
- •Мазмұны
- •1 Соөж сабағының мақсаты:
- •1.1Студент білуге тиісті:
- •1.2 Студент білуі керек:
- •2 Соөж сабағының мазмұны:
- •2.1 Жоспары:
- •1.1 Студент білуге тиісті:
- •1.2 Студент білуі керек:
- •2 Соөж сабағының мазмұны:
- •2.1 Жоспары:
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •31.03.2004 Берілген №50 мемлекеттік баспа лицензиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
М.М. КАРАСАРТОВА., Ж.Т. МУСАЕВА
«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
пәні бойынша студенттердің оқытушымен өздік жұмысы сабақтарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Қарағанды 2011
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы
М.М. КАРАСАРТОВА, Ж.Т. МУСАЕВА
«ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ»
пәні бойынша студенттердің оқытушымен өздік жұмысы сабақтарына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Қарағанды 2011
ӘОЖ 340(574).(07)=қаз
М.М. Қарасартова, Ж.Т. Мусаева. «Құқық негіздері» пәні бойынша студенттердің оқытушымен өздік жұмысы сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар. - Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2011. – 23 б.
Әдістемелік нұсқауда «мемлекет», «құқық», Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы туралы жалпы теориялық сұрақтар қарастырылған. Қазақстан Республикасының конституциялық жүйесінің негіздері, адам және азаматтардың құқықтық жағдайының негіздері, сайлау құқығының негіздері және Қазақстандағы мемлекеттік билік пен жергілікті басқару жүйесіне сипаттама берілген.
Әдістемелік нұсқау оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес келеді және техникалық жоғары оқу орындарының барлық мамаңдықтарының студенттеріне арналған.
Пікір жазған: ҚарҚарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, аға оқытушы И.Д. Арыстан
Университеттің Редакциялық-баспа кеңесі бекіткен
©Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2011
Мазмұны
1-тақырып. Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар...............................................................................................5
2-тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері........................................................................................................................6
3-тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот........................................................................................................................8
4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері...........................................................................................9
5-тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері.................................................................................................12
6-тақырып. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы.....................13
7-тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.........................................................................15
8-тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері...........................16
9-тақырып Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.............18
10-тақырып Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы..............19
Кіріспе
«Құқық негіздері» барлық мамандық студенттері үшін заң ғылымының құқық негіздерін оқып-үйренуі, өмірде және халықаралық оқиғаларда дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, құқықтық емес кәсіптің болашақ мамандарының тиісті заңдық білімді алып қана қоймай, келешекте өзінің еңбек қызметін жемісті жүзеге асыру мақсатын алға қояды.
Кез келген адамның өмірінде құқық маңызды орын алады, ол қоғамның, мемлекеттің алуан түрлі салаларын, көп жағдайларда азаматтардың жеке өмірінің де сан қырларын қамтиды. Пәнді оқу құқық, мемлекет, құқықтық құбылыстар туралы аса маңызды деректерді қамтиды. Білім алу құқықтық тұрғыдан келгенде сауатты, өз құқығын білетін әрі қорғай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Осыған қарай курс мақсаты студенттің құқықтық санасын қалыптастыру және құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады. Курстың негізгі мақсаты студенттердің мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім алу. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалады: 1) қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау; 2) Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі дамуының алғышарты және мәселелерімен танысу; 3) қазақстандық мемлекеттік-құқықтық механизмі жетілдірілуінің саяси-құқықтық жолдарын анықтау; 4) субъективтік құқықтар мен субъективтік заңдық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтау.
Оқу пәнінің ерекшелігі мамандарды дайындауда маңызы мен ролі зор. Құқық негіздері болашақта өздерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін, еңбекке құқығын жүзеге асыру, қоғамның және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуға, студенттерге заң білімдерін кешенді нысанда меңгеруге мүмкіндік береді.
1-тақырып. Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Тақырыптың өзектілігі:
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіп, бірлік пен татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктер жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның, әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуі қоғамдық қатынастардың барлық салаларын демократияландыруға мүмкіндік ашты. Нәтижесінде мемлекет, құқық, бүкіл заңдар жүйесі түбегейлі жаңаруға ұшырады. Біртіндеп отандық құқық жүйесі қалыптасты.
Қазіргі заманғы мемлекет - қоғамның қалыпты тіршілігі мен дамуын қамтамасыз ететін, өзінде тұрып жатқан азаматтар мен халықтардың құқықтарын, бостандықтарын, әрі заңды мүдделерін қорғайтын, мемлекеттің өз ішіндегі және сыртқы даулар мен жанжалдарды шешетін институт.
Мемлекеттің белгілеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік билік - ерекше көпшілік билігі, яғни халық билігі.
Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді. Азаматтары шекарасы белгіленген әкімшілік-территориялық аумағынан тұрады.
Ішкі және сыртқы саясатын жүргізуде тәуелсіз.
Билік жүргізетін органдарының болуы. Бұл органдарда тек қана басқару қызметімен шұғылданатын адамдар болады.
Заң шығару құқығы болуы және заңдарды мемлекеттің аумағында тұратындардың бұлжытпай орындауы.
Мемлекеттің басқару органдарының аппаратын ұстауы және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін салық жинауы.
Мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді: басқару нысаны, мемлекеттік құрылымының нысаны және саяси режим.
СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
Мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктерді;
Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін теорияларды;
Құқықтық мемлекеттің даму концепциясы тарихын.
1.2 Студент білуі керек:
Мемлекеттің белгілерін анықтауды;
Мемлекеттің нысандары бойынша мысалдар келтіру.
СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Мемлекет және құқықтың шығу тегі.
Мемлекет және құқық туралы түсінік.
Құқық қайнар көздері.
Құқықтық қатынас.
Құқық бұзушылық.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Дулатбеков Н.А., Амандықова С.К., Турлаев А.В. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: Оқу құралы. –Астана: ИКФ «Фолиант», 2000.
2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы / жауапты редактор Г.С. Сапаргалиев. –Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
3. Турлаев А.В. Құқық негіздері. –Қарағанды: АРКО баспасы, 2004.
4. Сапарғалиев Г. Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: Оқулық/ Г. Сапарғалиев. –толықтырылған 3 басылымы –Алматы: Атамұра, 2003.
2-тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
Тақырыптың өзектілігі:
"Конституция" деген сөздің латыннан аудармасы "құрылғы", "жарғы", "заң" деген мағыналарды береді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады.
Оларға жататындар:
Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.
3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы (1998 жылдың 8 қазаны және 2007 жылдың 21 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулар). Ол тәуелсіздік кезіндегі Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
ҚР Конституциясы ең негізгі құқық саласы екендігін;
ҚР құқықшығармашылық түсінігін;
Құндылықтар жүйесінде адамның құқықтары мен бостандықтарын;
Сайлаушыға Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы жадуалды.
1.2 Студент білуі керек:
ҚР Конституциясының қалыптасу кезеңдерін бөліп-бөліп қарастыруды;
Қазақстан азаматтарының құқықтық жағдайын, олардың құқықтарын бостандықтары мен міндеттерін бекітетін мемлекеттік құқықтық нормалар жиынтығын;
Азаматтардың сайлауға қатысу принциптерін.
2 СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Конституциялық құқық түсінігі.
Конституция мәні мен түсінігі.
Жеке тұлғаның статусы.
Конституциялық сап.
Мемлекеттік билік органдарының жүйесі.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциясы: мән және заң табиғаты. –Қарағанды, 2000.
Бәйішев Ж. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, 2001.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Ғылыми-құқықтық түсініктеме / Сапарғалиева Г.С. редакциясы бойынша. –Алматы, 2004.
Көбеев Е.Қ. Конституциялық құрылым негізі – Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жетекші институты. /Көбеев Е.Қ. –Қарағанды: ҚарМУ, 2000.
3-тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
Тақырыптың өзектілігі:
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдарының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптарын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.
Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.
Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.
Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.
Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары, адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.).
Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1 Студент білуге тиісті:
Құқық қорғау органдарының түсінігі және түрлері;
Негізгі бағыттарын;
Негізгі бағыттары - прокурорлық қадағалау, қылмыстық қудалау, әділет органдарының, адвокаттардың және т.б. қызметтерін;
Сот билігі органдары – олардың құзыретіне кіретін жағдайларды .
1.2 Студент білуі керек:
Құқық қорғау органдарының жұмысы тек заң шеңберінде ғана жүзеге асырылатындығын және олар мемлекеттің заңдылық негіздерін орнықтыру мен құқық тәртібін нығайтуын анықтау;
Сот жүйесінің құрылымын анықтау.
2 СОӨЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Құқық қорғау органдары туралы түсінік және түрлері.
Әр органның міндеті және оған мінездеме
Ұсынылатын әдебиеттер:
Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі. –Қарағанды, 1998.
Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау жүйесі. –Астана, 2000.
Смалдыков М.К. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. –Алматы, 1996.
Сүлейменова Г.Ж. Қазақстан Республикасындағы сот және құқық қорғау органдары. Р.Т. Түсіпбековтың редакциялығы, -Алматы, 1999.
4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері
Тақырыптың өзектілігі:
Атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесінен тұрады, ал бұл жүйеге Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен мекемелер, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелердің әкімшіліктері жатады.
