Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Коммерциялық құпия түсінігі.

Жеке кәсіпкерлік туралы заңның 11-бабында жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпаратты қорғау туралы көзделген. Коммерциялық құпияны қорғау коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салудан тұрады. Жеке кәсіпкерлік субъектісі коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы бар адамдар тобын айқындайды және оның құпиялылығын қорғауға шаралар қолданады.

Яғни, коммерциялық құпия дегеніміз - шаруашылық жүргізуші субъектінің мүдделеріне зиян келтіру мүмкін өндіріске, технологиялық хабарламаға, басқаруға, қаржыға және оның басқа да қызметіне байланысты мемлекеттік құпия емес мәліметтер. Коммерциялық (кәсiпкерлiк) құпия заңмен қорғалады. Коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi анықтау тәртiбi, оны қорғау құралдары, сондай-ақ коммерциялық құпия құрамына енбейтiн мәлiметтер тiзбесi заңдарда белгiленедi.

Ақпаратты қолжетімділік санатына жатқызу тәртібін, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сақтау және пайдалану шарттарын жеке кәсіпкерлік субъектісі айқындайды. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз әдістермен алған, жария еткен немесе пайдаланған адамдар келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге міндетті.

Жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе ол уәкілеттік берген адам өз қызметкерлерінен коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу туралы қол қоюын талап етуге, ал оны тексеруді жүзеге асыратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік туралы ескертуге құқылы. Міндетті түрде жариялануға не акционерлердің, шаруашылық серіктестік қатысушыларының немесе өзге де белгілі бір адамдар тобының назарына міндетті түрде жеткізуге жататын ақпараттың тізбесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісінің құрылтай құжаттарымен белгіленеді. Жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркеу, бақылау функцияларын орындау кезінде және басқа да іс-әрекеттер жасау кезінде мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, оларға жүктелген функцияларды іске асыру үшін қажетті ақпараттан басқа, коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты бермеуге құқылы. Мемлекеттік орган өзіне жүктелген функцияларды іске асыру барысында алған жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы кез келген ақпарат, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, жария етілуге және таратылуға жатпайды.Құқық қорғау органдары прокурор санкциясы, тергеу органдарының қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы негізінде не сот қаулысының негізінде жеке кәсіпкерлік субъектісінен де, мұндай ақпаратқа ие мемлекеттік органдардан да қажетті ақпаратты, соның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. Заңды күшіне енген сот шешімі бар ақпаратты қоспағанда, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жеке кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз жария етуге болмайды. Жеке кәсіпкерліктің нақты субъектісінің қызметі туралы мәліметті ашпайтын, жинақталған ақпарат жалпыға қолжетімді болып табылады.

Коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтердің құрамы мен көлемін шаруашылық жүргізуші субъектілер анықтайды, бұл туралы мүдделі адамдарға жазбаша түрде хабарланады.

Коммерциялық құпияны қорғау дегеніміз- шаруашылық жүргізуші субъектінің мүдделеріне зиян келтіру мүмкін өндіріске, технологиялық хабарламаға, басқаруға, қаржыға және оның басқа да қызметіне байланысты мемлекеттік құпия емес мәліметтерді жариялауға тиым салу, яғни мәліметтерді белгілі бір немесе белгісіз адамдар тобы арасында қабылдауға болатын кез келген түрде таратуға тыйым салу, сондай-ақ ондай мәліметтерді басқа бір адамға беруге тыйым салу, сондай-ақ ондай мәліметтерді басқа бір адамға беруге тыйым салу.

Егер ол коммерциялық құпия құқы субъектісіне зиян келтіретін болса, коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерді заңсыз алған адам оларды қарақан басының қамына пайдалауға құқы жоқ.

Басқа шаруашылық жүргізуші субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылатын өндірістік, ұйымдық, қаржылық және өзге жаңалықтар коммерциялық құпия режимін бұзбай алынған болса, оларды пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерге тыйым салынбайды.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың коммерциялық құпияны қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері, коммерциялық құпия болып саналмайтын мәліметтер тізбесі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 ж. 4 шілдедегі Заңында көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 158 бабына сәйкес коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Меншiк иесiне немесе, заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.

XI - ТАҚЫРЫП. Бәсекелестік құқығының негіздері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]