Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ДП ОП ДЛЯ ВСЕХ .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
831.49 Кб
Скачать

2.Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі

Бақылау түрі

Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындалу ұзақтылығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

СОӨЖ

Жоспарға сәйкес курсты оқып-үйрену

Конспектілер, лекциялар, негізгі және қосымша әдебиеттер

Семестр бойынша

Ағымдағы

СОӨЖ жоспары бойынша

Семинар жұмыстары

Теориялық білімдерді бекіту

Конспектілер, лекциялар, негізгі және қосымша әдебиеттер

Семестр бойынша

Ағымдағы

Апта сайын

Аттеста ция

Білімді тексеру

Конспектілер, лекциялар, негізгі және қосымша әдебиеттер

1 сағат

Аралық

7,14 апта

Емтихан

Пән материалының меңгерілу деңгейін тексеру

Негізгі және қосымша әдебиеттің жалпы тізімі

1 сағат

Қорытынды

15 апта

3. Лекциялар конспектілері

1 - тақырып. Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар (1 сағат)

Жоспар

  1. «Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі

  2. Мемлекет туралы негізгі түсініктер

  3. Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.

  4. Құқықтың қайнар көзі

Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.

«Құқық негіздері» сияқты құқықтық пәндердің ең басты санаттары мен ұғымдарының бірі ол мемлекет пен құқық. Мемлекеттің ең басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі Заңы Конституция болып табылады. Мемлекет қоғамдық ұйымның саяси формасына сәйкес келеді. Оның пайда болуы қоғамның ішкі дамуына байланысты болады.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың ішінде таптық теория жетекші орынға ие. Алайда осы қоғамдық институтты таным үдерісіне елеулі үлес қосқан басқа да теориядар тарихтан белгілі (теологиялық, патриархалдық, келісім, зорлық, органикалық, психологиялық).

Мемлекет белгілері:

1) Тұрғындардың аумақтық жағынан ұйымдасуы. Мемлекетті билік бір аумақтағы барлық тұрғындарға бірдей қатысты (құрлық, жер қойнауы,су, әуе кеңістігі т.б.) Бұл азаматтық институтын туындатады. Аумақ пен тұрғындар - мемлекеттің бар болуының қажетті материалдық алғышарттары.

2) Қоғамды басқарудың аппаратының бар болуы. Мемлекет өз органдары мен мекемелер жүйесі арқылы қоғамды басқаруды іске асырады, саяси биліктің белгілі бір режимін бекітеді және жүзеге асырады, өз шекарасын қорғайды.

3) Мемлекет қоғамдық өмірді құқықтық негізде ұйымдастырады.

4) Мемлекет билікті дербес ұйымдастыруды ұсынады. Мемлекеттік тәуелсіздік - бұл осы мемлекеттің ел ішіндегі басқа да биліктерден, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынастарда егемен болуы.

5) Фискалды органдардың болуы (мемлекеттің қаржылық-экономикалық негізі ретінде салықтардың алынуы).

Мемлекет - елдің барлық аумағына мен оның халқына бірдей таралатын, елдің ресми өкілі ретінде танылатын және қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларына бара алатын жария саяси билік ұйымы.

Мемлекет функциялары - оның қызметінің негізгі бағыттары. Олар мемлекеттің ішкі мән-мазмұнымен анықталады. Мемлекет қызметінде таптық, жалпы әлеуметтік бастаулар да болады. Мемлекет функциялары ішінен ішкі және сыртқы, уақытша және тұрақты дегендерін бөліп атауға болады. Экономикалық, саяси, мәдени және басқа да түрлері бар.

Мемлекет механизмі - мемлекеттік билік жүзеге асырылатын, қоғамды басқаратын мемлекеттік органдар жүйесі.

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Мемлекеттік аппарат - билікті жүзеге асыру үшін тиісті өкілеттіктермен қаруланған мемлекеттік органдардың жиынтығын көрсететін мемлекет механизмінің бөлігі.

Мемлекет механизмі құрылымына мемлекеттік аппараттан басқа мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар кіреді. Мемлекеттік мекемелер - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау т.б. малаларда мемлекет функцияларын орындау бойынша тікелей практикалық әрекет жасайтын мемлекеттік ұйымдар. Мемлекеттік кәсіпорындар - өнім өндіру немесе онымен қамтамасыз ету, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсететін және түрлі жұмыстарды орындау мақсатында шаруашылық қызметті іске асыратын мекемелер.

Мемлекеттің ішкі мән-мазмұнына байланысты оның формасы айқындалады. Оның қасиеттерін сипаттайтын үш жағы бар.

Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар ұйымы, лоардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.

Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып бөлінеді.

Саяси режим - мемлекеттік биліктііске асырудың амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік режимнің демократиялық және антидемократиялық түрлерін атап көрсетуге болады.

Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындалады. Мемлекетаса маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір өзін-өзі ұстау мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда қарым-қатынасты реттеуші ретінде мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан шығатындығымен ерекшеленеді; құқық нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.

Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр - мемлекет рұқсат бергендәстүр; 2) заңдық прецедент - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді.

Заң - жоғарғы заңдық күші бар, қатаң белгіленген ерекше тәртіпте қабылданған, құқықтың барлық салаларының негізгі нормаларын белгілейтін.және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт. Заңдар конституциялық және ағымдағы болып бөлінеді.

Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге Президент, Үкімет, министрліктер. Мемлекеттік комитеттер, жергілікті билік органдарының актілері жатады.

Құқықтық норма - құқықтың бастапқы элементі. Құқық нормаларының құрылымына мына элементтер кіреді:

1. гипотеза - осы норма қолданысқа енетін нақты өмірлік жағдаяттарды нұсқау;

2. диспозиция - гипотезада санамаланған жағдайларға қатысы бар болғанда субъектілердің бағынуға тиісті өзін ұстау ережелері;

3. санкция - егер субъектілер диспозицияның нұсқауларын орындамаған жағдайда мүмкін болатын жазалау түрі мен шаралары.

Барлық заң нормалары бір-бірімен тығыз байланысты және бір жүйені құрайды. Құқық жүйесі оның ішкі құрылымы, оның салалар мен институттарға бөлінісі.

Құқық саласы - біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Аса ірі салалар аясында оған тәуелді салалар іштей бөлінеді. (мысалы, конституциялық құқық, оның тәуелді саласы сайлау құқығы). Құқық институты - салалар аясында түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар тобы. (мысалы, констиуциялық құқықта азаматтық институты, отбасылық құқықта неке институты т.б.). Құқық салаларын материалдық және іс жүргізу деп бөледі. Біріншісітікелей қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларынан тұрады (азаматтық, қылмыстық, еңбек). Екіншісі ұйымдастырушылық қатынастарды реттейді (азаматтық прцессуалдық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік-іс жүргізу құқық). Ешбір мемлекеттің құқықтық жүйесіне енбейтін халықаралық құқық - құқықтың ерекше саласы болып табылады.

Құқықтық қатынастар ұғымы заң ғылымының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Бұл - субъектілердің бір-біріне деген құқықтар мен міндеттемелерден көрініс табатын, ішкі мазмұнында құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынасқа қатысу үшін болашақ қатысушылардың барлығына және әрбіріне заңмен белгіленген немесе танылған белгілі бір қасиеттерінің болуы керек. Бұл қасиеттердің жиынтығы тұлғаның немес ұйымның құқық субъектілігі ұғымын құрайды. Оған жататындар:

Құқық қабілеттілігі - субъектінің заңмен белгіоенген құқық пен міндеттемелерге ие болу мүмкіндігі. Субъектіде туғаннан бастап пайда болып, өмірден қайтқан соң аяқталады;

Іс-әрекет қабілеттілігі - тұлғаның заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттемелерді өз іс-әрекеті арқылы ала алу және іске асыру мүмкіндігі;

Заңдық деректер - құқық нормасының гипотезасында қарастырылған құқықтық қатынастардығ пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Олар оқиғалар, яғни адамдардың еркінен, санасынан тыс жағдайлар мен іс-әрекеттер, яғни адамдардың саналы әрекеті болып бөлінеді. Іс-әрекет заңға сәйкес немесе заңға қайшы болуы мүмкін.

Құқықбұзушылық - іс-әрекетке және құқықтық қабілетті тұлғаның жасаған заңға қайшы әрекеті. Құқықбұзушылықтың белгілері: заңға қайшылық, қоғамға зиян келтіру, кінәлілік, іс-әрекетте немесе әрекетсіздікте көрініс табуы.

Құқықбұзушылықтың құрамы - оның құрылымын сипаттайды. Бұл - заңдық жауапкершілікке негіз болатын заңдық деректердің жиынтығы. Құрам элементтеріне мыналар жатады:

Объект - құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар.

Объективті жағы - құқықбұзушылықтыңсыртқы көрінісінің мінездемесі. (заңға қайшы әрекет, оның зиянды салдары, әрекет пен оның салдарының арасындағы себектік байланыс, орын, уақыт және басқалары)

Субъект - өз іс-әрекетіне жауап беруге қабілетті жеке немесе заңды тұлға.

Субъективті жағы - қасақана немесе байқаусыз формасында орын алған құқық бұзушылықтың, кінәнің ішкі жағының мінездемесі.

Барлық құқықбұзушылықтар қоғамдық зиян деңгейі мен сипатына қарай қылмыс және құқыққа қарсы әрекет болып бөлінеді.

Заңдық жауапкершілік - құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға белгіленген іс жүргізу тәртіпте заңда көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану. Құқықбұзушылықтың түріне байланысты қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауапкершілік болып бөлінеді.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Дулатбеков Н.А., Амандықова С.К., Турлаев А.В. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: Оқк құралы.- Астана: ИКФ «Фолиант», 2000.

2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы / жауапты редактор Г.С. Сапаргалиев, Алматы: Жеті Жарғы, 1999.

3. Турлаев А.В. Құқық негіздері. - Қарағанды: АРКО баспасы, 2004.

4. Сапарғалиев Г. Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: оқулық/ Г. Сапарғалиев.-толықтырылған 3 басылымы - Алматы: Атамұра, 2003.

СӨЖ бақылау тапсырмалары (о.-2,8,9,11)

  1. Ғылымдар жүйесіндегі құқықтың алатын орны.

  2. Мемлекеттің пайда болу теориясы.

  3. Заңдық жауапкершілік және оның түрлері.

2- тақырып. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері (2сағат)

Жоспар

  1. Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Негізгі заңы.

  3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.

  4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері.

  5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.

Конституциялық құқық құқық саласы секілді конституциялық құрылымның негіздерін, азамат пен адамның құқықтық мәртебесін, мемлекеттің саяси-аумақтық ұйымдасуын, жүйесін, құрылу тәртібін, мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтерінің негізгі принциптері мен құзырлылығын бекітеді.

Конституциялық-құқықтық норма деген мемлекеттің қоғамдық қатынастарын реттейтін, мемлекеттік үкімет пен қоғамды басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жеке және қоғамдық мемлекет белгілеген немесе ықпалшара жасаған жалпыға міндетті тәртіп ережесі.

Орындаған қызметтеріне қатысты оларды келесі түрлерге классификациялауға болады: - құқық беруші – барлық мемлекеттік органдарға өкілеттілікті белгілейді; тыйым салушылар – қатал белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ереже; міндеттейтіндер - әрекет етуге міндеттерін белгілейді немесе олардың нұсқамаларына қатал түрде сәйкес келгенде ол әрекеттерден тыйылуды мінндеттейді.

Конституциялық құқықтың негізгі институттарының бірі – конституциялық-құқықтық қатынастар. Мемлекеттік үкімет пен мемлекетпен жеке қатынасты іске асыру барысында туындайтын бұл ерекшелікті қоғамдық қатынастардың мазмұны нақты конституциялық-құқықтық нормаларда қарастырылған міндеттерді орындау мен құқық пайдалану бойынша әр түрлі субъектілердің заңды өзара әрекеті болып табылады. (Конституциялық құқық көздерінің санына жататындар: 30.08.1995 ж. ҚР Конституциясы, республиканың конституциялық заңдары, Парламент немесе ерекше жағдайда Президент қабылдаған (ҚР Конституциясы 53 бабының 4 тармағы) кәдімгі заңдар, заңды күші бар Президенттің жарлықтары, атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері, ҚР мойындаған халықаралық-құқықтық шарттар.

Конституция- бұл конституциялық құрылымның негізін реттейтін мемлекет пен қоғамның негізгі заңы , жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік құрылудың негіздері мен мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру.

Осылайша, конституция мемлекеттің басты негізгі нормативтік актісі болып табылады. Онда қоғам өмірінің негізгі барлық саласын реттейтін нормалар бар, ол барлық қолданыстағы заңның нормативтік базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Ол егеменді Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі 28.01.1993 жылы қабылдаған бірінші Конституциясының орнына келді, 7.10.1998 жылғы Конституциялық заңмен қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болатын.

ҚР конституциялық заңдылығының құрылу кезеңі келесі конституциялық актілерді қабылдаумен белгіленген: 1) кеңестік кезең – 21.11.1917 жылғы Алаш партиясының бағдарламасы; 6.10.1920 жылғы Қырғыз АССР еңбекшілерінің құқықтарының декларациясы; 1926 жылғы Конституция жобасы; 1937 және 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясы. 2) 24.04.1990 ж. «Қазақ ССР Президентінің постын бекіту туралы» ; 25.10.1990 жылғы «Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы. 3) 10.12.1991 жылғы «Қазақ ССР атауының өзгеруі туралы ҚР Заңы»; 16.12.1991 жылғы «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңы. 4) 28.01.1993 жылғы ҚР Конституциясы. 5) ҚР 30.08.1995 жылғы Конституциясы. 6) ҚР 7.10.1998 жылғы «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.

ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипаты мен 9 бөлім бойынша жинақталған 98 бабын көрсететін кіріспеден тұрады . Онда негізгі мәселелерінің 3 блогы көрсетілген: 1) республиканың конституциялық құрылымының негіздері. 2) жеке бас мәртебесінің құқықтық негіздері. 3) мемлекеттік үкімет органдарының жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқару негіздері.

Конституцияның нормативтік-құқықтық акт ретіндегі ерекшеліктері оның мынандай заңды қасиеттері: Конституцияның 4 бабының 2 тармағында бекітілген жоғары заңды күші; Республиканың барлық аумағына конституцияның тікелей әрекет етуі; қабылдануы мен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі; конституцияның ерекше қорғалуы.

Конституцияны мынандай түрлерге классификациялауға болады:

  1. сыртқы нысаны: а) жазылған (Ресей, АҚШ), б) жазылмаған (Англия, Дания);

  2. өзгеріс пен толықтырулар енгізу тәртібі: а) икемділігі, б) қаттылығы;

  3. қабылдау тәсілі: а) елдің өкілетті заңды органы қабылдаған, б) бүкіл халықтық дауыс беру жолымен, в) октроирлі (қабілеттілігі)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жеке тұлға мен мемлекеттің өзара байланысы, азаматтардың бір-бірімен құқықтық байланыстарын мемлекет заңды түрде – құқық, бостандық пен міндеттер секілді азамат пен адамның құқықтық мәртебесіне міндеттейтін түрде белгілейді.

Жеке бастың құқықтық мәртебесі – азамат пен адамның құқық, бостандығы мен міндеттерінің жиынтығы, сонымен қатар мемлекет нормативтік құқықтық актілермен бекіткен заңдылық кепілдіктерді іске асыру.

Тұлғалардың құқықтық мәртебе құрылымына мынандай құрылым элементтері кіреді:

1. Азаматтық институты;

2. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізгі принциптері (адам мен азаматтың тең құқықтылығы; адамның құқық пен бостандығынан айырылмауы; гуманизм; азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік беру);

3. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандығы мен міндеттері;

4. Азамат пен адамның құқығы мен бостандығының конституциялық кепілдігі;

5. Тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мен қабілетсіздігі. Оларды қарастырып көрелік:

ҚР 20.12.1991 жылғы «Азаматтық туралы» Заңы келесі анықтамаларды құрайды: мемлекет пен тұлғаның өзара құқықтар мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін, тұлғаның мемлекет пен тұрақты саяси- құқықтық байланысы.

Азаматтық принциптері –оның басты мазмұны мен оның маңызын көрсететін бастау. Оған жататындар:

1. Азаматтық оның алу негізі мен басқа жағдайларға қарамастан бірыңғай және тең азаматтық принцип.

2. Қос азаматтылық мойындалмайды.

3. Азаматтықтан өз еркімен шығу және бостандық принциптері.

4. «Қан құқығы» принципі- туған кезде берілетін азаматтық. «Құқықтық почвасы» - ата-анасының азаматтығына қарамастан мемлекет аумағында туса азаматтық беріледі.

5. Қазақстаннан тыс жерлерде азаматтарды кепілдікпен қорғау принциптері.

6. Басқа мемлекетке азаматты беруге жол бермеу құқығы.

ҚР «Азаматтық туралы» Заңының 10 бабына сәйкес азаматтық тууы бойынша , ҚР мемлекет аралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша азаматтық қабылдау нәтижесінде, азаматтық туралы заңда қарастырылған басқа негіздер бойынша беріледі.Азаматтыққа қабылдау мүдделі адамның сұранысы бойынша ҚР тұрақты жағдайда 5 жылдан кем тұрмаса іске асырылады. Мұндай жағдай ҚР азаматымен некеде тұрған адамдар үшін, республика алдында ерекше еңбегі бар адамдарға тең саналғандықтан міндетті емес, және ҚР аумағынан саяси сарынмен мәжбүрленіп кетірілген азаматтар мен олардың ұрпақтары үшін де міндетті емес.

Азаматтық одан шыққан және оны жоғалтқан жағдайда тоқтатылады. Азаматтықты жоғалту келесі жағдайда жүргізіледі: жеке адамның шет елде мемлекеттік үкімет органы мен басқару органына қызметке тұрған жағдайында; егер де азаматтық әдейі жалған ақпарат пен құжаттар тапсыру нәтижесінде алынған болса; ҚР мемлекет аралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; егер де жеке адам ҚР тыс жерде тұрақты тұрса және консулдік есепке себепсіз 5 жыл шамасында есепке тұрмаса.

ҚР Президентінің азаматтыққа қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу мен азаматтықты қорғау мәселелерін шешуге ерекше құқығы бар.

Конституциялық құқық пен бостандықты мазмұнына қарамастан мына топтарға бөлуге болады: 1) жеке басының құқығы мен бостандығы; 2) әлеуметтік, экономикалық және мәдени; 3) саяси.

Әр адамға жеке бас құқығы туғанда беріледі және азаматтықпен байланысты болмайды. Оған өмір сүруге құқық сияқты құқық жатады (ҚР Конституциясының 15-бабы), жеке бас бостандығына (16-бап), қадір-қасиетіне қол сұқпау (17- бап), жеке басқа қол сұқпау (18- бап), ар-ұят бостандығы (22-бап) және басқалар.

Әлеуметтік-экономикалық құқық адамға жақсы өмір мен әлеуметтік қорғауға құқық береді. Бұл құқық еңбек бостандығына (24-бап), жеке меншік құқығына (26-бап), демалуға құқық (24-бап), зейнеттік қамтамасыз ету (28-бап) және басқалар. Мәдени құқықтарға тегін орта білім беру (30-бап), шығармашылық бостандық (20-бап).

Саяси құқықтарға бостандық бірлестігі құқығы (32-бап), мемлекет істерін басқаруға қатысу (33-бап), сайлау және сайлану (33-бап), сөз бостандығы (20-бап).

Жеке адамның конституциялық міндеттері республика Конституциясы және заңнамасымен белгіленген құқықтық талап түрінде бекітілген міндетті тәртіп пен іс-шара түрлерін орындау. Олар ҚР Конституциясының 34,35, 36, 37 және 38-баптарында айтылған. Мысалы, әрбір адамның Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауы.

Азамат пен адамның құқық пен бостандығына конституциялық құқық –ҚР Конституциясы мен заңнамасымен белгіленген мемлекет органдары мен оның лауазымды тұлғаларының, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың жеке адамның құқығы мен бостандығын нақты іске асыру мен қорғауды қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасауға бағытталған міндетінің жиынтығы. Жалпы, мемлекеттік және ерекше кепілдіктерге бөлінеді. Жалпы кепілдік – саяси , материалдық, рухани кепілдіктерге бөлінеді. Мемлекеттік кепілдеме – ҚР Конституциясы мен басқа нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген азамат пен адамның құқықтары мен бостандығын қорғауды тікелей қамтамасыз ететін саяси құрал мен жағдай жүйесі. Құқық пен бостандық кепілдігіне барлық мемлекет үкіметі органдары қатысады (Президент, Конституциялық Кеңес, Үкімет, Парламент, Прокуратура және т.б.). Құқық пен бостандықтың ерекше заңды кепілдігі ҚР Конституциясының 13,14 және 16- баптарында анықталған.

Құқықтық қабілеттілік және қабілетсіздік құқықтық мәртебе элементі ретінде – бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде және оның заңды құқығы мен міндеттері барын мойындау.

Шет ел азаматтары ҚР заңнамасы бойынша құқықтық жағдайы бойынша республика азаматтарына теңестірілген. Бұл 12-баптың 4-тармағында көрсетілген – шет елдер азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының құқық пен бостандықтарын пайдаланады, сонымен қатар егер Конституциямен, заңдармен және халықаралық шарттармен көрсетілмесе, біздің азаматтар үшін белгіленген міндеттерді орындайды. Сонымен қатар республикада заңды күші бар Президенттің 19.06.1995 жылғы «ҚР шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы» Жарлығы әрекет етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

ҚР Конституциялық құрылымы - адамдардың қоғам мен мемлекеттегі экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухни қатынастарын көрсететін қоғамдық қатынастарға негізделетін Конституция жүйесіне бекіту.

Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы егеменді, демократиялық, зиялы (зайырлы), құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып жарияланған. ҚР егемендігі басқа мемлекеттердің егемендігін бұзбай ішкі және сыртқы мәселелерді өзі шешуді көрсететін тәуелсіздігін көрсетеді. Егемендікті нормативтік қамтамасыз етуді 25.10.90 жылғы «Қаз ССР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация орындайды, 9 бап егемендіктің экономикалық негізін бекітеді: «егемендіктің негізін құрап, республиканың ерекше меншігіне ҚР аумағындағы жер мен қазба байлықтары, су, әуе кеңістігі, басқа табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи құндылықтары, барлық экономикалық. ғылыми-техникалық потенциал – барлық ұлттық байлықтар жатады .

Сонымен қатар демократиялық саяси режим (түзім) ҚР заңнамаларына бекітіледі. Конституцияның 3-бабына сәйкес мемлекеттік үкіметтің жалғыз табыс көзі болып халық саналады. Ол өзінің үкімін тікелей және мемлекеттік органдар жүйесі арқылы Конституцияда белгіленген түрмен іске асырады. Демократизмнің басты құрамы халықтық басқару, үкімет бөлу, саяси плюрализм, ұлттық егемендік, жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады.

ҚР зайырлы мемлекет деп жариялау Республикада ресми мемлекеттік діннің болмауын, мемлекеттің барлық діндерге тең қарауын білдіреді. Дін мемлекеттен толық бөлінген, діни негізде саяси партиялар қызметтеріне жол берілмейді. Мемлекет діни бірлестіктердің қызметтеріне араласпайды, олардың дамуына кедергі жасамайды.

Әлеуметтік мемлекет – саяси ұйым, оның басты міндеттері адам өміріне лайықты жағдай құру, әлеуметтік теңдік принциптері құқығын бекіту болып табылады. Әлеуметтік қатынастар еңбек, білім беру, денсаулық сақтау, демалыс, зейнетақылық қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді қамтиды.

Құқықтық мемлекет лауазымды адамдар мен азаматардың мемлекеттік органдар үшін міндетті құқықтық құсқамалары белгілерімен сипатталады; мемлекет пен тұлғалардың өзара жауапкершіліктері; заңның басымдылығы; үкімет бөлу принциптерін іске асыру; заң басымдылықтары; сот үкіметтерінің тәуелсіздігі және басқалар.

ҚР Конституциясы басқарудың республикалық нысанын белгілейді. Мемлекет басында бүкіл халық сайлаған Президент тұрады. Ол Қазақстан халқының аты мен барлық мемлекет атынан сөйлеуге құқылы.

ҚР мемлекеттік құрылым түрінде біртұтас мемлекет болып табылады. ҚР біртұтас мемлекет ретінде бір азаматтық, бір заңдылық, бір мемлекеттік аппарат құрылымы, әкімшілік-аумақтық қоныстың сатылы жүйесі барымен сипатталады.

Конституция республика қызметтерінің негізін құрайтын прннциптерді белгілейді: қоғамдық келісім; саяси тұрақтылық; барлық халық пайдасы үшін экономикалық дамыту; қазақстандық патриотизм; мемлекеттік өмірдегі ең маңызды мәселелерді референдум немесе Парламентте дауыс беруді қоса алғанда шешу.

ЖОҒАРҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҮКІМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

ҚР конституциясына сәйкес Үкіметтің жалғыз көзі болып халық табылады, халық өз үкіметін мемлекеттік органмен іске асыруды табыстайды.

Мемлекеттік органдар – белгіленген заңнама тәртібімен құрылған, мемлекеттік басқару мен бақылау қызметтерін орындауға уәкілеттіленген мемлекеттік мекемелер.

Конституциялық принциптерге сәйкес ҚР мемлекеттік үкіметке бөліну заңдылық, атқарушы және сот тармағы жүйесінде мемлекеттік үкімет органдары түрлерге бөлінеді.

Мемлекеттік үкімет органдары жүйесінде басты рөл Президенттікі. Ұйымдастыруға қатысты ол өзерікті, мемлекеттік үкімет тармақтарының біреуіне де кірмейді, олар арасындағы арбитр болып табылады. Оның құқықтық мәртебесі Конституция нормаларымен және ҚР заңдарымен анықталады. «ҚР Президенті туралы» 26.12.1995 жылғы Конституциялық заңға сәйкес - мемлекет басшысы Президент ҚР ел іші мен халықаралық қатынастарға таныстыратын жоғары лауазымды адам.

Заңнама Президентке кандидат адамға келесі талаптарды қояды: туғаннан азамматтығының болуын, жасы – 40 жас емес, республикада тұрақты 15 жылдан аз тұрмаған, мемлекеттік тілді еркін сөйлейтін. Президент уәкілеттілігі 7 жыл. Бір адам екі мезгілден көп қатарынан Президент бола алмайды.

Президенттің конституциялық қызметтері ҚР Конституциясының 40 бабында құрылған:

Мемлекетің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыру;

  • Президент – азамат пен адамның құқығы мен бостандығының, Конституцияның халық пен мемлекеттік үкімет бірлігінің бейнесі мен кепілдігі;

  • Мемлекеттік үкіметтің барлық тармағының келісілген қызметін және халық алдындағы үкімет органдарының жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл қызметтердің дамуы мен нақтылануы Конституция мен басқа заңнама актілерде бар.

ҚР жоғарғы атқарушы органы болып Үкімет табылады. Бұл мемлекеттің атқарушы үкіметі жүйесін басқаратын алқалық орган. Үкімет мемлекеттік басқару мәселелерінің Конституцияға, 18.12.1995 жылғы «ҚР Үкімет туралы» конституциялық заң мен басқа заңнамаға сәйкес болуын шешеді .

Үкіметті ҚР Президенті құрамында Премьер-министр, оның орынбасарлары, басқа лауазымды министрлар бар құраммен құрады. Премьер-министрді Президент Парламенттің екі Палатасының келісімімен тағайындайды. Өзі тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзімінде Премьер-Министр Президентке Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы ұсыныс енгізеді.

Үкіметтің кең түрдегі өкілеттілігі бар, оның ішінде:

- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оның қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі мен оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

  • республикалық бюджеттің жобасы мен оның орындалуына есеп беруді әзірлейді;

  • Мәжіліске заң жобалары мен оларды орындауды қамтамасыз етуді енгізеді;

  • Мемлекетік меншіктілікті басқаруды ұйымдастырады;

  • Республиканың ішкі саясаты мен басқа қызметтерін өткізу бойынша іс-шараларды әзірлейді;

Үкімет ҚР Конституциясының, заңдардың, Президент актілерінің, басқа нормативтік құқықтық актілердің негізінде және орындалуы үшін нормативтік және жеке қаулылар шығарады. Премьер-министр жеке актілер болып табылатын және құрамында норма құқығы жоқ өкім шығарады.Үкімет Қаулысы мен Премьер-Министрдың өкімінің барлық республика аумағында міндетті күштері бар.

Республиканың жоғарғы өкілетті органы болып Парламент табылады. Оның құқықтық жағдайы Конституция нормаларымен, басқа заңнама актілермен анықталады, оның ішінде маңызды орын ҚР 16.10.1995 жылғы «ҚР Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға беріледі.

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi.

Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.  Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:  аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту; өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау; мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.      

Парламент құзырына кіретіндер:

  • палаталардың бірлескен отырысында іске асырылған құзырлылық;

  • палаталардың бөлінген отырысында іске асырылған құзырлылық;

  • Сенаттың ерекше құзырлылығы;

  • Мәжілістің ереше құзырлылығы;

  • Басқа палатаның қатысуынсыз өз еркімен шешілетін палаталар құзырлылығы.

  • Парламент сессиясы палаталардың бірлескен және бөлінген отырыстары түрінде өтеді.

