
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
Шаруашылық серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп танылады:
1. Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат.
2. Серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
3. Жасалған ірі шарт нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі шартты немесе өзара байланыстағы шарттарды серіктестіктің жасауы;
4. Серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немсе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;
5. Серіктестіктің мүлкін тәркілеу;
6. Нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп пайызын құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
7. Серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
8. Серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
9. Аудиторлық есеп (ол бар болса); Серіктестіктің Жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқылық, формалары бар:
1) мемлекеттік кәсіпорын
2) серіктестік
Егер шаруашылықты ұйымдастыруда ол жаңа саламен айналысатын болса ол шаруашылық 2 жыл бойына салықтан босатылады.
Аралас серіктестік – бұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестіктер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктері мен тәуекелділік етіп отырған қатысушы қоғамның ішкі мүшесі деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командистер деп саналады.
1) Біріккен кәсіпорын. Бұл бірлескен кәсіпорын үшін бізде заңды статус толық анықталмаған. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың 90 пайызы ЖШС болып отыр. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы статусы әртүрлі. Олардың жағдайын анықтан, реттейтін заң актілері жоқ. Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекетпен рынок арасындағы финанс мүмкіндік қатынастарын реттейтін арнайы қорларға сәйкес ұйымдастырады. Жеке кәсіпорын. Бұл топқа заңды шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар кіреді. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді. Тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомостваларға не жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан табыс төлемейді.
2) Корпорация – қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал мен меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де меншікке нақты бақылау жасайтын менеджер болып қалады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкін. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін шығаруға құқылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда «акционерлік қоғам» ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан кейін «АҚ» аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол беріледі.
Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары
1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады.
2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады.
3. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Акционерлiк қоғамды қайта құру және тарату
1. Акционерлiк қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Акционерлiк қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi Азаматтық кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi.
2. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға құқылы.
Өндірістік кооператив азаматтардың жеке еңбектік қатысуы мен мүліктік жарналарды (үлес/пай) оның мүшелерінің біріктіруіне негізделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде азаматтардың өз еріктерімен бірігуі болып табылады. Бастысы сол, оның мүшелері тек мүліктік жарналарды біріктіріп қоймай, сондай-ақ міндетті тәртіппен кооператив қызметіне жеке еңбегімен қатысады.
Кооператив мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиялық) жауаптылықта береді. Кооператив мүшелерінің арасындағы жауапкершілікті үлестіру олардың пайдаларының көлеміне шамалап жүргізіледі.
Құрылғаннан кейін кооперативке қосылған кооперативтің мүшесі, тек қана өзінің кооперативке мүшелікке өткеннен кейін ғана берілген міндеттемелер бойынша жауап береді.
Өндірістік кооперативтің құрылтайшылары мен мүшелері ең кем дегенде екі адамнан құрылған заңды тұлға болып табылады. Он алты жасқа толған, кооперативтің мүшесі болғысы келетін және оның қызметіне жеке еңбек тұрғысынан қатысуға қабілетті кез келген жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады. Кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарды кооперативке мүшелікке алу үшін олардың ата-аналарының, асырап алушылары мен қамқоршыларының келісімі қажет.
Осылайша, өзінің құқықтық мәртебесі бойынша өндірістік кооператив шаруашылық серіктестікке өте ұқсас, дегенмен ішкі қарым-қатынас мәселелерінің легі біршама өзге болып реттеледі, коммерциялық қызмет үшін ұйымдық-құқықтық үлгілерді таңдау жолдарының санын ұлғайтады. Қазіргі кезде өндірістік кооператив қоғамдық тамақтануда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, фермерлік (шаруа) қожалықтарымен шұғылдану қатарында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін ыңғайлылау үлгі болып табылады.
1997 жылғы 19-маусымдағы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңының 3-бабы 3-т негізінде өндірістік кооператив шағын кәсіпкерліктің субъектісі бола алады. Шағын кәсіпкерліктің субъектісі бола отырып, өндірістік кооператив жоғарыда айтылған лайықты жеңілдіктерді пайдаланады.