Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Сдж арналған тапсырмалар

1. Экономиканың орталықтандырылған жоспарлауын не сипаттайды?

А) нарықтық реттеушінің іс-әрекеті;

В) меншік нысанының көптүрлілігі;

С) еркін бәсекелестік;

Д) ресурстарды және капитал салу жоспарлы бөлу;

Е) капиталдың еркін құйылуы.

2. Экономикалық мәселелер кейде нарықпен, кейде мемлекетпен жекелей шешілген кезде, онда экономика:

А) нарыктық;

В) аралас;

С) дәстүрлі;

Д) әміршіл;

Е) кезеңдік.

3. Дәстүрлі экономикалық жүйе үшін не сипатты? А) кеңейтілген қайта өндіру;

В) өндіріс күшінің дамуының төмен деңгейі;

С) дәстүр мен салтты есепке алып, өндірістік қатынастарды реттеу;

Д) табиғи шаруашылық пен меншіктің ұжымдық нысанының басым болуы;

Е) қарапайым кооперация.

4.Экономикалық жүйе келесі іргелі мәселелерді шешеді: А) қашан, қайда, кім;

В) қалай, неге, кім үшін;

С) не, калай, кім үшін;

Д) кім, неге, не үшін;

Е) инфляцияның және жұмыссыздықтың қандай себептері бар?

5. «Экономикалық жүйе» түсінігінің дұрыс анықтамасын таңдаңдар: А) белгілі бір тұтастықты құрайтын, экономикалық элементтердің өзара байланысының жиынтығы;

В) бұл бір тұтас ретіндегі өндірістік қатынастардың нақты - тарихи нысаны; С) бұл материалдық жоне материалдық емес игілік пен қызметтерді өндірушілер арасында ерекше қалыппен тәртіпке салынған байланыс;

Д) бұл өндіріс тәсілі;

Е) бұл басқару тәсілі.

6. Экономикалық жүйе кездесетін, іргелі мәселе — бұл: А) инвесгициялар;

В) сиректік;

С) өндіріс;

Д) тиімділік;

Е) бөлу.

7. Өндірістік қатынастар дегеніміз не?

А) өндіріс үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар, бөлу, айырбас және тұтыну;

В) табиғи, материалдық, ақпараттық ресурстарды пайдалану бойынша қатынастар;

С) адамның табиғатқа қатынасы;

Д) әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар;

Е) таптар арасындағы қатынастар.

8. Әлеуметтік-экономикалық түрлерге жоғарыда аталған қатынастардың қайсысы қатысты?

А) белу және еңбек кооперациясы;

В) ұйымдастыру нысаны мен экономиканы басқару;

С) адамның табиғатқа қатынасы;

Д) меншікке қатынасы;

Е) таптар арасындағы қатынас.

9. Аралас экономиканың моделі үлкен әлеуметтік бағытымен ерекшеленеді:

А) АҚШ;

В) Жапония;

С) Швеция; Д) КНДР;

Е) Эфиопия.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

1. Экономиканы жүйелі тұрғыда қарастыру қоғамның экономикалық жүйесі және оның әлеуметтік-экономикалық дамуы кезендерінің негізгі бағыттары.

2. Ақпараттық экономика.

5-ТАҚЫРЫП.ҚОҒАМДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ ФОРМАЛАРЫ. ТАУАРЛЫ ӨНДІРІС. АҚША

Талқылайтын сұрақтар

    1. Натуралды шаруашылық, оның белгілері мен ерекшеліктері.

    2. Тауарлы шаруашылық: туындау себептері мен жағдайлары, негізгі белгілері.

    3. Тауар, оның қасиеттері: құн және тұтыну құны.

    4. Ақша мәні. Ақшаның қызметтері.

    5. Құнның еңбек теориясы.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а) – активті төлем құрал ретінде қолдану мүмкіндігі және осы жағдайда оның номиналды құнының сақталуы;

А. Пайдалылық.

б) – өндірістің қоғамдық формасында өнімді өндіру тек жеке тұтынуға ғана емес, сату-сатып алу арқылы айырбасқа түсу;

Б. Ұсыныс көлемі.

в) –игіліктін қажеттілікті қанағаттандыру қасиеті;

В.Қоғамдық-қажетті жұмыс уақыты.

г) –интеллектуальды, жүйке, бұлшық ет және басқа да энергия шығындары;

Г.Жалпы пайдалылық.

д) –тауардың басқа тауарға айырбасталу мүмкіндігі;

Д.Сұраныс көлемі.

е) - өндірістің қоғамдық формасында өнім тұйық шаруашылық бірліктерінен ішкі қажеттіліктерге бағытталуымен өндіріледі;

Е.Шекті пайдалылық.

ж) –барлық игіліктер бөлігінен алынған жалпы пайдалылық;

Ж. Тұтыну құны.

з) –тауардың қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі;

З. Абстракталы еңбек.

и) –барлық берілген мүмкіндіктерден кез келген баға деңгейінде тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға келісімі мен мүмкіндігі;

И.Натуралды шаруашылық.

к) – қосымша игілік бөлігін тұтынудан алынған пайдалылық;

К. Жеке жұмыс уақыты.

л) - барлық берілген мүмкіндіктерден кез-келген баға деңгейінде өндірушілердің тауарлар мен қызметтерді өндіруге және нарыққа ұсынуға келісімі мен мүмкіндігі;

Л. Айырбас құны.

м) –орташа деңгейде біліктілік пен интенсивтілікпен шығындалған тауардың негізгі көлемін өндіруге жіберілген уақыт көлемі;

М.Өтімділік. (Ликвидность)

н) жеке тауар өндірушінің жұмыс уақыты;

Н.Тауарлы өндіріс.

Келесі пікірлер дұрыс па:

      1. Тарихи алғашқы шаруашылық қызметін тауар өндіріс құрайды.

      2. Натуралды шаруашылық ішкі қажеттілікке бағытталады.

      3. Натуралды шаруашылық мысалына агрофирма жатады.

      4. Иемденуші натуралды шаруашылық минималды тұтыну деңгейін қамтамасыз етеді.

      5. Алғашқы еңбек бөлінісінде қолөнершілер бөлінді.

      6. Қарапайым тауар өндірісінде өндіріс құралдары өндірушіге тиесілді.

      7. Ірі тауар өндірісінің негізінде еңбек жатыр.

      8. Тауарлы өндірістің негізгі элементі ақша болады.

      9. Бір тұтыну құны бірнеше қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алады.

      10. Тауардың тұтыну құны оны өндіруге кеткен еңбек көлеміне байланысты емес.

      11. Айырбас пропорциясы салыстырмарлы тұрақты.

      12. Нақты еңбек сапалы және сандық белгіге ие.

      13. Шекті пайдалылық-ол барлық игіліктер бөліктерін пайдалану нәтижесінде алынған пайдалылық.

      14. «Төлем құралы» еңбек ақысын алғанды ақша қызметін атқарады.

      15. Марксистік теорияға сәйкес тауар құны нақты еңбекпен құралады.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

1. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 5.1- кестесін толтырыңыз

Натуралды шаруашылық

Иемденетін

Ұдайы өндіріс

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

Анықтама сөздері: экономикалық игіліктердің пайда болуы; қолданбалы еңбек құралдарын пайдалану; жинақталудың басым болуы; тұтынудың минималды деңгейіне кепілдік; табиғат игіліктерін пайдалану; тұтыну кепілдіктерінің болмауы; жасанды еңбек құралдарының жиынтығының пайда болуы; өндірістің басым болуы.

2. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 5.2- кестесін толтырыңыз

Тауарлы шаруашылық

Жай

Күрделі

1.

1.

2.

2.

3.

3.

4.

4.

5.

5.

6.

6.

7.

7.

Анықтама сөздері: жайдан кейін жүреді, негізінде жалданбалы еңбек жатыр; табыстың негізгі формасы, өнімді сатудан алынған табыс; өндірістің ірі масштабы; натуралдыдан кейін болады; еңбек жеке меншігі мен басқару интеграциясы; жай еңбек құралдары; табыс еңбек ақы, пайда, процент; өндірістің ұсақ масштабы; күрделі еңбек құралдары; жеке меншік, еңбек және басқару қызметінің бөлінуі; негізінде жеке еңбек жатыр; өндіріс құралдары кәсіпкерге тиесілі; өндіріс құралдары өндірушіге тиесілді.

3. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 5.3-сызбасын толтырыңыз

ТАУАР

Нақты еңбек

?

?

?

Құн

?

Анықтама сөздері: жеке жұмыс уақыты, абстракталы еңбек, тұтыну құны, қоғамдық-қажетті еңбек уақыты.

4. Айталық, еңбек құн теориясына сәйкес өнімнің бірлігінің құны 2 сағатқа тең болды, ал жұмыс күні өндірілген өнім -5. Егер еңбек өнімділігі 2 есе артса, өнімнің бір бірлігінің құны және оның көлемі неге тең болады?