
- •Мазмұны
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Экономикалық шығындар, бухгалтерліктен аз.
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •1. Еңбек ақы бір жылда 5%. Салықтар 3% өсті. Бағаның өсуіне байланысты бірінші қажетті заттарға шығындар 10% көтерілді. Нақты еңбек ақы қалай өзгерді?
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •1.Экономикалық циклдің барлық фазаларын көрсететін экономикалық өсудің қисығын сызыңдар.
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
Талқылайтын сұрақтар
Меншік және оның түрлері.
Меншік құқығы дегеніміз не?
Иелену, пайдалану, билік ету категорияларының тұжырымдамасы.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.
Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) -мемлекеттік меншіктің басқа бір мемлекеттік емес меншік формасына ауысу процесі; |
А. Меншік. |
б)-бір адам немесе жанұя мүлік қор иесі болып табылады; |
Б. Иелену. |
в)-адамдардың қозғалысқа байланысты және қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қызметін бағыттайтын экономикалық байланыс формасы; |
В. Жекешелендіру. |
г)-заттардан пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімде алудың жиынтығы деп пайымдайды; |
Г.Меншік субъектілері. |
д)-адамдардың заттармен әрекеттерінің барлық қатынастарына тән және адамның қоршаған ортамен жалпыға бірдей әмбебап байланысы; |
Д.Мемлекеттік меншік. |
е)-меншік субъектісі мемлекет өзі болады; |
Е.Мемлекет иелігінен алу. |
ж)-кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттік орган қызметтерінің қысқартылуы, кәсіпкерлік құқықтың шешім қабылдаудағы кеңейтілуі; |
Ж. Жеке меншік. |
з)-меншік иесі мүлікті алумен қоса барлық құқықтармен үйлестірілген; |
З. Иелік. |
и)-шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен және әрекеттестіктерінің қатынастары; |
И. Акционерлік меншік. |
к)-адамдар арасында меншік қатынастарының пайда болуы; |
К.Экономикалық ынта. |
л)-акцияларды сату негізінде пайда болады; |
Л. Бұйыру. |
м)-өндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді. |
М. Нақты құқық. |
Келесі пікірлер дұрыс па:
Меншік – бұл тек қана экономикалық қатынас.
Формалдық құқық-ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау.
Иелену–адамдардың барлық заттармен қатынастарына байланысты байланыс.
Иелік ету пайдалануға қарағанда иемденудің жоғарғы формасы болып табылады.
Мүлікті алу құқығы пайдалану негізінде жүзеге асады.
Арендада еңбекші және меншік иесі бір адамдай болады.
Жалдамалы жұмысшының жұмыс күні иелік етудің мысалын түсіндіреді.
Жеке меншік негізінде бір адам немесе жанұя мүліктің немесе қордың меншік иесі болып табылады.
Қаржы мүмкіншіліктері кооперативі акционерлік қоғамға қарағанда жоғары.
Мемлекеттік меншік субъектісі болып әр бір азамат табылады.
Мемлекет иелігінен алу меншік формасын алмастырады деп тұжырымдайды.
Жекешелендірудің тиімді формасы мемлекеттік мүлікті арендаға алып артынша толығымен сатып алу болып табылады.
Жекешелендіру меншік алмастырудың міндетті формасы деп болжамдайды.
Мүлікті еңбек ұжымына тегін тапсыру жекешелендіру формасы болып табылмайды.
Маркстік әдіс-амалдың сәйкестігінше меншік сол немесе басқа өндіріс тәсілінде негізгі орын алады.
Батыс экономикалық теориясында меншік ұғымы қажеттілікпен салыстырғанда олардың қорларға шектеулігімен байланысты.
Меншік субъектілеріне өндіріс құралдары, тұтыну заттары, қорлар, ұлттық игілік жатады.
Меншік экономикалық ынтаның құрылуына әсер етпейді.
Меншік қатынастары меншік субъектілері арасында қалыптасады.
Қазіргі кезде ТМД елдерінде экономика мемлекеттік меншік негізінде құрылады.
Тапсырмалар мен жаттығулар
Формалды және нақты құқыққа мысал келтіріңдер. Меншікті экономикалық және заңгерлік тұрғыдан қарағандағы айырмашылықтары қандай? Осы айырмашылықты мысалдарыңызда көрсетіңіз.
Төмендегі 3.1-сызбасын мәліметтерге арналған сөздік көмегімен толтырыңыздар:
Меншік
Меншіктің заңгерлік
түсінігі
?
И Е Л Е Н У
?
?
Формалдық құқық
?
?
?
?
?
?
?
Анықтама
сөздері:
меншікті заңды түрде дайындау, еңбекші
және меншік иесі бір адам, меншіктің
экономикалық түсінігі, пайдалану, нақты
құқық, заттардан пайдалы қасиеттерін
ұзақ мерзімде шығару, бұйыру, нақты
байланыстар, заттардан пайдалы қасиеттерін
қысқа мерзімде шығару.
Иемдену формалары - бұйыру, иелену және пайдалану формаларының құрылуына нақты мысал келтіріңдер. Бұл формалардың әр қайсысының ерекшеліктеррі мен жетіспеушіліктері неде?
Экономикалық ынтаның қандай түрлері сізге мәлім? Жоғарыда келтірілген экономикалық ынталардың қайсысы мемлекетке, кәсіпкерлік ұжымға, жоғарғы оқу орнындағы студентке тиесілі?
Фирманың қызмет ету барысында қандай экономикалық ынталар туындайды және не себептен екенін талдаңдар.
Өндіріс қызметінің қандай сфераларында жеке меншік және мемлекеттік меншік неғұрлым тиімді.
Сіздің пікіріңізше, мемлекет қандай құқықтарды неғұрлым нәтижелі жұмыс істеу үшін, мемлекеттік кәсіпкерлікке беру қажет.
Сіздің пікіріңізше жекешелендірудің формалары қандай және не себепті олар ТМД елдерінде тиімді?