
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.
Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).
Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қорғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көлемінің өсуін ынталандырады.
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезеңдік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;
меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;
бір жақты аудармалар.
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
Кәсіпкерлік құрылымдардың сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлер үшін теңдей жағдай жасауға және олардың шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталу керек.
Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
Сыртқы экономикалық шарттардың негізгі қағидалары. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Халықаралық сатып алу-сату шарттары.
Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларды - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономиканың заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм. Яғни бұл ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр түрлі сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық, ғылымдық, т.б. байланыстар арқылы біріккен ғаламдық экономика.
Дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер болды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық біртұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес.
Дүниежүзілік шаруашылықтың болашағына және оның дамуына әсер ететін себептер:
ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауы, жаңа технологияның тарауы;
қоршаған ортаның проблемаларындағы ғаламдық өзгерістер;
халықаралық өсу мен қоныстаудың қозғалысы;
бай және кедей елдердің арасындағы алшақтықтың өсуі.
Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар:
халықаралық еңбек бөлінісі,
тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда,
халықаралық несие,
өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы,
халықаралық валюта-қаржы қатынастары,
халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар,
экономикалық интеграция.
Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылық-тарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.
Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.
Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат рөлі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқартса ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.
Қазақсатан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазқстан Республикасының Конституциясын негізделеді және Қазақстан РеспубликасыАзаматтық кодексінің нормаларынан, Азаматтық кодекс және Қақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Негізгі ұғымдарды қарастырайық:
ҚР заңды тұлғалардың қызметіне шетелдік инвесторлардың қатысу нысанының негізі.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігін экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктері белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
IX - ТАҚЫРЫП. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу негіздері
Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты. Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Шведцияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтің пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективті қажеттілік» -дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қорытынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946 жж). Оның теориялық қорытындылары 1929-1939 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процесті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша : тұтастай сұранысты ындаландыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілетін жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45 % қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қорытынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің , Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштерін дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Яғни, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу бірнеше бағытта жүргізіледі. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу қажеттілігі қоғамның жария және жеке мүдделері арқылы қызметтерін жүргізу процесінде бекітіледі. Бұл мүдделерді жүзеге асыру әртүрлі тәсілдермен, амалдармен жүзеге асырылады және ол үшін кәсіпкерлер мен қоғамның өзара құқықтық әсер ету механизмі жасалады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тікелей және жанама болады. Тікелей реттеу әкімшілік экономикаға тән және кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі аспектілеріне қатысты ережелерден тұратын құқықтық акт негізінде жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлерді тіркеу міндеттілігі, лицензия алу – лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру шарты ретінде және өнімді және өзге сертификаттау міндеттілігі болып табылады. Нарық жағдайындағы шаруашылық үстемділігі - әртүрлі экономикалық рычагтарды қолдануда реттеудің жанама әдістері бар. Ол әдістерге несие жеңілдіктерін ұсыну, дотация, субсидиялар ұсыну, салық салу бойынша жеңілдіктер жатады. Мысалы: заңмен іс сапарлық аударымдар нормалары, жарнама шығындар, өкілдік шығындар көзделген. Сыртқы сауда қызметтерін тарифтік емес реттеу экспорт және импортты квоталау жолымен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу түрлері оны жүзеге асыру сатыларына бөлінеді. (Бұл тіркеу лицензия алу және т.б.).
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік-экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қоғамсыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да, нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуальді проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысандары. Мемлекетке мынадай функциялар жүктеледі:
Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар уәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.
Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс-кредит, ғылым-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай туғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.
- ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі;
- валютаны алып-сатушылық басталады;
- елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі;
- тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;
- инвестицияның қысқаруна т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.
4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.
Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.
Мемлекет бұл саясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5.Бәсекелестікті қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік - негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік – барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске енгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы – қожа, нарық – агент, ал кәсіпорын –оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.
Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектиканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.