
- •Мазмұны
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Экономикалық шығындар, бухгалтерліктен аз.
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •1. Еңбек ақы бір жылда 5%. Салықтар 3% өсті. Бағаның өсуіне байланысты бірінші қажетті заттарға шығындар 10% көтерілді. Нақты еңбек ақы қалай өзгерді?
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •1.Экономикалық циклдің барлық фазаларын көрсететін экономикалық өсудің қисығын сызыңдар.
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
Сдж арналған тапсырмалар
1. Дедукция деген не ?
А) жекеліктерді жалпылықтың негізінде түсіндіру;
В) қарапайымдалған пікір;
С) экономикалық құбылыстарға тарихи тұрғыдан келу;
Д) жалпылама ұстанымды жекеліктердің негізінде дәлелдеп, шығару;
Е) экономикалық үдерістердің үлгісін жасау.
2. Экономикалық жүйе экономиканың мына мәселелерін шешеді:
А) нені, қалай, кім үшін;
В) жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай;
С) кім, неге, кім үшін;
Д) қашан, неге, қайда;
Е) қалай, кім үшін, өсу қарқыны қандай.
3. Меркантелистердің негізгі тұжырымы:
А) меншіктің түрлерін дамыту керек;
В) мемлекет халықаралық шаруашылығы ретінде ауыл шаруашылығын дамыту керек;
С) халықаралық саудада мемлекет протекционистік саясат жүргізуі керек;
Д) байлықтың көзі тек еңбек бөлінісінде;
Е) байлықтың көзі тек ақша мен алтынды қорландыруда.
4. Барлық экономикалық жүйелердің алдында тұратын түпкі мәселе, бұл:
А) өндіріс;
В) бөлу;
С) сиректік;
Д) тиімділік;
Е) инвестиция.
5. Талдау /анализ/ дегеніміз:
А) зерттейтін объектіні бөліп қарастыру;
В) зерттеу объектісін микродеңгейде қарастыру;
С) зерттеу объектісін макродеңгейде қарастыру;
Д) нақты әлеуметтік-экономикалық сұрақты шешудің әдістері;
Е) әртүрлі элементтерді біріктіру.
6. Экономикалық мектептердің қайсысы өз талдауының мақсаты ретінде, айналым шеңбері емес, өндірістік процесті таңдап алды?
А) физиократтар;
В) классикалық саяси экономика;
С) институционализм;
Д) маржинализм;
Е) меркантилизм.
7. Жалпы баға деңгейі мен жұмыссыздық экономикалық жүйенің қай пәнінде курсында оқытылады?
А) макроэкономика;
В) халықаралық қаржы;
С) менеджмент;
Д)маркетинг; Е) микроэкономика.
8. Төмендегі шарттардың қайсысы экономикалық теория пәнін оқытуға қатысы жоқ:
А) игіліктердің сиректілігі;
В) игіліктерге қажеттілік;
С) материалдық және рухани қажеттілік;
Д) өндірістік ресурстардың сарқылмауы;
Е) ресурстарды тиімді пайдалану.
9. Англиядағы меркантелистік мектептің негізгі өкілі кім?
А) П.Л.Буабильгер.
В) Д.Ло.
С) Кольбер.
Д) Т.Ман.
Е) Ф.Кенэ.
10. Экономикалық теория пәніне қатысты емес мәселелер:
А) қажеттілікті максималды қанағаттандыру;
В) өндірістік ресурстарды шектеулілігі;
С) байлықтың тапшылығы;
Д) білімге қажеттілікті қанағаттандыру;
Е) ресурстарды тиімді бөлу.
11. “Еңбек-байлықтың атасы, жер-оның анасы” деген сөз кімге тиесілі?
А) Д.Рикардо.
В) А.Смит.
С) Ф.Кэне.
Д) У.Петти.
Е) К.Маркс.
