Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Кәсіпкерлік құқық жүйесі.

Құқықтың жан-жақты саласы ретіндегі кәсіпкерлік құқық жүйесін кәсіпкерлік қатынастарға ықпал ету көлемі және сипаты бойынша өзара ерекшеленетін құқық институттары құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлік құқық институттары оларды тудыратын нормалардың, сонымен қатар құқықтың басқа салаларын реттеу құралы да болып табылатынымен сипатталады. Құқық институттарын құқықтың кешенді саласы аясында саралау (дифференциация) құқықтық нормалардың бір немесе басқа тобының (жиынтық) қаншалықты өзгеше және дербес екендігін есепке ала отырып жүргізіледі. Құқық институттарының өздері құқық теориясында құқық саласының жалпы және ерекше бөлімдері деген атау иеленген екі үлкен қауымдастыққа топтаса болады.

Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөлім жүйесіне оның құқықтың кешенді саласы ретіндегі мәнін ашып көрсететін төмендегі құқық нормаларының жиынтығы (құқық институттары) кіреді:

  1. кәсіпкерлік құқыққа кіріспе;

  2. шет елдердің сауда құқығы;

  3. кәсіпкерлік құқықтық қатынастар;

  4. банкроттық;

  5. республикалық және коммуналдық меншікті мемлекетсіздендіру, жекешелендіру;

  6. кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;

  7. кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;

  8. кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау;

  9. экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады.

Ерекше бөлімнің басқаша арнайы құқық институттары деп аталатын құқық нормаларының жиынтығы (институттар) қатынастардың жекелеген аспектілеріне немесе түрлерін реттеуге арналған. Сол себепті кәсіпкерлік құқықтың ерекше бөлімін мынадай құқық нормаларының жиынтығы құрайды:

  1. монополистік әрекетті құқықтық реттеу;

  2. өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету;

  3. баға мен тарифтерді құқықтық реттеу;

  4. инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу;

  5. несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу;

  6. есеп пен бақылауды құқықтық реттеу;

  7. сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;

  8. еркін экономикалық аймақтарды құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.

Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.

Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері Конституция, Конституциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар, Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және өкілетті органдарының актілері жатады.

Яғни, кәсіпкерлік құқық қайнар көздері:

1. ҚР Конституциясы (кәсіпкерлердің Конституциялық кепілдігі бекітілген).

2. Азаматтық Кодекс (Бәсекелестік, шарттар бекіту нормалары, ішкі фирмалық қатынастар, ішкі қатынастарын реттейді).

3. ҚР-ң Заңдары: 1. «Бәсекелестік және тауар нарығындағы монополиялық қызметті шектеу туралы» Заң, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заң. 2. Субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын заңдар. 3. Бөлек кәсіпкерлік қызмет түрлерін реттейді. Ол заңдар (Инвестициялық қызмет, Байланыс туралы, Жарнама туралы заңдар). 4. Кәсіпкерлік қызметке талаптарды бекітетін заңдар (Стандарттау, сертификаттау, экологиялық сараптама, лицензиялау туралы). 5. Белгілі бір кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субьектілердің құқықтық жағдайларын анықтайтын салаларды реттейтін заңдар (Банк және банктік қызметі туралы, тауарлық биржа және биржалық қорлар туралы заңдар).

4. Заңды актілер: Президент жарлықтары, Үкімет қаулылары, атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері.

5. Жоғарғы Кеңес қаулылары.

6. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шаруашылық құқықтық нормативтік құқықтық актілері.

7. Локальды нормативті актілер.

8. Халықаралық шарттар.

9. Іскерлік айналым, әдет-ғұрып (сыртқы саудада су тасымалдауында орын алады).

II - ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік қызмет түсінігі. Кәсіпкердің іскерлік этикасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]