Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.

Сыртқы экономикалық шарттар түсінігі, құқықтық реттеу.

Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін әртүрлі мемлекеттермен сыртқы экономикалық қатынастарын дамыта бастады. Бұл қатынастарды дамыту бүкіл әлем алдында тұрған мәселелерді барлық мемлекеттер бірлесе отырып шешуде үлкен маңызға ие. Себебі, бұл мемлекеттің сыртқы зкономикалық қызметін құқықтық реттеуді қажет етеді.

Тауарларды сатып алу және сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету үшін, кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шығады, яғни, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады.

«Сыртқы экономикалық қызмет» термині алғаш рет Қазақ КСР-інің 1990 ж желтоқсанның 15-ндегі № 408-ХII «Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері» деген Заңымен енгізілді. Аталған Заңның 1-бабына сәйкес, «Қазақ КСР-індегі сыртқы экономикалық қызмет» болып «заңды тұлғалардың және азаматтардың шетелдік заңды тұлғалар және азаматтармен экономикалық, сауда-саттық, валюта, ғылыми-техникалық, мәдени және басқадай қатынастарын қамтитын қызметі» саналады. Қолданылып жүрген заңда қандай қызметтің сыртқы экономикалық деп танылатыны арнайы айтылмайды, бірақ көптеген нормативтік құқықтық актілерде бұл термин пайдаланылады (ҚР Азаматтық кодексінде, Кеден кодексінде, Салық кодексінде және т.б.), ал кейбір заң актілерінде бұл ұғымның жекелеген аспектілері ашып көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1996 ж. маусымның 18-індегі № 9-1 «Экспорттық бақылау туралы» Заңының 1-бабында «сыртқы экономикалық қызметтің қатысушысы» ұғымына «бұл – экспортты, қайта экспортты, импортты, қайта импортты және өнім тасымалдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, шетелдік заңды және жеке тұлғалар» деген анықтама берілген.

Сонымен, сыртқы экономикалық қызмет дегеніміз – нарықтық экономиканы қалыптастырып, оны тұрақтандыру, оның әлемдік экономикаға кіру және ең басты республиканың тұрғындарының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында осы сфера субъектілерінің экспорт, импорт, шетел инвестициясы мәселелері, сақтандыру, материалдық және басқа да өндіріс облысында өзара кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Міне, осы сыртқы экономикалық қызмет мақсаты бағытталған сипатта болуы керек, ал осы аймақта әрекет ететін азаматтар белгілі бір тәртіптерді білген жөн, осыған сәйкес бұл әрекеттер дамуға тиіс.

Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызмет аймағындағы субъектілер дегеніміз – Қазақстан Республикасының ішкі, сыртқы экономикалық заңдарында мәртебесі айқындалған меншік нысанына тәуелсіз горизонтальды және вертикальді сипаттағы қатынастарға түсе алатын, қызметі аймағындағы кәсіпкерлік, сақтандыру, инвестиция, салық салу және басқа да экономикамен тығыз байланысты кез келген субъектіні жатқызуға болады. Сыртқы экономикалық қызмет аймағындағы субъектілерге олардың қызмет аймағындағы құзыреттілігінің көлемінен және қызмет түрінен тәуелсіз құқықтарының жағдайын қамтамасыз ететін тең негіздегі заңдар реттейді. Арттар негізінде, сонымен қатар мемлекеттің ішкі заңдарына сүйене отырып, дербестік таныта алады.

Сонымен ҚР-ның сыртқы экономикалық қызмет саласының субъектілерін қызмет бағытына және реттеу ықпалына қарай 2 топқа бөлінеді.

1. ҚР Президенті, Парламенті және атқару билік органдары;

2. Арнайы субъектілері:

  • ҚР-ның өндіріс және сауда министрлігі;

  • ҚР-ның қаржы министрлігі;

  • Кеден комитеті;

  • Сыртқы істер министрлігі;

  • Ұлттық банкі;

  • ҚР-ның екінші деңгейдегі банкілері;

  • ҚР-ның аймақтық сауда өндірістік палаталары;

  • ҚР-ның мемлекеттік кіріс министрлігі жанындағы инвестициясы бойынша агенттік және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]