Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Талқылайтын сұрақтар

    1. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты: қажеттілігі, мәні және мақсаттары

    2. Табыстардың құрылымы.

    3. Аймақтық саясат.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)-тұрғындарды материалдық және рухани игіліктермен қамтамасыз етілу дәрежесі;

А.Өмір сүру минимумы.

б)–кәсіподақ, кәсіпкерлер және үкімет арасындағы өзара қатынас;

Б. Тұтыну корзинасы.

в) –салық салуға және баға өзгерісіне байланысты емес барлық ақшалай табыс сомасы;

В. Өмір сүру деңгейі.

г)-қоғам мүшелерінің өмір сүруіне және еңбегіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған экономикалық субъектілердің келісілген қызметі;

Г.Табыс индексациясы.

д)–табысты бөлудегі теңсіздік дәрежесін көрсететін қисық;

Д.Рационалды тұтыну корзинасы.

е)–азаматтардың заңмен бекітілген жасқа жеткен кезден төленетін ақшалай төлем;

Е. Лоренц қисығы.

ж)–белгілі бір уақыт аралығында адамның қызметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтердің жиыны;

Ж.Әлеуметтік қорғау.

з)–салықтарды алып тастағандағы номиналды табыс;

З.Әлеуметтік серіктестік.

и)-минималды қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақшалай табыс мөлшері;

И.Номиналды табыс.

к)-алдын-ала бекітілген әдістемеге сәйкес баға индексінің өзгерісімен номиналды табыстардың автоматты түзетуі (корректировкасы);

К. Қолдағы табыс.

л)-қоғамның өз азаматтарына қатысты нақты міндеттемелер;

Л. Әлеуметтік саясат.

м)-ғылыми негізделген, мейлінше қолайлы тұтыну құрылымы;

М.Зейнет ақы.

Келесі пікірлер дұрыс па:

1.Әлеуметтік саясат экономикалық өсуге ықпал етеді.

2.Бос уақыт шамасы өмір сүру деңгейінің көрсеткіші болады.

3.Өмір сүру сапасы – субъективті шама.

4.Тұтыну корзинасы- бұл нақты деректерді салыстыруға арналған стандарт.

5.Тұтыну құрылымының мейлінше қолайлығын минималды тұтыну корзинасы көрсетеді.

6. Зейнет ақы жақсы жұмыс істеуге ынталандырушы болуы керек.

7.Қолдағы табыс номиналдыдан көп.

8. Көлеңкелі экономикадан түскен табыстың барлығы заңсыз.

9. К.Маркс кедейшіліктің себебін биологиялық заңдардан көрді.

10.Кедейшілік проблемасын мемлекет алдында бөлінген табыстарды қайта бөлу арқылы шешеді.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

1. Кестедегі деректер бойынша А және В елдеріндегі өмір сүру деңгейін салыстырыңыз.

Елдер

Тұрғындар (млн.адам)

Автомобиль саны (мың.дана)

Теледидар саны (мың.дана)

Жұмыс күнінің ұзақтығы (сағат)

Адам басына шаққандағы номиналды табыс

А

300

50

100

8

2100

В

420

60

140

8

2400

2.ҚР-дағы зейнет ақы, студенттік төлем ақы, төлем ақы төлеу шарттары қандай?

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Қай экономикалық көрсеткіш халықтың өмірінің деңгейін көрсетеді?

A) жан басына шаққандағы ұлттық табыс;

B) қоғамдық жиынтық өнім;

C) ұлттық табыс;

D) жалпы ішкі өнім;

E) ЖҰӨ.

2. Экономикалық саясат айналысады:

  1. қоғамның саяси жүйесіндегі өзгерістерді шешумен.;

  1. экономикалық мәселелерді шешу жолдарын табу және оның механизмдерін іске асырумен;

  1. экономикалық жоспар шешімдерімен;

  2. саяси жоспар шемімдерімен;

E) әлеуметтік түрдегі тапсырмаларды шешу.

3. Экономикалық саясат шаралары қызметтің қаңдай түріне бағытталмауы

мүмкін?

  1. негізгі баптар бойынша және жазбаша шығындарға кәсіпкерлік шығындардың қысқаруы;

  2. кәсіпорын рентабельділігін қамтамасыз ету үшін баға деңгейін қолдау;

  3. мүмкіндікті жоғары жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге;

  4. пайданы жоғарлатуға кәсіпкерлік шығындардың өсуі;

E)капитал салымын ынталандыру және инвестиция мен кор жинау арасындағы тепе-теңдікті үйлестіруге.

4. Нашар қамтылған жанұяларға әлеуметтік қолдауға мемлекеттік

шығындардың кобеюі коғамдағы кедейшілік деңгейін:

  1. үздіксіз төмендетеді;

  2. өзгеріссіз қалдырады;

  3. төмендету тенденциясы бар, бірақ өзгертпейді;

  4. басында көтереді, содан кейін қайта төмендетеді;

E) басында темендетеді, содан кейін қайта көтереді.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

1. ҚР халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары.

2. ҚР аймақтық дамуының жағдайы мен болашағы.

17-ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУