
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Банкроттық.
Кәсіпкердің дәрменсіздігі (Азаматтық Кодекстің 52 бабы) оны банкрот деп тануға негіз болып табылады. Жеке кәсіпкерлік банкроттығы осы Азаматтық Кодекстің 52 бабының 4 және 5 тармақтарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, заңды тұлғалар үшін белгіленген ережелер бойынша ерікті немесе мәжбүрлі тәртіппен танылады. Жеке кәсіпкерді банрот деп таныған кезден бастап оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің күші жойылады. Жеке кәсіпкерге банкроттық рәсімін қолданған кезде оның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес міндеттемелер жөнінде несие берушілері, егер осындай міндеттемелер бойынша орындау мерзімі жетсе, өз талаптарын қоюға хақылы. Аталған несие берушілердің осындай тәртіппен мәлімдемеген талаптары, сондай-ақ конкурстық жиынтықтан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшін сақтап қалады және банкроттық рәсім аяқталғаннан кейін жеке тұлға ретінде борышкерден өндіріп алуға қойылуы мүмкін. Бұл талаптардың мөлшері борышкердің банкроттығы процесінде алынған қанағаттандыру сомасына кемтіледі.
Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғанға дейін конкурстық жиынтықтан сот шығыстары, сондай-ақ олар тағайындалған жағдайда конкурстық және оңалтушы басқарушыларға сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар өтеледі. Жеке кәсіпкер банкрот деп танылған жағдайда, оған несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру соған тиесілі мүлік есебінен мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
бірінші кезекте алимент өндіріп алу жөніндегі талаптар, сондай-ақ өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;
екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбекақы және өтемақыларды төлеу, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді төлеу жөніндегі, тұлғаның кірісінен ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысулар жүргізіледі;
үшінші кезекте несие берушілердің жеке кәсіпкерге тиесілі мүлік кепілімен қамтамасыз етілген талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;
төртінші кезекте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек өтеледі;
бесінші кезекте заңнамалық актілерге сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысулар жүргізіледі.
Банкрот деп танылған борышкер несие берушілермен есеп айырысып болғаннан кейін кәсіпкерлік қызметке байланысты қалған міндеттемелерді орындаудан босатылады, бұған банкрот деп жарияланған адамның азаматтардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын талаптары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жеке сипаттағы өзге де талаптар қосылмайды.
Х - ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қорғау және сақтау
Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
Кәсiпкерлiк - меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Мемлекет кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне кепiлдiк бередi және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етедi.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау саласындағы қатынастарды «шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңмен реттеледі. Инновациялық қызмет шағын кәсіпкерлік субьектілерінің жаңа өнім өндіру немесе өндірісте өнімдердің сапасын жақсартып, шығынын оны өндіру әдістерін жетілдіру мақсатымен ғылыми білім және жаңа техникаларды пайдалануға бағытталған қызмет.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі комиссиялар – ҚР Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультациялық кеңесші органдар. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары: - шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымдығы; - мемлекеттік қолдаудың кешенділігі; - оны қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын кәсіпкерліктің барлық субьектілері үшін қол жеткізерлік болуы;- оны қолдау мен дамыту саласындағы халықтық ынтымақтастық болып табылады.
Заңдарда тыйым салынбаған қызметтi жүзеге асырушы кәсiпкерлердiң құқықтары:
1) лицензия берiлетiн қызмет түрлерiнен басқа кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;
2) экономиканың барлық салаларындағы кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр ғана тiркеушi органды тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен жүргiзетiн тәртiбiмен;
3) кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердi заң құжаттарымен шектеу арқылы;
4) кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату арқылы;
5) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшiн тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу арқылы;
6) мемлекеттiк органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi жасағаны үшiн олардың алдындағы заңдарда белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту арқылы;
6-1) атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу арқылы;
7) заңдарда көзделген өзге де амалдармен қорғалады.
Жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау тәртібін енгізу ұлттық қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында белгіленеді. Қазақстан Республикасының заңдарында өнімге қатысты белгіленген талаптар, жекелеген өнім түрлерінің, процестердің сәйкестігін міндетті растау жөніндегі талаптар және (немесе) қызметті мемлекеттік бақылау мемлекеттік әкімшілік ету мақсаттарына қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайларда жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау белгіленеді.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау саясаты қызметтің басқа түрлерін ұзақ мерзімді және орта мерзімді несиелеу үлесін ұлғайтуға, аймақтық деңгейінде кепілдік қорлар мен несие серіктестерін құруға бағытталады. Бүгінгі күнге, коммерциялық банктерден шағын бизнеске берілетін несиелер бойынша пайыздық ставкалар мөлшері валютада 16-18% және теңгеде 20-24 %-ға дейін құрайды. Алынған несие ресурстарын игерудің орташа мерзімі шамамен 11-12 ай. Ұлттық банк пен Үкіметке шағын бизнес секторын дамытудың арзан халықаралық бағдарламалық заңдарына қызмет көрсету кезінде банк маржасының төмен ставкаларын белгілейтін шараларды, екінші деңгейдегі банктерді басқа көздерден несиелеу ставкаларын төмендетуге ынталандыру жөніндегі шаралар қолданған.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі қолайлы жағдай жасаудың, онда кеден бажын төлеудің жеңілдікті режимі де қамтылады, құқықтық режимін белгілеу болып табылады.
Бұл саладағы негізгі шара сыртқы экономикалық операциялар бойынша құжаттарды хаттау процедураларын оңайлату мен мерзімдерін қысқарту, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кеден тарифтерінің жеңілдікті жүйесі жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасау болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру ыңғайында тану болашақта шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта құру көзделген.
Қазір қор қажетті инфрақұрылымдар мен аймақтардағы өкімет органдарының өзара ықпалдастығы болмауы себепті шағын кәсіпкерлердің қолы жетпес ұйымға айналып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік өкіметтің жергілікті орындарын қор қызметіне кеңінен тарту жоспарланған.
Қор қарыз алушылар мен банктер арасындағы делдал қызметін өзіне алады. Бұл тапсырылған жобаларды қарау мен мақұлдау тәртібін жеделдетеді, берекесіз жолды, кәсіпкерлердің шығындарын едәуір азайтады.
Шағын бизнесті ойдағыдай дамыту үшін аймақтарда инфрақұрылымның барлық элементтерін құруды жүзеге асыру белгіленгеннен кейін олар біртұтас ұйымдық-технологиялық жүйеге біріктіреді.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту саласында жедел және қаржы лизингі операциялары іс-жүзінде дами алмай отыр.Мұндай жағдайға лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы себеп болып табылады.
Лизингтік қатынастарды тезірек енгізу мақсатында олардың дамуын мемлекеттік қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдау қажет.Франчайзинг шағын кәсіпкерлік өнімдерінің ірі бизнеспен қарым- қатынасының мейлінше тиімді үлгісі ретінде өз дамуының зор әлеуетті мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанда франчайзинг ассоциациясы-кеңестік орталығын құруға жәрдемдесу қажет.
Шағын бизнестің ортақ мүдделерін және әр субъектінің мүдделерін қорғау, мемлекеттік емес ұйымдардың ролін күшейту мақсатында «Жемқорлықпен күрес туралы» заңды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын заңды тұрғыда тиянақтау, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы үлгісі бойынша мамандандырылған ассоциацияларға бірігу көзделеді. ҚР Президенті, Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар жанынан шағын кәсіпкерлікті дамытудың қоғамдық-сарапшы кеңестері құрылған.
Қазіргі уақытта республикада 390 мыңнан астам шағын бизнес нысандары бар болса, оларда 1 млн-ға жуық адам еңбек етеді. Саланың ЖҰӨ өндірісіндегі үлесі 1998 жылға қарағанда екі еседен астамға өсіп, 2006 жылы 47,2% құраған.
Қазақстан Республикасы Презтдентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің, қазақстандық заңды тұлғалардың және кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен дамыту қорын құру көзделген. Әртүрлі үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды және шетел ұйымдарын кеңінен тарту бұл қорды қалыптастыруда бюджеттік шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Аталмыш қордың қызметі шағын бизнес жобаларына несие беруге (5 млн теңгеге дейін) бағытталуы керек және осы шартты түрде қордың ақша құралдарын конкурс негізінде Қазақстан Республикасы банктеріне орналастыру жолымен жүзеге асыру қажет.Қормен берілетін (5 млн теңгеге дейін) аздаған қатынастағы қарыз жыл сайын жобалардың әжептеуір көп бөлігін қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Тағы да Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бірлесе отырып, жеке кәсіпкерлерді қосқанда шағын кәсіпкерлік кәсіпорында мемлекеттік банктер мен екінші деңгейлі банктерде мемлекеттің қатысуымен ақысыз шоттардың ашылуын қамтамасыз ететін сәйкес шешімдер мен шаралар қабылдауды көздеп отыр. Конкурстың негізінде қазақстандық банктерді тарту, бірінші кезекте, берілген несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етеді.