
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
Нарықтық экономика жүйесінде әр түрлі меншікке негізделген кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорынның құқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық – құрылымдық нысаны – кәсіпорын бойынша партнерлер арасындағы ішкі қатынастарды және мемлекеттік органдар және өзгеде кәсіпкерлер арасындағы қатынастардан тұратын нормалардың нақты жүйелерін айтамыз. Кәсіпорынның дұрыс ұйымдық - құқықтық нысанын таңдау әртүрлі факторларға байланысты:
- дербес капиталының болуы;
- кәсіпкерлік қызмет масштабының сипаты және оны тарту бойынша мүмкіндіктері;
- кәсіпкерлік жобаның іске асу мерзімі, жеке тәжірибесі;
- кәсіпкердің ұйымдық қабілеті;
- нарық жағдайында және бизнесті бастайтын көптеген мәнді ерекшеліктерге байланысты;
- кәсіпорынның сол немесе басқа нысанының ар – ожданына байланысты.
Қазақстанда кәсіпорындардың барлық ұйымдық-құқықтық түрлерінің құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей және заңдық тұрғыдан кепілдендірілген. Бірақ, кәсіпорындардың әрқайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
ҚР-ғы кәсіпкерлік түрлері мынадай:
- заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкер;
- кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға (ол екі топқа бөлінеді):
1топқа:
а) толық серіктестік - өзіне тиесілі мүлікпен өз міндеттері бойынша жауапкершілікке ие болып және серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады.
б) командитті серіктестік (сенім серіктестігі) – серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын толық серіктестік және өз салымдары соммасы шегіндегі шығындар тәуекеліне ие және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметке қатысатын салымшылардан тұрады.
в) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – серіктестіктің қызметтерімен байланысты шығындар тәуекелін оның қатысушылары ұстанады және өз салымдары шегінде іске асырады.
г) қосымша жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары оның қызметімен байланысты өз мүлкіне міндеттемелер бойынша субсидиярлы жауапкершілікті иеленеді және қоғамның құрылтай құжаттарымен анықталған салымның құны шегінде іске асырылады.
д) өндірістік кооператив – олардың мүшелері кооператив міндеттері бойынша субсидиярлы жауапкершілікке ие. ӨК азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбектерімен қатысуына және мүшелердің мүліктік жарналарын біріктіруге негізделген бірлестік.
2 топқа: арнайы құқықтық қабілеттілікке ие заңды тұлғалар жатады.
Коммерциялық ұйымдар – мемлекеттік кәсіпорын жатады (қару-жарақ шығару және т.б.).
Кәсіпкерлік нысандары: оның қатысушысының санына байланысты келесідей нысандарға бөлінеді: жеке (индивидуалды) және ұжымдық. Бұл нысандар ҚР Азаматтық Кодексімен реттелетін кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарымен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары партнердің арасындағы ішкі қатынастар және басқа кәсіпкерлермен мемлекеттік органдармен қатынастарын білдіретін нормалардың жүйесін көрсетеді. Ұйымдастырушылық – құқықтық нысанды таңдау оның меншіктік капиталының болуы немесе оның өсуі кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен масштабы және нарық жағдайларымен бизнесті бастаушының ерекшеліктерінің заңды тұлғаны құрмай жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік жеке кәсіпкердің және кәсіпкердің басқа да нысандарына байланысты оның бастамашылығы бойынша жүргізіледі. Ал ұжымдық кәсіпкерлікте бірнеше субьектілерге пайда тиесілі болады. Оған АҚ, кооперативтер, серіктестіктерді жатқызуға болады (ортақ меншік бойынша) серіктестік екі не одан да көп партнерлермен жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консорциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зиян пайдаға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің заттарымен жауап береді.
Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
Ашық және жабық акционерлік қоғам. Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционері – оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
IV - ТАҚЫРЫП. Жеке кәсіпкерлік.