
- •Мазмұны
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Экономикалық шығындар, бухгалтерліктен аз.
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •1. Еңбек ақы бір жылда 5%. Салықтар 3% өсті. Бағаның өсуіне байланысты бірінші қажетті заттарға шығындар 10% көтерілді. Нақты еңбек ақы қалай өзгерді?
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Сдж арналған тапсырмалар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •1.Экономикалық циклдің барлық фазаларын көрсететін экономикалық өсудің қисығын сызыңдар.
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Талқылайтын сұрақтар
Талқылайтын сұрақтар
Экономикалық теория курсының логикасы мен құрлымы.
Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, экономикалық игіліктер, ресурстардың шектеулілігі (сиректілігі).
Экономиканың негізгі үш сұрағы не, қалай, кім үшін өндіру.
Экономикалық теорияның қызметтері: танымдық, тәжірибелік, болжамдық, дүниетанымдық, әдістемелік
Экономикалық теория және экономикалық саясат.
Экономикалық заңдар мен категориялар.
Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:
а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдар тұтастығы; б) – экономикалық процестер мен заңдардың мәнін анықтайтын ғылымдар; в) – өндіріс, тарату, игіліктер мен қызметтерді ауыстыру мен тұтыну процесінде туындайтын қатынастар; г) – экономикалық процестер мен құбылыстарға тән объективті, қажет, себеп-салдар байланыстары мен өзара байланыстылық; д) – көзделген экономикалық шаралардың тиімділігін тексеру мақсатында экономика саласында ғылыми қойылған тәжірибе; е) – зерттеу әдістері туралы ғылым; ж) – байлықты ақшамен теңдестіретін экономикалық теория; з) – ақша факторлары басты рөл атқаратын экономика тұрақтылығының теориясы; и) – қоғамның экономикалық өмірінің неғұрлым жалпы және маңызды жағын көрсететін логикалық ұғым; к) – ойдың жекеден жалпыға қозғалысы; л) – экономикалық процестер мен құбылыстарды ғылыми түсіндіруге бағытталған ғылым; м) – нарықты экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негізі; н) – оны түрлендіру мақсатында адамның табиғатқа әсер ету процесі; о) – ішкі дүние мен материалдық емес сипаттағы қызметтерді жеткізіп беруді көрсету мақсатында рухани құндылықтарды құру процесі; п) – салалық ерекшеліктер мен экономикалық басқару функцияларын зерттейтін ғылымдар; р) – капитализмнін өлуі мен жаңа қоғамдық формацияның құрылуын болжайтын экономикалық теория; с) - өзінің талдауында шекті шамаларды қолданатын теория |
А. Экономикалық тәжірибе
Б. Экономикалық категория
В. Еңбек
Г. Кейнсиандық
Д. Меркантилизм
Е.Позитивті экономикалық теория Ж. Индукция З. Маржинализм
И. Жалпы экономикалық ғылымдар К. Материалдық емес өндіріс
Л. Өндірістік қатынастар М. Экономикалық заңдар
Н. Утопиялық социализм
О. Жеке экономикалық ғылымдар П. Экономика Р. Монетаризм
С. Әдіснама (Методология)
|
Келесі пікірлер дұрыс па:
«Экономика» сөзінің бірнеше мағынасы бар.
Адамның дамуы еңбектің нәтижесі болып табылады.
Адам экономиканың мақсаты мен құралы болып табылады.
Материалдық өндірістің шекарасы мен құрылымы өзгермейді.
Экономикалық теорияның гносеологиялық функциясы әлеуметтік – экономикалық даму тенденциясын анықтаудан тұрады.
Меркантилизм саясаты сауда балансының белсенді жүйесін болжайды.
Физиократтар байлық көзін өндірістен көрді.
«Көрінбейтін қол» қағидасы Д.Рикардомен қалыптасқан.
«Утопия» кітабы Т.Мораның қаламұшына қатысты.
Маржинализм теориясы экономикалық талдауда шекті шамаларды қолдануды болжайды.
Тарихи мектеп экономикалық заңдардың жан-жақты сипатын теріске шығарады.
Монетаристер экономиканы басқаруды алдымен ақша массасын мемлекеттің бақылауы дегенге келтіреді.
Кейнсианс бағыты теориялық жағынан нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу деп дәлелдейді.
Институциондық-әлуметтік бағыт тек экономикалық және саяси факторларды ескереді.
Дүние жүзі экономистері әр түрлі елдердің экономикасы бір экономикалық жүйеге түрленеді деп есептейді.
Экономикалық теория – тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін шектелген қорларды пайдалану туралы ғылым.
Позитивті экономика – қалаулы нәтижелерге жету үшін қалай әрекет жасау туралы ғылым.
Болжамдау – позитивті және нормативті экономикалық ғылым арасындағы аралық буын.
Ғылыми абстракция әдісі оймен жобалауды құрудан тұрады.
Ғылыми парадигма – бұл экономикалық санат.
Кестені толтырыңыз:
Экономикалық мектеп |
Өкілдері |
Байлық көзі |
Меркантелизм |
|
|
Физиократ |
|
|
Классикалық саяси экономика |
|
|