
- •Мазмұны
- •1 Соөж сабағының мақсаты:
- •1.1Студент білуге тиісті:
- •1.2 Студент білуі керек:
- •2 Соөж сабағының мазмұны:
- •2.1 Жоспары:
- •1.1 Студент білуге тиісті:
- •1.2 Студент білуі керек:
- •2 Соөж сабағының мазмұны:
- •2.1 Жоспары:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •31.03.2004 Берілген №50 мемлекеттік баспа лицензиясы
1 Соөж сабағының мақсаты:
1.1Студент білуге тиісті:
Азаматтық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуын;
Заңды тұлғалардың түрлерін анықтау;
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу негіздерімен танысу;
Некенің құқықтық мәнін;
Ата-аналары мен балаларының құқықтары мен міндеттерін білу. Бала асырап алуды білу;
Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі.
1.2 Студент білуі керек:
Тауар ақша қатынастарын және соларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды біле отырып, заңдарда қаралған жағдайда азаматтық құқық өзге де мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормаларды анықтау;
АҚ қызметіне және тіркеу жағдайларына түсінік беру;
Мәміле нысандарын анықтау;
Некеден және отбасына тиісті заттардан туындайтын жеке және мүліктік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын;
Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін білу.
2 Соөж сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Азаматтық құқық түсінігі.
Қайнар көздері.
Азаматтық құқықтық қатынас.
Келісім. Міндеттеме. Шарт.
Отбасылық құқық. Неке.
Алиментті құқықтық қатынас.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994 ж.
2. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1.07.1999 ж.
3. Жайлин Г.А. «А»-дан «Я»-ға дейінгі заңды тұлға. –Алматы: Дәнекер, 2003.
4. «Неке және отбасы туралы» 17.12.1998 ж. ҚР Заңы.
6-тақырып. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы
Тақырыптың өзектілігі:
Қаржының басты мақсаты - мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу және пайдалану жатады.
Ақша қорларын жинау тәсілдері:
Иелерінен ақшаны міндетті түрде, қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер).
Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).
Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т.б.
Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.
Қаржы құқығы дегеніміз - мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.
Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру және бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды (республикалық, жергілікті бюджеттердің заңдылық нышанында бекітілген кірісі мен шығысы) реттейді.
Салықтық құқық негіздері
Салықтық құқық - заңды және жеке тұлғалардан біржақты өктем, қайтарылмайтын негізде, заң жүзінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді ақшалай түрде бюджетке алу кезінде туындайтын салықтық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық мемлекеттің салықтық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар әрі оның пәні болып табылады.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
Қаржылық және бюджеттік қатынастар түсінігін;
Салық құқығы түсінігі, қағидалары, салық түсінігін;
Салық төлеушілер, олардың құқықтары мен міндеттерін;
Салық міндеттемелерін орындауды.
1.2 Студент білуі керек:
Жалпы қаржы нәтижелерін салық салынатын табысты анықтау мақсатында қолданылатын қаржылық-статистикалық құжаттарды толтыруды;
Мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көздерін анықтауды;
Салық элементтерін;
Салықтың түрлерін анықтау.
2 СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Қаржы және қаржылық қызмет түсінігі.
Бюджет.
Салық құқығы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сейдахметова Ф.С. Қазақстандағы салықтар. Оқу құралы. –Алматы, 2002.
2. Финансовое право. Уч., отв. Ред. Н.И. Химичева. – М: 2000.
3. Худяков А.И., Наурызбаева Н.Е. Салықтар: түсінік, элементтері, белгілеу, түрлері. –Алматы, 1998.
7-тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы
Тақырыптың өзектілігі:
Еңбек құқығы - еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдарымен реттеледі. Ең негізгісі 1999 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған "Қазақстан Республикасының еңбек туралы" Заңы болып табылады.
Еңбек туралы нормативтік-құқықтық кесімдердің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Ережеге сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Бірсыпыра басқа қатынастар осындай еңбекке байланысты қатынастарды да туындатады. Оларға әлеуметтік серіктестік, еңбекті қорғау, заңды тұлғалардан келтірілген шығынның орнын толтыру, еңбек дауларын қарау, жұмыссыздық және әлеуметтік қамсыздандыруды жатқызуға болады.
Конституцияның 28-бабында "Қазақстан Республикасының азаматына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейне-тақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады", - делінген.
Азаматтардың ең төменгі жалақы және зейнетақы алу кепілдігі заңды түрде белгіленген, жалақы мен зейнетақының ең төменгі деңгейі анықталған және қамтамасыз етілген. Бұлардан басқа тағы да бір әлеуметтік норматив (зейнетақыны, жәрдемақыны, әлеуметтік төлемдер, айыппұл, салық басқа да төлемдерді есептеу үшін) "есептік көрсеткіш" қолданылады. Мысалы, 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зейнетақы мен жалақының ең төменгі мөлшері - 5000 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш - 872 теңге болып белгіленген, ал 2004 ж. - 919 теңге.
Жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңымен реттеледі.
СОӨЖ сабағының мақсаты: