Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ по ОЭТ посл.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.18 Кб
Скачать

Талқылайтын сұрақтар

  1. Кәсіпкерлік капитал. Кәсіпкерлік капиталдың ауыспалы айналымы мен айналымы.

  2. Негізгі және айналмалы капитал.

  3. Кәсіпорын қорларының құрылымы.

  4. Қорлардың ауыспалы айналымы мен айналымы.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құрыңыз:

а)-өнім өндіру, бұған оның масштабының алдағы жылдардағы ұлғайтылуы кіреді;

А. Тиімділік.

б)-айнымалы қорлардың және айналым қорларының суммасы;

Б. Экономикалық тиімділік.

в) -өндіріс құралдарының ұзақмерзімдік арендасы;

В. Айналым уақыты.

г)-қанағаттандырылған жағдай, мұны адам ұзартқысы келеді, немесе қанағаттандырылмаған, бұдан адам шыққысы келеді;

Г.Қорлар айналымы.

д) -ақшалық түрдегі авансталған құралдардың иегеріне сол күйінде қайтарылу кезеңі;

Д. Ұдайы өндіріс.

е) –шектеулі түрдегі игіліктер;

Е.Айналым қорлары.

ж)-қорларды айналалым кезінде болу уақыты;

Ж. Амортизация.

з)–қорлардың тоқтаусыз айналым процессі кезіндегідей айналым қоры;

З.Үлкейтілген ұдайы өндіріс.

и)-үнемі қайталанатын өндіріс процессі;

И. Айналым уақыты.

к)-ұзақ мерзім қызмет ететін өндірістік қорлар;

К. Лизинг.

л)-бір өндірістік цикл кезеңінде қолданылатын өндірістік қорлар;

Л. Негізгі қорлар.

м)-негізгі өндірістік қорлардың тозуын қалпына келтіру процессі;

М. Тұтынушылық.

н)-нәтиже мен себептің оның қалыптастыруына қатынасы;

Н.Айналым құралдары.

Келесі пікірлер дұрыс па:

  1. Айналымның екі стадиясы айналым сферасына кіреді.

  2. Қорлар айналым уақыты өндіріс уақыты мен айналым уақытынан тұрады.

  3. Қорлар айналымы өнім шығарумен аяқталады.

  4. Жылдамдатылған амортизация ҒТП жетілдіру көзі.

  5. Өндірістік қабілет уақыт келе толықпайды.

  6. Айнымалы қорлардың айналымы төмен болған сайын өндіріс тиімділігі жоғары болады.

  7. Физикалық тозуға қолданылмаған машина, құрал-жабдық, ғимарат ұшырамайды.

  8. Техникалық прогресс нәтижесінде еңбек құралының бағасы төмендейді.

  9. Амортизация нормасы – амортизациялық шығындарын қосындысынының өндіріс құралдарының бағасына қатынасы.

  10. Негізігі өндірістік қорлар өндіріс процессінде өздерінің натуралды формасын жоғалтпайды.

  11. Еңбек құралдарының арзан түрлерінің пайда болуы өндірістік қорлардың өздерінің құнын жоғалтады.

  12. Тиімділік - өндіріс көлемінің өсуі.

  13. Экономикалық тиімділік әлеуметтік тиімділікке қарсы шығуы мүмкін.

  14. Өндіріс тиімділігінің өсуі уақыт экономикасы заң талаптарына сәйкес келеді.

  15. Бос уақыттың көбеюі өндіріс тиімділігінін артуына байланысты.

Тапсырмалар мен жаттығулар:

  1. Егер бастапқы капитал -8млн. Амортизация нормасы-18%, эксплуатацияда болды- 4 жыл, капиталдық жөндеу-1,8 млн, модернизациялауға – 2 млн. Табу керек қалған құнының?

  2. Станок құны -20мың$. Эксплуатация мерзімі -10жыл. Табу керек жыл сайынғы амортизациялық жинақты және амортизациялық нормасын?

  3. Негізгі капитал құны 300 млн.тенге. Орташа айналым жылдамдығы – 6 жыл. Айналмалы капитал 50 млн.тенге және айналымы жылына 13 рет. Табу керек барлық капиталдың уақытын және жылындағы айналым санының?

