Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым ми...docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.42 Кб
Скачать

1.3 Топырақ және өсімдік жамылғысы

Африканың тропикалық аралық жерлерінде топырақ латерриттік процесспен құралған. Оның ылғалды, мәнгі жасыл ормандары - экваторлық бөлігі құнарлы қызыл-сары латерит топырақты жерлер. Өзендер баяу ағаиын Конго ойыс батыс бөлігінің топырағы латерит-глей топырақ және тропиктік батпақты топырақ. Жапырағын түсіретін мәнгі жасыл аралас ормандар мен ылғалды саванналарда қызыл топырақ, құрғақ саванна шөлейтте қызыл қоңыр жцне карбонатты қызғылт топырақ пайда болды. Суданның қазан шұңқырлары мен Шығыс және Оңтүстік Африка - негізінен гидроморфты қара топырақтық және тропиктік батпақ топырақты жерлер. Шығыс Африканың оңтүстігі мен Оңтүстік Африка әжептәуір қызыл қошқыл топырақты келеді. Оазистерге шалғын-сор және сор топырақ тән. Африканың жерортатеңіздік климатты, субтропиктік белдеуіндегі карбонатты, гипсты қошқыл топырақ, неғұрлым қуаң аудандарда сұр қошқыл топырақ шөлейт пен шөлде сұр топырақ кездеседі.

Африкада гүлді өсімдіктердің 40000-нан астам түрі бар, оның 9000-ға жуығы тек қана осы құрлықта өсетін өсімдіктер. Құрлықтың8%-ын ылғалды тропиктік орман (гилея), 35%-ына жуығын саванна және сирек орман, 40%-ы құрлықтық шөл мен шөлейт белдемі алып жатыр. Гвинея жағалауы мен Конго ойысындағы ылғалды экваторлық орманда ағаштың 300-ден астам түрі бар. Олар бірнеше қабатты болып өседі, ең биік өсетін ағаштар – пальмалар (биіктігі 60 – 70 м-ге жетеді). Олардың алып фикус, май және шарап пальмасы, сейба, қола ағаштары сияқты түрлері бар. Төменгі бөліктерде банан, папоротниктер, либериялық кофеағашы және каучук беретін ағаш тәріздес лиана, ландольфия, ротанг пальмасы кездеседі. Саваннаның негізгі ағашы – баобаб. Олардың аралығында биіктігі 2 – 3 м, кейде 5 м-ге жететін піл шөбі, дум пальмасы, май пальмасы өседі. Сахара мен Калахари шөлдерінің шұраттарында құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерден жусан, жантақ, акация, құрма пальмасы, Намиб пен Каррушөлдерінде суккулентті өсімдіктерден сүттіген, вельвичия таралған. Африка – кофе мен құрғақшылыққа төзімді бидайдың отаны.

ІІ бөлім.Африканың шаруашылығы және жеке аймақтарына шолу.. 12

2.1 Халқы және шаруашылығы

Халқы. Африканың халқы негізгі үш: европалық, экваторлық, моңғол тектес нәсілдерге жатады. Материк тұрғындарының негізгі бөлігін байырғы түпкілікті халық құрайды. Европалық нәсілдің өкілдері негізінен Африканың солтүстігінде тұрады. Бұлар араб тілінде сөйлейтін араб халықтары)алжирліктер, иарокколықтар, египеттіктер және басқалары). Сондай-ақ бербер тілінде сөйлейтін берберлер.Оларға тән белгі-өңдері қараторы,шаштары мен көздері қара, бас сүйегі сопақ, қыр мұрындыжәне беті қушықтау. Материкті Сахарадан оңтүстікте жатқан көп бөлігін негр тектес халықтар мекендейді. Олар экваторлық нәсілдің африкалық тармағын құрайды. Негр тектес халықтардың өңдері , бойы, бет әлпеті, басының бітімі жөнінен өзара айтарлықтай айырмашылықтары болады. Африканың ең бойшаң халықтары(тутси, хими, және т.б.) материктің солтүстік бөлігіндегі саванналарында тұрады.Олардың бойының орташа ұзындығы 180-200см , өздері ерекше сымбатты әрі сәнді болады.Қайсы біреулері (батыс жағында)шымыр денелі болып келеді.Нілдің бастауында тұратын негр тектестердің өңі мүлдем қара деуге болады.

