
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
Коммерциялық емес ұйымдар ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызмет түрлерімен айналысуға құқылы. Қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар кіре алады. Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндетті. Бұл міндеттерді орындамаған ретте кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша төлемеген бөлiгi шегiнде жәрдем беру жөнiнен ортақ жауапты болады. Тұтыну кооперативiнiң жарғысында, Азаматтық кодекстің 41-бабының 5-тармағында көрсетiлген мәлiметтерден басқа, кооператив мүшелерi жарналарының мөлшерi туралы; кооператив мүшелерiнiң құрамы мен жарна төлеу тәртiбi және олардың жарна төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы; кооперативтi басқару органдарының құрамы мен құзыретi және олардың шешiмдер қабылдау, соның iшiнде шешiмi бiрауыздан немесе бiлiктi көпшiлiк дауыспен қабылданатын мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдау тәртiбi туралы; кооператив мүшелерiнiң өздерi шеккен залалдарды жабу тәртiбi туралы ережелер болуға тиiс. Тұтыну кооперативiнiң тапқан табыстарын оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға берiледi. Тұтыну кооперативi таратылған немесе кооператив мүшесi одан шыққан жағдайда ол тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен өз үлесiн өз жарнасына қарай бөлiп алуға құқылы. Тұтыну кооперативiнiң мүшесi қайтыс болған жағдайда, егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлерiнiң кооператив мүшелiгiне қабылдануға бiрiншi кезекте құқығы болады. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұтыну кооперативiнiң мүлкiнен оның қосқан жарнасына қарай үлесiн төлейдi. Тұтыну кооперативiнiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске сәйкес заң құжаттарында белгiленедi. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн. Селолық тұтыну кооперациясының ерекшелiктерi осы бапқа сәйкес арнайы заңда белгiленедi. Өзара сақтандыру қоғамдары - тұтыну кооперативтерi қызметiнiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде айқындалады.
Рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі діни бірлестік деп танылады. Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктер әдiлет органдарында тiркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмесе, осындай дiни бiрлестiктер жарғыларының (ережелерiнiң) негiзiне алынуы мүмкiн. Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады. Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Дiни бiрлестiктiң құқықтық жағдайының ерекшелiктерi осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
Қазақстан Республикасында қоғамдық бiрлестiктер болып, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктерi танылады.
Қоғамдық бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздерi мүшелерi ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттерi бойынша жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкiлдiк етедi, оның дербес балансы және банктік шоты бар. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк құқықтары жоқ. Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып табылады. Қоғамдық қорды басқару тәртiбi мен оның органдарын құру тәртiбi оның құрылтайшылар бекiтетiн жарғысында белгiленедi. Қоғамдық қордың жарғысында Азаматтық кодекстің 41-бабының 5-тармағындағы мәлiметтерден басқа қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртiбi, ол таратылған жағдайда қор мүлiктерiнiң тағдыры көрсетiлуге тиiс. Қор өз мүлкiнiң пайдаланылуы туралы есептерiн ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға мiндеттi.
Басқару, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтердi жүзеге асыру үшiн құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің нормативтік құқықтық актілерімен мемлекет құрған және егер заң актiлерiнде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе, тек мемлекеттiк бюджеттiң немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бюджетiнiң (шығыстар сметасының) есебiнен ғана ұсталатын мекеме мемлекеттiк мекеме деп танылады. Мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану, билiк ету құқығы белгiленген тәртiппен берiлген мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына арналып бекітілген қаржыландыру жоспарынан асып кететін шарттық міндеттемелер қабылдауына жол берілмейді. Мекемелердiң және мемлекеттiк мекемелердiң оларға бекiтiлiп берiлген мүлiкке құқықтары Азаматтық кодекстің 202-208-баптарына сәйкес белгiленедi.
VI - ТАҚЫРЫП. Мемлекеттік кәсіпкерліктің нысандары.