Парламент қызметтерінің негізгі бағыттары заңдарды әзірлеу мен қабылдау болып табылады. Заңдылық үдеріс келесі кезеңдерде болады: 1) заң жобасын енгізу (заңдылық бастама Мәжілісте іске асырылады); 2) заң жобасын Мәжілісте қарау; 3) заң жобасын Сенатта Мәжіліс депутаттарының жалпы санынан көп дауыспен мақұлданғанын қарау, бұл жағдайда Сенаттың депуттарының жалпы санынан көп дауыс жинаған заң жобасы заңды болады; 4) Заңға Президенттің қол қоюы; 5) заңды ресми түрде жариялау.

Жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар іске асырады. Олардың құқықтық жағдайлары ҚР Констиитуциясының 8 бөлімі мен ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы Заңымен анықталған.

Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттарды – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын азаматтар сайлайды. Депутаттар саны ҚР Орталық сайлау комиссиясымен анықталады. ҚР 20 жасқа толған азаматы депутат болып сайлана алады.

Мәслихаттардың жүйесі облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардан тұрады. Мәслихаттар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын, жергілікті жерлерде Конституцияның, заңдардың, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті органдар арасындағы байланысты, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.

Жергілікті атқарушы органдар бірыңғай атқарушы органдар жүйесіне кіреді, атқарушы үкіметтің аумақтың даму мүддесі мен талаптарының үйлесуін жүргізуді қамтамасыз етеді. Атқарушы үкімет органдарының жүйесіне жергілікті жердегі әкімдер мен әкімдіктер, басқармалар, бөлімдер мен комиссиялар және басқа бөлімшелер мен қызметтер кіреді.

Облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдерін лауазымдарына Премьер-Министрдың ұсынуы бойынша республика Президенті сайлайды.

Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері лауазымдарына ҚР Президенті анықтаған тәртіппен сайланады немесе тағайындалады.

Сот үкіметінің органдары – бұл Жоғарғы сот пен жергілікті соттар кіретін ҚР сот жүйесінің құрам бөлігі. Арнаулы және төтенше соттардың мекемелеріне республикада тыйым салынған.

Жоғарғы сот ҚР барлық сот жүйесін басқарады және төменгі тұрған соттардың қызметтеріне соттық бақылау жасайды. Жоғарғы соттың төрағасы, сот алқасының төрағалары мен тұрақты судьялары болады. Жоғарғы соттың судьясы ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысына негізделген ҚР Президентінің ұсынуы бойынша сайланады.

Жоғарғы сот соттылыққа жататын сот істерін қарайды; республика соттарының құқықтық сотқа жіберудегі заңдылықтарды сақтауларына сот тәжірибесін зерттейді; сот тәжірибесінде заңнаманы қолдану мәселесі бойынша түсінік беретін нормативтік қаулыларды қабылдайды.

Облыстық судьялар мен соларға теңестірілген соттарды Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Төменгі тұрған соттардың судьяларын Президент білікті әділет алқасының ұсынысына негізделген Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Тұрақты судьяларды Парламент Сенаты сайлайды немесе лауазымдарына Президент тағайындайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

Сайлау құқығы объективті мағынада – мемлекеттік үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайлауын өткізу барысында туындайын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективті мағынада – бұл мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару сайлауларына, сайлауға (ынталы сайлау құқығы) және сайлануына (пассивті) азаматтың қатысу мүмкіндігіне мемлекеттік кепілдік.

Сайлау жүйесі – принциптер белгілейтін, солардың негізінде сайлаулар іске асырылатын заңды нормалардың жиынтығы. Ол ұйымдастырудың тәртібі мен сайлау өткізуді анықтайды, мемлекеттік үкімет органдарын құру мен жергілікті өзін-өзі басқару барысында туындаған қатынастарды реттейді.

Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері – бұл сайлау құқығының негізгі басы, онда қоғам мен мемлекет істерін басқаруға (ҚР Конституциясының 33 бабы) азаматтардың қатысу құқығын іске асыру негізі жатыр.ҚР сайлау құқығының негізгі принциптері: жалпылық, теңдік, тік және жанама сайлауға дауыс берудің құпиялығы. Бұл ҚР Конституциясы мен ҚР 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында бекітілген.

Жалпыға ортақ сайлау құқығы – ҚР анықталған жасқа жеткен, жынысына, ұлтына, шығу тегіне, дін ұстанымына және т.с.с қарамастан барлық азаматтары сайлауға және мемлекеттік үкіметтің сайлау органына сайлана алады. Жалпыға ортақ сайлау құқығы активті және пасссивті болып бөлінеді. Активті - ҚР 18 жасқа жеткен азаматтарының сайлауға қатысып дауыс беруге қатысу құқығы. Пассивті- Республика азаматтарының Президенттікке, Мәжіліс парламенті мен Мәслихат депутаттығына Конституцияда белгіленген шектеулермен сайлана алулары.

ҚР Парламентінде депутаттардың тікелей және жанама сайлаулары анықталған. Тікелей сайлау құқығының принциптері Президент, Парламент мәжілісі мен Мәслихаттың депутаттары, Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауларымен түсіндіріледі. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына сайлаушылар қатысады, яғни Мәслихат депуттары болып табылатын ҚР азаматтары.

Сайлау құқығына ҚР азаматтарының теңдігінің принципі, сайлаушылардың Президентті, республиканың Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын тең негізде сайлауға қатысуы және әрбір сайлаушы тек бір ғана тізімге енгізіледі, бұл сайлауда тек бір рет қана дауыс бере алады, бірде-бір сайлаушы басқа сайлаушылар алдында ешқандай артықшылыққа ие болмайды.

Құпия дауыс беру сайлаушының өз еркімен дауыс беруін бақылауды, сонымен қатар сайлаушы еркіне қысым жасау мүмкіндігін болдырмайды.

Сайлау жүйесі дауыс беру нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында мандаттарды бөлу тәсілімен түсіндіріледі. Бұл мағынада мажоритарлық және пропорционалдық жүйе көрінеді.

Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың  бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.        Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде (азаматтар сайлауға қатыспайды) іске асырылады. Сенатты республиканың тиісті облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астаналардың барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырысында ҚР әр облыс, республикалық қалалар мен астаналарынан екі адамнан сайланған депутаттар құрайды. Сайлаулар сайлаушылардың бірлескен отырысында жүзеге асырылады. Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаты мен астаналардың барлық мәслихаттарынан сенім білдіретін сайланған депутаттар санынан 50% артығы қатысулары қажет. Дауыстарды санау мен дауыс беру қорытындысын анықтаған кезде сонымен бірге көпшілік дауыс берген мажоритарлық жүйе қолданылады.

Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде араласқан сайлау жүйесі қолданылады. Мәжіліске сайлану қорытындысы бойынша депутаттық мандаттарды бөлу барысына ҚР-ғы сайлауға қатысқан 7 % кем емес сайлаушылар дауысын иеленген партиялар ғана қатыса алады. Дауыс беру партиялық тізім бойынша жүргізіледі, және әрбір партия оған дауыс бергендердің тепе-тең санына қарай орын иеленеді.

ҚР сайлауға дайындалу мен оны өткізуді, бірыңғай жүйе қалыптастырушы мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Мемлекеттік сайлау органдарының бірыңғай жүйесіне: республиканың орталық сайлау комиссиясы (ОСК); аумақтық сайлау комиссиялары; округтік сайлау комиссиялары; учаскелік сайлау комиссиялары енеді. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жыл.

ОСК Республиканың сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін басқарады және тұрақты әрекет етуші орган болып табылады. ОСК құрамында ҚР Президентінің ұсынымы бойынша Парламент Мәжілісі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға, хатшы және комиссия мүшелері болады. ОСК төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімі болу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциясы: мән және заң табиғаты. Қарағанды 2000.

  2. Бәйішев Ж. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, 2001.

  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы Ғылыми-құқықтық түсініктеме/ Сапарғалиева Г.С. редакциясы бойынша. Алматы, 2004.

  4. Көбеев Е.Қ. Конституциялық құрылым негізі – Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жетекші институты. /Көбеев Е.Қ. – Қарағанды: ҚарМУ, 2000.

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (о.-1,4,5,13; д.-1,2,3,5,6,7,9,10)

  1. ҚР Конституциясы – мемлекеттің негізгі Заңы.

  2. ҚР конституциялық-құқықтық құрылымы.

  3. ҚР сайлау жүйесі.

3-тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және соты (1 сағат)

Жоспары

1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.

2. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі.

Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.

Мемлекет қоғамды саяси ұйымдастырудың ең үздік түрі, онда өз субъектілерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған әртүрлі қызметтер бар. Мемлекет теориясы және құқығымен танылған оның негізгі қызметтерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бас бостандықтарын, меншігін, құқықтық тәртібін, және адамның басқа да тұрмыстық маңызды құндылықтарын қорғау болып табылады. Осы бағыттағы жұмысын мемлекет еркіне беру, нұсқама және тыйым салуларды белгілеп құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырады. Құқықтың көмегімен мемлекет адамдарды дұрыс қылықтар жасауға итермелеп, саналық мінез-құлқына әсер етеді. Қылықтар заңды және заңсыз болуы мүмкін, осыған байланысты мемлекет:

  1. құқықтық нормаларды бұзуға дейін және одан тыс – субъектіні құқықтық мінез-құлқы шегінде ұстауға;

  2. заң бұзу кезінде – заңға қайшы әрекеттерге (әрекетсіздік) тыйым салу, олардың жағымсыз салдарларын болдырмау;

  3. заң бұзылғаннан кейін – жазықтыны әшкерелеу, оны құқықтық жауапкершілікке тарту, бұзылған субъективтік құқықты қалпына келтіру бойынша шаралар қолдану.

Құқық бұзышулық барысында және одан кейін қарапайым нормалар мен арнаулы белгіленген қорғаушы құқықтық санкцияларын қолдану жолын сақтау және тікелей жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Өздігінен бұл нормалар жұмыс істемейді, бұл нормаларды қозғалысқа келтіріп, бақылап отыру мүмкіндігіне ие арнаулы өкілетті органның қатысуы қажет.

Нормаларды қозғалысқа келтіру мүмкіндігі бар өкілетті органдарға жататындар:

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі – ол мемлекеттің барлық аумағында конституцияның барлық заңдардан, заңдық және өзге де нормативтік құқықтық актілерден жоғары тұруын қамтамасыз етеді;

Прокуратура – Республика аумағында заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірқалыпты қолданылуын жоғарыдан бақылаудың, жедел іздестіру қызметінің, анықтау және тергеу, әкімшілік және атқарушы өндірістің заңдылығын қамтамасыз етеді;

Әділет органдары – құқықтық нормалардың дұрыс қызмет етуін қолдау бойынша міндетті жүзеге асырады, сот әділдігі қызметіне тікелей жәрдемдеседі, оған материалдық, техникалық және басқа да көмек түрлерін көрсетеді.

Қылмыстық қуғындау органдары (ІІМ, ҰҚК, Президенттің күзет қызметі, Салық полициясы және басқа органдар) – олардың құзыретіне қылмысты табу және ашу, қылмыс жасаушыларды тауып, қылмыстық жауапкершілікке тарту жатады.

Сот билігі органдары – олардың құзыретіне: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бас бостандығы мүдделерін қорғау, Конституцияның, заңның, және өзге де Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету жатады.

Адвокатура – оның басты міндеті білікті заңдық көмек көрсету арқылы, көмек сұраған азаматтарды және ұйымдарды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

Нотариат - әділет органдарының өкілдігімен тараптар арасында келісімге және өзге ресми құжаттарға қол қоюға байланысты мәмле жасау барысындағы заңдылықтың сақталуын бақылайды.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады.

Конституциялық Кеңестің қызметі Қазақстан конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Жарлығымен және дербес регламентімен реттеледі.

Конституциялық Кеңес өзін-өзі басқарады және мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға және азаматтарға тәуелді емес, Конституцияға ғана бағынады. Оның қызметіне араласу, қысым көрсету немесе Кеңес мүшесіне қандай да болмасын жағдайда ықпал ету заңмен қудаланады. Конституциялық кеңестің төрағасы мен мүшелерінің өкілеттігі мерзімінде олардың өміріне қол сұқпаушылық мәртебесін иеленеді.

Конституциялық кеңестің – Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің барлық аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететін міндеті бар. Осы мақсатта ол:

    1. Президент сайлауын, Парламент депутаттарын және республикалық референдум өткізу дұрыстығы туралы мәселе туындаса, дауды шешеді;

    2. Президент қол қойғанға дейін Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін қарастырады;

    3. Республиканың халықаралық келісімін ратификациялауға дейін Конституцияға сәйкестігін қарастырады;

    4. Конституция нормаларына ресми түсінік береді;

    5. Парламенттің Президенттің мерзімінен бұрын қызметтен кетуі немесе қызметтен кетіру туралы соңғы шешімін қабылдағанға дейін белгіленген конституциялық үрдістердің сақталғаны туралы тұжырым жасайды;

    6. Егер сот адамдар мен азаматтардың белгіленген Конституциялық құқықтарымен бас бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, заңдық және заңдық актілерді конституцияға қайшы деп танылған соттардың үндеулерін қарастырады;

    7. Конституциялық өндіріс дағдысын топтастыру нәтижесі бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылық жағдайы туралы жолдау жібереді.

Конституциялық Кеңесте жеті мүшесі болады, олардың біреуі Төраға болып табылады. Сонымен бірге Республиканың экс-Президенті заңды түрде өмір бойы мүшесі болып саналады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын және екі мүшесін лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті, екі мүшесін Парламент Сенатының Төрағасы, және қалған екі мүшесін Мәжіліс Төрағасы алты жылға тағайындайды және лауазымнан босатады. Кеңестің қалған жарты бөлігі әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Кеңес құрамына мемлекет аумағында мекендейтін, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасының 30 жастағы азаматы тағайындала алады.

Конституциялық Кеңесте мәселелерді қарастыру конституциялық өндіріс ережесі бойынша жүргізіледі. Конституциялық Кеңес өзінің барлық шешімін мүшелері санының басым бөлігінің даусымен коллегиалды түрде қабылдайды. Дауыс беру ашық түрде жүргізіледі. Төраға соңынан дауыс береді, және оның дауысы шешу болып саналады. Конституциялық Кеңестің барлық мүшелері белсенді позиция ұстанады – олардың ешқайсысының дауыс беруде қалыс қалуға немесе қатыспауға құқығы жоқ.

Конституциялық Кеңестің соңғы шешімі міндетті түрде үндеу жолдаған субъектілерге немесе олардың өкілдеріне, Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламенттің қос палатасына, Жоғарғы Сотқа, Бас прокурорға, Әділет министріне, сондай-ақ республикалық басылымда жарияланады.

Әділет министрлігі

Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына енетін орталық атқарушы орган болып табылады. Оның қызметі республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен және өзге де заңнамалармен тыйым салынбаған көздерден қаржыландырылады. Министрлікті Премьер-министрдің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайтын және босататын Министр басқарады.

әділет министрлігінің орталық аппараты департаменттерден, агенттіктерден және негізгі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін басқа да құрылымдардан құралады. Оларға: заңнамалар және халықаралық құқықтар департаменттері; сот қызметін ұйымдастырушы сот сараптамсы және атқарушы өндірісі; заңдық қызмет көрсету; қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету ұйымы; ішкі әкімшілік және жылжымайтын мүлікті және заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігі жатады. Бұл құрылымдардың әрекеті олар туралы ережеге сәйкес реттеледі.

әділет органдарына келесі міндеттер жүктелген:

  1. заңжобалық, талдау, жетілдіру, заңнаманы жүйелендіруді жұмысын жүргізу;

  2. нормативтік құқықтық актілерді құқытық сараптау;

  3. соттар жұмысын ұйыдастыру, кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

  4. азаматтық даулар бойынша, сондай-ақ келген материалдық нұқсанның орнын толтыру жөніндегі қылмыстық істер бойынша атқарушы өндірісті қамтамасыз ету;

  5. сот-сараптамалық қызметті ұйымдастыру;

  6. Қазақстан Республикасының халықаралық келісім дайындауын және келісім жасасуын құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмек берумен байланысты шараларды үйлестіру;

  7. Мемлекеттік тіркеу жүргізу:

  • заңды тұлғаларды,

  • жылжымайтын мүлікке және оларға қатысты мәмілені;

  • құнды қағаздар эмиссиясын;

  • нормативтік құқықтық актілерді;

  1. құқықтық көмек және заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

  2. құқықтық насихаттау мен құқықтық жалпы оқытуды ұйымдық - әдістемелік қамтамасыз ету;

  3. заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді орындау.

Прокуратура

Прокуратура қызметі көп қырлы және мазмұндылығы жағынан маңызды. Ол қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттеуді талап ететін көптеген салаларын қамтиды. Құқықтық нормаларды қолданған кезде туындайтын қандайда болмасын мәселе прокуратураның (юрисдикциясына) хұкімі шегіне енеді. Прокуратураның барлық органы Бас прокурорға бағынады. Прокурордың лауазымды атқару мерзімі белгіленбеген. Бас прокурор 5 жыл мерзімге тағайындалады.

Прокурорды тағайындаудың басты себебі, құқық бұзушыларға, құқық бұзушылыққа және олардың салдарларына императивтік ықпал етудің мейлінше тиімді демократиялық әдісін қолданып, сондай-ақ елдегі заңдылықтың нығайюына жәрдемдесу болып табылады. Прокуратура құзыреттігі:

  1. қылмыспен күресте басты ұйымдастырушы және үйлестіруші болады;

  2. тергеу, анықтау және жедел іздестіру қызметін жүргізуге құзырлы барлық мемлекеттік органдар қызметінің заңдылықтарын бақылайды;

  3. тұтқындау және барынша маңызды тергеу әрекетіне санкция береді;

  4. жазаланушыны сотқа береді;

  5. мемлекеттік айыптауды қолдайды;

  6. заңда қарастырылған жағдайларда азаматтық процесстерде арыз беруші тарапынан басты процессте айыптаушы жақ болады;

  7. қылмыстық және азаматтық істер бойынша наразылық білдіру құқығына ие;

  8. басқа да өкілеттіліктер атқарады.

Прокурорлар келесі қадағалау түрлерін жүргізеді:

  1. адам және азаматтың құқықтары мен бас еркіндіктерін, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалау;

  2. жедел іздестіру қызметін қадағалау;

  3. тергеу және анықтау заңдылықтарын қадағалау;

  4. әкімшілік істердің заңдылығын қадағалау;

  5. атқарушы істердің заңдылықтарын қадағалау;

  6. сот қаулыларының заңдылықтарын қадағалау.

Қадағалау міндетінен басқа прокуратура басқа міндеттерді атқарады – бұл қылмыстық іздестіру және сотта мемлекет мүддесін қорғау.

Прокурор жүзеге асыратын қылмыстық іздестіру қылмыс жасаған тұлғалардың кінәсын мойындату, сондай-ақ оларға жаза қолдану немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Прокурор бұл ретте, анықтау және алдын-ала тергеу органы сияқты жеке тергеу әрекеттерін жасауға, оларды жүргізу туралы тапсырма беруге құқылы.

Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер органдарының қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы заң күші бар Жарлығымен және басқа да қайшы келмейтін нормативтік актілермен реттеледі. Оларға сәйкес ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бас бостандықтарына қол сұғудың алдын алу, қылмыстық және басқа құқықтық қарсы әрекеттерді болдырмау және жолын кесу, қоғам мен мемлекеттің мүделерін қорғау бойынша атқарушы және реттеуші міндеттерді жүзеге асырады.

Ішкі істер министрлігін бір мезгілде ішкі әскерлер қолбасшысы болып табылатын Ішкі істер министрі басқарады. Оны лауазымға Премьер-министрдің ұсынымы бойынша Президент тағайындайды. Министр қол астындағы ведомстволарға басшылық жасайды.

Қазіргі уақытта ІІМ жүйесінде келсі ведомстволар қызмет етеді:

  • криминалдық полиция департаменті (оған қылмыстық іздестіру және жедел қызмет қызметтері енеді). Департаменттің басты міндеті – анықтау, тыйым салу және қылмысты ашу;

  • тергеу департаменті – қылмыстық істерді тергеу мен анықтау жүргізумен айналысады;

  • криминалистік бөлімшелер – заттай айғақтарды алу және қажетті жедел зерттеулер жүргізуде тергеуге көмектеседі;

  • әкімшілік полициясының департаменті әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алуды жүзеге асырады;

  • патрульдік полиция департаменті көшедегі және қаланың, елді-мекендердің қоғамдық орындарындағы қоғамдық тәртіптің сақталуын ұйымдастырады;

  • жедел-техникалық қызмет департаменті ІІМ-ін ақпараттық және жедел-техникалық қамтамасыз етумен айналысады;

  • жол полициясы департаменті бұрынғы МАИ жұмысын атқарады;

  • мемлекеттік күзет қызметі департаменті барлық күзет жүйесі ведомстволарының жұмысын басқарады;

  • арнаулы полиция департаменті арнаулы нысандардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді (арнаулы милиция бөлімшесі негізінде құрылған);

  • қылмыстық-түзеу жүйесі департаменті еңбекпен түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырады;

  • тыл, қаржылық қамтамасыз ету департаменті ІІМ қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:

  • қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • қылмысты болдырмау, анықтау, қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықьың жолын кесу;

  • қылмыстық істер бойынша анықтау және алдын-ала тергеу жүргізу;

  • әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;

  • қылмыстық және әкімшілік жазалауды орындау;

  • бас бостандығынан айыру орындарындағы құқытық тәртіпті қамтамасыз ету және ерекше түзім қалыптастыру, әкімшілік жазаға тартылғандарды ұстау;

  • кәмелетке жасы толмағандар құқықбұзушылығын, бақылаусыздықты анықтау және болдырмау;

  • жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сақталуын бақылау;

  • төлқұжаттық және визалық жұмыс жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан аумағына келу ережелерін сақтауды бақылау;

  • басқа да заңнамамен белгіленген міндеттер.

Ішкі істер органдарының қызметі құқық қорғау қызметіне тән, оның ішінде: заңдылық, дара басшылық, жүйенің тұтастығы, жариялылық, басқа құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу, ұйымдармен және азаматтармен әріптесу сияқты жалпы принциптермен сипатталады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ұлттық қауіпсіздікті нығайту, ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жүргізу жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен мемлекеттік тергеу комитеті таратылған. Жауапты мемлекеттік лауазымдар атқаратын тұлғалардың, әскериқызметкерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, арнаулы қызметтер мен соттардың ұйымдасқан қылмысқа қарсы, сондай-ақ қылмыстық қоғамдастық жүзеге асыратын контрабандамен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі өкілеттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне берілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетін Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындап, лауазымнан босататын Төраға басқарады. Ол қызметтің негізгі бағыттарына сәйкес келетін басқарма және бөлімдерден тұратын аппаратқа орынбасарлар қабылдайды.

Ұлттық ауіпсіздік органдарының қызметіне:

  • мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

  • Қазақстан Республикасы аумағындағы барлау және басқа да шетел мемлекеттерінің және жекелеген тұлғалардың жауыздық әрекеттерін анықтап, жолын кесу бойынша жұмыс жүргізеді;

  • террорлық және конституциялық құрылымды зорлықпен өзгертуге, шекара тұтастығын және мемлекет қауіпсіздігін бұзуға бағытталған басқа да әрекеттерді анықтау, ескерту және жолын кесу;

  • олардың әрекетіне қатысты қылмысты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу;

  • мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және әскери құрылымдарды шифрлық және кодтық байланыспен қамтамасыз ету енеді.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының құқықтары:

  • аса күрделі қылмыстық істер бойынша, ауыр және ерекше ауыр қылмыстар, жоғарыда аталғандардан басқа, сондай-ақ конституциялық құрылым мен мемлекет қауіпсіздігіне, терроризмге қатысты қылмыстар туралы істер бойынша алдын-ала тергеу жүргізу;

  • жекелеген жағдайларда анықтау жұмысын жүргізеді, мысалы экономикалық контрабанда, айналымнан алынып, шектелген (біліксіз құрамдар) препараттар немесе бұйымдармен кантрабанда туралы істер бойынша.

Аталған органдар қылмыстық іс қозғаған жағдайда:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Жарлығы қарастыратын жедел-іздестіру шараларын жүргізеді;

  • қамауға алу шараларын қолдану туралы шешім шығарылған қылмыс жасаған деген күдікті тұлғаларды ұстау үшін тергеу изоляторы бар;

  • әртүрлі салада сараптамалық-криминалистік зерттеулер жүргізеді;

  • қызметіне штаттан тыс еріктілерді тартады;

  • арнаулы күзетілетін нысандарға кіруге талпынумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды ұстайды;

  • бақылау жасайды, мемлекеттік, коммерциялық және банк құпияларын және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;

  • ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерінің, олардың бөлімшелерінің ведомстволық, жайларының және көліктерінің құрпиялылығын сақтау мақсатында басқа мемлекеттік органдармен ұйымдардың құжаттарын пайдалана алады;

  • заңмен көрсетілген жағдайда күш, сондай-ақ қару мен арнаулы құралдар қолдана алады;

  • заңмен көрсетілген басқа да әрекеттер орындауға құқылы.

Ұлттық ауіпсіздік комитеті органдарының қызметі заң презумпциясы, дара басшылық, барлығының заң алдында теңдігі, саяси партиялар және басқа қоғамдық бірлестіктерге қатысына қарамастан азаматтардың құқықтарын сақтауға және бас бостандықтарын құрметтеуге сәйкес құрылған.

Президенттің күзет қызметі

Президенттің күзет органдары президентті тұрақты күзетумен (мемлекеттік қоғамдық шараларда, сондай-ақ тұрақты және уақытша тоқтаған елді-мекендерде) айналысатын ұйым ретінде әрекет етеді.

Президенттің күзет органдарын Қазақстан Республикасы Президенті лауазымға тағайындайтын президенттің күзет қызметінің бастығы басқарады.

Президенттің күзет қызметі өкілдерін президенттің күзет қызметінің басшысы әскери қызметкерлер, ішкі істер органдары қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік органдары, сондай-ақ арнаулы қызмет қызметкерлері арасынан іріктеп алады.

Президент күзеті қызметінің басты міндеті:

  • президенттің өмірін сақтауды қамтамасыз ету;

  • президентке қастандық жасауға талпынғандарды анықтау;

  • президенттің өмірі мен денсаулығына қатер төндіруші қылмыстық элементтерді ұстау және қарусыздандыру кезінде жедел қимыл жасау;

  • жедел-іздестіру шараларын жүргізу.

Президент күзеті қызметі органдарының қызметі президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңнамаға сәйкес құрылады.

Адвокатура және нотариат

Адвокаттардың қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Адвокаттық қызмет туралы» Заңына және «Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат беру тәртібі туралы ережеге» сәйкес рұқсат қағаз беріледі.

Адвокатураның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Адвокаттық қызмет туралы» Заң негізінде жүзеге асырылады, негізгі мақсат ретінде пайда табуды көздемегендіктен кәсіпкерлікке жатпайды, және:

  • қылмыстық істер бойынша қорғау;

  • азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілдік;

  • азаматтарға және заңды тұлғаларға әртүрлі заңдық көмек көрсетумен айналысады.

Адвокатура мемлекет кепілдік берген және Конституциямен бекітілген адамның өз құқықтарын қорғауға құқылығы мен білікті құқықтық көмек алуына көмектесуді жүзеге асырады:

Адвокатура қызметін ұйымдастыру келесі принциптерге сәйкес құрылады:

  • қызметін жүзеге асыру барысында адвокаттың ешкімге тәуелді болмауы;

  • қызметін заңда тыйым салынбаған әдіс, құралдармен жүзеге асыру;

  • заңда тікелей көрсетілген жағдайлардан басқа кезде прокуратура, сот, анықтау және алдын-ала тергеу органдары, басқа мемлекеттік органдар, өзге ұйымдармен лауазымды тұлғалар тарапынан адвокат қызметіне араласуына жол бермеу;

  • кәсіби мінез-құлық нормаларын және адвокаттық ар-ожданды сақтау.

Адвокаттар келесі қызметтерді жүзеге асыруға құқылы:

  • құқықтық көмек көрсетуді сұраған тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін барлық соттарда, тиісті мәселелерді шешуге құзырлы мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қорғауға және тұлғаның атынан сөйлеуге;

  • адвокаттық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді барлық мемлекеттік органдармен мемлекеттік емес ұйымдардан сұратып алуға;

  • құқықтық көмек көрсету үшін қажет нақты мәліметтер жинауға. Дәлелдер келтіруге;

  • көмек сұрағанның ісіне қатысты материалдармен, сондай-ақ процессуалдық істермен, тергеу және сот істерімен танысуға, заңдық актілермен тыйым салынбаған әдіспен ресми айыптауға тіркелген ақпаратты алуға;

  • іске қатысуға рұқсат алғаннан кейін, және кездесудің құпиялылығын қамтамасыз ететін жағдайда қорғауға алған тұлғамен кездесуді талап етуге;

  • құқықтық көмек көрсетумен байланысты туындаған мәселелерге ғылым, техника, өндіріс және басқа қызмет салаларында түсінік беру үшін мамандардың қорытындысын келісім негізінде сұратуға;

  • әділет, прокуратура, анықтау, алдын-ала тергеу және сот органдары, сондай-ақ басқа құқықтық мүдделері мен құқықтары бар лауазымды тұлғалардың әрекетіне көмек сұраған тұлғалардың белгіленген тәртіпте арыз беруге өтініш жасауға;

  • мемлекеттік құпиямен, сондай-ақ заңмен қарастырылған тәртіпте анықтау, алдын-ала тергеу жүргізуге және сотта қажет болса әскери, коммерциялық, қызметтік немесе заңмен қорғалатын ақпаратпен танысуға;

  • құқықтық көмек сұраған тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда заңда тыйым салынбаған құрал, әдістер пайдалануға, сондай-ақ заңға қайшы келмейтін өзге де әрекеттер жасауға;

Адвокаттар қызметіне заңмен кепілдік беріледі және мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктермен лауазымды тұлғалардың адвокаттың қызметіне араласуына қатаң түрде тыйым салынады.

