2.2 Пайдалы қазбалар
Пайдалы қазбалары.Африка алуан түрлі пайдалы қазбаларға бай. Олардың көпшілігі дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары болып табылады. Олардың орналасуы жер қыртысының құрлысына және оның даму тарихына байланысты. Магмалық жыныстардың басым блуына байланысты Африка рудалы пайдалы қазбаларға айрықша бай, олар жердің терең қабатынан шыққан магманың жер қыртысының қалың қабатына жарық сызығын бойлай енуіне байланысты түзілген . Олар оңтүстік және шығыс Африкада жер бетіне жақын жатады, өйткені мұнда ежелгі кристалды жыныстар жер бетіне жақын орналасқан. Жер қойнауы алмазға, алтынға, платинаға, сурьмаға, уранға, темір және марганец рудаларына, хромиттерге, азбестьке толы.Мұнай мен газдардың жоқтығы минералды шикізаттар базасының жетіспеушілігіне әкеліп соқты.
Капиталистік дүниеде өндірілетін алмаздың 98%-і африканың үлесіне тиеді. Алмаз асыл тастарды өңдеу үшін ғана емес, сонымен бірге өте қаттылығының арқасында өнеркәсіп те пайдаланылды.
Материктің шөгінді жыныстар басым едәуір ойпаң жерлерінде тас көмір, әртүрлі тұздар, марганец рудалары секілді шөгінді жыныстардың кен орындары таралған. Материктің солтүстік бөлігі мен Гвинея шығанағының жағалауында мұнайдың мол қоры табылған. Африкада сондай-ақ фосфориттің мол қоры кездкседі, одан тыңайтқыштар дайындалады.Олардың негізгі кен орынары материктің солтүстігінде орналасқан. Материктің жер қойнауында көптеген байлықтар бар.Дамушы жас мемлекеттер оларды өздері пайдалануға тырысады. Алайда өндірілетін пайдалы қазбалардың едәуір бөлігі әлә де Африкадан Европаның капиталистік елдеріне және АҚШ-қаәкетілуде. Африканың кейбір елдеріндегі шахталар осы күнге дейін шетел капиталистерінің қолында болып отыр, ал жергілікті тұрғындар болмашы ақы үшін өте ауыр жағдайларда жұмыс ісиеуде.
Геологиялық аз зертеулердің нәтижесіне қарамастан Африка континенті аса маңызды минерал өнімдері : платина, алмаз, алтын , марганец, хром, боксит , фосфорит, мыс т.б. таралған. Ал энергетикалық қазбалардан маңызды рөлді мұнай алады. Мұнай өндірудің ең басты орталықтары-Ливия (4 млрд. т ), Нигерия (2,8 млрд. т ) , Алжир( 1,3 млрд. т), Көмір ресурстары Африкада шамалы. Көмірдің өндіру көлемі 72 млрд т. Ірі көмір орталықтары -Витбанк, Ньюкасл, Уанки,Энугу. Африкада қара металлургия да аға дамыған. Темір рудалары көбнесе ОАР, Алжир, Зимбабве, Либерия, Гвинеяда, Мавританияда, Нигерияда кездеседі. Сонымен қатар өте көп мөлшерде түсті металға бай. Олар әсіресе Орталық Африкада, Заирде, Коппербельд провинциясында (Замбия) кездеседі.Соныиен қатар бұл аталған жерлер кобальд, цинк, уранға да бай келеді. Ал рудалы емес фосфориттер Африкадағы Марокко және Тунисте әлемдік маңызы бар. Ең минералға бай Оңтүстік Африка болып табылады.
2.3 Африканың елдеріне сипаттама
Солтүстік Африка:
Алжир Халық Демократиялық Республикасы Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигериямен, шығысында Ливия жәнеТуниспен шектеседі. Жері 2,42 млн. км2. Халқы 27,1 млн. адам (1993). Негізгі халқы — алжирліктер — 14,9 млн адам (барлық халықтың 98,4%-і). Халықтың 99%-ін мұсылман сунниттер құрайды. Мемлекеттік тілі — араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы — Алжир қаласы 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді. Ресми тілі - араб тілі. Алжирдің солтүстік жағалауын Жерорта теңізі, ал орталық бөлігін Алжир Сахарасы, оңтүстігін Тамезруфт шөлі алып жатыр. Жер бедеріне қарай Жағалаулық Атлас (2310 м), Сахара Атласы (2330 м) тау жоталары, оңтүстік шығысында Ахаггар таулы қыраты болып бөлінеді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, темір, қорғасын, мырыш, фосфорит, сынап өндіріледі. Басты өзені: Шелиф(700 км). Тұзды көлдер көптеп кездеседі (Шотт-аш-Шерги, Шотт-әл-Ходна т.б.) Жерорта теңізінің тау беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, ал атырабының қалған бөлігінде шөл, шөлейт өсімдіктері өседі.
Мысыр Араб Республикасы– Африка құрылығының солтүстік-шығысын және Азиядағы Синай түбегін алып жатыр. Елордасы – Каир. Бүгінгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азиядажатыр. Екі құрлықтың арасындағы шекара Суэц каналының бойымен өтеді. Мысырдың тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар. Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті – сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Ливия – Солтүстік Африкадағы мемлекет. Астанасы – Рабат. Жер аумағы 1,76 млн. км². Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты.Мемлекеттік тiлi – араб тiлi. Iрi қалалары мен порттары: Тобрук, Триполи, Бенгази, Марса аль-Бурейка. Конституциясы бойынша жоғары атқарушы орган қызметiн Жоғарғы Халықтық комитет атқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы – жалпыға бiрдей Халықтық Конгресс. Ұлттық мейрамы – 1 қыркүйек (1969) – Төңкерiс күнi. 1955 жылдан БҰҰ-ға мүше. Ақша бiрлiгi – ливиялық динар. Ливияның жер бедерi, негiзiнен, үстiрттi келген құмды тасты жазық. Шығысында Ливия шөлi жатыр. Климаты тропиктiк. Солтүстігіне субтропиктiк климат тән. Жерорта теңізі жағалауының жазы ыстық, қысы жұмсақ. Қаңтардың орташа температурасы 11 – 18°С, шiлдеде 27 – 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 мм. Кейбiр аудандарында бiрнеше жыл қатарынан жаңбыр жаумайды. Ливия экономикасының негiзiн мұнай өнеркәсiбi құрайды. Мұнай өндiрудің көлемi жөнiнен Ливия Африкада 6-орынды иеленедi. Ауыл шаруашылығы төменгi дәрежеде дамыған. Дәндi дақылдар, құрма ағаштары өсiрiледi. Мұнай және мұнай өнiмдерiн экспорттап, азық-түлiк пен өнеркәсiп тауарларын шеттен әкеледі.
Марокко Солтүстік-Батыс Африкадағы мемлекет. Толық ресми атауы — Марокко Патшалығы . Жер аумағы - 446,5 мың км². Халқы 30,1 млн. (2000). Ресми тілі — араб тілі, сонымен қатар француз тілі кеңінен қолданылады. Халқы негізінен ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Астанасы — Рабат қаласы. Әкімшілік жағынан 35 провинцияға және 8 префектураға бөлінген. Марокко — конституциялы монархиялы ел. Мемлекетжәне үкімет басшысы — король. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (Өкілдер палатасы және өлттық жиналыс). Ақша бірлігі — дирхем.
Судан — Африкадағы мемлекет. Елордасы — Хартум қаласы. Судан Республикасы – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан (2,5 млн. км²) Африкада 1-орын, әлемде 10-орында. Халқы – 40,2 млн. (2004) адам. Халқының жартысына жуығын арабтар, қалғандарын нубийлер, бежалар, динкалар, нуэрлер, шиллуктер, т.б. халықтар құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындарының 70%-ы мұсылмандар, 10%-ы христиандар, өзгелері жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Астанасы – Хартум қаласы (2,9 млн.). 25 провинцияға бөлінеді, Хартум қ. жеке әкімш. бірлік болып саналады. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қаңтар (1956). Ақша бірлігі – Судан динары. БҰҰ-ның (1956), Африка Одағы (1963), Араб мемлекеттері лигасы (1956), Ислам конференциясы ұйымы, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Мемлекет басшысы –президент, заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея), атқарушы билік – Министрлігі Кеңесі.
