
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
Жосықсыз бәсеке – дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға-екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Монополияға қарсы органның нұсқамаларын, шешімдерін орындаудың міндеттілігі
Монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда рынок субъектілері (олардың лауазымды адамдары) монополияға қарсы органның нұсқамаларына, шешімдеріне сәйкес тәртіп бұзушылықты тоқтатуға, оның ішінде: 1) монополияға қарсы органның нұсқамасын, шешімін ол белгілеген мерзімде орындауға; 2) келтірілген шығынды өтеуге; 3) монополияға қарсы заңдарды бұзушылық нәтижесінде алынған монополиялық табысты бюджетке аударуға; 4) Заңды бұзушылықты тоқтатуға және (немесе) олардың салдарын жоюға; 5) орын алған тәртіп бұзушылыққа дейінгі жағдайды қалпына келтіруге немесе нұсқамада, шешімде көрсетілген өзге де іс-әрекеттерді жасауға; 6) монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңдарға сәйкес келмейді деп таныған актілердің күшін жоюға; 7) шартты бұзуға немесе оған өзгерістер енгізуге; 8) рыноктың басқа субъектісімен шарт жасасуға; 9) белгіленген талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, бөлу немесе бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыруды жүзеге асыруға; 10) нұсқамада, шешімде көзделген өзге де іс-әркеттерді орындауға міндетті.
Монополияға қарсы заңдар бұзылған жағдайда монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік тәртіппен айыппұлдар салуға құқылы.
Монополияға қарсы заңдарды бұзушылық үшін жауаптылық монополияға қарсы заңдардың бұзылғанына кінәлі тұлғалар ҚР заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады. Рынок субъектілерінің жауаптылығы Рынок субъектілері мынадай құқық бұзушылықтар: 1) монополияға қарсы органның нұсқамасын, шешімін мерзімінде орындамағаны; 2) Азаматтық Заңның 17 және 18-баптарында көзделген тәртіпті бұза отырып іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасағаны; 3) монополияға қарсы органның осы Заңның 17-бабының 3-тармағына және 18-бабының 4-тармағына сәйкес қоятын заңды талаптарын орындамағаны; 4) құжаттарды не осы Заңның 17 және 18-баптарына сәйкес табыс етілуге тиіс өзге ақпараттарды монополияға қарсы органның талап етуі бойынша мерзімінде табыс етпегені; 5) монополияға қарсы органға күмәнді мәліметтер бергені; 6) Азаматтық Заңның 17 және 18-баптарында көзделген өтініштер мен хабарламалар негізінде ақпарат берудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін айыппұл төлеу түрінде жауапты болады.
XII - ТАҚЫРЫП. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
Тұтынушы – өзінің жеке өнімін қоса алғанда, кез келген өндірген өнімді, кез келгеннің қызметін пайдаланатын тұлға немесе ұйым.
Біз күнделікті нан, сүт, картоп сатып аламыз, шаштаразға барамыз, ұялы байланысты қолданамыз, басқаша айтқанда – тауарлар мен қызметтерді пайдаланамыз. Бұл үшін ақы төлейміз, сондықтан оның орнына бізді қанағаттандыратын сапалы өнім алуға құқылымыз. Дамыған елдерде тұты-нушының құқығы сенімді түрде заңнамамен бекітілген және атқарушылық деңгейде қорғалған. Қазақстанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау кепілдігін 1991 жылғы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң қамтамасыз етеді. Бұл заңның бүгінгі күні өзекті болып саналатын мәселелерді қамтитын жаңа редакциясы 2009 жылы күшіне енді.
Азаматтық кодекске сәйкес әрбір тұтынушы алған қаржы қызметтеріне қанағаттануына құқылы.
Әрбiр тұтынушының, атап айтқанда:
- тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметтi пайдалану үшiн еркiн шарт жасасуға;
- тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тиiсiнше сапалы және қауiпсiз болуына;
- тауарлар (жұмыс, қызмет) жөнiнде толық және анық мәлiмет алуға;
- тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарына бiрiгуге құқығы бар.
Тұтынушыларды қорғау мәселесі жеке тұтынушылар арасында қатынастар мен өзара әрекеттеріне қатысты, яғни қатардағы азаматтарға және қаржы мекемелеріне де қатысты екендігін атап өту керек. Кез келген ұйымның қаржы қызметтерін пайдаланатын заңды тұлға (фирма, банк, кәсіпорын), қорғауды қажет ететін қаржы қызметтерінің тұтынушылар санатына кірмейді. Өйткені, мысалы, инвесткомпания – бұл тәжірибесі жоқ жеке тұтынушымен салыстырғанда, өзінің мүддесін қорғай алатын жоғары білікті кәсіби клиент.
Тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін араласу қажеттілігі қаржы қызметтерінің нарығы жеке тұтынушыларды қорғай алмаған жағдайда туындайды. Академиялық әдебиетте жеке тұтынушылардың мүдделерін шектейтін нарықта алты әлеуетті қиындықтар бөліп көрсетілген:
1) Тұтынушыларға сай келмейтін ақпараттар. Ақпарат кейбір тұтынушылар үшін қымбат немесе оған қол жеткізу қиын болуы мүмкін.
2) Тұтынушылардың қаржы өнімдерінің сапасын бағалай алмауы. Күрделі қаржы өнімдеріне қатысты барлық тиісті ақпарат ашылғанымен, оны бағалау қиынға соғуы мүмкін.
3) Сапасыздық проблемасы. Тұтынушылар, қаржы мекемелері өз өнімдерін тұтынушылардан жақсы білетінін мойындайды. Кейбір тұтынушылар сапасыз өнімдерден қауіптеніп нарықтан шығуы мүмкін.
4) Шоттарды басқарудағы тәуекелге әр түрлі бейімділік. Инвесторлардың қорларын басқаратын қаржы мекемесі басым тәуекелді қабылдай алады, өйткені, инвестор төмендету тәуекеліне қатысады, ал қаржы мекемесі арттыру мүмкіндігін пайдаланады.
5) Мүдделердің даулары. Қаржы мекемесі инвестордың активтерін мекемеге пайда және инвесторға шығын әкелетін инвестицияларға орнықтыруға ықпал етеді.
6) Жеткізушілерді бақылау қажеттілігі. Егер қадағалау органдары белсенді болмаса, онда тұтынушылардың тобы жұртшылыққа ұсынылатын қаржы қызметтерінің сапасын бақылауы тиіс.