Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Мемлекеттік бақылау.

Рынок субъектілері мен олардың бірлестіктерін құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды мемлекеттік бақылау. Рынок субъектілері үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдалану мүмкіндігін болғызбау мақсатында монополияға қарсы орган: тиісті тауар рыногында үлесі отыз бес проценттен асатын рынок субъектілерін құруға; тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін қайта ұымдастыруға; заңды күшіне енгізілген сот шешімі бойынша тарату жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін таратуға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Азаматтық кодекстің 17-бабы 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар рынок субъектілерін қайта ұйымдастыру, тарату кезінде монополияға қарсы органға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркеуші органға табыс ететін құжаттарға қоса, тиісті тауар рыногында үлесі отыз бес проценттен асатын рынок субъектілерін құруға , тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін қайта ұйымдастыруға, таратуға келісім беру туралы өтініш, тиісті тауар рыноктарындағы қызметтің негізгі түрлері мен өндіретін және өткізетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) көлемі туралы мәліметтер енгізеді. Құжаттар тізбесін, оларды табыс ету мен қарау тәртібін монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды. Монополияға қарсы орган қажет құжаттарды алған күннен бастап кейін 30 күннен кешіктірмей, өтініш иесіне қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Егер өтінішті қанағаттандыру рынок субъектісінің үстем (монополиялық) жағдайының пайда болуына немесе күшеюіне және (немесе) бәсекені шектеуге әкеп соғуы мүмкін болса не табыс етілген құжаттарды қарау кезінде оның ішіндегі шешім қабылдау үшін маңызды ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіні байқалса, монополияға қарсы орган өтінішті қайтаруға құқылы. Монополияға қарсы орган бәсекені қамтамасыз етуге бағытталған талаптар орындалған жағдайда өтінішті қанағаттандыруға құқылы. Бұл орайда көрсетілген талаптар, сондай-ақ олардың орындалу мерзімдері монополияға қарсы органның іс-әркеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы шешімінде болуға тиіс. Рынок субъектісі басқа рынок субъектісінің активтерін толығымен немесе ішінара иеленген жағдайда, егер бұл тиісті тауар рыногында үлесі отыз бес проценттен асатын шаруашылық жүргізуші субъектінің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін болса, ол монополияға қарсы логанды хабардар етуге тиіс. Егер монополияға қарсы орган ақпаратты алдын ала зерделегеннен кейін, өзін хабардар еткендей, рынок субъектісін құру, біріктіру, қосу бәсекені шектеуге әкеп соғуы мүмкін деген қорытындыға келсе, ол рынок субъектісін құрудың, біріктірудің, қосудың монополияға қарсы заңдардың талаптарына сәйкестігін қосымша тексеру туралы шешім қабылдайды.

Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.

Бастаушы кәсіпкердің кездесетін маңызды проблемаларының бірі – бұл мемлекеттік органдардан қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия немесе рұқсат алу болып табылады. Осындай тәртіптің қажеттілігі айқын немесе етікшінің бәліш пісіруімен айналысуы, ал бәліш пісірушінің етікшілікпен айналысуы неге әкеліп соқтыратыны бәрімізге белгілі. Қазақстан Республикасының күшіндегі заңына сәйкес «тиісті лицензиясы жоқ қызметпен айналысуы болмаса лицензиялық нормалар мен ережелерді бұзу заңмен белгіленген әкімшілік және қылмыстық жазаға қылмыстық тартылады» («Лицензиялау туралы» ҚР Заңын қараңыз, 24-бап). Одан басқа да ҚР АК 159-бабының 1-т. «қажетті лицензияны алмастан, лицензияның күші жойылғаннан кейін» жасалған келісімдердің жарамсыздығы жөніндегі ережені белгілейді. Латынның «Licentia» аударғанда, «еркіндік, бостандық» деген мағыналарды білдіреді. Әлемдік тәжірибеде «лицензия» ұғымының бірнеше мағынасы бар: 1) бұл күшіндегі заңдылыққа сәйкес лицензиялауға жататын қызмет түрлерін жүзеге асыруға өкілетті мемлекет органдарының беретін рұқсаты; 2) жекелеген тауарларды импорттау мен экспорттау үшін жекелеген ұйымдар мен адамдарға берілетін рұқсат; 3) ойлап табуларды, техникалы білімдерді, сауда белгілерін пайдалануға берілетін рұқсат; «Лицензиялау туралы» ҚР күшіндегі Заңына (2-бап) сәйкес «лицензия-дегеніміз-қызметтің белгілі бір түрімен немесе белгілі бір әрекетті жасау үшін азаматқа немесе заңды тұлғаға өкілетті органның беретін рұқсаты»

Лицензиялау – азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуге заңды мүдделері денсаулығына бағытталған, ел қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бақылау түрі. Бұл лицензияның болуымен байланысты лицензияны тоқтата тұру, жоюмен байланысты шараларды жүзеге асыру көзделген және лицензия талаптарымен шартталған жүзеге асыру кезінде лицензияттардың сақталуына лицензиялық органдардың бақылауы болып табылады. Лицензиялаудың құқықтық негіздері ҚР Азаматтық Кодексі және лицензиялау туралы заң және лицензиялау тәртібін анықтайтын заңды актілер құрайды. Лицензия нақты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар немесе заңды тұлғаларға мемлекеттік органдармен берілетін рұқсат болып табылады.

Лицензия түрлері:

1. Субьектілері бойынша: а) ҚР-ң азаматтар мен заңды тұлғаларына берілетін; б)Шетел азаматтар мен заңды тұлғаларына берілетін.

2. Көлемі бойынша: а) Бас – шексіз мерзімге берілетін нақты бір қызметпен айналысуға берілетін лицензия; б) Бір жолғы - өлшем, сан немесе рұқсат етілген көлем шегінде шаруашылық операцияларды жасауға беріледі. в) Операциялық – валюталық заңдылықтармен анықталатын, валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты операциялармен банк қызметіндегі нақты операцияларды жасауға беріледі.

3. Әрекет ету аумақтық сферасы бойынша: а) ҚР-ң нақты аумағында әркет ететін; б) ҚР-сы шегінен тыс таратылатын әрекеттерге байланысты.

Лицензия мынадай ерекшеліктерімен бөлінеді:

1. Мынадай субъектілер бойынша: а) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берілетін лицензия б) Азаматтығы жоқ шетел азаматына, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін лицензия;

2. Қызметінің көлемі бойынша: а) негізгі лицензиялар – мерзімі шектеусіз қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға беріледі, егер олар бірыңғай технологиялық жинаққа кіретін болса, бұл лицензиялар қызметтің бірнеше түрлеріне беріледі; б) бір жолғы лицензиялар – рұқсат етілген көлем, салмақ немесе санның шеңберінде белгілі бір шаруашылық операцияларын атқаруға беріледі; в) операциялық лицензиялар - банк қызметтерінде белгілі бір операцияларды және валюталық құндылықты пайдалануға қатысты операцияларды атқаруға беріледі;

3. Әрекеттің аймақтық саласы бойынша: а)әрекеттері Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағымен шектелетін лицензиялар; б)әрекеттері Қазақстан Республикасының Барлық аймақтарында жүретін лицензиялар; в)әрекеттері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүретін лицензиялар.

Алушыға (лицензиат) лицензияларды беруді заң актілерімен және де Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мемлекеттік органдар (лицензиар) жүргізеді. Лицензияны өзге бір тұлғаға беруге болмайды. Қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия беруді сондай қызметтердің жүзеге асыратын субъектілерге ешқандай да байланыссыз бір ғана орган жүргізеді, яғни банк заңдылықтарымен көзделмеген жағдайларды қоспағанда. Мемлекеттік органдарға тиісті аймақтық бөлімшелерді лицензиялау жөніндегі өкілетті беруге рұқсат етіледі. Мысалға алар болсақ, Алматы қаласы бойынша, оның мәртебесіне сәйкес Әкім аппаратының экономикасы жөніндегі Комитет сондай орган болып табылады. Оған медициналық, ветеринарлық тәрізді қызмет түрлерін лицензиялау бойынша рұқсат берілген. Мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік емес ұйымдарға, соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге бергені үшін мемлекеттік органдардың лауазымдық қызметкерлері белгіленген заңмен жауап береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]