Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Сдж арналған тапсырмалар

1. Иелік құқығын қалай сипаттауға болады?

А) заттың пайдалы қасиеттерін алып шығару құқығы;

В) заттың тағдырын шешу құқығы;

С) игілікті мұрагерлікке қалдыру құқығы;

Д) игілікті төтенше бақылау құқығы;

Е) заттың пайдалану мүмкіншілігін анықтау құқығы.

2. Меншікті жекешелендіру-бұл:

А) жалға беру;

В) сату;

С) сатып алу;

Д) меншікті мемлекет қарамағынан алу процесі мен оны жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру;

Е) Аукцион.

3. Шектеулі адам саны бар, жабық типтегі бірлестік бөлшектік меншігі негізінде ортақ іс жасайтын және басқаруға үлесіне қарамай араласатындар:

А) серіктестік;

В) кооперативтік кәсіпшілік;

С) концерн, корпорация;

Д) акционерлік қоғам;

Е) коллективті кәсіпшілік.

4. Төмендегілердің қайсысы меншік субъектісіне жатпайды?

А)АТУ-дың ғимараты;

В) “Сеймар” концерні;

С) мемлекеттік сақтандыру қоғамы;

Д) шаруа Тұрысбеков;

Е) В.С.Черномырдин.

5. Игіліктерді пайдалануды кім және қалай қамтамасыз ететінің шешу құқығы-бұл:

А) табысты алу құқығы;

В) егемендік құқығы;

С) басқару құқығы;

Д) пайдалану құқығы;

Е) иелік ету құқығы.

6. Меншік дегеніміз не?

А) идеологиялық ұғым;

В) құқықтық қатынас;

С) әлеуметтік қатынас;

Д) экономикалық қатынастардың әлеуметтік-құқықтық бейнесі;

Е) әлеуметтік-құқықтық қатынас.

7. Жеке меншік неге жол ашады:

А) еркін кәсіпкерлікке;

В) қолмен істейтін еңбекке;

С) ұжымдық еңбекке;

Д) өз мақсатына және өз еңбегіне;

Е) жалдамалы еңбекке.

8. “Меншіктен айыру” деген не?

А) бизнес мәселесімен өзі шұғылданғысы келмейді;

В) бұл адамды табиғат өнімдерінен айыру;

С) кәсіпорынды басқара алмау;

Д) қарызды төлеу мақсатында меншігінен айыру;

Е) бұл адамның өмір сүру игіліктері мен ресурстарды өзінің тіршілік ету мүмкіншілігіне айналдыра алмауы.

9. Егер белгілі бір мүлік арендаға алынған болса, онда арендатор:

А) потенциалды меншік иесі;

В)сол мүліктің бағалығын пайдалана алады /сата алады немесе сыйлай алады/;

С) мүліктер иесіз;

Д) толық меншік иесі;

Е) мүліктің тұтыну құнының иесі.

10. Игіліктрді тұтыну, өзгерту, шеттету және жою құқығы – бұл:

А) егемендік құқығы;

В) табысты алу құқығы;

С) иелік ету құқығы;

Д) басқару құқығы;

Е) пайдалану құқығы.

11. Меншіктің түрлерін атаңдар:

А) акционерлік, шетелдік, біріккен;

В) жеке, мемлекеттік, капиталистік;

С) кәсіпорындық, муниципалдық;

Д) социалистік, капиталистік;

Е) жеке, ұжымдық, қоғамдық.

12. Меншік құқықтарының жүйелік ерекшелігі деген нені білдіреді?

А) көнгіш мінез-құлық;

В) өндірістің шығындары;

С) меншік құқықтарының нақты айқындалмауы;

Д) жеке тұлғаның барлық құқықтарын, меншік субъектісін және меншіктің объектісін айқындау;

Е) ақпаратты іздеу.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

1. ҚР-дағы меншік түрлері.

2. ҚР-дағы меншікті жетілдіру бағыттары.

3. Жекешелендірудің әлеуметтік-экономикалық салдары

4.ҚР мемлекеттік меншігін жекешелендіру кезеңдері, мақсаттары, тәсілдері, түрлері, мәселелері.

5. Қазіргі нарықтық экономикадағы шағын, орташа және ірі фирмалардың ролі, олардың өзара әркет ету нысандары.

6. Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттары.

4-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Талқылайтын сұрақтар

1. Экономикалық жүйенің түрлері.

