Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Талқылайтын сұрақтар

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары.

  2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері.

  3. ҚР-ның ақша-несие жүйесі және ақша-несие саясаты.

  4. Қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)- қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардан алынатын міндетті төлемдер;

А.Бюджеттік тапшылық.

б) –ақша қорларын құрау және жұмсауға байланысты қатынастар;

Б. Салық.

в) –берілген жылдағы мемлекет шығындарының табыстан артық болғандағы сомасы;

В.Мемлекеттік қарыз.

г)- бюджетте қарастырылмаған қаржыландыруға қолданылатын шығындардың ақшалай құралдары;

Г.Қаржы.

д) –елдің өз және шетелдік заңды және жеке тұлғаларына қарыз сомалары;

Д.Мемлекеттік бюджет .

е) – мемлекеттің жыл сайынғы табыстар мен шығындар сметасы;

Е. Салық ставкасы.

ж) –оларды жүзеге асырушы қаржылық қатынастар мен институттардың жиынтығы;

Ж.Бюджеттен тыс қор.

з) –мемлекеттік шығындар және салық салуға өзгерістер енгізуге мемлекеттің шараларының жиынтығы;

З.Қаржылық қатынастар.

и) –ұлттық өнім құнының бөлігін бөлу және қайта бөлу процессінен болатын экономикалық қатынастар;

И.Қаржы жүйесі.

к) – ақша ұсынысын қысқартуға бағытталған ақша-несие саясаты;

К.Монетарлық саясат.

л) – тарихи және заңмен бекітілген елдегі ақша айналымын ұйымдастыру формасы;

Л. Ақша жүйесі.

м)- тауар нарығындағы процент ставка деңгейімен және ұлттық табыс шамасы арасындағы кері байланысты көрсететін қисық;

М.Қатал ақша-несие саясаты.

н) – экономиканы реттеу мақсатымен үкіметтің ақша-несие сферасында қолданатын шаралар жиынтығы;

Н. «Қымбат ақша» саясаты.

о)- ақша ұсынысын бір деңгейде бекітудің аралық мақсаты болып табылатын, ақша-несие саясаты.

О. IS қисығы.

Келесі пікірлер дұрыс па:

1.Қаржылар бақылаушы қызмет атқарады.

2. Мемлекеттік қаржы құрамына тек мемлекеттік бюджет кіреді.

3.Бюджеттің әр деңгейінің өзінің жеке табыс көзі болады.

4.Субъект және салық тасушы – бұл бір тұлға.

5. Бюджет жыл сайын балансталуы керек.

6.Векселді басқа адамға беруге болады.

7.Несиелік жүйенің жоғарғы деңгейі коммерциялық банктермен берілген.

8. Инфляция жағдайында «қымбат ақша» саясаты жүргізіледі.

9. Проценттік ставканың бекітілуі тек қысқа мерзімде лайықты.

10. Ақшаға деген сұраныс процент ставкасы деңгейімен тікелей байланыста болады.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

1. Ақша агрегаттары М1, М2, М3 анықтаңыздар. Егер елдегі қолма-қол ақша 480 б., шұғыл ұсақ салымдар 100 б., ірі шұғыл салымдары 120 б., жинақтау салымдары 100б., чектік салымдар 160б., талап еткенге дейінгі салым-200б.

2. Жетіспейтін мәліметтермен 15.1-сызбасын толтырыңыз.

Қаржы жүйесі

?

?

Мемлекеттік бюджет

?

?

?

?

Анықтама үшін сөздер; мемлекеттік кәсіпорындардың қаржысы; бюджеттен тыс қор; орталықтандырылмаған қаржы; мемлекеттік емес кәсіпорындардың қаржысы; орталықтанған қаржы; мемлекеттік несие.

3.Есепті шығарыңыздар.

Экономика келесі жағдайлармен сипатталған:

С=20+0,8 (Y-T+F) I=60; T=40 (салықтар); F=10 (трансферттер); G=30

А) Тепе-тең табыс көлемін анықтаңыз.

Б) Үкімет экономиканы ынталандыру үшін шығындарды 40-қа арттырады.

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді;

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді;

  • мем.шығындар мультипликаторы нешеге тең;

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

В) Үкімет салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы (G=30 көлемінде).

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді;

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді;

  • салықтар мультипликаторы нешеге тең;

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

Г) Үкімет бір мезгілде шығындарды 30-дан 40-қа, салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы.

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді;

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді;

  • Мультипликатор эффектісі қалай өзгереді;

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Ұлттық валюта курсына әсер етпейді:

A) дисконттық саясат;

B) инфляция қарқыны;

C) айналымдағы ақша саны;

D) жеке кәсіпкер шығарған өнім сапасының өзгеруі;

E) пайыздың нақты нормалары.

2. Мемлекеттік бюджетте салық ставкасы мен салық түсімдері арасындағы өзара байланыс көрініс табады:

A) Филлипс қисығында;

B) ұсыныс қисығында;

C) Лоренц қисығында;

D) сұраныс қисығында;

E) Лаффер қисығында.

3. Салық – бұл:

А) мемлекеттік жәрдем; В) қайырымдылық шығындар;

С) айып пұл санкциясы;

Д) міндетті төлем;

Е) әлеуметтік көмек.

4. Мемлекеттік қарыз қандай экономикалық зардаптарға әкеледі?

