
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-бабының 1-тармағына сәйкес «Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:
1. Дербестік. Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпкорындардың да айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік – кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық-құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау – мұның бәрі-ұйымдық дербестіктің көрінуі.
2.Тәуекелдік. Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік-жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел – табысты жұмысқа қуатты ынта.
3.Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
4. Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сәйкес субъектілер табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада, кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім арқылы ұсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену құқығын іске асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау – иелік ету және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде алады, басқа адамдарға өзінің зияткерлік қызметі нәтижесін пайдалануына құқығын беріп, лицензиялық шарттар жасасады.
5. Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.
Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік қызмет туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік қызмет өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.
Кәсіпкерлік тәуекел – жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдылығы болып табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекеліне ие, сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие.
Сонымен, кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер нәтижесінде қосымша шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі.
Кәсіпкерлік тәуекел әртүрлі белгілеріне байланысты келесідей топтастырылады:
Кәсіпкерлік қызмет түрі бойынша:
а) өндірістік тәуекел – өндірістік қызметтің кез келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты. Өндіріс өнімімен байланысты себептер: өндірістегі мәжбүрлі үзілістер, өндірістік қорлардың істен шығуы, жабдықтарды, шикізаттарды уақытында жеткізбеу және т.б.; өнім өндіруші және тұтынушы арасындағы келісімшарт өз міндеттемелерін орындай алмаумен байланысты туындайтын өндірістік тәуекел.
б) Коммерциялық тәуекел – кәсіпкермен өндірілген немесе сатып алынған тауарларп мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады. Коммерциялық тәуекелдің себептері болып нарық конъюнктурасында, коммерциялық қызмет жүргізу барысында күтпеген өзгерістердің болуы.
в) Қаржылық тәуекел – кәсіпкерліктің банкпен және басқада қаржылық институттармен қарым – қатынасынан туындайды. Негізгі себеп: зайымдық және өзіндік қаражаттардың жоғарғы арақатынасы,кредиторларға тәуелділігі, капиталдың белсенсіздігі және т.б.
2. Масштабтылығы бойынша:
а) Локальді тәуекел – бөлек фирмалардың тәуекелі.
б) Салалық тәуекел – саланың өзіндік қасиетіне байланысты.
в) Елдік тәуекел – елге тән, оның әлеуметтік – саяси жағдайының төмендеуі, инфляцияның төмендеуі т.б.
3. Пайда болу табиғатына байланысты:
а) Субъективті тәуекел – кәсіпорынның тұлғалығына байланысты. Себебі: тәжірибелердің жеткіліксіздігі, білімнің жеткіліксіздігі.
б) Объективті тәуекел – стихиялық апаттардың жеткіліксіз ақпараттығы, несиелеу, салық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі.
4. Пайда болу саласы бойынша:
а) Сыртқы тәуекел – экономика саясатындағы күтпеген өзгерістерге негізделген, себебі: үлкен территориядағы стихиялық апаттар.
б) Ішкі тәуекел – тәуелсіз менеджмент жағдайында туындайды, қате маркетинг жағдайында туындайды. Себебі: Кәсіпкерлік фирманың өзіне байланысты.
5. Сақтандырылу мүмкіндігіне байланысты:
а) Сақтандырылатын тәуекел – сақтандырушының тәуекелді өзіне алуын білдіреді;
б) Сақтандырылмайтын тәуекел – тәуекел масштабын бағалау мүмкін емес, ешкім өзіне сақтандыруды қабылдауға дайын емес.
Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.
Тәуекелді талдаудың схемасы:
1. нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
2. Айқындалған факторларды талдау.
3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:
А) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;
Б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.
4.Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
5. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
6. Тәуекелді бәсеңдету үшін шаралар жасақтау.
Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.
1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
2.Еңбек зияны –жұмыс уақытын жою, кездейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
3.Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.
4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.
Кәсіпкерлік тәуекелдерді басқару
Тәуекелді басқару үрдісінде өзекті мәселелердің бірі болып кәсіпкерлік қызметтің нәтижелеріне сер ететін және есептелетін бағалау сатысы болып табылады.
Тәуекелді бағалау- бұл тәуекел шамасын сандық және сапалық тәсілмен анықтау. Тәуекелді бағалаудың әмбебап тәсілдері жоқ. Падаланып жүрген тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бағалаудың қандай да бір белгілі тәсілін таңдау нақты жағдай мен кәсіпкер тұлғасына байланысты. Сондықтан, сандық-сапалық тәсілді ұштастырып, яғни, кәсіпкерлік тәуекелді құрамдастыру әдісімен бағалауды өткізген дұрыс.
Сапалық бағалау барлық мүмкін болатын тәуекелдердің идентификациясымен сипатталады. Сапалық бағалау салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін, оның басты міндеті – орындау барысында тәуекел пайда болатын факторларды, жұмыс сатыларын анықтау.