2. Экономикалық жүйелердің дамуының критерийлері.

3. Формациялық тұрғы.

4. Өркениетті тұрғы.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)-өндіріс көлемі, оның құрылымы, тұтыну мөлшері және деңгейі орталықтан құру – экономикасы;

А. Базис.

б)- кәсіпорын және оның құрылымы, әртүрлі типтер мен түрлерге жататын және шаруашылықтың әртүрі формалары пайдаланатын – экономика;

Б.Қоғамдық экономикалық формация.

в)-базис пен қондырма үйлесімі;

В. Командалық экономика.

г)-әдет-ғұрып пен дәстүрге негізделетін, экономика;

Г. Дәстүрлі экономика.

д)-қоғамның өндіруші күштері мен өндірістік қатынастар үйлесімі;

Д. Аралас экономика.

Келесі пікірлер дұрыс па?

  1. Экономикалық жүйенің шағын және ірі түріне бөлуге болады.

  2. Әр экономикалық жүйе ірірек экономикалық жүйеге кіреді.

  3. Фирма экономикалық жүйені ұсынады.

  4. Сала экономикалық жүйеге жатпайды.

  5. Құрылым мен жүйе – ұқсастық түсінік білдіреді.

  6. Әрбір экономикалық элемент байланысы экономикалық жүйені көрсетеді.

  7. Әрбір экономикалық жүйе элементі әртүрлі белгі негізінде болуы мүмкін.

  8. Үй шаруашылығы – бұл шағын жүйе.

  9. Жұмыс күші қоғамның өндіргіш күшіне жатпайды.

  10. Қоғамдық-экономикалық формация замандас экономикалық жүйенің классификациясын көрсетеді.

  11. Экономикалық базис – бұл қоғамның өндіргіш күші мен өндірістік қатынас үйлесімділігі.

  12. Экономикалық өсу теориясы Д.Беллуге жатады.

  13. Экономикалық өсудің бесінші сатысы У.Ростоудың - сапалы өмірді іздеу сатысы.

  14. Шаруашылық механизмі - бұл меншік қатынас пен басқару механизм үйлесімділігі.

  15. Индустриалдыққа дейінгі қоғам дамыған қоғамның өндіргіш күшімен ерекшелінеді.

  16. Экономикалық жүйенің формациясына келуін зерттеу- бұл цивилизация.

  17. Командалық экономикада бағалық құру сұраныс пен ұсыныс негізінде.

  18. «Капитал» жұмысында К.Маркс аралас экономиканы қарастырды.

  19. Экономикалық жүйесін дәстүрліге жатқызатын замандас әлемде көп ел бар.

  20. Аралас экономика – жартылай жоспарлы, жартылай нарықтық.

Тапсырмалар мен жаттығулар

1. Қоғамдық, экономикалық жүйелерге мысал келтіріңдер. Олар қандай жалпы қасиетке ие?

2. Экономикалық қызмет жүйесінің екі негізгі кооперация әдісі бар: сұраныс пен ұсыныс ара-қатынасында ерікті ынтымақтастық және орталықтан басқару. Келесі сұрақтарға жауап беріңдер:

а) қандай экономикалық жүйеде ерікті ынтымақтастық пен орталықтан басқару пайдаланылады?

б) қандай экономикалық жағдайда орталықтан басқару нәтижелі?

в) бір және басқа координация әдістеріне қандай жетіспеушіліктер бар?

3. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.1- сызбасын толтырыңыз.

Анықтама сөздері: экономика-саяси, аймақтық, техника-экономикалық, табиғи-экономикалық, салааралық, демография-экономикалық.

4. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.2- сызбасын толтырыңыз.

Анықтама сөздері: өндіріс құралы, өндірістік қатынас, қондырма, өндіргіш күштер.

5. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.3-сызбасын толтырыңыз.

Формация түрлері:

Анықтама сөздері: коммунистік, қауымдық меншік, капиталистік, жеке меншік, еңбекке экономикалық емес жәбірлеу, қоғамдық меншік, құл иеленушілік, феодалдық.

6. Анықтама сөздерін қолдана отырып, 4.4-сызбасын толтырыңыз.

Анықтама сөздері: сапалы өмірді іздеу қоғамы, индустриалды қоғам, дәстүрлі қоғам, көпшілік тұтыну қоғамы, индустриалдыққы дейінгі қоғам, өту қоғамы, қозғалыстың шешуші сатысы.