
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
Заңды бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған монополистiк және қандай болса да басқа қызметке жол берiлмейдi.
Заң құжаттарында көзделген реттердi қоспағанда, кәсiпкерлердiң азаматтық құқықтарды бәсекелестiктi шектеу мақсатында пайдалануына, соның iшiнде:
1) кәсiпкерлердiң рыноктағы өздерiнiң үстем жағдайын пайдаланып, атап айтқанда, тауар тапшылығын жасау немесе бағаны көтеру үшiн тауар өндiрудi шектеу немесе тоқтатып тастау, не айналыстан алып тастау арқылы қиянат жасауына;
2) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi адамдардың баға, рыноктарды бөлiсу, басқа кәсiпкерлердi аластау туралы және бәсекелестiктi едәуiр шектейтiн өзге де жағдайлар туралы келiсiмдер жасасуына және оларды орындауына;
3) ұқсас кәсiпкерлiк қызмет жүргiзушi адамның және тұтынушылардың заңды мүдделерiне қысым көрсетуге бағытталған терiс пиғылды әрекеттер жасауына (терiс пиғылды бәсекелестiк), атап айтқанда, тұтынушыларды басқа кәсiпкердiң тауар дайындаушысы, дайындау мақсаты, әдiсi мен орны, сапасы және өзге де қасиеттерi жөнiнен шатастыру арқылы, тауарларды жарнамалық және өзге де ақпаратта әдепсiздiкпен салыстыру, бөтен тауардың сыртқы безендiрiлуiн көшiрiп алу арқылы және басқа да әдiстермен шатастыруына жол берiлмейдi.
Терiс пиғылды бәсекелестiкке қарсы күрес жөнiндегi шаралар заң құжаттарымен белгiленедi.
Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу нарықтық экономика елдерінде қолданылады. Монополиялық өндірісті тежеу мақсатында мемлекет әкімшілік және экономикалық шарадан басқа, заң бойынша әділеттілік шаралар қолданады.
Жалпы қорытып айтқанда, өндірушілердің нарықты монополияндыруынан қорғау мақсатында монополияға қарсы реттеу үшін өкімет әкімшілік, экономикалық және заң актілерін қолданады.
Монополияға қарсы реттеу жұмысына өндірісті шоғырландыру және монополиялау деңгейін реттеуге, кәсіпорынның стратегия және тактикасын, шетелдік экономикалық қатынастарды, баға және салықты реттеуге араласады.
Монополияға қарсы комитеттің негізгі функциялары:
өндіріс және айналым сфераларында монополияны тежеу үшін шаралар жасақтау және оны іске асыру;
тауар нарығы мен бәсекелестікті өркендету шаралары жөнінде нұсқау жасақтау;
шаруашылық субъектілерінің өндіріс саласында дара басымдылығы болмау үшін ірі мөлшерде акциялар сату және сатып алуды бақылау;
монополияға қарсы комитет тауар нарығын және бәсекелестікті жетілдіру мақсатында билік және басқару органдарына кепілдеме жасақтау;
еркін, реттелген, алдын-ала белгіленген бағалардың қолданылатын ортаны өзгерту;
шетел инвестициясын ынталандыру, біріккен кәсіпорындар жасақтау;
экспорт-импорт операцияларына лицензия беру;
еркін экономикалық аймақтарды жасақтау және дамыту.
Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті – лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.