Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оқулық КҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
196.35 Кб
Скачать

Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау

Саудалық заңды коммерциялық қызметтің бірі болып табылады.

Кәсіпкерлік мәмілелер азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында жеке табыс немесе пайда табу мақсатында өзінің тәуекеліне өз атынан өзінің жауапкершілігіне алына отырып немесе заңды тұлғалардың арасында және тұлғалардың жауапкершілігіне алына отырып жасалады. Азаматтық Кодекстің 10 бабында кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау деп аталған бапта кәсіпкерлік қызметтің келесі түсініктемесі берілген: «кәсіпкерлік меншік түрлеріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға негізделген қызмет деп көрсетілген.. Мысалы: «сауда құқығы» кітабының авторлары Жанмен Лапур былай дейді: « Коммерцияның жалпы анықтамасы жоқ, келісім шартты құрып отырған тұлғаға немесе алға қойған мақсатына байланысты. Комерсант контракттері үш түрде рәсімделеді:

    1. Коммерциялық қызметке қажетті комерсантпен жасалған контрактілер.

    2. Кәсіби емес клиенттермен жасалатын контрактілер.

    3. Коммерциялық қызметке қатысы жоқ контрактілер.

Кәсіпкерлік мәміле өзінің мазмұны бойынша пайда табушылық мәмілеге жатады. Нысаны бойынша кәсіпкерлік мәміле ауызша және жазбаша нотариалды куәландыратын болып бөлінеді. Кәсіпкерлік мәміле абстрактілі және казуалды болып табылады. Кәсіпкерлік мәмілелер тәуекелге байланысты болғандықтан олар альтернативті мәмілелер болып табылады.Кәсіпкерлік келісім шарт жеке, заңды тұлғалардың пайда табуға немесе жеке кіріс алуға мақсатталған, өз атынан өзінің мүліктік жауапкершіліктеріне ала отырып жасалынатын іс-әрекеті болып табылады. Кәсіпкерлік мәмілелер өзара кәсіпкерлік және тұтынушы кәсіпкерлік болып бөлінеді. Аталған келісімшарттың екі жағы да кәсіпкерлер болып табылады және қатысушылардың жауапкершілігі азаматтық құқықтың жалпы ережелеріне негізделеді.Саудаға арналған міндеттемелер. а) хеджирлеу құралдары ретінде пайдаланылмайтын туынды міндеттемелерді, және б) (сату сәтінде өзінің қолында жоқ бағалы қағаздарды сатушы кәсіпорынның) «қысқа» сатулар кезінде бағалы қағаздар жеткізу жөніндегі сатушының міндеттемелерін қамтиды. Міндеттемені алыпсатарлық қызметті қаржыландыру үшін пайдалану ол міндеттеменің саудаға арналғанын білдірмейді.

Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.

Кәсіпкерлер арасындағы шарттарға: тауарларды жеткізу, контрактация шарты, коммерциялық концепция, қаржылық аренда, қоймада сақтау, кәсіпкерлік тәуекелді сақтау, қарапайым серіктестік шарты. Тек бір тарап кәсіпкерлер болып табылатын шарттар: тұрмыстық мердігерлік шарты, прокат, банктік салымдар және банктік шот шарт. Несиелік шарттар энергиялық құрылғылармен жабдықтау шарты жатады. Кәсіпкерлік саласындағы шарттардың топтастырылуы: 1. Тауарларды сатуға бағытталған кәсіпкерлік шарттар: - тауарларды жеткізу шарты; - мемлекеттік мұқтаждық үшін тауарларды жеткізу шарты; - контрактация шарты; - кәсіпорынды сату шарты; - энергия құрылғылармен жабдықтау шарты; - көтерме сату және сатып алу шарты. Пайдалануға мүлікті беру бойынша шарттар: кәсіпорынды жалға беру шарты, яғни кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды уақытша негізде иелену, пайдалануға жалға алушының ақы төлеу міндеті ұсынылатын тараптардың келісімі. Арендаға беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы және оның меншік иесі мемлекеттік мүлік министрлігі. Арендаға алушы кәсіпкерлік қызмет субьектісі коммерциялық заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер болады.

Қаржылық аренда ие, яғни жер учаскесімен басқа да табиғи обьектілерден өзге кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланатын кез келген тұтынылмайтын заттар болады. Техника өндірушілермен, банктермен, әртүрлі құрылымдармен құрылған лизингтік компаниялар мен фирмалар қатысады. Прокат шарты – тұтынушылық мақсаттар үшін затты жалға беру.

Жұмысты орындауға бағытталған кәсіпкерлік шарттар:

Мердігерлік шарт – мердігер нақты бір уақытта заказ берушінің ғимаратта салып болуы немесе құрылыстық жұмыстарды орындауы бойынша міндеттенеді, ал заказ беруші – мердігерге жұмысты орындауға қажетті жағдайлар жасап, құнын төлеп нәтижелерін қабылдау бойынша тараптардың келісімі болып табылады. Жобалық жұмыстарды орындауға мердігер шарты.

Мемлекеттік мұқтаждық үшін мердігерлік жұмыстарды орындауға мемлекеттік шарт мемлекет мұқтаждығын қамтамасыз ету үшін. Ғылыми зерттеушілік және тәжірибелі құрылымды жұмыстарды орындау.

Тұрмыстық мердігерлік шарт.

Қызмет көрсетуге бағытталған кәсіпкерлік шарттар: - қайтарымсыз қызмет көрсету шарты.

Коммерциялық өкілдік.

Коммерция шарты.

Агенттік шарт – тауар жарнамасын агентпен жүзеге асырады.

Шарттың нысаны. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі. Шарттың әрқилы болып келуі азаматтық құқықта оларды топтастыруға жол ашады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі. Шарт жазбаша және ауызша болады. Шарттардың көбісі екі жақты болып келеді. Шарт ақылы және ақысыз болып бөлінеді. (АК-тің 384-бабының 2 тармағы). Консенсуалды және нақты болады. Сонымен қатар шарттың мынадай түрлері бар: жария шарты, қосылу шарты, алдын-ала жасалған шарт, аралас шарт.

Шарттың мазмұны – жасалған шарт жағдайларының жиынтығы.

Мысалы, кәсіпорынды сату шартының нысанын қарстырсақ, ол жазбаша түрде жасалуы тиіс. Кәсіпорынды сату шарты мемлекеттік тіркелуге тиіс. Тіркелген кезінен бастап жасалған болып есептеледі. Мемлекеттік тіркеудің талабын орындамау кәсіпорынды сату шартының жарамсыздығына әкеп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]