Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Талқылайтын сұрақтар

  1. Экономикалық шығындардың мәні және оның түрлері.

  2. Фирманың жалпы, орташа, шекті табыстарын есептеу тәсілдері.

  3. Өндіріс көлемінің өсуі кезіндегі тұрақты және өзгермелі шығындар. динамикасының ерекшелігі.

  4. Өндірістің трансакциондық шығындары, олардың арналуы.

  5. Өндіріс шығындарын азайту және пайданы көбейту.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)- жалпы тұрақты және жалпы өзгермелі шығындардың сомасына тең болатын шығындар;

А. Шекті табыс.

б) – қосымша өнім өндіру бірлігне байланысты шығындар;

Б. Орташа тұрақты шығындар.

в) – өнімнің бір бірлігіне келетін ақшалай түсім сомасы;

В.Өндірушінің артықшылығы.

г)- өнім көлемі 0-ге тең болғандағы шығындар;

Г.Экономикалық пайда.

д) – бухгалтерлік және айқын емес шығындар сомасына тең шығындар;

Д.Өзгермелі шығындар.

е) – өндірілген және сатылған өнімнің ақшалай эквиваленті;

Е. Жалпы шығындар

ж) – өндірушінің берілген көлемдегі өнімді шығаруға дайын болғандағы, нарықтағы баға мен минималды баға арасындағы айырмашылық;

Ж.Бухгалтерлік шығын.

з) – өнім көлемін шығаруға байланысты өзгеретін шығын

З. Шекті шығын.

и) – сатып алынған ресурстарға төлемдер түрінде берілген, тек қана айқын шығындарды қамтитын шығындар;

И.Бухгалтерлік пайда.

к) – жалпы тұрақты шығындардың өндіру көлеміне қатынасы;

К. Жалпы табыс.

л) – жалпы табыс пен экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық;

Л.Тұрақты шығындар.

м) – өндіру көлемінің және сатылудың қосымша бір бірлікке өзгеру нәтижесінен жалпы табыстың өзгеруі;

М.Экономикалық шығындар.

н) –жалпы түсім мен айқын шығындар арасындағы айырмашылық;

Н. Орташа табыс.

Келесі пікірлер дұрыс па:

          1. Экономикалық шығындар, бухгалтерліктен аз.

  1. Бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады.

  2. Айқын емес шығындар – ресурстарды жеткізушілерге төлеу.

  3. Өзгермелі шығындар өндіру көлемі нольге тең болғанда болады.

  4. Жалпы шығындар өзгермелі және тұрақты шығындар сомасына тең.

  5. Орташа тұрақты шығындар үнемі өсіп отырады.

  6. Фирма табысы- өндірілген және сатылған өнімнің ақшалай эквиваленті.

  7. Орташа табыс жалпы табыстың сатылу көлеміне қатынасы арқылы анықталады.

  8. Жалпы табыс шекті табыс оң болғанша өсе береді.

  9. Пайда табысқа байланысты емес.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

1.Шолпан теріден жасалатын заттарды тігумен айналысатын кішігірім шеберхананың иесі. Шолпанмен бірге шеберханада Мақпал мен Айман жұмыс істейді. Ай сайын Шолпан оларға 30 мың теңге төлейді. Жұмыс орнын жалға алғаны үшін Шолпан жылына 20 мың теңге төлейді. Одан басқа, Шолпан 40 мың теңгеге арнайы жабдықтар сатып алды. Егер ол өзінің ақшалай қаржысын қолданудың басқа бір жолын тапқанда, Шолпан 80 мың теңге жылдық табыс алатын еді. Шолпан өз бизнесін ұйымдастырғанға дейін өзіне пайдалы, айлық жалақысы 30 мың теңге жұмыстан бас тартты. Егер жоғарыда аталған шығындардан басқа, Шолпан әртүрлі салықтар төлесе, ол салықтар Шолпанның жалпы жылдық шығындарының жуық шамамен алғанда 40%-ін құраса, онда Шолпанның экономикалық және бухгалтерлік шығындарының көлемі қандай болады?

2. 20 бірлік өнімнің жалпы шығыны -100 долл., ал 21-ші өнім – 106 долл. Табу керек шекті шығынды 21-ші өнімнің?

3.Кестені толтырыңыз.

Q, саны

TC, мың.тг

Табу керек

FC

VC

MC

0

60

1

140

2

180

3

240

4

420

4.Кестені толтырыңыз.

Шығару көлемі

Тұрақты шығындар

Өзгермелі шығындар

Жалпы шығындар

Орташа шығындар

Шекті шығындар

FC

VC

TC

0

20

0

1

20

10

2

20

20

3

20

25

4

20

36

5

20

50

6

20

70

5.Фирма қысқа толқынды пештерді шығаруға 500 мың.теңге салуға шешім қабылдады.Өндірістің өзі жылына 200 мың.теңге екен. Нарықтағы сараптама көрсетті, фирма айына қысқа толқынды пештерді 225 мың.теңгеге сата алатынын. Бұл өндіріс фирмаға пайдалы ма?