Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ДП ОП ДЛЯ ВСЕХ .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
831.49 Кб
Скачать

Емтихан сұрақтары

  1. Әдістер жүйесі, зерттеу әдісі мен тәсілдер жиынтығы, олар туралы ілім?

А) концепция;

В) теорема;

С) аксиома;

Д) методолгия,

Е) презумция;

  1. Мемлекет және құқық теориясы пәнін мына анықтамалардың қайсысы дұрыс анықтайды?

А) қоғамдық құбылыстардың түгелдей бәрін зерттеп-зерделеу және мемлекет, құқықтық, мәдениетті, дінді, моральді (өнегені) зерттеу;

В) барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды және олардың қоғамдағы сан алуан көріністерін зерттеу, оқып білу;

С) мемлекет болмысының белгілі бір аясын және құқық пен заңдардың нақты саласын зерттеп-зерделеу;

Д) мемлекет пен құқықтың пайда болуының , дамуы мен қызмет атқаруының жалпы заңдылықтарын, олардың қоғамдағы мәні, тағайыны, сондай-ақ саяси және құқықтық сананың ерекшеліктері мен заң арқылы реттелуінзерттеп-зерделеу;

Е) нақты мемлекеттер мен құқықтық жүйелердің пайда болуы мен дамуының бүкіл өзіндік тарихи ерекшеліктерін, оған мемлекеттік-құқықтық сипаттағы кездейсоқ кездесіп отыратын үрдістері мен құбылыстарын қоса отырып зерттеп-зерделеу;

  1. Мемлекет-

А) қоғамдағы саяси биліктің ұйымдастырылуы;

В) ұлттық белгісі бойынша азаматтардың бірлесуі;

С) қан құқығына байланысты азаматтардың бірлесуі;

Д) бір аумақпен бірлескен азаматтардың қауымы;

Е) бір құқықпен бірлескен адамдардың қауымы;

  1. Алғашқы қауым қоғамында адамдардың мінез-құлық, жүріс-тұрыстары қандай әлеуметтік нормалар реттеп отырған?

А) заң нормалары;

В) саяси нормалар;

С) қауым әдет-ғұрыптары мононормалар;

Д) техникалық нормалар;

Е) діни нормалар;

  1. Мемлекеттің патриархалды теория бойынша туындауының ең басты идеясы неде?

А) мемлекет отбасынан, оның өсіп-дамуынан пайда болады;

В) мемлекет бір тайпалардың басқа тайпаларды күш жұмсап жаулап, басып алуының нәтижесінде пайда болады;

С) мемлекет теңсіздік, жеке меншік, таптар пайда болғанда және олардың араларында күрес өрбуінен туындайды;

Д) мемлекет адамзатпен бір мезгілде пайда болған;

Е) мемлекеттің туындауы адам психологиясының ерекшелігімен байланысты, күштіге бағынышты, оған тәуелді болуы себепті пайда болған;

  1. Мемлкеттің пайда болуы келісім (шарт) теориясының басты идеясы неде?

А) мемлекет – қоғамды үстеме өнімнің жеке меншіктің, таптардың пайда болуына байланысты туындайтын ымыраға келмейтін қарама-қайшылықтардың нәтижесі;

В) мемлекет – адамдардың ортақтасып, бірлесіп тұру үшін өз ықтияларымен келісіп жасақан мәмілелерінің нәтижесі,

С) мемлекет құдай тағаланың – ең жоғарғы ақыл-парасаттың ықтиярымен пайда болды

Д) мемлекет – жер шарындағы әлемдік климаттық өзгерістердің салдарынан пайда болды;

Е) мемлекет қашан да болған, ол адамзатпен бір мезгілде пайда болған;

  1. Мемлекеттің негізгі белгі нышандары қандай?

А) ұлттық валюта, әскер, полиция;

В)аумақ, халық, әдет-ғұрып;

С) мемлекет егемендігі, жалпыға бірдей ережелерді қабылдау, биліктің арнайы аппаратының және салық жүйесінің болуы,

Д) астана, жалау (ту), елтаңба, әнұран;

Е) сан алуан саяси партиялар, абақты, банкі, қоғамдық ұйымдардың міндетті түрде болуы;

  1. Мыналардың қайсысы егеменді биліктің бірден-бір сақтаушысы болып табылады?

А) тұтастай алғандағы қоғам;

В) халықаралық ұйым;

С) қоғамдық ұйым;

Д) мемлекет;

Е) аталғандардың бәрі;