12. Позитивті экономика:
А) не болу керек;
В) бағалық талдау;
С) ұсыныстар жасау;
Д) экономика нақты деректерге және болжамдарға негізделеді;
Е) экономика дамуындағы нақты деректер мен құбылыстарды.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері.
Экономикалық теорияның даму кезеңдері.
Қоғамдық қатынастар жүйесі: әлеуметтік-экономикалық, техникалық-экономикалық, ұйымдық-экономикалық, экологиялық-экономикалық.
2-тақырып. Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы
Талқылайтын сұрақтар
Қоғам өміріндегі өндірістің мәні.
Игілік, өнім, қызмет. Қажеттіліктердің жіктемесі.
Өндіріс факторлары.Қоғамдық өндіріс құрылымы.
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы.
Қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс (экстенсивтік және интенсивтік).
Анықтама мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) – өндіріс процесін қамтамасыздандыратын заттық, энергетикалық, жеке және т.б. факторлар; |
А. Үй шаруашылығы. |
б) – шағын жүйе, яғни ресурс иесін және тұтынатын отбасын көрсетеді; |
Б. Өндірістік қатынас. |
в) - өндірісті ұйымдастыру формасы мен басқару құрылымы; |
В. Фирма. |
г) - адамдар арасында материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас мен тұтыну процесінде қалыптасатын қатынастар; |
Г.Шаруашылық механизм. |
д) - шағын жүйе, яғни экономикалық игілік пен қызмет көрсетуді қажетті шикізат көмегімен құрылады; |
Д. Өндіргіш күштері. |
Тапсырмалар мен жаттығулар:
1. Адам мен Еваны жұмақтан қуып шығып және: «Маңдай терін аққанша өз наныңды жейсің, өзің шыққан жерге әзірше қайтып оралмайсың» деген сөздерді айтып, Құдай жерде экономиканы жаратты деп айтуға болады ма?
Экономиканың негізгі элементтеріне нені жатқызуға болады?
2.Кестеде өндірістік мүмкіншіліктің қисығы А және В мемлекеті үшін берілген.
А |
Қолдану құралдары |
10 |
9 |
7 |
4 |
0 |
|
Инвестициялық тауарлар |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
В |
Қолдану құралдары |
18 |
16 |
12 |
6 |
0 |
|
Инвестициялық тауарлар |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
а) А және В мемлекеті үшін өндіріс мүмкіндігінің қисығын салыңыз;
б) егер екі мемлекеттің ресурстары бірдей болса, В мемлекетінің техникалық дәрежесі А мемлекетіне қарағанда жоғары деп айтуға болады?
в)1инвестициялық тауарға шаққандағы қай мемлекеттің ұстанымды шығындары төмен;
г) қандай өндіріс көлемінің тауарларын А және В мемлекеттеріне тиімді деп айтуға болады?
3. Жетіспейтін мәліметтермен 1.1-сызбасын толтырыңыз.
ЕҢБЕК
Анықтама үшін сөздер; материалдық игілік, ақыл – ой, еңбек нәтижесі, рухани, физикалық, адамның өмір сүру жағдайы, жинақталған білім адамның дамуы.
4. 1.2-сызбадағы бос орындарды толтырыңыз, келесі түсініктерді қолдана отырып:
а) жұмыс күші;
б) жұмыс құралы;
в) кәсіпорынның негізгі қорлары (капиталы);
г) кәсіпкерлік.
Келесі пікірлер дұрыс па?
Күннің көзі экономикалық игілікке жатады.
Өндірістік мүмкіншілік қисығындағы нүкте болуы мүмкін екі өнім көлемінің максималдылығы.
Өндірістік мүмкіншілік қисығы ҒТП жетілген сайын оңға жылжиды.
Өндіріс мүмкіншілік қисығынан тыс жатқан нүктеде өндіріс мүмкін емес.
Өндіріс мүмкіншілік қисығынан тыс жатқан нүктеде қолдану мүмкін.