Экваторлық ормандардың халықтары-пигмейлердің бойы аласа келеді(150см аспайды).Басқа негр тектестерге қарағанда,олардың өңдері аса қара емес , еріндері жұқа , мұрындары жалпақ , өздері шомбал болады.Пигмейлер-ормандардың тұрғындары.Олар үшін орман баспана , әрі күн көруге қажетті атаулының қайнар көзі.Бұл-Африкадағы саны ұдайы

азайып бара жатқан ең шағын халықтардың бірі.

Оңтүстік Африканың шөлдері мен шөлейттерінде бушмендер мен готтентоттар тұрады.Олардың өңдері қоңыр-сарғыш,беттері жалпақ,жазық болады,бұл жағынан олар моңғол тектес нәсілдерге ұқсайды.Пигмейлер секілді бушмендердің де бойлары аласа,сүйектері жіңішке болып келеді. Кейбір мамандар эфиоптарды аралық нәсілдерге жатқызады.Олардың өзгешелігі:ақшылдау,бірақ терісінің реңі қызғылттау болады.Сыртқы келбеті жөнінен эфиоптар европалық нәсілдердің оңтүстік тармағына жақын келеді.

Мадагаскар арлының тұрғындары малагасийліктер моңғол және негр тектес нәсілдердің араласуынан шыққан. Европалық тектес келімсек халықтар негізінен климат жағдайлары жақсы жерлерде тұрады және материк халқының аз ғана бөлігін құрайды.Африканың солтүстігінде Жерорта теңізінің жағалауын бойлай француздар, ал материктің қиыр оңтүстігінде-африканерлер(Нидерландыдан қоныс аударушылардың балалары), ағылшындаржәне басқалары тұрады. Африканың Египет, Эфиопия, Гана секілді көптеген мемлекеттерінің дамыған ең ежелгі мәдениеті болған, бұларда қолөнер ,сауда, құрылыс ісі өркендеген. Африка халықтары дамудың ұзақ жолынан өтіп, дүниежүзілік мәдениеттің тарихына айтарлықтай үлес қосқан. Өнердің тамаша ескерткіштері: ежелгі құрылыс техникасының кереметі- Египет пирамидалары, піл сүйегінен және ағаштан жасалған ою-өрнектер , қоладан жасалған мүсіндер сақталған. Кейбір ғалымдар мәдениетінің дамуындағы алғашқы табыстары үшін адам баласы негізінен алғанда Африкаға қарыздар деп есептейді.Халқының этникалық құрамы күрделі.Оны Азиядан шыққан еуропалықтарға (голландықтардың ұрпағы мен ағылшындықтарға) африкандықтарға , мулаттарға және метистерге бөліп қарастыруға болады.Халқының көпшілігі-африкандықтар.80 жылдардың аяғы мен 90 жылдың басында нәсілдік кемсітуге негізделген елдің халқын күшпен бөлу саясаты тоқтатылды.Бірақ бұған қарамастан африкандықтар азаттық пен құқық алды.ОАР-да ұлтаралық қатынастар сол баяғы күрделі күйінше қалды.

Шаруашылыққа жалпы сипаттама.Елдегі индустрия құрылымының басты саласы-алтын , уран болып табылады.Сонымен қатар марганец , темір маңызды орын алады.Бұлардың барлығы металлургия базасының дамуына жағдай жасады.Түсті металл рудаларының ішінен мыс , қалайы және сурьманың маңызы зор.ОАР-ң портты аудандары-Кейптаун мен Дурбанда өнеркәсіп орталықтары салынды.ОАР-ды екі эканомикалы ел деп атауға болады.Ол экватордың екі жағында симметриялы орналасқан.Бұл материк Азиядан кейін ауданы және теңіз деңгейінен

