
- •Кәсіпкерлік құқық түсінігі. Кәсіпкерлік құқық пәні.
- •Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің негізгі қағидалары.
- •Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
- •Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.
- •Кәсіпкерлік қызметтің түсінігі және қағидалары.
- •Кәсіпкерлік қызметтің белгілері
- •Кәсіпкерлік тәуекел: түсінігі, оның түрлері, құрамды бөлімдері, кәсіпкерлік тәуекелді басқару әдістері.
- •Кәсіпкерлік іскердің этикасы.
- •Кәсіпкерлік қатынас субъектілері. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерилері
- •Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары
- •Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
- •Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері
- •Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны
- •Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
- •Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив кәсіпкерлігі.
- •Мемлекеттік коммерциялық емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі
- •Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары
- •Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі – мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
- •Сауда мәмілесін, кәсіпкерлік мәмілесін анықтау
- •Кәсіпкерлік шарттарының нысаны. Кәсіпкерлік саладағы шарттардың орындалуы.
- •Лизингтің құқықтық негізі. Кәсіпкердің қатысуымен жүзеге асырылатын заемдық және несиелік қатынастар
- •4. Инвестициялық қызметтің құқықтық нысаны.
- •VIII - тақырып. Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметтерінің кейбір аспектілері.
- •Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі
- •Кәсіпкерліктің сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдаудың және ынталандырудың схемасы
- •Мемлекеттік бақылау.
- •Қызметтің жеке түрлерін лицензиялау.
- •Банкроттық.
- •Кәсіпкерлік қызметті қорғау.
- •Коммерциялық құпия түсінігі.
- •Бәсекелестік және монополистік қызметтердің түсінігі.
- •Еріксіз бәсекелестіктің түсінігі және түрлері.
- •Қр заңнамасы бойынша антимонополиялық органдар компетенциялары.
- •Бәсекелестік заңнамасын бұзғандығы үшін жауапкершілік.
- •Тұтынушы кәсіпкерлік қатынастардың субъектісі ретінде, олардың түсінігі, жалпы сипаты.
- •Қр Заңнамасы бойынша тұтынуышылардың құқықтарын қорғау.
- •Тұтынушылардың құқықтарын бұзғандығы үшін заңды жауапкершілік.
Біріккен кәсіпкерлік нысанынның құқықтық сипаты.
Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:
Негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
Шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
Жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.
Өз кезегінде бірлескен кәсіпкерлік тағы үш нысанға ерлі-зайыптыларының бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі; шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үй бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады. Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне де қолданыла алады. Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын әрқайсының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды. Ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлікті жүзеге асыруға байланысты борыштары бойынша өндіріп алу олардың қайсының іскерлік айналымда әрекет ететініне қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне қолданыла алады.
V - ТАҚЫРЫП. Заңды тұлғалардың дара кәсіпкерлігі.
Заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің негізгі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
Ең алдымен заңды тұлға ұғымын анықтап алайық және оны негізгі белгілер деп атаймыз. Заңды тұлға – ұйымдастырылған, құрылған және құқықтар мен міндеттіліктер жүктелген мүліктік қатынастардың субъектісі. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабына сәйкес төмендігідей белгілерге жауап беретін: меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлға құқықтық қабілетке ие болады, яғни ҚР АК сәйкес өзінің қызметімен байланысты құқықтары бар болып, міндеттіліктерді көтере алады. Осыған орай заңды тұлғаның дербес баланс немесе сметасы өзінің атауы жазылған мөрі болуы тиіс.
Азаматтық кодекс заңды тұлғалардың екі түрін анықтады. Оған сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып бөлінеді.
Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары.
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (АК 110-бабы).
5. Заңды тұлға Азаматтық кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдармен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 17.04.95 ж заңмен жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруда заңды тұлғалардың қызметі тіркеледі. Тіркеуге ұсынылатын құжаттар тізімі:
1. Акционерлік қоғам:
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- құрылтай жиналысының хаттамасы;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
2. Мемлекеттік кәсіпорын:
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- ҚР – сы үкіметінің және жергілікті атқарушы органның кәсіпорынды
құру туралы шешімі;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
3. Мемлекеттік мекеме:
- тіркеу туралы өтініш;
- мемлекеттік мекемені құру туралы шешім;
- құрылтай жиналысының хаттамасы;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
4. Тұрғын үй құрылыс кооперативі және тұрғын үй кооперативі:
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
5. Сенім серіктестігі:
- тіркеу туралы өтініш;
- егер өз қызметін үлгі жарғы негізінде жүзеге асырылмайтын болса, жарғы, ал басқа жағдайда құрылтай шарты;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
6. Үй иелерінің кооперативі:
- тіркеу туралы өтініш;
- кондаминиум объектісіндегі үй иелері құрылтай жиналысының хаттамасы;
- құрылтай жиналысының хаттамасы;
- кондоминиум объектісінің тіркеу туралы мемлекеттік шарты;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
7. Адвокаттар алқасы:
- тіркеу туралы өтініш;
- адвокаттар алқасының мүшелерінің конференциясында бекітілген жарғы;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
8. Нотариалдық палата:
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
9. Аудиторлық палата:
- тіркеу туралы өтініш;
- жарғы;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
10. Толық серіктестік:
- тіркеу туралы өтініш;
- егер өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырылмайтын болса
жарғы немесе құрылтай шарты;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
11. Өндірістік кооператив:
- тіркеу туралы өтініш;
- егер өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырылмайтын болса
жарғы немесе құрылтай шарты;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
12. Тұтыну кооперативі:
- тіркеу туралы өтініш;
- егер өз қызметін Үлгі жарғы негізінде жүзеге асырылмайтын болса
жарғы немесе құрылтай шарты;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.
13. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:
- тіркеу туралы өтініш;
- үлгі жарғысы болмаса жарғы, болса құрылтай шарты;
- мекеме.
14. Мекеме:
- тіркеу туралы өтініш;
- мекемені құру туралы меншік иесінің шешімі;
- ереже, құрылтай шарты немесе келісім;
- тұрған жерін растайтын құжат;
- тіркеу үшін алым төленгендігі туралы түбіртек.