Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері

Кәсіпкерлер субъектілері азаматтар (жеке тұлғалар) мен заңды тұлғалар болып табылады.

Азаматтар заңды тұлға құрмай-ақ, қызмет ететін кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ретінде, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерді құруға тікелей қатысатын жеке тұлғалар ретінде де кәсіпкерлік қызметке қатысушылар бола алады. Кәсіпкер болып Қазақстан Республикасының әрекет етуде қабілеттілігі бар кез келген азамат бола алады.

Азаматтардың құқық қабілеттерінің мазмұны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен бекітілген:

  • Белгілі бір меншікті иелене алады, мүлікті мұрагерлікке алады және мүлікті мұрагерлікке қплдыра алады;

  • Кәсіпкерлік қызметпен немесе заңмен тыйым салынбаған басқа да қызметпен айналыса алады;

  • Өз бетінше немесе басқа дда азаматтармен және заңды тұлғалармен біріге отырып заңды тұлғаларды құра алады;

  • Заңға қайшы келмейтін кез келген мәмілені жасай алады және міндеттемелерді орындауға қатыса алады;

  • Тұрғылықты орнын өз бетінше таңдай алады;

  • Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының, сонымен қатар басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалды меншік нәтижелерінің авторы құқығын иелене алады;

  • Басқа да мүліктік және жеке мүліктік емес құқытарға ие бола алады.

Осылайша, әрекет етуге қабілеттілігі бар азаматтарға кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін заңмен құқықтар берілген, сонымен қатар заңмен тыйым салынбаған қызметтің кез келген түрін таңдауына мүмкіндігі бар.

Яғни, кәсіпкерліктің субъектісі – жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялыры, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне – жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне, микробизнес субъектілеріне, шағын, орта кәсіпкерліктің және ірі бизнестің субъектілеріне бөлінеді.

Жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Бірақ, бірқатар заңнамалық актілерде кейбір қызметкерлерге кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шектеулер қойылған. Мысалы, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларына төмендегідей қызметпен айналысуға болмайды:

  • Өз бетінше кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

  • Өз меншігінде кәсіпорынға ие болуға;

  • Шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамның жалпы жиналысында шешім қабылдау барысында өз бетінше немесе өкілдері арқылы оларға тиесілі болатын акциялармен, салымдармен, пайлармен, үлестермен дауыс беруге;

  • Шаруашылық жүргізу субъектісінің басқару органдарында белгілі бір лауазымға ие болуға.

Әрекет етуге қабілеттілігі бар деп танылған тұлғалар белгілі бір тәртіпте, заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкерлікпен айналыса алады. Сонымен қатар осы мақсатпен заңды тұлғаларды өз бетінше немесе басқа азаматтармен және тұлғалармен біріге отырып құра алады. Заңды тұлға құрмай-ақ, кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін азамат белгіленген тәртіп бойынша – дара кәсіпкер куәлігін алуы, ал сауда жасау үшін – патент алуы керек.

Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

-дербестік және тәуелсіздік;

-экономикалық ынталылық;

-шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

-жаңашылдық.

Кәсіпкерліктің түрлері:

  1. Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.

  2. Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

  3. Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.

  4. Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық - экономикалық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]