Нотариаттың қызметі Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңымен реттеледі. Нотариат – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен фактілерін куәландыруға, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық әрекеттерді жасау арқылы олардың заңды мүдделерімен құқықтарын қорғаудың заңды бекітілген жүйесі.

Нотариустың көмекшісі мен тағылымдамадан өтушісі болады. Жеке нотариустарға рұқсат қағазды нотариустардың Біліктілік алқасының ұсынымы бойынша Әділет министрлігі береді.

Нотариус келесі әрекеттер жасайды:

  • мәмілені куәландырады;

  • заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттарын куәландырады;

  • мұрагерлік мүлікті қорғау шараларын қабылдау;

  • құжат көшірмесінің дұрыстығын куәландыру;

  • құжатқа қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру;

  • аударманың дұрыстығы туралы куәландыру;

  • дәлелді қамтамасыз ету және т.б.

Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі.

Құзыреттілік пен алға қойылған міндеттерге сәйкес құрылған сот жиынтығы Қазақстан Республикасының сот жүйесін құрады. Конституция, «Қазақстан Республикасындағы соттар және сот мәртебесі туралы» Жарлыққа сәйкес Республиканың сот жүйесін Жоғарғы сот және жергілікті соттар құрады.

Жергілікті соттарға:

  1. облыстық және оларға теңестірілген соттар (астана және республикалық маңызы бар қалалар соттары, Жоғарғы сот);

  2. аудандық (қалалық) соттар, бірлестіктің әскери соты (гарнизон, құрамалар, әскер) жатады.

Шартты түрде сот жүйесін үш деңгейге бөлуге болады:

  1. негізгі (аудандық, қалалық соттар, гарнизондардың, құрамалардың, әскердің әскери соты);

  2. орташа (облыстық соттар, астана және республикалық маңызы бар қалалар соттары, әскердің әскери соты);

  3. жоғарғы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты).

Істі шешуде процесстегі орны, шешетін міндеттер аясы, ол үшін берілетін құзыреттілік көлемі мен сипаты деп түсіндірілетін сот инстанциясы деген түсінік бар.

Бірінші инстанциядағы сот деп, істі қарастырып, оны шегіне жеткізіп шешетін сотты атайды. Оның деңгейі әртүрлі болуы мүмкін – аудандық, облыстық немесе Жоғарғы сот.

Аппеляциялық инстанция сот – апелляциялық арыз және заң күшіне енбеген үкім, шешім немесе бірінші инстанциядағы сот қаулысына наразылық бойынша істерді қарастырады.

Кассациялық инстанция соты - кассациялық арыз және заң күшіне енбеген үкім, шешім немесе бірінші инстанциядағы сот қаулысына, сондай-ақ аппеляциялық сот үкіміне (шешім, қаулы) наразылық бойынша істерді қарастырады.

Қадағалау инстанциясындағы сот – алдыңғы сот инстанцияларының заң күшіне енген сот шешімдеріне тараптардың арызы немесе наразылығы бойынша қадағалау тәртібімен істі қарастырады.

Соттар келесі істерді жүргізеді:

  1. азаматтық, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қаржылық, шаруашылық, жер құқық қатынастары, табиғат ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау және басқа да құқықтық қатынастардан туындаған даулар бойынша;

  2. ерекше өндірістегі;

  • азаматтардың, сайлауға, референдумға қатысатын қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы өтініштері бойынша;

  • органдар мен лауазымдытұлғалардың қаулыларына дау айту туралы істер бойынша;

  • мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің шешіміне және әрекетіне (әрекетсіздігін) азаматтардың дау айту туралы;

  • заңды маңызы бар фактілерді көрсету туралы;

  • азаматтың хабарсыз кетті деп тану немесе азаматтың қайтыс болғанын хабарлау туралы;

  • азаматты іс әрекетке қабілетті немесе қабілетсіз деп тану туралы;

  • азаматты мәжбүрлеп психиатриялық стационарға оқшаулау туралы;

  • заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы;

  • жылжитын затты иесіз деп тану, жылжымайтын мүлікке жеке меншік құқығын тану туралы;

  • азаматтық хал актілері жазуының дұрыс еместігін көрсету туралы;

  • нотариалдық әрекетке арыз немесе оларды жасаудан бас тарту бойынша;

  • жоғалған құнды қағаздар бойынша құқығын қалпына келтіру туралы.

  1. қылмыстық істер;

  2. әкімшілік істер және басқасы.

Соттар қызметінің құқықтық негізі, негізгі ережелері, сот органдарының орны мен ролі, сот төрелігі принципі, сот билігінің тәуелсіздігі санаттары, соттарды тағайындау және босату тәртібі, қылмыстық қуғындалудан қорғау «Қазақстан Республикасының соттар және сот мәртебесі туралы» негізгі заңында мазмұндалған.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі. Қарағанды 1998.

  2. Бекбергенов Н.А. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау жүйесі. Астана 2000.

  3. Смалдыков М.К. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. Алматы 1996.

  4. Сүлейменова Г.Ж. Қазақстан Республикасындағы сот және құқық қорғау органдары. Р.Т.Түсіпбековтың редакциясымен Алматы 1999.

СӨЖ үшін бақылау жұмыстары (о.-1,5,6; д.-21,22,23,24,25,26,36)

  1. Құқық қорғау қызметі мен құқық қорғау органдары түсінігі.

  2. Құқық қорғау қызметінің негізгі бағыты.

  3. Құқық қорғау қызметінің құқықтық негізі.

4-тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқығының негіздері. (2 сағат)

Жоспары

  1. Мемлекеттік басқару негіздері.

  2. Мемлекеттік басқару жүйесі, ұйымдастырылуы және нысаны

  3. Әкімшілік құқық пәні, әдісі және жүйесі.

  4. Мемлекеттік қызметкерлер.

  5. Әкімшілік – саяси аяны басқару.

Қоғамдық процестерді мақсатқа жетелеу, ұйымдастыру және реттеу барысына ықпал ету жүйесінде мемлекет басты орынға ие болады. Әлеуметтік басқарудағы жетекші субъект ретінде, мемлекет белгіленген аумақ шегіндегі тұрғындарды толық қамту арқылы, қоғамдағы саяси биліктің біртұтас әмбебап ұйымдастырушысы болып табылады. Мемлекет қойылған мақсатты жүзеге асыруды, қоғамдық өмірді ұйымдастыруды, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын реттеуді қамтамасыз етуге мүмкіншілігі бар билеуші күшке ие.

Мемлекеттік басқару нысаналық сипатта жұмыс жасап, ерекше міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік басқарудың мақсаты Конституцияны, заңдарды, Президент жарлықтарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді күнделікті орындау, тұрмыста қолдану.

Мемлекеттік билік органдар жүйесінің көмегімен қоғамды басқарады. Маңызды органдар заң шығарушы, атқарушы және сот билігі.

Мемлекеттік басқару барша қоғамның мүддесін білдіреді. Басқару қызметін орындау үшін қоғамдағы мемлекеттік билік атынан арнаулы аппарат құрылады. Мемлекеттік орган алдында тұрған міндеттер осы органдардың жұмыс мазмұнын анықтайды. Мемлекеттік басқару арқылы мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері жүзеге асырылады.

Мемлекеттік басқару принциптері – мемлекеттік басқарудың құрылымдық элементтерінің мәнін және ішкі келісімін білдіретін негізгі басқару принциптерінің бастауы. Конституциялық принциптерді бөліп қарастырады (мемлекеттік билік пен басқарудың тұтастығы, заңдылық, құқық басымдығы, мемлекеттік мүдделер алдындағы азаматтардың заңды мүдделерінің еркіндігі, мемлекеттік басқаруға қатысудағы азаматтардың теңдігі және т.б.); салалық (экономиканың, әлеуметтік саланың, саяси құрылымның жекелеген салаларында басқарудың ерекше мүмкіндіктерін көрсетеді).

Мемлекеттік басқару қызметі мемлекет қызметімен тығыз байланысты және жолдарын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың ұйымдастыру түрін көрсетеді. Басқару жүйесін ұйымдастыру; жоспарлау (болжау, бағдарламалау); кадрлық қамтамасыз ету; реттеу; бақылау сияқты қызметтер жатады.

Мемлекеттік басқару түрі – қоғамдық практика саласына сай келетін мемлекеттік орган қызметінің мәні мен сипатының сыртқы көрінісі. Олар құқықтық және құқықтық емес деп екіге бөлінеді.

Мемлекеттік басқару органы – заңдар мен заңдық актілердің атқарушы және өкімшіл қызметін орындау барысында және негізінде функционалдық жүзеге асыратын мемлекеттік аппараттың бөлімі.

Мемлекеттік басқару органдарының құқықтық қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, әртүрлі қызмет саласын реттеуші заңдармен, жарлықтармен, заңдық актілермен реттеледі.

Құзырлылық сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары жалпы, салалық және ішінаралық құзырлылық органдарына бөлінеді.

Жалпы құзырлылық органдары қызметінің негізгі мәселелері бойынша нысандардың жалпы немесе кең ауқымды бөлігіне қатысты қызметтерді жүзеге асырады, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуды (облыс, қала, аудан, ауылдық округ әкімдіктері) қамтамасыз етеді.

Салалық құзырет органдары салалық қызмет бойынша берілген тапсырмаға қатысты қызметтерін жүзеге асырады, мысалы Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлігі.

Салааралық құзырет органдары жалпы немесе көпшілік салалар мен басқару саласына арналған жалпы арнаулы қызметтерді орындайды, мысалы Қазақстан Республикасы еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ішінара салалық құзырет органдары елдің әкімшілік-аумақтық бөліну құрылымына және кейбір факторлар мен жағдайларға сай құрылады. ҚР мемлекеттік билігінің жоғары атқарушы және өкімшіл органы – ҚР Үкіметі. ҚР орталық атқарушы органы – министрліктер, агенттіктер, комитеттер (мысалы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті), Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқару органы (мысалы, құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия). Жергілікті атқарушы органдар – облыс, қала, аудан, селолық округ әкімдіктері, сондай-ақ бірлестіктерді, мекемелерді, ұйымдарды тікелей басқару органдары (кәсіпорын, мекеме ұйым әкімшілігі).

Қазақстан Республикасының жоғары атқарушы органы - Үкімет. ҚР Конституциясына сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасындағы атқарушы билікті жүзеге асырады, атқарушы орган жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады. Үкімет ҚР Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Парламентке есеп береді. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті жасақтайды. Үкімет құрамына Үкімет мүшелері кіреді: Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың басқа да лауазымды тұлғалары. Премьер-министрді Парламенттің келісімімен ҚР Президенті тағайындайды. Үкімет құрамы мен құрылымы туралы ұсынысты ҚР Президентіне, Премер-министр тағайындалғаннан кейін он күн ішінде енгізеді. Үкімет қызметінің тәртібі ҚР 1995 жылғы 18 желтоқсандағы «ҚР-дағы Үкімет туралы» Конституциялық Заңымен анықталады.

ҚР Үкіметі атқарушы билік құзырына жататын өкілеттікпен иеленеді. әлеуметтік-экономикалық саясаттың, қауіпсіздіктің негізгі бағыттарын әзірлеу; қоғамдық тәртіпті, қорғаныс мүмкіншілігін қамтамасыз ету; орталық және жергілікті атқарушы билікті басқару; республикалық бюджетті дайындау және Парламентке ұсыну, оның орындалуын қамтамасыз ету және ол туралы есеп беру; мемлекеттік меншікті басқару; Мәжіліске заң жобаларын енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету; сыртқы саясат жүргізу бойынша шаралар ұйымдастыру. Үкімет қаулы шығарады.

Министрлік мемлекеттік басқарудың тиісті салаларына басшылық жасауды жүзеге асырушы, сондай-ақ қарастырылған заңнама шегінде салааралық үйлестіруші республиканың орталық атқарушы органы болып табылады (мысалы, Мемлекеттік кіріс министрлігі).

Министрлік құрамында министрліктің қызметтік салаларын тікелей басқаруды жүзеге асыратын департамент, бас басқарма (басқарма), комитеттер құрылады.

Агенттік – Үкімет құрамына кірмейтін ҚР орталық атқарушы органы. Агенттік Республика Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Республика Президентінің жарлығымен құрылады, қайта ұйымдастырылады және қысқарады. Агенттік мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қарастырылған заңнама шегінде салааралық үйлестіру мен өзге де арнаулы атқарушы және бұзушы қызметтерді атқарады (мысалы, ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау жөніндегі агенттігі, ҚР инвестициялар жөніндегі агенттігі және т.б.).

Мемлекеттік қызмет атқарушы биліктің ішкі жағын сипаттайды. ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет – мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға бағытталған азаматтардың мемлекеттік органдардағы қызметі.

ҚР мемлекеттік қызмет заңдық принципке; қазақстандық патриотизмге; азаматтардың құқықтары мен заңдық мүдделерінің мемлекет мүддесіне; мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен құзырлығы және т.б. негізделген. Мемлекеттік қызметшілер санатына, саяси, әкімшілік лауазымдар атқаратын қызметшілер, сондай-ақ милитаризмдік және азаматтық қызмет қызметшілер болып бөлінеді.

Мемлекеттік қызметке тағайындау, сайлау, конкурс арқылы алынады. Мемлекеттік қызмет еңбек кодексі, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 26,27- баптары қарастырған негізде тоқтатылады.

Қазақстандық заң жүйесінде өзін - өзі басқарушы саласы әкімшілік құқық болып табылады. Жалпы түрінің өзінде әкімшілік құқықты – басқарушы құқық деп атауға болады. Ол мемлекеттік әкімшілік құру және қалыптастыру барысында туындайтын қатынасты жүзеге асырады және мемлекеттік және муниципалдық басқару саласына қызмет етеді. Ол ҚР өзге салалық құқықтармен бекітілген қатынастардан басқа барлық басқарушы қатынасты реттейді.

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары ( тараптардың заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік құқықтық қатынастарды келесі біліктілік санаттары бойынша бөлуге болады:

    1. қатысушылар құрамы бойынша: а) аппарат ішіндегі, б) аппараттан тыс;

    2. тараптар арасындағы заңды байланыс сипаттарына қарай: а) тік (әрбір тарап билік құзырына ие, көлемі бірдей), б) көлденең (тікелей басқаруға ұқсас, онда тараптар заңды түрде бірдей).

Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік басқару немесе қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке, азаматтардың құқықтарымен бас еркіндіктеріне қол сұғу, заңға қайшы, айыптаушы әрекет (қасақана немесе байқаусызда) немесе әрекетсіздікке заңнамамен әкімшілік жауапкершілік жүктеу қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы – қоғамға қарсы жасалған іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатын элементтер жиынтығы. Оны келесі элементтер құрады:

  1. нысан – қол сұғушылық себепкері, мемлекеттік басқару саласындағы заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар;

  2. объективті жақтары – сыртқы іс-қимыл актісі, әрекет немесе әрекетсіздік, оның салдары, сондай-ақ әрекет пен оның салдары арасындағы себептік байланыс;

  3. субъект – құқық бұзушылық жасағанға дейін 16-ға толған жеке, сондай-ақ заңды тұлға;

  4. субъективті жақтары – заң бұзушының істеген қылмысына психологиялық қатынасы, әдейі немесе байқаусызда жасаған ісіне айыбы.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 45-бабы әкімшілік сөгістің келесі түрлерін қарастырады: ескерту; әкімшілік айып пұл; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйым немесе затты алу; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйымды, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы келген кірісті, ақшаны және құнды қағазды алу; арнаулы құқығынан шектеу; рұқсат қағазынан, арнаулы біліктілік аттестатынан (куәлік) айыру немесе жекелеген әрекет түріне күшін тоқтату, немесе жекелеген әрекет жасау; жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе тыйым салу; рұқсатсыз салынған құрылысын қирату; әкімшілік тұтқындау; шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шекарасынан шығарып жіберу.

Аталған сөгістің қайсыбірін қолдану бір жыл бойы тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын білдіреді, тек бір жылдан кейін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Әкімшілік сөгіс шараларынан басқа қайтадан құқық бұзушылықты ескерту мақсатында заңмен соттан тыс әкімшілік құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде көрініс табады. Олардың арасында әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары, әкімшілік – жолын кесуші және әкімшілік – қалпына келтіруші шаралар басым.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Алматы: Заңгер, 2004.

2. Жетпісбаев Б.А. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік жауапкершілік. Оқу құралы, Алматы: Жеті жарғы, 2000.

3. ҚР 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексі

5-тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері. (3 сағат)

Жоспар

  1. Жалпы ережелер.

  2. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері.

  3. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

  4. міндеттемелік құқық негіздері.

  5. Интеллектуалдық меншік құқығы.

  6. Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негізгі ережелері.

Қазақстан құқық жүйесінде азаматтық құқықтар ең бір елеулі салалардың бірі болып табылады. Бұл құқықтық саласының тауар-ақша өзге де теңдікке негізделген, мүліктік қатынастарға негізделген қатысушылардың сол сияқты мүліктік, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалары.

Азаматтық құқыққа азаматтық заңдар сәйкес келеді. ҚР азаматтық кодексі (ендігі жерде ҚР АК) жалпы бөлімнен (27.12.1994 ж.) және ерекше бөлімнен (01.06.1999 ж.) құралған. Жалпы бөлімде пән, әдіс, азаматтық құқық жүйесі, азаматтық құқықтар қатынастары, азаматтық құқықтар субъектілері және т.б. жалпы сұрақтар қаралады. Ерекше бөлімде нақты міндеттемелер (сатып алу-сату, тасымалдау, сыйлау және т.б.) сондай-ақ мұрагерлік мәселелері, зияткерлік меншік құқығы және халықаралық жеке құқығы қаралады.

Азаматтық құқық қатынастары бұл- мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.

ҚР АК 12 бабы – жеке тұлға бұл – ҚР азаматтары, өзге мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар екендігін анықтайды. Құқық қатынастарының қатысушылары болу үшін азаматтық құқық қабілеті және іс-әрекетке қабілеттілік болуы қажет.

Азаматтық құқық қабілеттілігі бұл – азаматтық құқықтардың болу қасиеті және жауапкершілікті мойындау. Ол барлық азаматқа тепе-тең өлшемде жүктеледі. Туылған күнінен пайда болып дүниеден өткенде тоқтатылады. (ҚР АК 13 бабы).

Азаматтық іс-әрекетке қабілеттілік - өз іс-әрекетімен азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзі үшін ие болу, жүзеге асыру, жасау және оларды орындау.

Іс-әрекеттің болуының құқықтық қабілеттіліктен өзгешелігі төмендегі қасиеттермен шартталған – жекелеген психикалық кәмелеттік меже, құқықтық нормаларды түсіну – бұл жас ерекшелікке және денсаулыққа тәуелді.

Заң іс-әректетке қабілеттілікті (18 жасқа жету), кәмелетке жетпегендердің іс-әрекетке қабілеттілігін (14 жастан 18жас аралығы), жас балалардың іс-әрекетке қабілеттілігін (ішінара іс-әрекетке қабілеттілікті, 14 жасқа дейін) жекелейді.

ҚР АК 26 бабы соттық тәртіпте тұлғаның іс-әрекетке қабілетсіздігінің негіздерін анықтайды. ҚР АК 27 бабы іс-әрекеттің шектелу мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл тұлғалардың үстінен қорғаншылық қамқоршылық анықталады.

Заң азаматтардың кәсіпкерлікпен заңды тұлғалардың білімсіз шұғылдану құқығын мойындайды (заңмен қарастырылған жағдайлардан өзге)

Кәсіпкерлік бұл – меншік меншік нысанына бағынышты емес тауарға сұранысты қанағаттандыру жолымен таза кіріс алуға бағытталған (жұмыс, қызмет ету) жеке меншікке негізделген (жеке кәсіпкерлік)немесе мемлекеттік кәсіпті шаруашылық құқығында жүргізуге (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген азаматтар мен заңды тұлғалардың ықыласты әрекеті. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атымен, тәуекелділігімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуі ашық жүргізіліп, жеке кәсіпкер ретінде есепке алумен тұжырымдалады (ҚР АК 19 бабы).

ҚР АК 33 бабы заңды тұлға ұғымын анықтайды. Ұйым - заңды тұлға бола алады. Ол жеке меншік құқығына, жедел басқаруға ие, шаруашылық түрінде жүргізілетін оқшау мүлікке ие және аталмыш мүлігімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан мүліктік құқыққа және міндеттемелерге ие болады, сотта талапкер және жауапкер бола алады, дербес балансқа немесе стетаға ие

Азаматтық заң заңды тұлғаларды келесі түрлерге бөледі:

1). Қызметтік мақсаты бойынша:

а) коммерциялық (қызметтің негізгі мақсаты пайда тауып, таза кірісті құрылтайшылардың арасында бөлісу); б) коммерциялық емес;

2). Жеке меншік нысаны бойынша:

а) мемлекеттік; б) мемлкеттік емес;

3). Ұйымдастырушылық нысаны бойынша:

а) коммерциялық мемлекеттік кәсіпкерлік нысанында, шаруашылық серіктестік нысанында, тұтыну кооператив нысанында, діни бірлестік нысанында қалыптаса алады.

4). Пайдаланылудағы мүлік құқығының көлеміне байланысты:

а) шаруашылық жүргізу құқығына немесе жедел басқаруға ие болушылар; б) жеке меншік құқығына ие болушылар.

Заңды тұлғаның азаматтық құқығы және іс-әрекетке қабілеттілігі бір мезгілде туындап тоқтатылады. Заңмен белгіленген түрде әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі оның туындауының негізі болып табылады (егер заңды тұлғаның жүзеге асырып отырған қызметі лицензиялауға жатса бұл қосымша алдын ала келісіледі). Жойылуы нәтижесінде тоқтатылады. Заңды тұлғаның бірынғай мемлееттік заңды тұлғалар тізілімінің шығарылған кезінен жойылу нәтижесінде тоқтатылады.

Мүліктік байлық және жеке мүліктік емес құқық азаматтық құқық қатынастарының объектісі болып табылады. Атап айтсақ бұл заңға сәйкес азаматтық айналымнан (ақша, зат, тауарлық белгілер, мүліктік құқық) алынып қоймаған кез келген мүлік.

Мүліктік емес байлық қатарына өмір, денсаулық, отбасылық және коммерциялық құпия т.б. жатады.

Азаматтық құқық қатынастарының мазмұның құрайтын азаматтық құқықтар мен міндеттемелер өмірлік жағдайлардан туындайды. Заң осы құқық пен міндеттемелердің туындайуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын осымен байланыстырады. Келісім азаматтық құқықта ең көп тараған заңды факт болып табылады.

Азаматтардың немесе заңды тұлғалардың азаматтық заң және міндеттемелерін анықтауға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған іс-әрекет келісім деп танылады (ҚР АК 147 бабы).

Келісімдерді бірнеше негіздемелер бойынша жіктеуге болады.

  1. Келісімге қатысушылар санына байланысты

а) біржақты – жасалуы үшін бір жақтың ерікі жеткілікті (мысалы өсиет құруда). б) екі немесе көп жақты келісімдер – екі не одан көп жақтардың келісімін қажет етеді. Бұл келісімдер келісім-шарттар деп аталады.

2. Келісімнің туындаған кезіне орайластырыла пайда болған келісімдер.

а) нақты, қатысушының бірімен зат зат екіншісіне берілген кезінде жасалған болып есептеледі (мысалы сыйлау, сақтау). б) консуальдық – Келісім мен келісімнің жасалуын ғана талап ететін барлық келісімдер (сатып алу-сатыу.

3. Қызмет ету мезгілі бойынша:

а) мезгілсіз – олардакелісімнің жүзеге асырылу мерзімдері, уақыты көрсетілмеген. б) асығыстық. в) шартты – белгісіз бір оқиғаға беттестірілген, дегенімен сол оқиғаның болуы болмауы белгісіз құқық пен міндеттемелер.

Сол сияқты ақылы және ақысыз келісімдер болып жіктеледі.

Заң келісімдердің ауызша және жазбаша түрде жасалуын анықтайды. Заң кейбір келісім түрлерінің міндетті нотариалдық төлқұжатының екі жақтық белгілі бір құқықтық нәтижеге қол жеткізуі келісімнің жарамды екендігін танылуы үшін оның төмендегідей шарттарға сәйкестігі қажет.

  1. Ол заңды болуы қажет. Заң талаптарына, құқықтық тәртіп негіздеріне, адамгершілікке сәйкес емес келісімжарамсыз болып табылады.

  2. Ол іс-әрекетке жарамды тұлғалармен жасалуы керек

  3. Келісімде өз еркін білдіру нақтылы келісімді жасаған тұлғаның еркіне сәйкес болуы қажет.

  4. Келісімнің нысаны сақталуы қажет.

Жарамсыз келісімдер қажетсіз және талас тудыратын болып жіктеледі. Оның талас тудыратындығын соттық тәртіпте ғана тануға болады.

Меншіктің экономикалық қарым-қатынасы қоғамның материалдық негізін құрайды. Бұл қарым-қатынасты құқық нормаларымен реттейді. Меншік құқығы өз құрамына белгілі бір субъектілерге тиісілі материалдық байлықты реттеп қорғау құқық нормаларын енгізеді.Жиынтықта бұл нормалар кешенді құқықтық институтын немесе объективті мағынада меншік құқығын тудырады.

Субъектілік мағынада ҚР АК 188 бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз мойындалған және заң актілерімен қорғалатын субъектінің өзіне тиісілі мүлікке өз қарауымен иелік етуі, қолдануы және өз ұйғаруымен пайдалануы.

Меншік иесі өз дүниесіне қарасты өз қарауымен кез келген әрекетті жүзеге асыра алады (кепілге беру, сату, жою). Меншік құқығы мезгілсіз.

Меншік иесінің үш тағандық құқықтық өкілеттілігі бар. Иелік ету құқығы – заңды түрде нақтылы мүлікке ие болу. Пайдалану құқығы – заңды түрде өз мүлікінен оның қажетті қасиеттерін пайдалану, алу, сол сияқты мүліктен табыс түсіру. Билік ету құқығызаңды түрде қамтамасыз етілген мүліктің заңды болашағын анықтау мүмкіндігі. Меншік иесі мүлкін өзі ұстауы және осы мақсаттағы шығындарды өзі өтеуі тиіс. Меншік иесінің мүлкі жоғалуы бүлінуі мүмкін.

Меншік құқығы және өзге де мүліктің заттық құқықтарын ажырату қажет. Меншік иесі өз мүлкімен пайдаланып, билік етеді. Өзге заттық құқықтық иесі – бөтен мүлікке ие. Заттық құқыққа : жерге иелік ету, шаруашылық жүргізу құқығы, жедел билік ету құқықтары жатады.

Шаруашылық жүргізу құқығы мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады. Ол бұл мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алып ҚР АК және өзге құқықтық актілермен белгіленген заңдылықтарға сәйкес иелік етуге, пайдалануға және билік етуге құқының болуы.

 Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi. Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары). Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi. Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн. Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады. Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады. Шартқа осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады. Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары). Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады

Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:  1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық меншiк 2 түрге бөлінеді:

  • өнертапқыштық құқығы, тауарлық белгі, тауардың шығатын жерінің атауы кіретін өнеркәсіптік меншік;

  • әдебиетке, музыкаға, көркем, аудио-визуалды шығармалар енетін әдеби-көркем.Интеллектуалдық меншіктің екі түрі де мазмұнына қарай абсолютті құқыққа ие, тек қана құқық иесі туындыларын табыс табу мақсатында пайдалана алады, ал үшінші жақты тұлғалардың оның келісімінсіз мұндай құқығы жоқ. Парасат меншігі аясында нысандардың белгілі бір жүйесі пайда болды ( ҚР АК 961-бап): ғылыми жаңалық ашу, өнертабыс, әдеби және көркемтуындылар, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және т.б.

Авторлық құқық – әдебиет пен өнер ғылымдарының шығармаларын тудырушыларға тиесілі жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтың жиынтығы. Авторлық құқықтың нысандары ҚР АК 972-бабында көрсетілген, бұл әдеби шығармалар, сценарийлық туындылар, хореография мен пантомима туындылары, ЭЕМ бағдарламалары және т.б.

Авторлық құқық автордың бүкіл өмірінің ішінде және өлгеннен кейінгі 50 жыл ішінде күшінде болады. Авторлық құқықтың пайда болуы шығарманың туу фактісімен ескерілген.

Отбасылық құқық – бұл некеден және отбасына тиісті затардан туындайтын жеке және мүліктік қатынастарды реттейтін нормалар саласы. Отбасылық құқықтың негізгі көзі «Неке және отбасы туралы»17.12.1998ж. ҚР заңы болып табылады. 3-бап неке-отбасылық заңнамамен реттелген қатынастарды белгілейді. Оларға мыналар жатады: некеге тұрудың шарттары мен тәртібі, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тану; азаматтық құқық пен міндеттер, отбасы мүшелерінің арасындағы жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар; ата-ананың қамқорлығынсыз қалған отбасына орналастыру тәртібі; азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі.

