
- •Мазмұны
- •1 Соөж сабағының мақсаты:
- •1.1Студент білуге тиісті:
- •1.2 Студент білуі керек:
- •2 Соөж сабағының мазмұны:
- •2.1 Жоспары:
- •1.1 Студент білуге тиісті:
- •1.2 Студент білуі керек:
- •2 Соөж сабағының мазмұны:
- •2.1 Жоспары:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •31.03.2004 Берілген №50 мемлекеттік баспа лицензиясы
1.1 Студент білуге тиісті:
Еңбек құқығының жүйесін, еңбек құқығы бойынша құқықтық қатынастарды;
Еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтудың құқықтық негіздерін;
Жалақы түсінігін;
Кепілдік және компенсация түсінігін.
1.2 Студент білуі керек:
Белгілі бір еңбек қызметін іске асыру бойынша азаматтардың еңбек бостандығы конституциялық құқығын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын;
Теорияны тәжірибеде қолдануды;
Шарт құруды;
Жұмысшылар мен қызметкерлердің қоғамдық қатынастарын, әкімшілік пен кәсіподақ арасындағы қатынастарды реттейтін нормаларды;
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұлттық саясаттың еңбек саласындағы басты бағыттарын.
2 Соөж сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Еңбек құқығы туралы түсінік.
Қайнар көздері.
Жеке еңбек шарты.
Жұмыс және демалыс уақыты.
Еңбек ақы.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы туралы түсінік.
Ұсынылатын әдебиеттер:
ҚР Еңбек Кодексі.
Зейнеткерлік заңнама: нормативтік актілер жинағы. –Алматы: Юрист, 2004.
8-тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері
Тақырыптың өзектілігі:
Экологиялық құқық - табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары ҚР Конституциясына негізделеді де, 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы", 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", 1997 жылғы 18 наурыздағы "Экологиялық сараптама туралы", 2001 жылғы 24 қаңтардағы "Жер туралы", 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", орман, су кодекстерінен және басқа заңдар мен нормативтік кесімдерден тұрады.
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заң экологиялық, табиғат қорғау қатынастарын реттейтін басты заң болып табылады. Бұл Заң қоршаған ортаны қорғаудың (ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, табиғи ресурстарды) құқықтық негіздерін белгілейді.
Табиғатты қорғауды реттейтін құқықтық нормалардың тағы бір түрі - жер құқығы, яғни жер құқығының пәні жер қатынастары болып табылады.
Жер құқығы - жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтың бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының жер заңдары мына принциптерге негізделеді:
-Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
- жерді (табиғи ресурс), Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;
жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
жерді нысанды пайдалану;
ауылшаруашылығына арналған жердің басымдылығы;
- жерді ақы төлеп пайдалану және т.б.
Еліміздің жер қоры ауылшаруашылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді-мекендердің) жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
Экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасын;
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларын;
Табиғатты пайдалану құқығына, табиғи ресурстарға меншік құқығының жалпы сипаттамасын;
Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес принциптерді.
1.2 Студент білуі керек:
Экологиялық құқықты құқықтық реттеу мәнін анықтау;
Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісін.
2 СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Экологиялық құқық түсінігі.
Қайнар көздері.
Табиғат пайдалану құқығы.
Экологиялық заң бұзушылыққа жауапкершілік.
Жер құқығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Бекішева С.Д. ҚР экологиялық құқығы, Сұлбалар альбомы. –Қарағанды: Қарағанды заң институтының баспасы, 2002.
ҚР жер заңнамасы: нормативтік-құқықтық актілер жинағы (комментарийлерімен) жауапты редактор С. Стамқұлов. –Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
Оралова А.Т. Экологияның құқықтық негіздері: Оқу құралы: /А.Т. Оралова. –Қарағанды: ҚарМТУ, 2000.
Қоршаған ортаны қорғау: нормативтік-құқықтық актілер жинағы. –Алматы: Юрист, 2003.
Культеев С.Т. ҚР экологиялық құқығы / Оқу құралы. –Алматы: Дәнекер, 2001.
Экологиялық құқық: Оқулық.
9-тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
Тақырыптың өзектілігі:
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталган қоғамдық қатынастарды реттейді.
Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады:
Біріншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Бұл қатынас қылмыстың істелуіне байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде, олардың одан қорғануына байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы: қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.
Қылмыстық құқық заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен Қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негізі және одан босату, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы Жалпы бөлімде зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
Ұлттық құқық жүйесіндегі орнын білу, мәнісі мен құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлін;
Қылмыстық құқықтың қағидаттары мен міндеттерін;
Қылмыстың түсінігі мен белгілерін;
Қылмысты саралауды;
Қылмыс құрамын.
1.2 Студент білуі керек:
Қазіргі заңдардағы қылмыстық құқық қағидалары және оның түрлері мен жалпы сипаттамасын;
Қылмыстың түсінігі және әлеуметтік мәнін анықтау;
Материалды және формальді қылмыстар анықтамасы және олардың айырмашылығын;
Қылмыстық құқық ғылымындағы қылмыстық жауаптылық мәселесін анықтау.
