақша айналысының заңы. Ақша реформалары.

  5. ҚР-да ұлттық валютаның қалыптасуы мен нығаюы.

6-ТАҚЫРЫП. НАРЫҚ ТҮРЛЕРІ, ҚҰРЫЛЫМЫ, ҮЛГІЛЕРІ

Талқылайтын сұрақтар

1. Нарықтың мәні, атқаратын қызметі.

2. Нарықтың құрылымы.

3. Нарықтық экономиканың үлгілері.

4. Нарықтың басымдылығы неде?

5. Нарықтың қандай кемшіліктері бар?

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)–бір мезгілде өндіріс факторының және шығындалушы топтың иесі болып табылатын нарық субъектісі;

А. Тепе-теңдік нарық.

б)–қалыпты өндірістік қызметке қажетті фирмалар мен тұрғындарға қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдар мен коммерциялы емес мекемелердің жүйесі;

Б. Инфрақұрылым.

в)–қызмет негізінде сұраныс пен ұсыныс жататын өзін-өзі реттеуші жүйе;

В. Нарық.

г)–сұраныстың ұсынысқа тең болатын нарық;

Г. Нарықтық қатынас субъектілері.

д)–игіліктермен,қызметтермен,өндіріс факторларымен операция жасайтын заңды және жеке тұлғалар;

Д.Үй шаруашылығы.

Келесі пікірлер дұрыс па:

1. Нарық – бұл тауар мен ақша айналысының сферасы.

2. Нарық – бұл өзін-өзі реттеуші жүйе.

3. Нарық-бұл айналым сферасы.

4. Нарық- бұл сатып алушы мен сатушыларды бір жерге жинайтын механизм.

5. Ақшаның пайда болуы, нарықтың пайда болуының негізгі шарттары болып табылады.

6. Бағалы қағаздар нарықтық қатынастар объектісі болып табылмайды.

7. Үй шаруашылықтары өндіріс факторының иесі ретінде табыс алады.

8. Үй шаруашылықтары да және фирмалар да табыстың жартысын жинақтайды.

9. Экономикада табыстардың соммасы шығындар соммасынан артық .

10. Нарық туралы негізгі ақпаратты өндіріс динамикасы береді.

11. Нарық артықшылығы сұраныстың ұсыныстан артық болуымен сипатталады.

12. Коммерциялық инфрақұрылымды нарықтық деп санайды.

13. Нарықтық экономикада жағымсыз жақтау жоқ.

14. Нарықтық экономикада мемлекеттің неізгі қызметі – бұл жоспарлау.

15. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуы зиян келтіреді.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

1. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 6.1-кестесін толтырыңыз

Нарықтық қатынас

субъекты

?

?

?

?

?

?

?

Анықтама сөздері: игілік, үй шаруашлығы, объекты, фирма, қызмет, мемлекет, өндіріс факторы.