Неке ұғымы отбасылық құқықтағы негізгі түсініктердің бірі болып табылады. «Неке және отбасы туралы» Заңның 1-бабында некені ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағы ретінде анықтайды. Некеге тұру тәртібі 13-баппен реттеледі. Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.

Некені қию үшін арыз берген күннен бастап бір ай мерзім күту заңмен белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда мерзім қысқаруы мүмкін.

Некеге тұрудың шарттары мыналар болып табылады: 1) еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі; 2) неке жасына жетуі. Заң еркектер мен әйелдер үшін бірдей неке жасын - он сегіз жасты белгілейді. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Некеге тұруға мынадай жағдайларда жол берілмейді: 1) басқа тіркелген некеде тұрғанда; 2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың арасында; 3) асырап алушылар мен асырап алғандардың ; 4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп таныған болса.

Некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері туындайды. Некелік заңнамамен реттелген жеке құқыққа ерлі-зайыптылардың әрқайсысының қызмет, кәсіп түрін, тұрғылықты жерді таңдау еркі жатады. Ана, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру мәселелері мен отбасы өмірінің басқа да мәселелерін ерлі-зайыптылар бірлесіп шешеді. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық негізінде құруға міндетті. Ерлі-зайыптылар өз тілектері бойынша ортақ тек ретінде өздерінің біреуінің тегін таңдап алады не ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзінің некеге тұрғанға дейінгі тегін сақтап қалады, не өз тегіне екінші жұбайдың тегін қосады.

Заң мүліктік құқықты егжей-тегжейлі реттейді. Егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Мұндай мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Мыналар ерлі-зайыптылардың әрқайсысының меншігі болып табылады:

1) некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі болған мүлік;

2) ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа, мұрагерлік тәртібімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегін алған мүлкі;

3) жеке пайдалану заттары.

Неке шарты ерлі-зайыптылар мүлкінің басқа режимін белгілеуі мүмкін. Ол некеге тұру мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

Неке ерлі-зайыптылардың біреуінің қайтыс болуы немесе сот оны өлді немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. Сондай-ақ неке оны бұзу салдарынан да тоқтатылады.

АХАЖ органдарында некені бұзу кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптар қоймайтын ерлі-зайыптылардың некені бұзуға өзара келісуі жағдайында жүргізіледі.

Басқа жағдайлардың бәрінде неке сот тәртібімен бұзылады. Сот некені сақтап қалу үшін шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін үш ай көлемінен аспайтын мерзім тағайындауға құқылы.

Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттері отбасылық заңнамада реттелген. Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады. Әрбір баланың отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, ата-анасының тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар. Бала өзінің бұзылған құқықтарын қорғау үшін қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өз бетінше өтініш жасауға құқылы.

Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттері тең болады.

1. Егер ата-аналар (олардың біреуі):

1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтаратын болса;

2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тартса;

3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса;

4) балаларға қатыгездік көрсетсе, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасаса, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасаса;

5) заңдарда белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауырады деп танылған болса, олар ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Ата-ана құқығынан айыру сот тәртібімен прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен жүзеге асады.

Алименттік міндеттемелер отбасы мүшелерінің мүдделерін құқықтық қамтамасыз етудің бір түрі болып табылады. Әдетте ол ата-аналардың айырылысуы кезінде болады. Неке туралы Заңның 1-бабында алимент - алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты деп түсіндіріледі. Мұндай жағдайда ата-аналар алимент төлеудің мөлшері, шарты және тәртібі қарастырылған жазбаша түрде, нотариат куәландырған келісім жасай алады.

Мұндай келісім болмаған жағдайда отбасы мүшелері сотқа шағымдануға құқылы. Сот тәртібімен кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алиментті ай сайын мынадай мөлшерде: бір балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің - төрттен бірін; екі балаға - үштен бірін; үш және одан да көп балаға тең жартысын өндіріп алады.

Балалар да өзінің ата-анасын асырап-бағуға және қамқорлық жасауға міндетті. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарды асырап-бағу мөлшері сотпен анықталады.

Егер сот ата-аналардың ата-ана міндеттерін орындаудан жалтарғанын анықтаса, сондай-ақ ата-аналары ата-ана құқықтарынан айырылған болса балаларының өздерінің еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөніндегі міндеттерінен босатылуы мүмкін.

Заңға сәйкес асырап-бағуды алуға жұбайларының құқығы бар, оның ішінде бұрынғы жұбайларының да құқығы бар. Бұл құқық сондай-ақ отбасының басқа мүшелеріне де тиісті (атасына, әжесіне, әпкесіне, аға-інілеріне, балаларды тәрбиелеушілерге).

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27.12.1994 ж.

2. ҚР Азаматтық кодексі (ерекше бөлім) 1.07.1999 ж.

3. Жайлин Г.А. «А»-дан «Я»-ға дейінгі заңды тұлға. Алматы: Дәнекер, 2003.

4. «Неке және отбасы туралы» 17.12.1998 ж. ҚР Заңы.

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (о.-7,13,14; д.-13,17,33,34,43,49,53,54)

1. ҚР Азаматтық құқығы: түсінік, субъектілер, дерек көздері.

2. Азаматтық құқықтағы шарттар мен келісімдер.

3. Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысаны.

4. Неке: некеге тұрудың, некені тоқтатудың және бұзудың негізі.

6-тақырып. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. (1 сағат)

Жоспар

  1. Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері.

  2. Қазақстан Республикасының бюджет құқығы.

  3. Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері

Қаржылық құқық – бұл мемлекеттің қаржылық қызмет барысында, мемлекетпен елдің ақша жүйесін құру және оның қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету барысында, сонымен бірге мемлекеттік ақша қорын құру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық мөлшерлер жиынтығы.

Қаржылық қатынастарды реттеу үшін мемлекет қаржылық құқық жиынтығын құрайтын заң мөлшерлерін белгілейді. Қаржы-құқықтық мөлшерлер жиынтығы қаржылық құқық жүйесі болып саналады. Қаржылық құқық жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде қаржылық құрылым, ақша жүйесінің құқықтық негідері, қаржыны басқару, қаржылық жоспарлау және қаржылық бақылау туралы ережелер қамтылған. Ерекше бөлімде бюджеттік құқық, бюджеттен тыс қорларды құқықтық реттеу, қаржы-банкілік құқық, қаржылық-сақтандыру құқығы, қаржы-шаруашылық құқығы қамтылған.

Қаржы-құқықтық мөлшер – нормативтік-құқықтық актімен бекітілген қаржылық қатынас субъектісінің тәртіп ережесі. Міндеттеу, тыйым салу, уәкіл ету мөлшерлерін көрсетеді. Мазмұнына қарай: материалдық және процессуалдық.

Қаржылық құқықтық қатынас – қаржылық құқық нормаларымен реттелген қаржы-экономикалық қатынас. Құқықтық қатынастың субъектілеріне мемлекет, әкімшілік-аумақтық құрылым, мемлекеттік билік және басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар жатады.

Қаржы, ақша қаражатының жиынтығы ретінде ақша қоры түрінде қолданылады. Ақша қоры – белгілі бір мақсаттарға арналған мемлекеттің ақша қаражатының жеке бір бөлігі. Мемлекеттік ақша қорының жиынтығы қаржылық жүйені құрайды.

Қаржылық жүйе – қаржы-экономикалық институттардың жиынтығы, олардың әрқайсысы белгілі бір салады. Қазіргі кезеңде оның құрамына бюджеттік жүйе; бюджеттен тыс мақсатты мемлекеттік және жергілікті ақша қоры; кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қаржылары кіреді.

«Қаржы» ұғымымен заң ғылымы аясында қалыптасқан «мемлекеттің қаржы қызметі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекеттің қаржы қызметі – ақша қорын жинау, үлестіру және пайдалану жөніндегі қызмет.

Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісі – бұл мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін ақша қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруды мемлекет көмегімен жүзеге асыратын нақты әдіс-тәсілдер.

Ең қолайлы әдістер мыналар болып табылады:

1. Ақша қорын құру (ақша қаражатының оларды иеленушілерден ықтиярынсыз қайтарымсыз алынуы, ерікті-қайтарымсыз немесе қайтарымды және т.б. алынуы).

2. Ақша қорын үлестіру әдісі ( қаржыландыру, несие беру, қор иелерінің өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындауы).

3. Ақша қорын пайдалануды ұйымдастыру әдісі ( ақша қорын тағайындауды белгілеу, ақша қорынан алынған қаражаттарды пайдалану тәртібі, пайданы үлестіру нормативтерінің, қаражаттарды бөлу лимиттерінің тәртібі, қорды пайдалануды жоспарлау, ақша қорын пайдалануды бақылау).

Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржы қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Ол мемлекеттің және елдің әлеуметтік-экономикалық тиімді дамуы мақсатында жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің ақша қорын қалыптастыру, үлестіру және пайдалану іс-әрекетінің заңдылығын және мақсатқа сәйкестілігін бақылауды жүзеге асырады.

Қаржылық бақылаудың элементтері:

  1. субъектілер – өзінің құқықтық күшіне тиісті билік өкілеттіктерімен бөлінген мемлекеттік органдар.

  2. нысандар – мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға, азаматтар.

  3. мәні қаржылық қызметіне қатысушылар ретінде олардың өз міндеттемелерін сақтау тұрғысынан осы бақылау нысандарының тәртібі.

  4. мақсаттар - қаржы қызметіне қатысушылардың қаржы заңнамасын бұзуы немесе өз міндеттерін сапасыз орындау фактілерін, кінәлілерді табу, оларды жауапқа тарту, сонымен бірге қаржылық тәртіпті бұзуды жою.

Қаржылық бақылаудың әдістері – бұл оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері (тексеру, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерін, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді және т.с.с. қарау).

Қаржылық бақылау:

1. жүзеге асу уақыты бойынша: алдын-ала, ағымдағы, келесі;

2. түріне қарай: тікелей және жанама түрдегі;

3. субъектілерге қарай: мамандандырылған және функционалдық;

4. саласына қарай: ақша айналымы, валюта, бюджет, салық, банк, сақтандыру, қаржы-шаруашылық ережелерін сақтауды бақылау болып бөлінеді.

Қаржы жүйесінің орталық орнын бюджет құрайды. Бұл өзіне мемлекеттік ресурстарды қалыптастыру, үлестіру және пайдалану жөніндегі ақша қатынастарын, бір мезгілдегі бірыңғай ақша қорын, сонымен қатар мемлекеттің негізгі қаржы жоспарын қамтитын экономикалық және құқықтық котегория.

Бюджеттік құқық – бұл бюджет құрылымын ұйымдастыру кезінде, сонымен қатар орталық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру, үлестіру және пайдалануды ұйымдастырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін қаржылық құқықтың ерекше бөлімінің тарауы.

«Бюджеттік жүйе туралы» 1.04.1999 ж. ҚР Заңының 1-бабына бойынша, бюджет – бұл заңмен немесе жергілікті сайланбалы органдардың шешімімен бекітілген, мемлекеттің өз қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған және салықтар, алымдар, және басқа да міндетті төлемдер, капиталмен жасалатын операциялардан түскен табыстар, салықсыз және өзге де заңнамалық актілермен қарастырылған түсімдер есебінен құрылған мемлекеттің орталық ақша қоры.

Мемлекеттік бюджет табыстарының негізгі көздері салықтар болып табылады. Салық – бұл мемлекетпен бір жақты тәртіпте уәкілетті органның өкіліне бекітілген және мемлекет табысына жататын құқықтық формада міндетті ақшалай немесе заттай төлем. Ол белгілі бір мөлшерде шығарылады, қайтарымсыз, баламасыз, және тұрақтылық сипатта болады.

Салық құқығы – салықтарды бірыңғай өкіметтік белгілеу және өндіріп алу арқылы мемлекеттік бюджет табыстарын құру жөніндегі мемлекет пен салық төлеушілердің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін қаржы-құқықтық мөлшерлердің жиынтығы.

Салық – бұл өзінің ішкі құрылымдары бар, күрделі түзілім. Ол мынадай элементтерден тұрады:

1. Салықтың құқықтық негізі;

2. Салықтың субъектісі – салық төлеуші адам;

3. Салықтың нысаны –салық не жөнінде өндіріліп алынса сол болады (табыс, мүлік және т.б.);

4. Салықтың мөлшері – салықтық төлемнің мөлшерін анықтайтын заңмен белгіленген салық салу шамасы;

5. Салық төлеу тәртібі – салық төлемдерінің салық төлеушіден мемлекетке өтуі жүзеге асуы тиіс салық заңнамасымен бекітілген ереже

Салықты топтастыруға болады. Салықтық ауыртпалықты қолданушыларға байланысты олар тура және жанама, төлеу түріне байланысты ақшалай және заттай, аумақтық деңгейіне байланысты жергілікті және жалпы мемлекеттік болып бөлінеді. Субъект бойынша салықтар жеке және заңды тұлғалардың салықтары болып бөлінеді. ҚР Салық кодексінің 60-бабы да салықтың әр түрлі түрлерін белгілейді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сейдахметова Ф.С. Қазақстандағы салықтар. Оқу құралы. Алматы, 2002.

2. Финансовое право. Уч., отв. Ред. Н.И. Химичева М., 2000.

3. Худяков А.И. Наурызбаева Н.Е. Салықтар: түсінік, элементтері, белгілеу, түрлері. Алматы,1998.

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (о.- 13,15; д.- 37,40,57,58)

  1. Мемлекеттің қаржылық қызметі.

  2. Қаржылық құқықтың жүйесі.

  3. Салықтар және олардың түрлері.

7-тақырып. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы (1 сағат)

Жоспар

  1. Еңбек құқығы негіздері.

  2. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы.

Еңбек құқығы - бұл жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жеке, ұжымдық және басқа да шарттардың негізінде белгілі бір еңбек қызметін іске асыру бойынша азаматтардың еңбек бостандығы конституциялық құқығын жүзеге асыру үрдісінде пайда болатын еңбек қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығының негізгі қайнар көзі Конституция және ҚР Еңбек Кодексі. «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР 23.01.2001ж. Заңы, «Әлеуметтік серіктестік туралы» 18.12.2000ж., «Еңбек қауіпсіздігі және қорғалуы туралы» 22.02.2004ж., «Кәсіподақтар туралы»9.04.1993ж. және басқа да еңбек заңнамаларында мазмұндалған.

Ұжымдық шарт - бұл жазбаша шарт түрінде ресімделген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (өкілдері) және қызметкерлердің бір немесе бірнеше өкілінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қол қойған құқықтық акт.