Үкімет мемлекеттік жоғары атқарушы үкімет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің үлгісі президенттік басқару нысанына үйлестіріле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға дейінгі атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешуші рөлін білдіреді.
Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президентпен келісіп отыруға міндетті. Үкімет Конституцияның 53-бабының 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.
Үкіметтік құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді (1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" мемлекет басшысының конституциялық заң күші бар Жарлығы). Үкіметті Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттік комитеттердің құрамында Республика Президенті құрады. Республика Премьер-министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халқы мен Президентіне ант береді.
Үкімет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешімдері Үкіметтің отырысында алқалы түрде қабылданады.
Министрлік Республиканың мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейінде салалық үйлестіруге басшылық жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Мемлекеттік комитет - Республикада мемлекеттік басқарудың тиісті салаларда бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін және заңдарға сәйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Үкіметтің құрылымынан Үкіметтің құрамына кірмейтін, бірақ оның иелігінде болатын орталық атқарушы органдарды (Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және өзге де республикалық мемлекеттік басқару органдарын) және Республиканың ведомстволарын (министрліктегі, мемлекеттік комитеттегі комитеттер, департаменттер, агенттіктер) бөліп айтамыз.
Үкіметтің билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі рөлі оны елдің бүкіл аумағында іске асырылатын барлық орталық және жергілікті атқарушы органдарда қолданылатын өкілеттілігінен көрінеді. Сонымен қатар оның билігіне жатқызылған мәселелерді дербес шешеді (Конституцияның 66-бабы).
Жергілікті атқарушы органдар еліміздің атқарушы билігінің бірегей жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және олар жергілікті жерлерде жалпы мемлекеттік саясатты тиісті аумақтарды дамыту мүддесімен үйлестіре жүргізуді көздейді.
Әкімшілік құқық - ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда аталады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі, ол нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:
мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты;
әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік органдардың азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;
әкімшілік құқық бұзушылықты.
Әкімшілік құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған "әкімшілік құқық бұзушылық" кодексі және басқа да құқықтық-нормативтік кесімдер жасайды.
Әкімшілік-құқықтық нормалар дегеніміз заң шығарушы, атқарушы органдар орнататын, рұқсат етілген іс-қимылды және атқару билігіндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер.
Әкімшілік-құқықтық нормалар мазмұны бойынша: материалдық, процессуалдық, ал субъектілердің іс-қимылына әсер ету тәсіліне қарай: міндеттеу, тыйым салу және өкілеттік беру түрлеріне бөлінеді. Сонымен әкімшілік-құқықтық қатынастар деп мемлекеттік басқару саласындағы әкім-шілік-құқықтық нормаларымен реттелген қатынастарды айтады. Бұл қаты-настарға қатысушы тараптардың бірі әдетте мемлекеттік орган немесе лауазымды адам болады.
1 СОӨЖ сабағының мақсаты:
1.1Студент білуге тиісті:
Мемлекеттік басқару түсінігін;
Мемлекеттік басқару, мемлекеттік билік, оны жүзеге асыру әдістерімен, мемлекеттік органдар жүйесімен, принциптерімен танысуды;
Әкімшілік құқықтың пәні және әдісі мен жуйесін;
Құқықбұзушылық түсінігін, жауапкершілік, жаза түрлерін.
1.2 Студент білуі керек:
Мемлекеттік қызметшілер санатына байланысты қызметшілердің түрін және қағидаларын анықтау;
Жергілікті мемлекеттік органдардың ролін және олардың сайлану, ұйымдастыру жолдарын тағы да басқа маңызды мәселелерін объективті бағалау;
ҚР Үкіметінің құрылымын анықтау;
Әкімшілік құқықбұзушылық субъектілерін мазмұндау.
2 СОДЖ сабағының мазмұны:
2.1 Жоспары:
Әкімшілік құқық түсінігі.
Атқарушы үкімет.
Мемлекеттік қызмет.
Әкімшілік құқықтық қатынас.
Әкімшілік жаза.
Мемлекеттік басқару түсінігі.
Мемлекеттік басқару принциптері.
Мемлекетік басқару құрылымы.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. –Алматы: Заңгер, 2004.
2. Жетпісбаев Б.А. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік. Оқу құралы. –Алматы: Жеті жарғы, 2000.
3. ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі.
5-тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері
Тақырыптың өзектілігі:
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.
Отбасылық құқықтық қатынастар - құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Неке-отбасы заңдары:
некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстармен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналас-тырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бұл мәселелер негізінен ҚР "Неке және отбасы туралы" (17 желтоқсан 1998 ж.) заңымен реттеледі.