Оңтүстік Судан Шығыс Африкадағы мемлекет. Елордасы — Джуба қаласы. Шығысында Эфиопиямен, оңтүстігінде Кения, Уганда және Конго Демократиялық Республикасымен, батысында Орталық Африка Республикасымен және солтүстігінде Судан Республикасымен шекарас. Аумағы— 619 745 км². Оңтүстік Судан тәуелсіздігі 2011 жылдың шілденің 9 күні ресми жарияланған. Әлемдегі ең жас мемлекет болып табылады. Оңтүстік Судан территориясына 10 штат, 86 аудан кіреді.
Тунис Республикасы – солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мен италиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннит бағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, ол бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары.
БАТЫС АФРИКА
Буркина-Фасо (1984 жылға дейін Жоғарғы Вольта республикасы) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жері 274,4 мың км². Халқы 10,4 млн. адам. 100-ден астам этн. тайпалардан тұрады. Ірілері моси (50%-тен астам), фульбе, лоби, бобо, т.б. Астанасы — Уагадугу (50 мың). Халқының 40%-і мұсылмандар, 10%-і христиандар, қалғандары жергілікті діни нанымды ұстанады. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — Халық өкілдері ассамблеясы. Жер бедері үстіртті (Моса үстірті) келеді. Климаты субэкваторлық (қараша — наурыз айлары аралығында құрғақ болады). Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 500 — 1000 мм, солтүстігінде 120 — 200 мм. Үлкен өзендері: Қара Вольта және Ақ Вольта. Жерінің 10%-і орман.
Кабо-Верде Республикасы - Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 4033 км². Халқы – 406 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары португалдар мен африкалықтарарасынан шыққан мулаттар (60%), сондай-ақ, банту (35%), баланте, мандьян, т.б. жергілікті ұлыстар мен еуропалықтар (3%), т.б. Ресми тілдері – португал тілі мен креол тілі. Тұрғындарының 90%-ынан астамы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Прая қаласы. (80 мың). Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы органы – Ұлттық ассамблея (бір палаталы парламент) 79 депутаттан тұрады. Ақша бірлігі – эскудо. Климаты тропиктік пассаттық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 250 мм. Шөлейттік, шөлдік өсімдіктер өседі. Табиғат ресурстарына өте кедей. Климат жағдайының қолайсыздығынан (құрғақшылық, су көздерінің болмауы) ауыл шаруашылығы өте нашар дамыған. Жүгері, қант қамысы, картоп және экспортқа темекі, банан, кофе өсіріледі. Ауыл шаруашылығында халықтың 10%-ы жұмыс жасайды
Кот-д’Ивуа́р Респу́бликасы - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Ұзақ уақыт бойы Францияның батыс Африкадағы отары болған Кот-д’Ивуар елі өз тәуелсіздігін 1960 жылы тамыздың 7-і күні алды. Елдің тұңғыш президенті Феликс Уфуэ-Буаньи. 2000 жылы тамызда Кот-д’Ивуар президенті болып сайланған Лоран Гбагбо бұл қызметке оппозициядан келген болатын. Кот-д-Ивуар экономикасының негізін экспортқа шығаруға арналған ауыл шаруашылығы тауарлары (кофе, какао, мақта) құрайды. Шет ел капиталының көмегімен тау-кен өндірісі, мұнай мен газ өнеркәсібі тез дамып келеді. 1995 жылдан бастап көршілес Гана,Того елдеріне электр энергиясын шығара бастады. Сырттан азық-түлік, машина, құрал-саймандар, дәрі-дәрмек, т.б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері Еуропалық Одақ елдері, Нигерия және АҚШ болып табылады.
Гамбия Республикасы - Батыс Африкадағы мемлекет. Африканың құрлық бөлігіндегі ең кішкентай мемлекет болып табылады . Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Сенегалменшектеседі, ал батысында Атлант мұхиты бойынан жағалық сызығы бар. 1965 жылы Ақпанның 18 күні Гамбия Британ империясынан егемендік алды және Ұлттар достастығына мүше болды. Елордасы - Банжул, Ең үлкен қаласы — Серекунда. Құрлықтағы шекарасының жалпы ұзындығы -740 км. Аумағы - 11000 км.
Гана Республикасы - Батыс Африкадағы мемлекет. Ұлттар достастығығы мүшесі. Батысында Кот-д’Ивуармен, солтүстік-бытысы мен солтүстігінде — Буркина-Фасо, ал шығыстан —Тогомен шектеседі. Оңтүстігін Гвинея шығанағы шайып тұр. Этникалық құрамы: акан 45,3 %, моледагбон 15,2 %, эве 11,7 %, адангме 7,3 %, гуан 4 %, гурма 3,6 %, груси 2,6 %, және т.б. тайпалар (2000 жылғы санақ бойынша). Тілдер: ресми— ағылшын тілі (жұртының үштен бірі ғана біледі), ашанти 14,8 %, эве 12,7 %, фанте 9,9 %, борон 4,6 %, дагомба4,3 %, адангме 4,3 %, және т.б. (2000 жылғы санақ бойынша). Дін: мәсіхшілік 68,8 % (елуліктер 24,1 %, протестанттар 18,6 %, католиктер 15,1 %, синкретичкалық Афромәсіхшілік шіркеулер мойынсұнатындар 11 %), мұсылмандар 15,9 %, дәстүрлі нанымдар 8,5 %, басқалары 0,7 %, анықталмағандар мен атеистер6,1 % (2000 жылғы санақ бойынша).
Гвинея Республикасы — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 246 мың км². Халқы 7,4 млн. (1995). Негізгі халқы: фульбе, малинке, сусу, кисси, кпелле, т.б. Астанасы — Конакри қ. Ресми тілі — француз тілі. Халқының 70%-імұсылмандар, 25%-і пұтқа табынушылар, қалғандары христиандар. Гаусс — республика. Елді президент басқарады.Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Гаусс жері түгелімен субэкваторлық белдеуде орналасқан. Аласа және орт. таулы үстірттер көп. Жері боксит, алмас, алтын, т.б. кендерге бай. Климаты экваторлық, муссондық. Жылдық орташа темп-ра 20 — 25°С аралығында. Жауын-шашынның орташа мөлш. 1200 — 2000 мм. Жері құнарлы. Мәңгі жасыл ормандар мен саванна өсімдіктері өседі. Экономикасының негізі — тау-кен өнеркәсібі (боксит, алтын, алмас), қымбат ағаштар, т.б. экспорттың 96%-ін құрайды (1995). Дүние жүзіндегі боксит қорының 2/3-і осында шоғырланған. Халықтың 70%-і а.ш-нда (мақта, темекі, кофе, банан, күріш,мал ш.) жұмыс істейді. Дегенмен, азық-түлік өнімдері тапшы болғандықтан, сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері:Франция, Италия, Жапония. Гаусс БҰҰ-ның, Африка Бірлігі Ұйымының, Ислам конфедерациясы ұйымының, т.б. халықар. және аймақтық ұйымдардың мүшесі.
Гвинея-Бисау Республикасы — Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Жер аум. 36,1 мың км2. Халқы 1,1 млн. (1996). Оның 80%-і банту тілінде сөйлейтін баланта, фула, мандьяк, мандинка, т.б. халықтар. Астанасы — Бисау қ. (160 мың). Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 60%-ке жуығы пұтқа табынушылар, 35%-і мұсылмандар, қалғандары христиандар. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық халық жиналысы. Жері, негізінен, жазық дала, мұхит жағалаулары сазды батпақ болып келеді. Климаты экваторлық-муссондық. Жазы жаңбырлы, қараша айындағы орташа темп-ра 24С, ал шілде айында 26С. Мәңгі жасыл ормандар мен саванналарда жан-жануарлар мен өсімдіктердің өте көп түрлері кездеседі, аса құнды ағаштар да бар.. Халықтың 80%-і а. ш-нда жұмыс істейді. Негізінен, дәнді дақылдар өсіріледі. Өнеркәсіпте, негізінен, ұсақ кәсіпорындар, соңғы кезде балық аулау жақсы дамып келеді. Экономикасының 90%-ке жуығын шетелдіктер қаржыландырады. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, Испания, Франция, Швеция, АҚШ] және Сенегал.
Либерия Республикасы - Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 111,4 мың км². Халқы 3,2 млн. (2000). Халқының 95%-ын жергілікті тайпалар (кпелле, басса, гио, кру) құрайды. Астанасы — Монровия қаласы Әкімшілік жағынан 13 графтыққа бөлінеді. Ресми тілі — ағылшын тілі. Халқының 43%-ы жергілікті діндерді ұстанады, 15%-ы — мұсылмандар, 40%-ы —христиандар. Конституциясы 1847 ж. қабылданған. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — қос палаталы парламент, (Сенат пен Ұлттық Ассамблея). Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Ақша бірлігі — Либерияның доллары. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні (26 шілде), БҰҰ-ның, Африкалық Бірлік өйымының (ОАЕ) мүшесі. Либерия — тау-кен өнеркәсібі біршама дамыған аграрлы ел. Ауыл шаруашылық өнімдері мен минералдық қорларды, негізінен, шетел компаниялары өңдейді. Ауыл шаруашылық экспорттық өнім — кофе, какао, каучук өндіруге бағытталған. Сонымен бірге,күріш, кассава, пальма жаңғағы, тропиктік жемістер егіледі. Либерияда 9 теңіз порты қызмет көрсетеді. Сырттан азық-түлік, отын әкелінеді. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 1000 АҚШ доллырына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері —АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Германия
Мали Республикасы — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,2 млн. км². Халқы 10,7 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары:бамбара, сенуфо, сонинке, малинке, догон, диула, фульбе, т.б. этнографиялық топтардан тұрады. Мемлекеттік тілі — француз тілі. Халқы, негізінен, ислам дінін ұстанады (80%). Астанасы — Бамако қаласы. Мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы ұлттық жиналыс. Ақша бірлігі —мали франкі. Республиканың көп бөлігін теңізден 500 м. биіктіктегі жазық алып жатыр. Солтүстік-батысын Cахара шөлі, оңтүстігін және шығысын биіктігі 1155 м-ге дейін жететін тау жоталары қоршаған. Климаты — субэкваторлық, тропиктік шөл. Орташа температура қаңтарда 20°С, маусымда 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 50 — 150 мм, оңтүстігінде 1000 — 1500 мм. Нигер және Сенегал өзендері елді кесіп өтеді. Шөл, шөлейт жерлерге бейімделген өсімдіктер басым, оңтүстігіндесаванналар орналасқан. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан тары, күріш, жүгері, батат, қант, арахис, мақта, т.б. өсіріледі. Экспортқамақта (65%), мал және мал өнімдерін, аз мөлшерде алтын, фосфаттар шығарады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 740 АҚШ долларына тең. Сауда серіктестері: Франция, Германия, Жапония, Кот-д’Ивуар, Сенегал.
Мавритания Республикасы - Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы —Нуакшот қаласы. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент — Сенат пен ұлттық жиналыс. Ақша өлшемі — угия. Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. Мавританияның жерінің көпшілігін Батыс Сахараның құмды және тастақты шөлі алып жатыр. Батыс жағынан Атлант мұхитымен жуылады. Солтүстік-батысында Сахара Араб Демократиялық Республикасымен, оңтүстік-батыста Сенегалмен, солтүстік-шығыста Алжирмен, оңтүстігінде және шығысынла Малимен шекараласады. Елдің солтүстігінде Адрар қыраты (биік жері Амоззага тауы, 732 м), оңтүстігінде Тагант, Асаба құмды үстірттері (орташа биікт. 300 — 400 м) бар. Қыраттар мен үстірттер айнала шөлге жалғасады. Басты өзені — Сенегал. Солтүстік және Орталық Мавританияда көшпелі мал шаруашылығы, ал Сенегал өзен аңғарында егін шаруашылығы басым дамыған. Басты дақылдары: африка тарысы, сорго, құрма ағашы, жүгері, бұршақ, жер жаңғағы. Өнеркәсібінде темір кенін өндіру басты орын алады. Балық шаруашылығы жақсы дамыған. Экспортқа балық өнімдерін, темір кенін, алтын шығарады.
Нигер Республикасы – Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы – 1267 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары хаусалар 4,2 млн., джерма 2,3 млн., фульбелер 1,3 млн-ға жуық, туарегтер 900 мың, канурилер 800 мың. Олардан басқа тубулер, сонгаилар, гурмалар қоныстанған. Елде 50 мың сириялықтар, ливандықтар, француздар бар. Астанасы – Ниамей қаласы Әкімшілік жағынан 7 департаментке, 33 округке бөлінеді. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 80%-ы мұсылман-сүнниттер, 1%-ы христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. 1989 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – ұлттық жиылыс. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Халықтың 90%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Жұмыссыздар халықтың 20,9%-ын құрайды. Жерінің 12%-ы егістік және көп жылдық дақылдар егуге жарамды. Елде қазба байлықтар (уран кентасы, қалайы, гипс, ас тұзы, сода) қоры көп. Экспортқа уран кентасы, арахис, ет өнімдері, жеміс-жидектер шығарылса, шикізат, құрал-саймандар, энергия ресурстары, тағы басқа әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Нигерия, Франция.
Нигерия Федеративтік Республикасы – Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 923768 км². Халқы 123,3 млн. (2000) (хауса – 21%, йоруба – 20%, ибо – 17%, фулани – 9%, қалғандары – фульбе, канури, эдо, игбо, т.б. халықтар). Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының 50%-ы мұсылмандар, 40%-ы христиандар, қалған бөлігі жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – парламент. Астанасы – Абуджа қаласы (1991 жылдан). Әкімшілік жағынан 36 штат пен федералдық астаналық аумаққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қазан (1960). Ақша бірлігі – найра. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, тас көмір мен қоңыр көмір, темір, түсті металдардың (қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, молибден, ниобий, тағы басқа) кентастары мен алтын кездеседі. Түсті металдар, электр қуатын өндіру, тамақ, тігін өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шығаратын негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: какао, майлы пальма, арахис, мақта, каучукті өсімдіктер, қант құрағы. Мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 880 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері:Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ. [2]
Сенега́л Респу́бликасы - Батыс Африкадағы мемлекет, атын елдегі өзеннің атынан алып тұр. Батысында — Атлант мұхиты, солтүстігінде — Мауритания, шығысында — Мали, ал Гвинея және Гвинея-Бисау онтүстігінде. Ел ішінде Гамбия мемлекеті орналасқан. Елбасы — президент — 5 жылға сайланады. Ол премьер-министрды тағайындайды. Премьер-министр министрлер кабинетін президент келісімімен құрады. Сенегал Парламенты бір палатыдан құрылған, ол Ұлттық Ассамблея деп аталады. Оның құрамына 120 сайланған депутат кіреді. 1976 жылдан бері елде бірнеше партия заңды түрде істейді. Олардың саны шектелмеген. Қазір Сенегалда 20 шақты партия бар. Сот жүйесі екі Жоғарғы соттан тұрады.Табиғи ресурстар — мұнай, темір қазбалары, алтын. Сенегал экономикасы аса дамыған емес, шеттен келетін гуманитарлық көмектен тәуелді. ЖІӨ жан басына шаққанда — 1600 доллар (195 орын). Халықтың жартысынан көбі кедейлік деңгейінен төмен тұрады. 2007 Жұмыссыздық 48 % жетті. Жұмыс істеушілердің 75 % ауыл шаруашылығында істейді (ЖІӨ 14 %). Өнімдері — арахис, жүгері, күріш, мақта. Мал және құс ұстайды, балық шаруашылығы бар.