биіктігі жөнінен екінші орынды иеленеді, ал халық саны жөнінен төртінші орынды иеленеді.Онда ежелгі адамның сүйек қалдығы табылған , сондықтан Африка «адамзат баласының бесігі»деген түсінік қалыптасқан.Африка шығысындағы Атлант мұхиты мен шығысындағы Үнді мұхитының екі ортасында орналасқан.Солтүстігінде Европамен , солтүстік-шығысында Азиямен шектеседі.Солтүстік Африканы Жерорта теңізі шайып жатыр.Солтүстік Африкалық елдер ауданы бойынша Европалық елдерді басып озады.Мысалы:Алжир ауданы бойынша өзінің коллониясы болған Франциядан 4 есе үлкен , Египет-Италиядан 3 есе үлкен болса , Ливия-Грециядан 13 есе үлкен.Ал 2500 мың км²-ты құрайтын оңтүстікте орналасқан Судан ең үлкен территорияны қамтиды.Бірақ елдің ішін көлемді шөлдер алып жатыр , сондықтан бұлаодың халқы көп емес.Африканың халық саны көп ел-Нигерия(60млн-ға жуық адам),бірақ ауданы боиынша континентте бар-жоғы он үшінші орынды иеленеді.Африкадан 400 км қашықтықта Мадагаскар аралы орналасқан , әлемде көлемі жөнінен төртінші орынды алады.Африка материгі ежелде декембрий дәуірінде қалыптасқан.Жер қыртысында күрделі терең жыралар бар.Шығыс Африкалық таулы үстіртін қалыптастырған.Африканың солтүстігіндегі мұндай қорымен , оңтүстігіндегі алтын және алмаз қорымен елге танылған.Африканың табиғатының басты байлығы басқа ешбір жерде болмайтын кеңістік-приэкваториалды орман.60-80 м биіктіктегі ағаштары жыл бойы жасыл жапырақпен көмкерілген.Олардың бұтақтары бір-бірімен шатыр тәрізді тұтасып кеткен.Ағаштың діңі мен бұтақтары лианамен шырмалып қалған.Египеттің территориясы әр тұсы 1000км-ге тең келетін өзінің кескінімен тік төртбұрышты еске түсіреді.Осы территорияны солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып жатқан Африкалық Ніл өзені дерлігімен қамтып жатыр.Нілдің ұзындығы мен су сағасы-бұл шөлдегі оазис болып табылады.Ондағы Эфиопия таулы қыратындағы Көк Нілдің басталған жері. Қыста жауын –шашын тоқтаған кезде Нілдің су деңгейі төмен түседі. Ал жаз кезінде жауын-шашын нәтижесінде ертеде болған сияқты егер дамбалар болмаған жағдайда Нілдің суы тасып кеткер еді. Ніл-елдегі шөлді ортаның басты көзі болып табылады. Құнарлы жерлердегі бірде –бір өсімдіктер Нілдің суымен суарылуынсыз өспейді. Нілдің құнды сулары Жерорта теңізіне босқа кетпеу үшін Асуан қаласының маңынан өзеннің жоғарғы ағысынан екі платиналар:ескі және жаңа биіктегі платиналар салынды. Ал су қоймасына су қорын жинау мүмкіндігі бар болғандықтан алаңның аумағын ұлғайту барысында жерінің кейбір бөліктері суға батып кетті. Содан соң оны қайтадан жөндеуден өткізуге тура келді. Асуан қаласының өзі ертеде Судан мен Эфиопия арасындағы сауда орталығы болған, Египеттің оңтүстігінде орналасқан қала. Қалаға жақын жерде ежелгі Египеттік мәдениеттің баға жетпес ескерткіштері сақталған ежелгі мұражай орналысқан. Асуанның оңтүстік бөлігінде көптеген қант зауыттары орналасқан. Онда храмдар мен фараондар сарайы ,оның ішіндегі ең атақтысы б.д.д XV-XIIIғасырда салынған Амонаре храмы бар. Египеттің шекаралас ауданында мақта , жүгері, қант құрағы,бидай алқаптары бар. Грунт сулары шығатын жерлерде финикиялық пальмалар, банандар, анар, апельсиндер , мандариндер және лимондар , сонымен бірге күріш пен арахисөседі. Египет халқының басым көпшілігі –фелахтар. Олар туған жерлерін тастамайды,себебі тек жақын қаладағы базарға ғана барады. Барлық елді-мекендер кірпіштен, тегіс шатырлардан жабылып соғылғандықтан бір-біріне ұқсас. Бөлменің жартысын тегіс, жалпақ пеш алып жатыр.Қыста пеш міндетті түрде қаңтар айының күндіз t˚ 30˚С –қа дейін ал түнде 0˚С-қа дейін төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]