Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Сдж арналған тапсырмалар

  1. Салық – бұл:

А) мемлекеттік жәрдем;

В) қайырымдылық шығындар;

С) айып пұл санкциясы;

Д) міндетті төлем;

Е) әлеуметтік көмектер.

  1. Дифференциалды рента 1-ді кім иемденеді және неге?

А) жер иесі;

В) жалгер;

С) мемлекеттік және жергілікті үкімет органы;

Д) жергілікті үкімет органы;

Е) мемлекет.

  1. Қай рента капиталмен және еңбек тиімділігіне байланысты?

А) абсолюттік рента;

В) дифференциалдық рента 2;

С) дифференциалдық рента 1;

Д) пайда;

Е) монополиялық рента.

4. Дифференциалды рентаның пайда болу себебі:

А) жердің шектілігі;

В) жердің орналасуы және әртүрлі құндылықтың болуы;

С) шаруашылықтың объектісі ретінде жерге монополия;

Д) жерге деген меншік монополиясы;

Е) абсолютті рента.

5. Екінші дифференциалдық рента?

А) жердің нарыққа жағын болуымен байланысты пайда;

В) капиталдың үстеме салымын қажет етеді;

С) егіншілікті экстенсивті жүргізу әдісін тілейді;

Д) барлық жерлерден алынатын пайда;

Е) жердің сапасының әр түрлі болатынымен байланысты пайда.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

    1. Өндіріс факторына сұраныс.

    2. Жер рентасы – жер иесінің табысы.

    3. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретінде.

12- ТАҚЫРЫП. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

Талқылайтын сұрақтар

  1. Ұлттық экономика құрылымы.

  2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер, ұлттық есептер жүйесі.

  3. Жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім: есептеу әдістері.

  4. Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, қайта бөлу.

  5. Ұлттық байлық: мазмұны және құрылымы.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)- белгілі бір уақыт ішінде берілген мемлекет территориясында өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы сомасы;

А. ТҰӨ.

б) – құнды жасау, беру, қайта құру және жою мақсатымен экономикалық субъектілер арасындағы өзара келісім;

Б. Номиналды ЖҰӨ.

в) –берілген ел резидентерімен табыстың жалпы сомасы;

В. ЖІӨ.

г)- экспорт мен импорт арасындағы айырмашылық;

Г. ТБИ.

д) – резидентердің берілген елдің территориясында және шет елдерде жасаған соңғы өнім көлемінің құны;

Д. Нақты ЖҰӨ.

е) – ЖҰӨ – амортизация;

Е.Инфляция қарқыны.

ж) – бір типті тұтынушылардың сатып алатын тауарлар мен қызметтердің жалпы құнының көрсеткіші;

Ж. Ұлттық байлық.

з) – өндіру, бөлу, қайта бөлу және ұлттық өнімді және табысты қолдануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер жиынтығы;

З.Экономикалық опреациялар.

и) – үй шаруашлықтарының жұмсалуына арналған табыс;

И. Таза экспорт.

к) – ЖҰӨ-ді есептеу уақытында қалыптасқан ағымдағы бағасы;

К. Қолдағы табыс.

л) – қоғамның өндірістік қызмет уақыты аралығында жинақталған тұтынушылық құн жиынтығы;

Л. Ұлттық табыс.

м) – номиналды ЖҰӨ, дефляторға қатынасы;

М. Жеке табыс.

н) –жеке табыс – жеке салық;

Н. ҰЕЖ.

о)- өткен мерзіммен салыстырғанда ТБИ-дің пайыздық өзгерісі;

О.ЖҰӨ.

Келесі пікірлер дұрыс па:

1.ҰЕЖ негізінде халықшаруашылық айналым моделі жатыр.

2. ЖІӨ- белгілі бір уақыт ішінде берілген мемлекет территориясында өндірілген тауарлар мен қызметтердің жалпы сомасы.

3. ЖІӨ- қосымша құн сомасы.

4. ЖІӨ- резидентердің шет елдерде өндірген өнім құнын ескермейді.

5. Үй шаруашылықтардың салықтарды төлегенге дейінгі табысы- бұл қолдағы табыс.

6. Жеке табыс – бұл үй шаруашылықтарының жұмсалуына арналған табыс.

7. Ұлттық байлық орман және пайдалы қазбаларды қамтиды.

8. Ұсталынған автомобилді сатып алу ЖІӨ өсуіне әкеледі.

9. Мемлекеттік трансферттік төлемдер ұлттық табыстың жалпы сомасын анықтауда қолданылады.

10. Қосылған құн- бұл сатылған өнім құнынан - бұйымды шығаруға жұмысалған шығындар.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

1. Елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде, шартты бірлікте):

- ЖҰӨ -100;

- негізгі капитал амортизациясы- 10;

- үй шаруашылықтарының тауар және қызметтерді иеленуге кеткен шығындары- 50;

- тауар және қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 15;

- таза экспорт-(-4);

- жанама салықтар- 5;

- трансферттік төлемдер- 2,5;

- табысқа салынған табыс-7,5.

Анықтау керек: ТҰӨ, ҰТ.

2. Берілген млрд.$. Төмендегі деректерді пайдаланып ЖҰӨ табыс бойынша және шығын бойынша есептеңіз:

а) жеке тұтынушы шығыны-245;

ә) трансферттік төлемдер-12;

б) арендалық төлем-14;

в) капиталды пайдаланған үшін салым (амортизациялық төлемдер)-27;

г) әлеуметтік сақтандыруға салым- 20;

д) пайыз-13;

е) меншіктен табыс-31;

ж) таза экспорт-3;

з) дивиденттер-16;

к) жұмыскерлердің еңбек ақысы -221;

қ) бизнеске жанама салықтар-18;

л) корпорацияның тағайындалмаған пайдасы-21;

м) жеке салық-26;

н) корпорациялар табысына салықтар-19;

о) корпорациялар пайдасы-56;

п) тауарлармен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 72;

р) таза ішкі жеке инвестиция-33;

с) жеке қор -16.

3. Төмендегі деректерді пайдаланып ЖҰӨ,ТІӨ көлемін анықтаңыз (шартты ақша бірлігінде):

а) тауарлармен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 60;

ә) тұрғындардың соңғы тұтынулары (жеке сатып алушылық шығындар)-230;

б) меншіктен табыстар-80;

в) материалды айналым қорлар өсімі-34;

г) амортизациялық төлемдер- 25;

ғ) дивиденттер-10;

д) жұмыскерлердің еңбек ақысы -200;

е) бизнеске жанама салықтар-15;

ж) таза ішкі инвестициялар-28;

з) трансферттік төлемдер-10;

и) корпорациялар табысына салықтар-28;

к) салынған капиталдан проценттер -10;

қ) корпорациялар пайдасы-50;

л) азаматтардың жеке жинақтары-15.