
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді (1680-1734 ). Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды. Француз экономисті Жан-Батисг Сейннің (1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
Әйгілі ағылшын экономисі Адам Смит (1723-1790) кәсіпкерді жекеше қызмет атқаратын жеке меншікке және оның қызметін кәсіпкерлердің жеке қызығушылығымен байланыстырды.Бұл негізді кәсіпкер өзі өндірісті жоспарлап ,өзі ұйымдастырып және алынған пайданы өзі бөліуі тиіс болды.
Ағылшын экономисті Давид Ричардо(1772-1823) кәсіпкерді қарапайым капиталист ретінде қарастырды.
Кәсіпкерлікке бағалы жаңа бағаны ХІХ ғ. соңында ағылшын э-ті Аллон Маршал берді(1824-1924). Бұдан соң толық кәсіпкерлік мінездемені өз жұмысында американ экономисті Йозеф Шумпетер берді.
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңіл жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша «қымбат» алынып, «арзан» қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметті бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған «СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы «Кооперация туралы заң» қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттік болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылдады. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына «Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы» (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. шағын кәсіпкерліктің субъектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та емес, сауда шықты.
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен байланысты. Яғни, кәсіпкерліктің дамуы үшін оның құқықтық базасы, әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Азаматтық заңнамада кәсіпкерлікке мынадай анықтама берілген: меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген. Бұл анықтамадан кәсіпкерлік қызмет тек бұл күнде ғана емес, барлық кезде де болған және жүзеге асырылған деуге болады. Мысалы, орта ғасырларда пайдаланылған «Жібек жолы». Осы жол арқылы бергісі Қытай, арғысы Үнді елдері және осы аралықта мекендеген қаншама халықтар мәдени байланыстар орнатып, алыс-беріс сауда жасап жатты. Кәсіпкерлік қызмет түсінігінің мазмұнды анализі оның басқа өзінің ұғымына жақын түсініктерінен анықталады. ҚР Конституциясы кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызметпен айналысуға құқықтарды бекіткен.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын.
Кәсіпкерлік төрт сатыдан тұратын процес болып табылады:
1. Жаңа идеялар іздеуді бағалау (сұраныс бойынша және пайда болжамы).
2. Бизнес жоспар құру.
3. Қажетті ресурстарды іздеу.
4. Кәсіпорындарды басқару.
Кәсіпкерліктің отандық теория мен тәжіребиеден келесідей маңызды қағидалары бар.
1. Қызметтің еркіндік негізінде еркін таңдаулы.
2. Кәсіпкерлік қызметке оның қаржысы мен мүлкіне заңды және заңсыз тұлғаларды тарту.
3. Қызмет бағдарламасын өз еркімен құру,тұтынушылармен қызметті ұсынатын товарларды дайындайтын,өндіретін өндірушілерді өз еркімен құру және т.б.
4. Жұмыскерлерді еркін қабылдау.
5. Маталарды техникалық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды пайдалану, оларды тарту.
6. Заңға сәйкес экономикалық қызметтердің кәсіпкер мен еркін сезінуі оны жүзеге асыруы.
Кәсіпкерліктің маңызды функциялары болып табылатындар мыналар.
1. Новаторлық функция техниканың ұйымдастырылған және басқарылған жұмыс процесіндегі жаңа идеялардың жүзеге асуы, тәжірбиелі конструкторлық өндеулер,жаңа товарлар мен жаңа қызметтердің пайда болуы.
2. Ұйымдастырылған функция өндірісті ұйымдастыруда жаңа формалар мен тәсілдерді еңгізу жаңа жалақы формасын, өндірістік жүйенің негізгі элементтерін енгізу.
3.Шаруашылық функциясы еңбек материалды қаржылық интелек-туалдық және оқылықтың ресурстарды тиімді пайдалану.
4.Элементтік функция қоғамға қажетті элементтің заңдар талабы-на сәйкес товарлар мен қызметтерді ұсыну.
5.Тұлғалық функция кәсіпкердің жеке мақсатын іске асыру мақ-сатында, өз қызметінен қанағат алу барысында өз-өзін жүзеге асыру.
Кәсіпкерлік қызметің әдістемесі болып, зерттеу әдісі, яғни жүйелі құрылымдық анализдің маңызды элементтері,тарихи және логикалық жолдары, қарсылық принциптері, анализ және синтез және т.б. жатады.
Кәсіпкерлік қызмет теориясының методологиялық базасы деп диа-лектикалық зерттеу тәсілі б.т.жүйелі құрылымның анализдің элементі, тарихи және логикалық бағыттары, анализ және синтез, абстракциялық тәсіл және басқаларды жатқызамыз.
Жүйелік бағыт дегеніміз – кәсіпкерлік қызмет топтарының кешендік мінездемелік негізгі бөлімшелерің білдіреді.
Логикалық бағыт дегеніміз – кәсіпкердің қызметіндегі негізгі іс шаралардың анықталуын көрсетеді.Кәсіпкерлік идеяның тууынан, оны жүзеге асыруға дейінгі аралықтағы процесс.
Анализ тәсілі – жалпы процестің жеке тауарларын анализдеу бағытында анықталып бұдан соң, синтез этапы пайда болады.
Абстракциялық тәсіл – өмір сүрмейтін әрекеттер мен құбылыстардың пайда болуынан тыс, екі жақтың процесінен бас тарту, яғни тұрақты байланыстардың, құбылыстың ішкі мақсаттарын алуда пайда болды.
Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық қағидаларына қысқаша тоқталайық. Оларға мыналар жатады:
Кәсіпкерлік қызметтің еркіндік принципі.
Бұл негігі принцип. Ол ҚР Конституциясы 26-бабының 1-тармағында: «Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар» деп бекітілген.
Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де, заңнамалық актілерде таба аламыз. Ол кәсіпкерлік мүлікті қолданудың (айналымнан шығарылмаған) кез келген түрлерін пайдалана отырып және т.б. кәсіпкерліктің кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген нысанда өз ісін бастауға және жүргізуге құқығын білдіреді.
Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам мүддесіне орай конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада шектелуі мүмкін. Сонымен, ол шаруашылық қызметтің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым-жартылай шектеледі.
Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық теңдік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принципі. Ол Конституцияның 6-бабында бекітілген. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Оған сәйкес заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық, коммуналдық немесе жеке меншіктегі мүлікті қолданып жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі бір түрлеріне қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды.
Бәсекелестікті ұстап тұру мен монополизациялауға және жосықсыз бәсекеге бағытталған (Конституцияның 26-бабы) экономикалық қызметке жол бермеу принципі. Бұл принципті сақтау – нарықтық экономиканы дамытудың және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың қажетті шарты. Мұнда ҚР 2001 ж. 19-қаңтардағы «Бәсекелесу және монополистік қызметті шектеу туралы» заңына маңызды рөл беріледі.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында – кәсіпкерлердің және мемлекеттің жұрт алдындағы және қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.
Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы – құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маңыздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуға болады. Бұл принциптің түпкі мақсаты – тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз құрылымдарын құру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық құпияны сақтауға, әділ салық салуға мұқтаж болады. Дәп осыған ҚР АК 10-бабының, 1992 ж. 4-шілдесіндегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы»; 1997 ж. 19-маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы»; 1998 ж. 31-наурыздағы «Шаруа (фермер) қожалығы» және кәсіпкерлік қызметті реттейтін басқа заңдардың нормалары бағытталған.