А) қоғам мүшелері арасында ұлттық байлықты қайта бөлуге;

В) жиынтық ұлттық табыстың төмендеуіне;

С) жиынтық ұлттық шығынның өсуіне;

Д) ұлттық экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің қысқаруына;

Е) өмір сүру деңгейінің төмендеуіне.

5. Мемлекеттік бюджет қандай игіліктерге жұмсалады?

  1. тек әлеуметтік мақсатта;

  2. фирмалардың негізгі өндірістік кұралдар сатып алуына;

  3. жеке адамдардың өзіндік шаруашылық жүргізуіне;

  4. елді қорғау мен құкықты тәртіп сақтауға;

E) тек сыртқы қарызды өтеуге.

6. Фискалды саясат - бұл:

  1. бюджеттік саясат;

  1. елдің барлық еңбекке жарамды халықтың жұмысқа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жұмыс орнының болуы;

  1. эмиссиялық іс-әрекетті өзгерту аркылы жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат;

  2. толық жұмыспен қамтуға жету, Ж¥Ө-нің көлемін өсіру, инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру мақсатымен елде экономикалық жағдайға бақылау жасау үшін жасайтын үкімет іс-әрекеті;

  3. табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік

формасын өзгерту процесі.

7. Маманданған несиелі мекеме - бұл:

  1. бірінші деңгейдегі банк, кез келген елдің басты эмиссиялық, ақша-несие институты;

  2. банктік емес мекеме;

  3. шектеу негізінде несие карточкасымен нақты ақша беретін аппарат;

  4. көп қызметті ұйым, қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторында операция жасайды;

E)біртекті тауарлардың көтерме нарқы.

8. Ақша саясаты - бұл:

A) табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс кұрал-жабдықтарына меншік формасын өзгерту процесі;

B) толық жұмыспен қамтуға жету, Ж¥Ө-нің көлемін өсіру, инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру мақсатымен елде экономикалық жағдайға бақылау жасау үшін жасайтын үкімет іс-әрекеті;

  1. елдің барлық еңбекке жарамды халықтың жұмысқа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жұмыс орнының болуы;

  2. бюджеттік саясат;

E) эмиссиялық іс-әрекетті өзгерту арқылы жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат.

9. Ірі жедел салымдар қай құрамға кіреді? А) М2.

В) М1.

С) М4.

D) М3.

E) М2Мз.

10. Валютаны реттейтін және бақылайтын:

  1. шетел банктері;

  2. мемлекеттік коммерциялық, акционерлік және бірлестік банктер;

  3. қаржы министрлігі;

  4. орталық банк;

E) аралас банктер.

11. Қолданылып жатқан салықтарды пропорционалды деп атауға болады, егер

орташа салық ставкасының шамасы:

  1. табыстың өзгеруіне сәйкес өзгерсе;

  2. 10%-ға өзгеретін болса;

  3. табыстың кемуінен өзгермесе;

  4. табыстың өзгеруінен езгермесе;

E) табыстың өсуінен өзгермесе.

12. Мемлекеттік бюджет кірісіне жатпайды:

  1. кедендік баждар;

  2. қосымша құнға салық;

  3. тұрғындарға трансферттік төлемдер;

  4. еркін капитал нарығынан тартылған қаражаттан түскен таза түсімдер;

E) мұрагерлікке салық.

13. Экономиканы тұрақтандыру фискалдық саясаттың құралдары не болады?

А) есеп келісімін өгерту;

В) мемлекеттік шығындарды арттыру немесе қысқарту;

С) табыстарды реттеу;

Д) ашық нарықта операциялар жүргізу;

Е) қор мөлшерін арттыру немесе қысқарту.

14. Мемлекеттік бюджет – бұл:

А) өндірістің төмендеуі мен құлдырауы;

В) бюджетке түсетін салықтық түсімдердің төмендеуі;

С) шығыстардың кірістерден көп болуы;

Д) мемлекеттік кірістердің барлық көздері;

Е) мемлекеттік кірістері мен шығыстарының есебі;

15. Салықтар, субсидиялар және импорт немесе тікелей шектеулер арқылы сыртқы сауда көлемін мемлекеттік реттеумен байланысты үкіметтің бюджеттік-салықтық саясатының бағыты:

А) сауда саясаты;

В) фискалды саясат;

С) қаржы саясаты;

Д) әлеуметтік саясат;

Е) ақша саясаты.

16. Ақша саясаты – бұл:

A) эмиссиялық іс-әрекетті өзгерту арқылы жиынтық сұранысты реттеуге бағытталған саясат; B) елдің барлық еңбекке жарамды халықтың жұмысқа деген сұранысын қамтамасыз ету үшін жеткілікті жұмыс орнының болуы; C) толық жұмыспен қамтуға жету, ЖҰӨ-нің көлемін өсіру, инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру мақсатымен елде экономикалық жағдайға бақылау жасау үшін жасайтын үкімет іс-әрекеті; D) табиғи ресурстарға, жерге, үйге, өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасын өзгерту процесі; E) бюджеттік саясат.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

  1. Экономикалық саясаттың мақсаты мен іске асыру құралдары.

  2. Ақша – несие жүйесі. Экономикалық саясаттың несиелік механизмі.

  3. Салықтар. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы.

16-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