Того Республикасы – Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Халқы 5 млн. 153 мың (2001). Ресми тілі – француз тілі. Сондай-ақ жергілікті эве, мина, кабре, гурма тілдері де қолданылады. Тұрғындарының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 35%-ыхристиан, 15%-ы ислам діндерін ұстанады. Этникалық құрамы айтарлықтай күрделі. Елде того, йоруба, чокосси, эве, гурма,кабре, тем, котоколи, сомба, басарилер, сонымен қатар еуропалық, ливандық, сириялық арабтар, т.б. тұрады. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ұлттық жиын. Астанасы – Ломе қаласы. Әкімшілік бөлініс жағынан 5 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – африкалық қаржы қауымдастық франкі. Гвинея шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан. Аумағын Того мен Атакора жоталары қиып өтеді. Ең биік жері – Бауман шыңы (968 м). Пайдалы қазындылары –фосфорит, боксит, темір, хром кентастары, мәрмәр. Қрі өзендері – Моно және Оти. Климаты экваторлық. Орташа айлық температурасы 20 – 30°С. Жылдық жауын-шашын оңтүстік бөлігінде 700 – 1400 мм, солтүстік бөлігінде 1200 – 1700 мм. Арыстан, қабылан, буйвол, піл, мүйізтұмсық, қолтырауын, киік, ормандарында маймылдар, құстар және жыландар мекендейді. Жәндіктерден термиттар, цеце шыбыны тараған. Жануарлар дүниесін қорғау мақсатында баққорықтар (Кве, Керан,Фазао, Мальфакаса) ұйымдастырылған. Того – экономикасы дамымаған аграрлы ел. Басты дақылдары – маниок, какао, кофе, ямс, жүгері, күріш, сорго, майлы пальма. Балық аулау кәсіпшілігі, жайылымдық мал ш. дамыған. Мәрмәр тас, фосфорит, ас тұзы өндіріледі. Мұнай өңдеу, металлургия, цемент зауыттары, ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары бар. Того жолы ұзындығы 395 км, автомобиль жолының ұзындығы 12,4 мың км. Экспортқа фосфат, мақта, какао, кофе, каучук, алтын, ағаш шығарады. Сырттан тоқыма, көлік құрал-жабдықтары, азық-түлік, мұнай өнімдері, темекі әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері шамамен 332 АҚШ долларна тең. Негізгі сауда серіктестері: Гана, Нигерия, Франция, Канада, Испания, Нидерланд, АҚШ,Мексика, Жапония.
Орталық африка
Ангола Республикасы — Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік республика. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі 1246,7 мың км2. Астанасы — Луанда (1,5 млн., 1990 ж). Ірі қ-лары: Бенгела, Уамбо, Лубанго, Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Халқы — 10,9 млн. (1993 ж). Олар батуконго және батыс банту этник. топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі — португал тілі. Халықтың 80 -тен астамы христиан дініне сиынады. Ангола — аграрлы ел. Өнеркәсібі нашар дамыған. Кофе, жүгері, қант, арахис, копра, мақта сияқты а.ш. өнімдері өсіріледі. Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы дамыған. Сыртқы саудада кофе мен алмас ерекше орын алады. Анголаның жер қойнауы кенге бай (мұнай, алмас, кварц, мәрмәр, мыс, темір). Мұнай айыру, цемент зауыттары, балық-консерв және мата тоқу кәсіпорындары бар. Ел экон-да шетел капиталы басым (АҚШ, Португалия, ГФР). 1995 ж. экспортқа шығарылған өнім — 3698 млн. доллар болса, импортпен келген өнім көлемі 729 млн доллар болды. Анголаның дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 0,02%.
Камерун Республикасы – Орталық Африкадағы мемлекет. Жер көлемі- 475440 км2. Халқы 15,4 млн. адам (1999). Халқы тілдеріне қарай банту (дуала, балунду, баса, батанга, т.б.) шығыс банту (бамилеке, бамум, тикар, т.б.), хауса (бата, мандара, т.б.) топтарына бөлінеді. Ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик 35%, протестант (18%) тармақтарын ұстанады. Дәстүрлі нанымдарына сенушілер (25%) мен мұсылмандар (22%) да бар. Астанасы – Яунде қаласы. Елді президент басқарады (1982 жылдан П.Бийя). Ол 5 жыл сайын төте сайлау негізінде сайланып отырады және үкімет басшысы да болып саналады. Заң шығарушы орган бір палаталы парламент. Ұлттық мерекесі 1 қаңтар – Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі – Камерун франкі. Елдің жылдық ұлттық табысы 9,1 млрд. АҚШ доллары, сыртқы қарыз 9,5 долл. көлемінде, халықтың 70%-і а. ш-нда, 9%-і – өнеркәсіпте, 21%-і қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Жұмыссыздар халықтың 25%-ін құрайды, барлық жердің 12,8%-і а. ш-на қолайлы. Елде қазба байлықтар (мұнай, табиғи газ, боксит, темір кентасы, уран, алтын, т.б.) қоры көп. Экспортқа, негізінен, шикі мұнай мен мұнай өнімдері, ағаш және ағаштан жасалған заттар, кофе, алюминий, мақта, банан шығарылса, импортқа машиналар, құрал-саймандар, химия өнімдері, жанар май, т.б. әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Испания, Италия,Германия, Нидерланд, Бельгия, АҚШ.
Орталық Африка Республикасы (ОАР) – Африканың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы - 623 мың км2. Халқы - 4 млн. (2004). Әкімшілік жағынан 16 префектураға бөлінеді. Ресми тілі – француз және санго тілдері. Халқының 50%-ы жергілікті наным-сенімдерді, 40%-ы христиан, 10%-ы ислам діндерін ұстанады. 1994 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы – 1 желтоқсан – Республика күні(1958). БҰҰ-ның (1960), Африка Бірлік ұйымының (АБҰ) (1963) мүшесі.
Чад Республикасы - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Нджамена. Батысында Нижер, Нигерия, Камерун, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасы, шығысында Судан және солтүістігінде Либиямен шектеседі. Аумағының көп бөлігі жазықтық. Солтүстік аудандары Сахараны қамтиды. Солтүстіктегі Тибести үстіртінде елдің ең биік нүктесі - 3415 м. Солтүстік-шығысында Эрди және Энеди ( биіктігі 1450 дейін), оңтүстік-шығыста --- Вадаи (1666 м-ға дейін) шоқылары орналасқан. Елдің солтүстігінің климаты --- шөлді тропикалық, оңтүстікте --- экваторлық-муссондық. Пайдалы қазбалары — мұнай, боксит, уран, алтын, бериллий, қалайы, тантал, мыс. ЖІӨ жан басына шаққанда 1,6 мың АҚШ доллары (әлемде 196-шы орын). Кедейшілік деңгейінен төмен халықтың 80 % өмір сүреді. Ташад сыртқы көмек пен инвестицияларға мұқтаж.
Конго Республикасы - Орталық Африкадағы ел. Ол Конго-Браззавиль және Конго деген аттармен де белгілі. Конго елі Габон, Кәмерун, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Анголаның Кабинда аймағымен және Гвинея шығанағымен шектеседі. Бұл ел бұрынғы француз отары. 1960 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Францияның басқаруындағы Орталық Конго аймағы Конго Республикасы болып жарияланды. Ширек ғасыр бойы марксистік бағытты ұстанып, 1992 жылы көп партиялықдемократиялық жүйеге көшті. Алайда 1997 жылы болған қысқа азамат соғысынан кейін бұрынғы марксшыл президент Денис Сассу Нгессо қайтадан билік басына келді. Конго Демократиялық Республикасы Африка құрлығындағы жер көлемі жағынан үшінші орындағы мемлекет.
Экваторлық Гвинея Республикасы – Орталық Африкадағы мемлекет. Негізінен Атлант мұхитының батысындағы Гвинея жағалауында орналасқан. Материктік бөліктен (жалпы атауы – Мбини) және аралдардан (Кориско, Биоко,Аннобан, Үлкен және Кіші Элобей, т.б.) тұрады. Жер аумағы 28 мың км2. Халқы 486 мың адам (2001). Астанасы – Малобо қаласы (Биоко аралында). Халқы негізінен фанг, буби, бенга, комбу, ленге, бухеба, дуала, фернандино, т.б. этникалық топтардан тұрады. Ресми тілі – испан және француз тілдері. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғары заңшығарушы органы – халық өкілдері палатасы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 7 провинцияға бөлінеді. Ұлттық мерекесі – 12 қазан,Тәуелсіздік жарияланған күн (1968). БҰҰ-ның (1968), Африка Бірлік Ұйымының (ОАЕ) мүшесі (1968). Ақша бірлігі – Африка ақшақауымдастығының франкі. Материктік бөлігі таулы қыратты (биіктігі 1500 м.) Жағалауы тегіс. Биоко және Аннобан аралдары таулы, жанартаулы, топырағы құнарлы. Биоко аралында елдің ең биік жері – Малабо тауы (3008 м.) орналасқан. Климаты ылғалды, экваторлық. Орташа айлық температурасы 24 – 28С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 2000 мм, аралдарда 2500 мм. Басты өзені – Мбини. Экваторлық Гвинея – экономикасы дамымаған аграрлықел. Шаруашылығы негізінен – егіншілік және ағаш дайындаудан тұрады. Соңғы жылдары елде мұнай өндірісіне байланысты кірістің мөлшері күрт өсті. Соған қарамастан жергілікті халықтың хал-ахуалы нашар күйінде қалып отыр. Биоко аралында плантация шаруашылық дамыған. Аумағының 65%-ы орман. Шағын ағаш өңдеу, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу, майзауыты (майлы пальмадан), керамикалық бұйымдар шығару, жиїаз жасау жақсы дамыған. Ішкі қажетті өтеу мақсатында маниок,күріш, арахис, ямс, қант қамысы, көкөніс өсіріледі. Мал шаруашылығыны нашар дамыған. Мүйізді ірі қара, қой, ешкі, шошқа өсіріледі. Су айдындарынан балық ауланады. Өзендерінің гидроэнергетикалық потенциалы мол. Басты теңіз порттары – Бата, Малабо қалалары. Экспортқа какао, бағалы ағаш түрлерін, кофе, майлы және кокос пальмасын, банан, темекі шығарады.Импортқа мұнай өнімдерін, өндіріс жабдықтарын, құрал-жабдықтар, кемелер, қайықтар, электроника, азық-түлік әкеледі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері шамамен 3600 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Испания,Франция, Италия, Нидерланд, Камерун, Либерия, Нигерия.
Габон Республикасы — Орталық Африкадағы ел болып, Франция елінің бұрынғы отары. Африка континентіндегі ең бай және тұрақты мемлекет болып ессептеледі. Елордасы— Либревиль қаласы.
Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы — Орталық Африканыңбатыс жағалауындағы Сан-Томе және Принсипи аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1001 км², астанасы — Сан-Томе қ. Халқы 160 мың (2000), негізінен африкалықтардан және португалдардан тұрады. Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 80%-ға жуығы католиктер, қалғандары протестанттар. Мемлекет басшысы — президент, үкімет басшысы — премьер-министр. Жоғ. заң шығарушы органы — Ұлттық халықтық жиналыс (бір палаталы парламент. Әкімш. жағынан 2 провинцияға бөлінеді. Ақша бірлігі — добра. Сан-Томе және Принсипи өнеркәсіп салалары дамымаған аграрлы ел. Ұлттық табыстың көпшілік бөлігі а. ш-нан түседі. Экономикасы елдің бұрынғы метрополиясы Португалияментығыз байланысты. Басты дақылдары мен жемістері — какао, кофе, майлы және кокосты пальма, банан. Елдің ішкі қажеті үшін тары, маниок, жүгері, ямс егіледі. Мал ш. егіншілікке қосалқы рөл атқарады. Балық ш. дамыған. Теңізден тасбақа, сегізаяқ, ұлу, т.б. ауланады. Экспортқа какао, кофе, банан, пальма майын шығарады. Импортының негізін өнеркәсіп, мұнай және тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, электроника құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 1000 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, ГФР, Нидерланд, Қытай.[1]
Шығыс Африка
Комо́р аралдары - Үнді мұхитындағы архипелаг. Аумағы 2,2 мың км². Комор аралдары 4 үлкен және 2 кішкентай аралдан тұрады:
Джибу́ти́— Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалименжәне Эритреямен шектеседі. Президенттік республика. Президент үкімет басшысы және Қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы. Заң шығару функциясын 5 жылға сайланатын бір палаталы Ұлттық жиналыс атқарады. Атқарушы билікті президентке бағынышты министрлер Кеңесі атқарады. Ел аумағы 5 аймақтан және 1 қаладан тұрады. Ел экономикасы көбіне теңізшілікке негізделген. Астанасы Джибути негізі қаланғалы бері Эфиопиямен арадағы негізгі теңіз порты болып табылады. Экспорт: тері, үй жануары, кофе Импорт: тағамдар, сусындар, көлік, мұнай өнімдері, электроника. Саудадағы серіктестері - Франция, Эфиопия, Жапония.Негізгі этникалық топтары - исса, афар және солтүстік сомалилік тайпалар.
Эритрея — Африканың солт.-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы Қызыл т-дегі 350-ден астам аралдарын қоса есептегенде 125 мың км². Халқы 4,4 млн. (2004). Негізінен тигран (тигринья), тигре, афор, сахо, беджа, билен, кунама, нара, хедареб, рашайда этн. топтарынан және шет елдіктер (3%) тұрады. Ресми тілі – тигран және араб тілдері. Тұрғындарының көпшілігі ислам және христиан діндерін, аз ғана бөлігі дәстүрлі наным-сенімдері ұстанады. Мемлекет және мемл. кеңестің басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея). Астанасы – Асмэра қ. Әкімш.-аумақтық жағынан 6 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – накфа. Эритрея – аграрлы ел. Ел экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруащылық, Құрма пальмасы, дәнді бұршақ және майлы дақылдар, көкөніс өсіріледі. Негізгі азық-түлік дақылдары – сорго, тары, бидау, жүгері, т.б. Ірі қара, қой, ешкі, түйе, үй құстары өсіріледі. Су айдындарынан балық ауланады. Өнеркәсібінің негізгі салалары – мұнай айыру, тоқыма, тігін, химия, былғары аяқ киім, ағаш өңдеу, цемент, тамақ. Теңізден тұз өндіріледі.
Ефиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы - Солтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Аумағы 1127127 км². Халқы – 59,1 млн. (2003). Тұрғындарының 3/4 бөлігін амхарлар мен оромолар (галлалар), қалған бөлігін тиграилер, гураге, аргоббалар, данакиль, харари, т.б. құрайды. Эфиопияда сондай-ақ гректер мен армяндар, арабтар, үндістандықтар, пәкстандықтар, т.б. халықтар тұрады. Халқының 50%-ына жуығы – мұсылмандар, 45%-ы – христиандар, қалғандары жергілікті діни нанымды ұстанушылар. Астанасы – Аддис-Абеба қаласы. Ефиопия – экономикасы нашар дамыған ел. Жалпы жиынтық ішкі өнімдегі а. ш-ның үлесі 55%-ға жуық, өнеркәсіптікі – 7,6%-ға тең. Егіншілік – а. ш-ның негізгі саласы. Солт-нде егіншіліктің ауыспалы, басқа аудандарында отамалы-өртемелі жүйесі қолданылады. Экспортының 85 – 90%-ын а. ш. өнімдері құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – кофе. Азықтық дақылдардан – тары, жүгері, бидай, қара бидай, бұршақ тұқымдастары (негізінен орт. және шығыс аудандарда) өсіріледі. Тех. дақылдардың ішінде қант құрағы жетекші орын алады. Сондай-ақ майлы дақылдар, мақта, темекі өсіріледі. Мал шаруашылығы дамыған (Эфиопия ірі қара малдың саны жөнінен Африкада 1-орын алады). Ірі қара малдан басқа қой, ешкі, жылқы, түйе, үй құстары өсіріледі, ағаш дайындалады (жылына шамамен 50 млн. м3 жуық). Алтын, платина, ас және калий тұздары, темір кентасы, цементтік шикізат пен құрылыс тасы өндіріледі. Өнеркәсібі негізінен өңдеуші кәсіпорындардан құралады. Импортының негізін ауыр машина жасау өнеркәсібінің өнімдері, ұшақтар мен басқа да көліктік құрал-жабдықтар, мұнай өнімдері, негізгі өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімдері құрайды. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Жапония, Ұлыбритания, Италия,Франция.
Кения Республикасы– Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 582,6 мың км². Халқы 28,8 млн. адам (1999). Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21%шамасында),луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т.б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы – Найробиқаласы.Кения – Британ достастығына кіретін республика. 1969 жылы қабылданған конституциясы бойынша елді жалпыхалықтық сайлауда 5 жылға сайланған президент басқарады (1978 жылдан Даниэль арап Мои). Жоғары заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық жиналыс. Әкімшілік жағынан 7 провинцияға және астаналық округке бөлінеді. Ұлттық мерекесі 12 желтоқсан –Республика күні (1963). Ақша бірлігі – Кения шиллингі. Кения Шығыс Африка таулы үстіртінің солтүстік-шығыс шетін алып жатыр. Жерінің орталық бөлігінен экватор сызығы өтеді. Саванналық өсімдіктер көп. Орталығы мен тау беткейлерінде — тропиктік ормандар, тау басында шалғынды өсімдіктер өседі.Көмірлі натрий тұзы, кианит, диатолит, гипс, торий, ниорий, алтын және полиметалл кентастары. Кения экономикасы нашар дамыған ел. Халқының 80%-ы ауыл шаруашылығында, 7%-ы – өнеркәсіпте, 13%-ы қызмет көрсету салаларында жұмыс істейді. Елдегі жұмыссыздар саны – 16%. Елдің жылдық ұлттық өнімі – 9,3 млрд. АҚШ долл-ы шамасында. Шетке: шай, кофе, мұнай өнімдері, жеміс-жидектер шығарады. Елге сырттан: шикі мұнай, машиналар, өнеркәсіп тауарлары, химия өнімдері, тұрмысқа қажетті заттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Уганда, Ұлыбритания, Танзания, Германия, Жапония,Біріккен араб әмірлігі, т.б.
Мадагаскар Республикасы — Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Халқы 16,4 млн. (2003), негізгі тұрғындары малагасийлер (98%). Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%). 1993 ж. қабылданған конституциясы бойынша елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (ұлттық жиналыс пен Сенат). Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. Мадагаскар — ауыл шаруашылығы дамыған ел. Күріш, картоп, жүгері, қант қамысы, темекі, т.б. өсіріледі. Балық аулау мен мал шаруашылығы да жақсы дамыған. Ауыр өнеркәсібі мешеу қалған. Өндірістік салалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге маманданған. Сыртқа кофе, қант, балық өнімдері, түсті металдар шығарылады. Сырттан азық-түлік пен тұрмысқа қажетті бұйымдар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, АҚШ, Германия, Жапония, Оңтүстік Африка Республикасы, т.б.[2
Малави Республикасы — Оңтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 118,48 мың км². Халқы — 9,84 млн. адам (2003). Астанасы — Лилонгве қаласы. Ресми тілдері — ағылшын және ньянджа. Халқының 40%-ы христиандар, 20%-ымұсылмандар, 40%-ы жергілікті наным-сенімдерді ұстанушылар. Ұлттық құрамы: банту тобына жататын халықтар еуропалықтар, пакистандықтар, үнділер. Конституциясы бойынша мемлекет және үкімет басшысы —президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 6 шілде. Ақша бірлігі — Малави квачасы. Малави — аграрлы ел. Шай, темекі, арахис, мақта, тунга, қант құрағы, каучукті өсімдіктер өсіріп, экспортқа шығарады. Жер қойнауы темір рудасы, мәрмәр, тас көмір мен боксит қорларына бай. Малави көлдерінен және Шире өзенінің төменгі ағысынанбалық ауланады. Мал шаруашылығы цеце шыбынының таралуына байланысты нашар дамыған. Ұлттық жалпы өнімнің көлемі жөнінен дүние жүзінде 146 орынды, жан басына шаққандағы өнім мөлшері жөнінен 199 орынды иеленеді. Негізгі сауда серіктестері — Зимбабве, Ұлыбритания.
Мозамбик Республикасы – Оңтүстік-Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 801,6 мың км². Астанасы – Мапуту қаласы Халқы – 19,1 млн. Тұрғындарының 47%-ын макуа-ломве, 23%-ын тсонга, қалған бөлігін малави, шона, яо этн. топ өкілдері құрайды. Ресми тілі – португал тілі, макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кең таралған. Халқының 30%-ы христиандар, 10%-ы мұсылмандар, 60%-ы жергілікті діни сенімдерді ұстанады. Мозамбик әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы – үкіметАқша бірлігі – метикал. Ауыл шаруашылығы мен су энергетикасының экономикалық мүмкіндіктеріне қарамастан Мозамбик Африканың ең кедей елдерінің қатарында қалып отыр. Өнеркәсібінің неғұрлым дамыған салалары: мұнай өңдеу, химия, тоқыма, темекі, тамақ өндірісі. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: мақта, қант құрағы, шай, маниох, жүгері, күріш. Экспортқа кешью жаңғағы, қант, мұнай өнімдерін, копра, мақта, цитрустық жемістер шығарады. Сырттан машина, түрлі құрал-жабдықтар, азық-түлік сатып алады. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 500 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері – Португалия, Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ.
Сейшель Аралдары Республикасы — Мадагаскар аралының солтүстік-шығысындағы аралдарға орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 405 км². Халқы 79 мың (2000), негізгі тұрғындары креолдардан басқа негрлер, үнділер, қытайлар, ағылшындар. Ресми тілі — креол, француз,ағылшын тілдері. Халқының 80%-ы католиктер. Мемлекет басшысы президент. Жоғары заң шығарушы органы — Ұлттық жиын (бір палаталы парламент). Астанасы — Виктория қаласы. Әкімшілік жағынан 23 ауданға бөлінеді. Ақша өлшемі — сейшель рупиі. Ірі аралдары: Маэ, Праслен, Силуэт, Ла-Диг. Ең биік жері — Мери-Сейшелуа шыңы (915 м) Маз аралында. Климаты субэкваторлық, теңіздік. Ауаның орташа айлық температурасы 26 — 28С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 4000 мм. Сейшель Аралдары — аграрлық ел, экономикасында балық аулау кәсібі мен туризм басты орын алады. Кокос пальмасы, темекі, эфир майлы өсімдіктері өсіріледі. Ірі кәсіпорындары жоқ, тұрмыстық бұйымдар жасайтын шағын шеберханалар ғана бар. Теңіз және әуе порты — Виктория. Сырттан күріш, астық, қант, мұнай өнімдерін, тұтыну тауарларын сатып алып, экспортқа балық, эфир майлы өсімдіктерді шығарады. Негізгі сауда серіктестері: Еуропа Одағы елдері, АҚШ, Оңтүстік Африка Республикасы.
