Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар

Лизинг шарты дегеніміз – лизинг беруші лизингке алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатты пайдалануға беруге міндеттенетін мүлік жалдау шартының бір түрі болып табылады.

Осы шарт бойынша сатушының және сатып алынатын мүлікті лизинг беруші таңдап алуы мүмкіндігі көзделген.

Лизинг шартының да өзі қатысты белгілі бір объектілері бар: ондай объектілер ретінде үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және басқа да кез келген тұтынылмайтын заттар бола алады. Осы сияқты мыналар лизинг шартының объектісі бола алмайды – бағалы қағаздар және табиғат ресурстары.

ҚР Азаматтық кодексінің 567-бабында лизинг шартының жалпы мүлік жалдау шартының талаптарымен қоса өзіндік елеулі талаптары көзделген. Яғни, лизинг шартында а) мүлікті сатушының атауы; ә) лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі; б) төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі; в) шарт мерзімі; г) лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделетін болса, осындай көшудің талаптары болуы қажет.

Бұл шартты жасауда лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлікті сатып ала отырып оның белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиіс. Лизинг шарты бойынша төлемдер мүліктің амортизациясы ескеріле отырып белгіленуі мүмкін.

Лизинг шарты бойынша сатушының жауапкершілігін де айта кету керек. Азаматтық кодекстің 572-бабы бойынша лизинг алушы шарт объектісі болып табылатын мүлікті сатушы тұлғаға-сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалатын сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тікелей қоюға құқылы. Мұндай талаптар мүлік сапасы мен жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті түрде орындамаған басқа да жағдайларда туындайтын талаптар бола алады. Бұл жағдайда лизинг алушы шарт объектісі болып отырған мүлікті сатып алу-сату тарабы болғанда сатып алынған мүлікке ақы төлеу міндетін қоспағанда оның сатып алушы үшін Азаматтық кодексте көзделген құқықтары мен міндеттері болады. Мұндағы қатынас бойынша лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен несие беруші болады.

Лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса сатушының таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындауы үшін жауап бермейді. Ал сатушыны лизинг беруші туындайтын талаптарды тікелей өз қалауы бойынша бірдей жауап беретін мүлікті сатушыға да, сондай-ақ лизинг алушыға да қол қояды.

4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.

Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс-әрекетті талдауда оның тиімділігін экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктері белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздар операцияларымен айналысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]