
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Жаратылыстану факультеті
«География» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»_________ Кафедра меңгерушісі: Альжанова.Р.Ж «____» _______2014ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Африканың саяси картасы және жеке аймақтарына шолу»
Орындаған: Гео-446 топ студенті Жалмұханова А. Ғылыми жетекші: Кузбулова С.
АТЫРАУ 2014 ж
Жоспар
Кіріспе.....................................................................................................................3
І бөлім. Африканың географиялық орналасуына жалпы сипаттама.......4
1.1 Географиялық орны......................................................................................4
1.2 Климаты. Ішкі сулары..................................................................................5
1.3 Топырақ және өсімдік жамылғысы............................................................7
ІІ бөлім.Африканың шаруашылығы және жеке аймақтарына шолу.. ..8
2.1 Халқы және шаруашылығы......................................................................8
2.2 Пайдалы қазбалар.......................................................................................11
2.3 Африканың елдеріне сипаттама..............................................................13
Қорытынды........................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................35
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Африканың саяси картасы және жеке аймақтарына шолу»
Тақырыптың өзектілігі.
Африка — аумағы жағынан Еуразиядан кейінгі орынды алатын құрлық, дүние бөлігі. Жерінің аумағы 29,2 млн. км2 (аралдарымен бірге 30,3 млн. км2). Тұрғыны 887,9 млн. адам(2010 жылғы мәлімет ). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 8000 км-ге, батыстан шығысқа қарай 7500 км-ге (Сахарада) созылған, оңтүстігіндегі ені 810 км. Жағалауының жалпы ұзындығы 30500 км. Африканы экватор сызығы ортасынан кесіп өтеді. Құрлықты солтүстігінде Жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңізісулары шайып жатыр. Солтүстік-шығысында жіңішке Суэц мойнағы (112 км) арқылы Азиямен жалғасады.Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пиреней түбегінен бөлінген. Ірі шығанақтары Гвинея, Сидра. Ең үлкен түбегі – Сомали, құрлықтың шығысында Мадагаскар, Занзибар, Сокотра, Мафия, Пемба, Комор, Маскарен,Амирант және Сейшель аралдары, батысында – Мадейра, Канар, Жасыл мүйіс, Гвинея шығанағында Аннабон,Сан-Томе, Принсипи, Фернандо-По аралдары орналасқан. Африканың қазіргі саяси картасында 55 мемлекет бар. Олардың үшеуінде конституциялық монархия, ал қалғандарында республикалық мемлекеттік құрылым орныққан. Африка елдерінің көпшілігінде шаруашылықтың бір жақты мамандануы, яғни экспортқа бағытталған шикізат немесе азық-түлік өндіру сақталған. Африка жері қазба байлықтарға өте бай, әсіресе, минерал кендерінің қоры көп. Мұнай мен газдың ірі кен орындары Нигерияда,Ливияда, Египетте, Алжирда, ал тас көмірдің ірі кендері, Оңтүстік Африка Республикасы жерінде табылған. Кобальт пен мыстыңаса ірі қоры Замбия мен Конгода, алмас, платина, алтын кендері Оңтүстік Африка Республикасында, уран Нигерия мен Намибия жерінде шоғырланған.
Курстық жүмыстың мақсаты мен міндеттері: Африканың физикалық –географиялық жағдайы жайында мағұлмат алу және Африканың саяси картасы мен жеке аймақтарына шолу жасау.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. Африканың географиялық орналасуына жалпы сипаттама
1.1 Географиялық орны
Африка-көлемі жағынан Еврвзиядан кейіңгі екінші материк. Оның көлемі аралдарын қоса есептегенде 30,3 млн км². Аралдарының ең үлкені-Мадагаскар. Ғалымдардың жорамалдауынша, «Африка деген сөз материктің солтүстігіндегі аудандардың бірінде тіршілік еткен афригия деген бербер тайпасының атынан шыққан. Кейіннен бұл атау бүкіл материкке таралған. Кез келген материк секілді, Африка да өзінің қайталанбас табиғат жағдайлары мен халқы жөнінен айрықша көзге түседі. Бұл жазықтары басым, Жер шарындағы ең жоғарғы температура мен қарама –қарсы табиғат комплекстері кездесетін континент. Әлемдегі ең үлкен шөл мен Ылғалды экваторлық ормандардың ірі алабы да осында орналасқан. Ыстық саванналардың ұшы-қиырсыз кеңістігінде биік таулардың қарлы шыңдары асқақтап тұрады. Африкада жер шарындағы ең мол сулы өзен-Ніл және шығыс жарты шардағы Конго өзені ағып жатады. Африка-экватор дәл ортасынан дерлік кесіп өтетін бір ғана материк. Оның солтүстігі және оңтүстігі шеткі нүктелері экватордан шамамен бірдей қашықтықта орналасқан. Африканың жағасы басқа материктермен салыстырғанда , аз тілімденген:мұнда құрлыққа онша енбеген бір ғана үлкен Гвинея шығанағы және Үнді мұхитына ішкерлеп еніп жатқан бір ірі Сомали түбегі бар . Бұл жағдай теңіз порттарын салуды қиындатады. ОАР-Африканың оңтүстігінде орналасқан , Мозамбикамен , Свазилендпен , Ботсванамен , Зимбабвемен , Намибиямен шектеседі , ал шекараның оңтүстігінде мұхитпен шектеседі.ОАР-сы Британ ынтымақтастығынан шыққаннан кейін 1961 жылы мемлекет болып жарияланды.
1.2 Климаты. Ішкі сулары
Климаты.Мемлекет тропикалық және субтропикалық белдеулерде орналасқан.Орташа жылдық температурасы 12˚-тан 23˚С-қа дейін.Жауын-шашын мөлшері өзгермелі:батыс жағалауында 100мм болса , тау беткейінде 2000мм-ге дейін жетеді.Территорияның көп бөлігінде ылғал жетіспеушіліктер байқалып құрғақшылық жиі қайталанып тұрады.Тек оңтүстік және шығыс жағалауында ғана дымқыл ауа бар. Африка тропиктік белдеулер аралығында орналасқандықтан, жері өте қатты қызады. Жаз айларындағы орташа температурасы құрлықтың барлық бөлігінде дерлік 200С-тан жоғары, Сахара мен Суданның солтүстігінде 350 – 380С-қа жетеді. Жер шарындағы ең жоғары температура +580С 1933 жылы Сахараның (әл-Азизия) Жерорта теңізі жағалауында тіркелген. Жылдық жауын-шашынның ең көп түсетін жері Гвинея шығанағы жағалауындағы Камерун тауының беткейінде (10470 мм, Дебунджа), ал ең аз жауын-шашын мөлшері Сахарада (0,5 мм, Асуан қаласы) тіркелген. Географиялық ерекшелігіне қарай Африка аумағы ыстық, ылғалды экваторлық, ауыспалы ылғалды (муссондық), субэкваторлық, ыстық әрі құрғақ, континенттік, тропиктік шөл, ыстық ылғалды тропиктік және субтропиктік жерортатеңіздік климат белдеулеріне бөлінеді.
Африка- үлкен өзендер құрлығы. Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразия менОңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі.Ірі өзендері – Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж.[2] Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези - Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады.[1] Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.