Сомали Демократиялық Республикасы – Африканың солтүстік-шығысындағы Сомали түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 637,7 мың км2. Халқы 10,1 млн. адам (2005). Астанасы – Могадишо қаласы Халқының 98%-ға жуығы сомалиліктер, олардан басқа арабтар, суахилиліктер, италиялықтар, үнділер, амхарлар тұрады. Ресми тілі – сомали, араб тілдері. Тұрғындарының 99%-ы мұсылмандар. Мемлекет басшысы – президент, жоғары заң шығарушы органы – бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы – тәуелсіздік күні – 1 шілде (1960). Әкімш. жағынан 18 облысқа бөлінеді. Ақша бірлігі – Сомали шиллингі. Жер бедері қыратты жазық болып келеді (500 – 1500 м). Оңтүстік-шығысындағы құмшағылды ойпатты жағалау біртіндеп солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай биіктеп, Сомали тақтасының Қызыл теніз тектоникалық жарығына түйіскен аймағында Аден шығанағымен жалғасады. Ең биік жері елдің солтүстігіндегі Уарсанжели – Мижуртинтауындағы Шимбирис шыңы (2416 м). Жер аумағы – тропиктік (қиыр солтүстік) және субэкваторлық (орта және оңтүстік бөлігі) климаттық белдеулерде жатыр. Сомали суық ағысының әсерінен климаты құрғақ әрі ыстық. Орташа айлық температура жыл бойы 25 – 32С. Жылдық жауын-шашын мөлшектері солтүстік мен шығысында 50 – 100 мм, оңтүстік мен батысында 500 – 600 мм. Жерінің көп бөлігін астық тұқымдасты өсімдіктер мен бұталы шөлдер алып жатыр. Қрі өзендері – Джубба Уаби-Шэбэлле аз сулы болып келеді. Пайдалы қазбалардан – ниобий және ас тұзын өндіреді. Шұраттарда құрма, кокос пальмалары өседі. Сомали – экономикасы нашар дамыған аграрлы ел. Өнеркәсібі – аграрлы шаруашылық шикізатын өңдеумен айналысады: ет және балық консервілеу, сүт және май шайқау, тері-жүн, мақта-мата, тоқыма және тамақ өнеркәсібі салалары бар. Көбісі ұсақ әрі нашар дамыған қосалқы кәсіпшіліктер. Импортының негізін жанар май, тыңайтқыш, азық-түлік, құрал-жабдық, электроника құрайды. Басты теңіз порттары – Могадишо, Кисимайо, Бербера. Темір жолы жоқ, автомобиль жолдарының ұзындығы 20 мың км-ден астам. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 550 АҚШ доллорна тең. Негізгі сауда серіктестері Сауд Арабиясы, АҚШ, Йемен, Кения, Еуроодақ елдері.
Уга́нда Республикасы - Шығыс Африкадағы мемлекет. Ұлттар Ынтымақтастығына кіреді. Солтүстікте Оңтүстік Суданмен, батыста Конго Демократиялық Республикасымен, оңтүстікте Руандажәне Танзаниямен, шығыста Кениямен шектеседі. Оңтүстік-шығыста Виктория көлі бар.
Замбия Республикасы – Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 752,6 мың км². Халқы – 9,5 млн адам (1995). Тұрғындарының 99%-і банту тілінде сөйлейтін жергілікті тайпалар (бемба, тонга, лози, лунда, малави, т.б.). Елде 100 мыңға жуық еуропалықтар мен азиялықтар тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Тұрғындарының 80%-ке жуығы жергілікті діни сенімдері мен христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Астанасы – Лусака қаласы. Ел 9 әкімшілік аймаққа бөлінеді. Ақша бірлігі – квача. Замбия – экономикасы кенжелеп дамыған ел. Жылдық ұлттық табысы жан басына шаққанда 400 АҚШ доллары шамасында. Өнеркәсібінің негізгі салалары: мыс, кобальт, т.б. кендерді өндіру. Бұған қоса мұнай өңдейтін, автомашиналар құрастыратын, дөңгелек (шина) шығаратын, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары бар. Тұрғындарының 60%-ы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Бірақ елде бұл сала нашар дамыған. Тамақ өнімдері (негізінен, жүгері), көбінесе, сырттан әкелінеді. Экспорттың 90%-і тау-кен өнімдерінен (негізінен, мыс) құралады. Шет елдерден машиналар, құрал-жабдықтар әкелінеді. Замбия жері өсімдіктер мен жан-жануарлар дүниесіне бай және мұнда әлемдегі ең ірі Виктория сарқырамасы орналасқан. Бірақ қаржы тапшылығына байланысты елде туризм нашар дамыған. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Германия
Зимбабве Республикасы – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Замбиямен, Мозамбикпен,Ботсванамен және Оңтүстік Африка Республикасымен шектеседі. Жер көлемі – 390,8 мың км². Халқы – 12,6 млн. адам (1998). Негізгі тұрғындары – африкалықтар (шона, матабеле, тонга, т.б. халықтар), 100 мыңға жуық еуропалықтар да тұрады. Ресми тілдері: ағылшын, шона тілдері. Халқының көпшілігі (60%) дәстүрлі діни сенімдерін, кейбір бөлігі (30%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Хараре қаласы (1,4 млн. адам). Ел 8 провинцияға бөлінеді. Ақшасы – Зимбабве доллары. Зимбабве – Африкадағы экономикасы жақсы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсіп өнімдері ел экономикасының 34%-н құрайды және ол тау-кен өндірісі (90%-і экспортқа шығарылады), металлургия, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, химия, т.б. салалардан тұрады. Зимбабве экспортқа алтын, темекі, металл, мақта шығарады, сырттан машиналар, құрал-жабдықтар, энергия көздерін әкеледі. Негізгі сауда серіктері: Оңтүстік Африка Республикасы, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Жапония, көршілес Африка мемлекеттері.
Оңтүстік Африка
Ботсвана Республикасы — Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жері — 600,4 мың км². Халқы — 1,6 млн. (1997). Астанасы — Габороне (139 мың). Ресми тілдері — ағылшын, сетсвана тілдері. Тұрғындары христиан және жергілікті діни нанымдарын ұстанады. Байырғы халқы: тсвана, бушмен, бегуан, хереро, т.б. тайпалар. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық жиналыс. Кеңесші орган ретінде көсемдер палатасы жұмыс істейді. Ботсвана жерінің 80%-ін ойысты келген Калахари шөлі алып жатыр. Климаты субтропиктік. Солт. жағы тропиктік. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 500 — 600 мм. Экономикасының 42%-і тау-кен өндірісінен тұрады. Алмас өндіруден дүние жүзінде 3-орын алады. Халықтың 75%-і аesk шаруашылығмен айналысады. 2,8 млн. ірі қара, 2,6 млн. қой өсіріледі, астық өнімдерінен тары, жүгері, бидай егіледі. Экспортқаалмас, түсті металдар шығарылып, сырттан машина, құрал-жабдықтар, тамақ өнімдері әкелінеді. Соңғы жылдары туризм кең қарқынмен дамуда. Негізгі сауда серіктестері: Оңтүстік Африка Республикасы, АҚШ, Ұлыбритания.
Лесото Корольдігі — Африканың оңтүстігіндегі мемлекет (1966 жылға дейін Басутоленд деп аталды). Жер аумағы 30,35 мың км². Халқы — 2,6 млн. (2002). Этникалық құрамының басым бөлігін басуто халқының өкілдері (79%) құрайды. Астанасы — Масеру қаласы Ресми тілдері — ағылшын және сесуто. Халқының 42%-ыпротестанттар, 38%-ы католиктер, қалғандары әр түрлі діни сенімдерді ұстанады. Мемлекеттік құрылысы — конституциялық монархия (корольдік). Заң шығарушы органы — Сенат және Ұлттық Асссамблеядан тұратын қос палаталы парламент. Атқарушы билікті премьер-министр бастаған үкімет жүргізеді. Ақша бірлігі — лоти. Лесото экономикасы ауыл шаруашылығына негізделген. Басты дақылдары: жүгері, сорго, бидай, арпа. Мал шаруашылығы, жүн және түбіт өндіру дамыған. Сыртқы саудасы негізінен Оңтүстік Африка Республикасына (экспорт — 85%, импорт — 90%) бағытталған. Жалпы ұлттық өнімінің жан басына шаққандағы мөлшері 2480 АҚШ долларына тең (1997). Сыртқа шикізат өнімдерін, жүн, алмас, бидай, көкөніс шығарады. Сырттан, негізінен, отын, азық-түлік, тұрмысқа қажетті тауарларды әкеледі.
Намибия Республикасы – Африканың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аум. 825,4 мың км2. Халқы 1,9 млн. (2004). Тұрғындарының 86%-ы жергілікті тайпалар (овамбо, каванго, гереро, дамара, т.б. этн. топтар), 6%-ы еуропалықтар, қалғандары түрлі ұлт өкілдері. Астанасы – Виндхук. Ресми тілі – ағылшын тілі. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (Ұлттық ассамблея, Ұлттық кеңес). Халқының көпшілігі – христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. Ақша бірлігі – намибия доллары. Намибия Республикасы экономикасының негізі тау-кен өндірісінен тұрады. Мал шаруашылығының басты саласы – қаракөл қойын өсіру. Экспортқа алмас, уран, түсті металдар, қаракөл елтірісі шығарылып, сырттан азық-түлік, отын және тұтыну бұйымдары әкелінеді. Ұлттық жалпы өнімінің жан басына шаққандағы мөлш. 3600 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері: ОАР, АҚШ,Германия, Ұлыбритания.
Оңтүстік Африка Республкикасы – Африка континентінің оңтүстік жартысындағымемлекет. ОАР солтүстікте – Намибия, Ботсвана және Зимбабвемен, ал солтүстік-шығыста – Мозамбик және Свазиленделдерімен шектеседі. ОАР-дың ішінде Лесото ел-анклавы орналасқан. ОАР Африканың көпұлты мемлекеттердің қатарында.
ОАР – Африка континентіндегі ең дамыған ел және континентте Үшінші әлемге қосатын жалғыз ел. Елдің ЖІӨ-і 2009 жылда 505 млрд. АҚШ доллары болатын (26-ы орын). Сол жылы ЖІӨ өсімі – 5 %, ал 2008 жылы – 3% болатын. Елдің нарығы белсенді кеңейтіліп жатыр, бірақ оған қарамастан ел әлі де әлемнің ең дамығын елдерге жатпайды. Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша әлемде 78-і орынға ие (МВФ мәліметтері бойынша), Дүниежізілік банк бойынша 65-і орын, ал ЦРУ бойынша 85-і орын. Елдің табиғи қоры өте мол. Телебайланысы, элект қуаты және қарсы сферасы кеңінең дамыған.
Қорытынды.
Африка — көлемі жағынан Евразиядан кейінгі екінші материк — жер беті құрылығының шамамен бесінші бөлігін (жанасып жатқан аралдарымен бірге 30,3 млн. шаршы км) алып жатыр. Африка континенті солтүстік жарты шарда да, сондай-ақ оңтүстік жарты шарда да бірдей дерлік үлес алады, әрі оның көп бөлігі тропиктік белдеуде жатыр. Континент солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 километрге, оныя, солтүстік бөлігі батыстан шығысқа қарай 7000 километрге, ал оңтүстік бөлігінде 3000 километрден астамға созылады. Африканы солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант Мұхиты, шығысында Үнді мұхиты шайып жатыр. Африканың жағалау сызығьі нашар дамыған: ең ірі түбегі — Африка Мүйісі; теңіз акваториясы материкке онша терең сұғынбаған континент-тің көптеген ішкі аймақтары Дүние жүзілік мұхиттан 1000-нан 1500 километрге дейін қашықтықта жатыр. Ең үлкен аралы — Африка континентіне оңтүстік-шығыстан жанасып жатқан Мадагаскар. Неғұрлым ірі өзендері бесеу — Ніл, Конго, Нигер, Замбези және Оранжевая; олардың бассейндері Африканын, бүкіл территориясының үштен бір бөлігінен астамын алады. Ірі көлдері— Виктория, Танганьика, Ньяса болып табылады. Қалған территориясында Чад пен Нгами көлдері өз көлемдерінің таяз сулығымен, деңгейлерінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Африка ең ыстық материк болып саналады, өйткені оның территориясының үлкен бөлігі тропиктік ендіктерде жатыр және орташа жылдық температурасы 25°С-тан асады. Солтүстік жарты шардағы тропиктік климат зонасының шегінде: Батыс Сахара, Марокконың орталық және оңтүстік бөліктері, Алжир Мен Тунис, Мавритания, Чад пен Нигер аймақтарының солтүстік бөліктері, Судан, Эфиопия мен Сомали жатыр. Бұл территорияда ете құрғақ континентті климат үстем. Кей жерлерде бірнеше жыл бойы жауын-шашын жаумайды. Африканың өсімдіктер дүниесі бай және әр алуан. Африканың жалпы жер келемінің шамамен 16%-ін орман, 37%-ін шөп жамылғылы дала алады, шөл бүкіл территориясының 39%-ін құрайды.
Африканың солтүстік бөлігіндегі Алжир , Ливия, Египет, Марокко, Батыс Сахара , Тунис және т. б. Африканың араб елдерін құрайды. Солтүстік Африканың батысында Жерорта теңізі жағалауын Атлас таулары алып жатыр. Атлас таулары бірнеше көлденең жоталар тізбегінен тұрады.,олар: Эр-Риф, Телль-Атлас, Биік Атлас, Сахара Атласы. Таудың ең биік нүктесі Тубкаль шыңы ( 4565 м) . Атлас таулары оңтүстігіне қарай тропиктік шөл Сахараға ұласады. Сахарадағы егіншілік Ніл аңғары мен атырауында және шұраттардағана дамыған. Мұнда құрма пальмасы, бау-бақша, астық дақылдары , мақта, қант қамысы, маниок өсіріледі. Ніл аңғарында өсірілетін дұние жүзіндегі ең ұзын талщықты мақта өте жоғары бағаланады. Солтүстік Африканың қойнауы пайдалы қазбаларға: Мұнай табиғи газ, фосфорит, темір, марганецке бай. Алжир , Либия, Египет ,Тунис, Мраокко, т.б. елдері осы табиғи байлықтарды игеру негізінде жекелеген өнеркәсіп салаларын дүние жүзілік деңгейде дамытып отыр.
Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия (Марокко,Лесото,Свазиленд), ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған.
Африканың географиялық жағдайлары Африканы қоныстанған халықтардың практикалық тіршілік әрекетіне қатысты қажетті экологиялық жағдайлар, азықтық және техникалық қорлар ретінде жұм-салатын табиғат элементтері мен олардың региондық жағынан ұштасып келуінің өзгеше әр алуан болуымен ерекшеленеді. Бұл табиғат жағдайлары және күштерімен меңгерілген мыңдаған жылдар тереңінен келе жатқан процестер Африка халықтарының бүкіл шаруашылық-мәдени тарихыкың материалдық негізін құрайды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Новейшая истоаия арабских стран Африки. М: Наука, 1990
Арабская Республика Египет. Справочник. М: Наука, 1990
Ковтукович О. В. Вечный Египет. М. Наука, 1989
Африка: взоимодействие культур. М. Наука , 1989
Африка: проблемы зонятости. М.Наука 1990
Гладкий Ю.Н. Индустриализация и региональное развитие в Африке.Л. Наука , 1987
Александровская Л. И. Проблеммы промышленного развития Африки. М. Наука, 1991
Территорияльная структура хозяйства современной Африки. М, Наука 1992
Дмитревский Ю. Д. Африка. М.Мысль, 1975
Лейн У. Э. Нравы и обычай Египта в первой паловине XIXвеке .М.1992
Социально-Экономическая география зарубежного мира.М. 1997