2 СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Қылмыстық құқық түсінігі.
Қылмыстық заң.
Қылмыс түсінігі.
Жаза түсінігі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
Жүнісов Б.Ж. ҚР қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім. –Қарағанды, 1998.
Қайыржанов Е.И. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. –Алматы: ДОИВА – Братство, 1995.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. – Алматы: Баспа, 2000.
10-тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы
Тақырыптың өзектілігі:
Қылмыстық сот өндірісі немесе қылмыстық іс жүргізу – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін, заңмен өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың, сонымен қылмыстық іс жүргізу қызметінің өзге де қатысушыларының, өтініштер мен қылмыс жасалатыны туралы хабарды тексеру, қылмыстық істі қозғау, алдын-ала тергеу және қылмыстық істі соттық талқылау (шешілуі) бойынша қызметі.
Әкімшілік іс жүргізу – нормативтік басқарушы актілерді қабылдау және материалдық құқық нормаларын қолдану бойынша әкімшілік іс жүргізу нормаларымен реттелген атқарушы билік органдардың, ал заңмен қарастырылған жағдайларда өзге органдар және олардың лауазымды тұлғаларының қызметі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда, сот пен үрдістің басқа да қатысушылары арасында қалыптасатын азаматтық – іс жүргізу қатынастарын реттеуге бағытталған құқық нормаларының жүйесінен тұратын құқық саласы.
Іс жүргізу құқығы – қылмыстарды ашу, азаматтық, қылмыстық, арбитраждық істерді қарастыру және шешу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін, конституциялық сот өндірісі тәртібінде қарастырылатын істерді қарастыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық жүйе нормаларының бөлімі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен үздіксіз байланысты, себебі оны жүзеге асыру мен қорғау үшін қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1Студент білуге тиісті:
Әкімшілік іс жүргізу: оның құқықтық реттелуінің ерекшеліктерін;
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және қағидаларын;
Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және қағидаларын.
1.2 Студент білуі керек:
Іс жүргізу құқығы – қылмыстарды ашу, азаматтық, қылмыстық, арбитраждық істерді қарастыру және шешуді анықтауды;
Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен үздіксіз байланыстылығын анықтауды.
2 СОДЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
1. Азаматтық іс жүргізу түсінігі
2. Әкімшілік іс жүргізудің мәні.
3. Қылмыстық іс жүргізу ұғымы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
ҚР азаматтық іс жүргізу Кодексі, 13.07.1999.
ҚР қылмыстық іс жүргізу Кодексі, 13.12.1997.
Оспанов С.Д. ҚР қылмыстық үдерісі. Жалпы бөлім. –Алматы: Заң. әдеб., 2003.
Толеубекова Б.Х. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім – Алматы: Баспа, 1999.
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕСІМДЕР
Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы, 1995ж. (21.05.2007ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы. –Алматы, 1991.
Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы. –Алматы, 1990.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы және ерекше бөлімдер) 1999ж. (20.12.2004ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. –Алматы, 1997ж. (21.12.2002ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. –Алматы, 1997ж. ( 07.04.2006 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. –Алматы, 1999ж. ( 22.06.2006ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі. Алматы, 2001ж. (29.12.2008ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 2003ж. (10.12.2008ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 2007ж. (27.07.2007ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Неке және отбасы туралы Заң. –Алматы, 1998ж. (27.07.2007 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
"Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңы. –Алматы, 2007ж. (19.12. 2007 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
Салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі). –Алматы, 2008ж. (12.02.2009 ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Административное право: Оқулық. Жауапты редакторы А.А. Таранов. –Алматы, 1998.
Ағыбаев А. Қылмыстық құқық: Оқулық. Жалпы бөлім. –Алматы, 2001.
Алауханов Е. Қылмыстық құқық: Оқу құралы. Ерекше бөлім. –Алматы, 2001.
Айымханова Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: Оқу құралы. –Алматы, 2002.
Баққұлов С. Құқық негіздері: Оқу құралы. ҚазМСҚА. –Алматы, 2001.
Байжанов Н. Неке және отбасы. –Алматы, 1997.
Жамбылова Р. Заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-қазақша анықтамалық сөздігі. –Алматы, 2001.
Найманбаев С. Салықтық құқық: Оқу құралы. –Алматы, 1996.
Сапарғалиев Ғ., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы. –Алматы, 1997.
Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, 1995.
11. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық. –Алматы, 1997.
12. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Оқулық. –Алматы, 2001.
13. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. –Алматы, 2001.
14. Хаджиев А.X. Земельное право Республики Казахстан. –Алматы, 2001.
15.Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. –Алматы, 1996.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер Сәулет - құрылыс
кафедрасының мәжілісінде институтының ОӘБ отырысында қаралды бекітілді
«____» ______________ 2011ж. «____» ______________ 2011 ж.
№____ хаттама №____ хаттама
Кафедра меңгерушісі ОӘБ төрайымы
____________ Балшикеев С.Б. _____________Аяпбергенова Б.Е.
«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
пәні бойынша студенттердің оқытушымен өздік жұмысы сабақтарына арналған