  4. Айналмалы капитал 400 млн.тенге, сонымен қатар еңбек ақы қоры -100 млн.тенге құрайды. Жанармайға, материалға, шикізатқа жұмсалған капитал жылына 10 рет айналады, еңбек ақы-16 рет. Табу керек негізгі капиталды, егерде тозу 10 жылда болса және капиталдың айналым жылдамдығы 0,5 жылды құрайды.

СДЖ арналған тапсырмалар

1. Капиталдың жалпы формуласын көрсет:

А) Т-А-Т.

В) А-Т-А .

С) А-Т-А.

Д) А-Т-Т.

Е) Т-Т-А.

2. Материалдық өндіріске төмендегілердің қайсысын жатқызуға болады?

А) материалдық-техникалық жабдықтау;

В) білім беру;

С) басқару органдары;

Д) несиелік мекемелер;

Е) денсаулық сақтау.

3. Айналмалы өндіріс қорлары-бұл:

А) өндірісте жасалып шығарылған дайын өнімдер;

В) ғимараттар, құрал-жабдықтар;

С)өндіріс кезеңінде өзінің құнын бөліп ауыстыратын материалдық қаржылар;

Д) тұтынушыларға тиеп жіберуге дайындалған өнімдер;

Е) бір өндіріс кезеңінде толық шығындалатын және дайын өнімге құнын толық ауыстыратын материалдық қаржылар.

4. Тауар – бұл:

А) басқа өнімге айырбастау немесе ақшаға сату үшін өндірілген өнім;

В) өндірісте пайдаланылатын ой және еңбек күштерінің бірлігі;

С) бұл табиғаттың өнімі;

Д) еңбек барысында адамдар пайдаланылатын еңбек құралы;

Е) болашақ өнімнің материалдық негізін қалайтын заттар.

5. Негізгі капитал- бұл:

А) тұтыну бұйымы;

В) бірнеше айналымға қатысатын, өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндіріс құрал-жабдықтарының бір бөлігі;

С) өндіріс қаражаты;

Д) еңбек бұйымы;

Е) жұмыс күші.

6. Капиталдың айналым жылдамдығы – бұл:

А) өндіріс уақыты;

В) бір жыл ішінде қорлардың жасайтын айналымдар саны;

С) жұмыс күшінің бір өндіріс кезеңіндегі ауысуы;

Д) өнімнен түскен қаржыны кәсіпорынға қайтару мерзімі;

Е) айналым уақыты.

7. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.:

А) айналмалы капитал;

B) айналыс қорлары;

C) негізгі капитал;

D) өндіріс емес капитал;

E) дұрыс жауап жоқ.

8. Амортизацияны есептеу кезінде капитал құнын жыл сайын бірдей мөлшерде шегеріліп, амортизациялық қорға аударылады:

А) қарапайым амортизация;

B) ауыспалы амортизация;

C) жылдамдатылған амортизация;

D) қысқартылған амортизация;

E) ұзартылған амортизация.

9. Негізгі капиталдың өндіріс процесінде пайдалануына жарамай қалуы, істен шығуы:

А) моралды тозуы;

B) физикалық тозуы;

C) техникалық тозуы;

D) өндірістік тозуы;

E) дұрыс жауап жоқ.

10. Амортизацияны осы әдіспен есептеу кезінде амортизация нормасы екі есе арттырылады, ол ҒТП байланысты, соның арқасында қондырғыны пайдалану мерзімі азаяды:

А) қысқартылған амортизация;

B) ауыспалы амортизация;

C) қарапайым амортизация;

D) жылдамдатылған амортизация;

E) ұзартылған амортизация.

11. ӨҚ

А – Т .... Ө .... Т '– А'

ЖК

қандай процесті сипаттайды:

А) меншік қаражат айналымы;

B) капитал айналымы;

C) жеке ұдайы өндіріс;

D) капиталдың ауыспалы айналымы;

E) қарызға алынған қаражат айналымы.

12. Негізгі капиталдың моральды және физикалық тозуының құндық бағасы:

А) капитал айналымы;

B) ауыспалы айналым;

C) амортизация;

D) бәсеке;

E) сұраныс.

СӨЖ арналған бақылау жұмысы

  1. Табиғи және моральдық тозу.

  2. Амортизация және амортизациялық қор.

  3. Өндіріс уақыты және айналыс уақыты. Кәсіпорынның айналмалы құралдары.

10- ТАҚЫРЫП. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