Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары

Кәсіпкерлік қызмет алуан түрлі. Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпорынның дамуын қолдауда. Кәсіпкерліктің әлеуметтік - экономикалық маңызы нарықтық экономикада тұрғындардың қаржылық және өзіндік маңызы осы ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Монополияға қарсы потенциалды ұстанады. ҒТП бағыты бойынша сілтемелер тудырады және жұмыссыздық мәселелері мен әлеуметтік проблемаларды шешеді. ҚР- да қазірде кәсіпорынның бірнеше түрлері дамиды:

Қызметі бойынша: Өндірістік; Коммерциялық; Қаржылық; Кеңес берушілік.

Шаруашылық етуші субъектілер мөлшері бойынша: Шағын; Орта; Ірі бизнес субъектілер.

Ұйымдасқан нысаны бойынша: Жеке (индивид); Ұжымдық (АҚ, ЖШС).

Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысаны өндірістік кооператив болып табылады. ҚР – да кәсіпкерліктің экономикалық нәтижелері көбіне құқықтық база, салалық кәсіпкерлік ортаны қалыптастырады. Кәсіпкерлік құрылымы мемлекеттік қолдау деңгейін анықтайды, яғни кәсіпкерлік қызметтің дамуы бойынша меншікті жекешелендіру бойынша іске асады. Кәсіпкерлік қызметтің заңды негізі бойынша көптеген заңдар қабылданды, онда кәсіпкерлік сұрақтары қарастырылады:

Шаруашылық қызмет бостандығы, жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау, АК-ң, ӨК, МК дамуын мемлекеттік қолдау, азаматтардың құқықтарын қорғау және т.б. Кез келген экономикалық қызмет өндірістік цикл типтік фазаларымен байланысты (өндіріс - айырбас - бөлу - тұтыну), яғни кәсіпкерлікті осыған байланысты 3 түрге бөледі:

1. Өндірістік кәсіпкерлік кәсіпкерлік тікелей өнім, тауар шығару, ақпараттар, қызмет көрсету және жұмыстарды іске асыру (еңбек күшін, өндірістік қорларды, материалдық ақпараттарды пайдаланады).

2. Коммерциялық кәсіпкерлік - тауар, ақша, сауда айырбас операциялары, яғни сату, сатып алу бойынша мәмілелер жасалынады.

3. Қаржылық кәсіпкерлік – тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар сатылып және сатып алынады (негізінен рәсімдеу орын алады).

Кәсіпкерліктің қатысушысы - меншік иесінің саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді, ол өз кезегінде кәсіпорынның нақты ұйымдық құрылымдық нысандары шегінде жүзеге асады.

Кәсіпкерліктің екі түрі бар: мемлекеттік кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлік. Жеке кәсіпкерлік – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.

Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы қысқаша сөз.

Жеке кәсіпкерліктің төрт маңызды артықшылықтары бар:

  1. Ол белгілі бір істе жақсы кәсіби сапасы бар адамға өзіне қажетті жалақымен қамтамасыз етуіне, еңбекке орналасу проблемасын шешуіне мүмкіндік береді.

  2. Ол оңай әрі арзан реттеледі.

  3. Ол мемелекеттік реттеуге аз ұшырайды.

  4. Ол құжаттардың көп мөлшерін, бухгалтерияны талап етпейді.

  5. ЖК икемділік, шұғыл және басқа да шешімді қабылдау мүмкіндігі тән.

  6. Жеке кәсіпкерліктің осы түрінің кемшіліктері:

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің уақыты оны құрған жеке тұлғаның өмірімен шектелген (мұрагерлері туралы ойлаңыз).

  2. Бизнес ауқымы шектелгендіктен бастапқы капиталды жинау қиын.

  3. Берешектерге ұсынса, онда жеке меншікке қауіп-қатер төнеді.

  4. Кәсіпкерліктің барлық функцияларын (демалыс күндерінің, ауруханалық парақтар т.б.) орындау қиын.

Яғни бір адамның (меншік иесінің) қызметі ретіндегі жеке кәсіпкерлік бизнестегі алғашқы кезең. Бір адам тауарларды қайта сатумен айналысса да, «қалтқыда» ұсталып тұруға болады, бірақ сенімді бизнесті құру қиын. Бастапқы капиталды жинақтаған кезде әр кәсіпкер өз уақытында заңды тұлғаның құқықтарымен ірірек істі құру туралы шешім қабылдайды.

Жеке кәсіпкерлер әдетте жуық арада пайда беретін және сұранымы бар тауарлар өндірісіне капитал құяды. Ал қоғамның қалыпты өмір сүруіне көптеген басқа игіліктер қажет. Олардың қатарына капиталдың көп мөлшерін талдап өтетін, қайтарымы өте ұзақ мерзімді қамтитын, біразын халық тегін тұтынатын тауарлар мен қызметтердің өндірісі жатады. (күрделі және іргелі ғылыми ізденіс жұмыстары, авто-темір жолдар, аэропорттар, ірі ирригациялық құрылыстар және тағы басқа). Олар «қоғамдық тауарлар» деп аталып кетті. Сол «қоғамдық тауарларды» өндіру мемлекетке жүктеледі.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің артықшылығы мемлекеттік бюджеттің үлкен қаржымен әрекет жасауында. Мемлекеттік кәсіпорындар әрқашан ерекше ішкі және сыртқы экономикалық жағдайда болады.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің біршама кемшіліктері бар. Кемшіліктері мемлекеттік кәсіпорындардың нақты қожаларының болмауымен. Кәсіпкерлік қызметті сипаты бойынша келесі түрлерге бөлуге болады:

А) Өндірістік кәсіпкерлік-экономиканың әр түрлі салаларындағы кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтерді өндіріп, табыс табуға көзделген кәсіпкерліктің күрделі түрі, өндірістік кәсіпкерлікке тікелей материалдық өндіріс, құрылыс жұмыстарын, тасымалдау көлігі, байланыс жүйелері және тағы басқа өндіріске тікелей қатысы бар салалардағы кәсіпкерлік жатады.

Б) Коммерциялық кәсіпкерлік негізінде айырбас операцияларымен бизнесмен, саудагер мен коммерсант шұғылданатын кәсіпкерліктің түрі. Коммерциялық қызметке немесе бизнеске табыс алып келетін істің бәрін жатқызуға болады.

Коммерциялық қызметтің құрамы әртүрлі. Оның ішіне сауда бизнесі, өндірістік емес бизнесі, қызмет көрсету бизнесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]