Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.

Кәсіпкерліктің отандық теория мен тәжірибеден келесідей маңызды қағидалары бар:

1. Кәсіпкерлік істің еркіндігі – кез-келген ақыл-есі дұрыс, жасы толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Яғни, ҚР АК 10-бабына сәйкес, мемлекет кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау және қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі даусыз емес және қоғамдық мүдделер үшін заңмен шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, заң актілері арқылы жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған тауарларды, жұмыстардың, қызметтердің тізімдемесі белгіленуі немесе экспорт пен импортқа шектеу қойылуы мүмкін. Алайда, жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 3-бабы, 1-тармағында көрсетілгендей, жеке кәсіпкерлік тек ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған негіздемелер бойынша ғана шектелуі мүмкін.

2. Кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері мен түр-пішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі. Заңдылық қағидасы құқықтың әртүрлі салаларына тән жалпы салалық қағидаларға жатады, бірақ нарықтық қатынастар жағдайында ол айрықша және өзіне тән сипатқа ие. Бір жағынан, заңды тұлғалар және азаматтар қызметтің кез-келген түрін іске асыруға құқылы (егер оларға заң тарапынан тыйым салынбаған болса), ал, екінші жағынан, олар заң ұйғарымдарын қатаң және мүлтіксіз сақтауға міндетті.

3. Бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу, яғни,нарықтық экономика дамуының басты және бөлінбес шарты болып табылады. Аталған қағида кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілетті қатысушыларын ынталандыруға бағытталған, себебі бәсекелестік күреске төтеп беруге қабілетсіз және банкрот ретінде таратуға жататын нарық субъектілерін жояды. Оған қоса, заң шығарушы бәсекелестіктің негізгі ұстанымдары ретінде төмендегілерді атайды: жарысқа түсушілік ; адалдық; заңдылық; тұтынушылар құқығының сақталуы ( 2008 ж. желтоқсанның 25-індегі №112-IV ҚРЗ «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 4-бабы.).

Қолданылып жүрген заңдар Қазақстан Республикасында бәсекелестіктің қорғалуын қамтамасыз етеді, тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуіне қолайлы шарттар туғызады, экономикалық кеңістік бірлігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге тек таза бәсекелестік қорғалады және бәсекелестердің кәсіпкерлік қызметіне зиян келтіруге бағытталған асырасілтеушілікке жол берілмейді. Атап айтқанда, монополиялық қызметтің мұндай түрлеріне төмендегілер жатқызылады: 1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері; 2) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері; 3) басымдық немесе монополиялық жағдайды асыра пайдалану.

Сонымен қатар заңдарда олқылықтар болған жағдайда, ҚР азаматтық заңында азаматтық заңның тек жалпы негіздері мен мағынасы ғана емес, адалдық пен әділдікті талап етуді қолдану мүмкіндігі де белгіленеді.

4. Кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу.

5. Кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық.

6. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлықтарына экономикалық және әкімшілік (директивалық) ықпал ету шараларын қолдануынан көрінеді.

Қазіргі таңда мемлекеттік реттеу, әдеттегідей, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өндіріс көлемін ұлғайтуға, жаңа технологияларды енгізуге, қазіргі заман талаптарына сай жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға, өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің ассортиментін кеңейтуге мүдделілігін көтеруге бағытталған ынталандыру сипатындағы экономикалық әдістерді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттің тікелей (директивалық) ықпал етуі көпшілік (қоғамдық) мүдделерді қорғау үшін атқарылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]