Еңбек шарты - бұл қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалатын екіжақты келісім, ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс берушінің актілерін орындауға, ал жұмыс беруші уақытында және толық көлемде қызметкердің еңбекақысын, заңмен және тараптардың келісімі бойынша көзделген басқа да ақшалай төлемдерді төлеуге, еңбек туралы заңнамамен және ұжымдық шартпен көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге    жасалуы мүмкін.  Бұрын бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге шарт жасасқан қызметкермен жеке еңбек шарты қайтадан жасалған жағдайда, оның ішінде еңбек шартының мерзімі ұзартылған кезде, ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі. Еңбек шарты белгіленбеген мерзімге жасалған қызметкерлер үшін көзделген кепілдіктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгілі бір мерзімге жасауға тыйым салынады. Егер еңбек шартының қолданылу мерзімі аяқталған кезде тараптардың бірде-бірі тәулік ішінде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгіленбеген мерзімге жасалған болып есептеледі; белгілі бір жұмыстың орындалу уақытына; жұмыста уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына; маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкін.       Жұмыс беруші-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушінің құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келісімінде белгіленген мерзімге жасалады.       Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзімі айтылмаса, онда шарт белгіленбеген мерзімге жасалған деп есептеледі.

Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімі мен орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен; сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылар мен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс. Еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттарды талап етуге құқылы: жеке басының куәлігі немесе төлқұжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлігі), тиісті білімді, дағдылар мен машықтарды талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнаулы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат, еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін); әскери есеп құжаты (әскери міндеттілер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшін); алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін), салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктердің көшірмелері. Жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде шығарылатын жұмыс берушінің актісімен ресімделеді. Жұмыс беруші үш күн мерзімде қызметкерді актімен таныстыруға міндетті. Жұмыс берушінің актісімен танысқаны қызметкердің қол қоюымен куәландырылады.  Қызметкердің талап етуі бойынша жұмыс беруші оған актінің тиісінше расталған көшірмесін беруге міндетті.  Жұмысқа қабылдаған кезде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен, жұмыс берушінің қызметкердің жұмысына (еңбек функциясына) қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті.

      Қызметкермен еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша:       1). жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған; 2). қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған; 3). біліктілігінің жетіспеуі салдарынан қызметкер атқарып жүрген лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 4). өзінің жұмысын жалғастыруына денсаулық жағдайының кедергі келтіруі салдарынан қызметкер атқаратын лауазымына немесе орындайтын жұмысына сәйкес келмеген; 5). сынақ мерзімі кезеңінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған; 6). қызметкер бір жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде дәлелді себепсіз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмаған; 7). қызметкер жұмыста алкогольдік, нашақорлық, психотроптық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болған, оның ішінде жұмыс күні ішінде алкогольдік, нашақорлық, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдай туғызатын заттарды пайдаланған; 8). қызметкер, жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе соғуы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған; 9). қызметкердің жұмыс орнында басқаның мүлкін ұрлау (оның ішінде ұсақ ұрлық), оны қасақана жою немесе бүлдіру әрекеті заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен анықталған; 10). ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы немесе әрекетсіздігі, егер бұл әрекеттер немесе әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз болса; 11). тәрбиелік функциялар атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, адамгершілікке жат қылықтар жасаған; 12). қызметкер еңбек міндеттерін атқаруға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткен; 13). егер тәртіптік жазасы бар қызметкер еңбек міндеттерін дәлелді себепсіз қайталап орындамаған немесе тиісінше орындамаған; 14). Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда қызметкердің мемлекеттік құпияларға жіберілу рұқсаты тоқтатылған; 15). еңбек шартын жасасу кезінде түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасасудан бас тартуға негіз болатын жағдайда, қызметкер жұмыс берушіге көрінеу жалған құжаттар немесе мәліметтер ұсынған; 16). жұмыс берушінің атқарушы органы басшысының, оның орынбасарының не жұмыс беруші бөлімшесі басшысының еңбек міндеттерін бұзуы жұмыс берушіге материалдық залал келтіруге әкеп соққан; 17). қызметкер жүктілігі және босануы бойынша демалыста болған, сондай-ақ егер ауру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін еңбекке қабілетсіздіктің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне енгізілген жағдайларды қоспағанда, қызметкер еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам уақыт жұмысқа шықпаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Өндірістік жарақат алуына немесе кәсіптік ауруға шалдығуына байланысты еңбекке қабілеттілігінен айрылған қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін сақталады; 18). қызметкер сот актісіне сәйкес одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін жоятын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайларда бұзылуы мүмкін. Егер еңбек шартында, ұжымдық шартта ескертудің анағұрлым ұзақ мерзімі белгіленбесе, жұмыс беруші Еңбек Кодекстің 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.  Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескерте отырып, еңбек шартын өзінің бастамасы бойынша бұзуға құқылы. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша осы баптың 1-тармағында көзделген ескерту мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін. Еңбек шартын бұзу жұмысты жалғастыру мүмкіндігінің болмауына байланысты жағдайларда, қызметкер еңбек шартын өтініште көрсетілген мерзімде бұзу туралы жұмыс берушіге жазбаша ескертеді.    Ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған және толық емес жұмыс уақыты болуы мүмкін. Жұмыс уақытына дайындық-қорытынды жұмыстар (наряд-тапсырма, материалдар, құралдар алу, техникамен, құжаттамалармен танысу, жұмыс орнын дайындау және жинау, дайын өнімді тапсыру және басқалар), еңбек технологиясында, еңбекті ұйымдастыруда, еңбекті нормалау мен қорғау ережелерінде көзделген үзілістер, қызметкер өзінің уақытына еркін иелік ете алмайтын жұмыс орнында болу немесе жұмысты күту уақыты, мереке және демалыс күндеріндегі кезекшіліктер, үйдегі кезекшілік және еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде не Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын басқа да кезеңдер жатады. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы аз жұмыс уақыты көзделуі мүмкін. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 181-бабына сәйкес белгіленеді. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 202-бабына сәйкес белгіленеді.      Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес белгіленеді. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуі мүмкін. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс;    4) осы Кодексте белгіленген жағдайларда еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделмеген тәртіптік жазаларды қолдануға жол берілмейді.

Әлеуметтік қамсыздандырылу мемлекеттік салада маңызды орын алады. Мемлекеттік-ұйымдастырушылық қоғамда әлеуметтік қамсыздандырылу - бұл белгісіз ұзақ мерзімдегі әрекет аумағы (мысалы, қарттық жасына байланысты зейнетақы төлеу).

Әлеуметтік қамсыздандырылу бойынша материалдық құқықтық қатынастар нысаны - бұл әлеуметтік қатынастардың нақты бір түрі. Құқықтық қатынастар процедурасында мемлекеттік органдардың әлеуметтік қамсыздандырылудың нақты түрін тағайындау туралы шешімі объект болады.

Төлем (зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы т.б.), қызмет, жеңілдіктер - материалдық құқықтық қатынастар объектісі болып табылады.

Әлеуметтік қорғау туралы заңнамаға сәйкес субъективті құқықтар мен міндеттемелерге ие қатысушы құқықтық қатынастар субъектісі болып табылады.

Зейнетақылық құқықтық қатынас - бұл әлеуметтік қорғаудың құқықтық нормаларымен реттелген азаматтың әлеуметтік қорғау органдарымен қатынасы, ол зейнетақы тағайындайтын органның шешімі негізінде туындайды, осы шешім негізінде азамат жүйелі түрде белгілі бір мерзімде белгіленген көлемде зейнетақы алып тұруға құқылы, ал орган тиісінше оны төлеп тұруға міндетті.

Төленетін зейнетақы түріне байланысты зейнетақылық құқықтық қатынастардың келесі түрлері бар:

а) жасына қарай

б) қызмет істеген жылдары бойынша

Құқықтық қатынастардың бұл түрлері негізгі заңдық дерек, яғни азаматтың зейнетақының белгілі бір түрі мен мөлшеріне құқығы арқылы анықталады. Азаматтың зейнетақылық құқықтық қатынас субъектісі болуға құқық қабілеттілігі оның зейнетақының белгілі бір түріне құқының пайда болуынан туындайды. Зейнетақы тағайындалғаннан кейін прцедуралық құқықтық қатынас зейнетақылыққа өзгереді, ал азамат зейнеткер деп аталады.

Зейнетақылық қатынастарда зейнеткерлер алатын зейнетақы түріне байланысты ажыратылады, яғни жасы бойынша зейнетақы туралы құқықтық қатынаста жасы бойынша зейнеткер құқылы субъект болып табылады; қызмет атқарған жылдары бойынша зейнетақы туралы құқықтық қатынаста белгілі бір қызметтерде еңбек өтілі бар зейнеткер субъект болып табылады.

Зейнетақылық құқықтық қатынас қай түрде болса, сол зейнетақыны жүйелі түрде алу зейнетақылық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады.

Зейнетақылық құқықтық қатынасты ұстау - бұл әлеуметтік қорғау туралы заңнамамен белгіленген оның субъектілерінің құқытары мен міндеттерінң кешені.

Зейнетақылық құқықтық қатынас өкілетті мемлекеттік органның зейнетақы тағайындау туралы шешімі шыққан мерзімінен басталады.

Зейнетақылық құқықтық қатынастың кез келген түрінің пайда болуының негіздемесі келесі заңдық деректер кешенінен тұратын күрделі құрам болып табылады:

1) азаматтың зейнетақының белгілі бір түрін тағайындау және төлеу туралы өтініші. Бұл оның зейнетақы алуға өз құқығын жүзеге асыруға деген еркін дәлелдейді.

2)зейнетақының осы түріне азаматтың барлық заңдық деректерінің болуы. Мұндай деректер зейнетақының әр түріне қарай әр түрлі және саны да әр қилы болады.

3) зейнетақының тиісті түрі мен көлемін тағайындау туралы шешім шығару

Мысалы, зейнетақылық құқықтық қатынастың жасы бойынша зейнетке шығу түрінің пайда болуының негіздемесі келесі заңдық деректер кешенінен тұратын күрделі құрам болып табылады:

1) азаматтың жасы бойынша зейнетке шығу түрін тағайындау және төлеу туралы өтініші;

2) азаматтың заң талап ететін зейнеткерлік жасқа толуы (жалпы және жеңілдікті жағдайларда);

3) азаматтың заң талабы бойынша еңбек өтілінің болуы;

4) өкілетті мемлекеттік органның (көрсетілген деректерді тексеріп, оның жасына байланысты зейнеткерлікке шығу құқығын белгілеген) белгілі бір мөлшердегі зейнетақы тағайындау туралы шешімі.

Зейнетақылық құқықтық қатынастың жасы бойынша зейнетке шығу түрі тұрақты әрі ұзаққа созылады, ол зейнеткердің қайтыс болуына дейін созылуы мүмкін, бұл осы құқықтық қатынасты тоқтатудың заңдық дерегі болып табылады.

Зейнетақылық құқықтық қатынастың қызмет атқарған жылдары бойынша зейнетке шығу түрінің пайда болуының негіздемесі келесі заңдық деректер кешенінен тұратын күрделі құрам болып табылады:

1) әскери қызметшінің қызмет атқарған жылдары бойынша зейнетке шығару туралы өтініші;

2) онда заң талап ететін әскери қызмет өтілінің болуы. Бұл зейнеткерліктің осы түрі үшін негізгі заңдық дерек;

3) қызмет атқарған жылдары үшін заң талап ететін жасқа толу, көп жағдайларда жасына қарамай тағайындала береді;

4) өкілетті мемлекеттік органның қызмет атқарған жылдарына белгілі бір мөлшердегі зейнетақы тағайындау туралы шешімі.

Зейнеткердің қайтыс болуы немесе оның зейнеткерліктің басқа түріне ауысуы осы құқықтық қатынастың тоқталуына негіз болады.

Жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктермен қамтамасыз ету бойынша құқықтық қатынастар - бұл азаматтар мен балалы отбасылардың әлеуметтік қорғау органдарымен әлеуметтік-қамтамасыз ету сипатындағы құқық нормаларымен реттелген қатынастар, олар бойынша жәрдемақының, өтемақының белгілі бір түріне құқылы және осы құқығын жүзеге асыруға өтініш білдірген азаматтар осы құқықты дәлелдейтін тиісті құжаттарды тапсыруға міндетті, ал әлеуметтік қорғау органы тексеріп, жәрдемақының, өтемақының белгілі бір түрін тағайындау туралы шешімі арқылы заңмен белгіленген көлемде және мерзімде төлеп тұруға міндетті, ал жеңілдіктер бойынша оларды пайдалануды құжат түрінде қамтамасыз етуі керек.

Жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктердің түріне байланысты жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктердің белгілі бір түріне құқылы азаматтар мен балалы отбасылар осы құқықтық қатынастардың субъектілері болады. Әлеуметтік қорғау және басқа органдар осы құқықтық қатынастардың келесі субъектілері болып табылады.

Көрсетілген құқықтық қатынастардың объектілері - жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктердің белгілі бір түрлері (заттық сипаттағы).

Жәрдемақы - бұл азаматтың жоғалтқан жалақысын алмастыратын (жұмыссыздық жәрдемақысы, уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы, жүктілігіне және босануына байланысты, мүгедектігіне байланысты жәрдемақылар) немесе көп шығынының орнын толтыратын (бала туғанда, жерлегенде берілетін, көп балалы отбасыларға арналған және басқалары), заңмен белгіленген көлемде және тәртіпте республикалық және жергілікті органдар, арнайы қорлар қаражаты есебінен төленетін ай сайынғы, мерзімді немес бір жолғы төлемдер.

Әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша өтемақы - бұл радиациялық қауіпті аймақтар бойынша ядролық сынақтар, экономикалық апат салдары, жаппай қуғын-сүргінге ұшырау т.б. залалдар үшін төленетін әлеуметтік - қамтамасыз ету сипатындағы төлемдер.

Жеңілдіктер - бұл белгілі бір азаматтар мен мүгедектерге көлік шығындарын, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төлемдерін қысқартуға, протез салдыруға т.б. жағдайларда ұсынылатын заттық сипаттағы әлеуметтік-қамтамасыз ету көмегі.

Барлық жәрдемақы, өтемақы, жеңілдіктер, атауында тұрғандай мақсатты мәнге ие. Мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесіне мүгедектігіне, асыраушысынан айырылғанда және жасына байланысты берілетін әлеуметтік жәрдемақылар кіреді.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. ҚР Еңбек Кодексі

  2. Зейнеткерлік заңнама: нормативтік актілер жинағы.- Алматы: Юрист,2004

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (о.-7,9,13;д.-18)

  1. ҚР еңбек заңнамасы

  2. Еңбек шарты: оны жасау, тоқтату және бұзу тәртібі

  3. Ұжымдық шарт

  4. Жұмыс және демалыс уақыты

  5. Әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы

8-тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері (1 сағат)

Жоспар

  1. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының жалпы ережелері.

  2. Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздері.

Экологиялық құқық – бұл жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша, қоршаған табиғи ортаны және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды қорғау бойынша қатынастарды реттейтін құқықтық мөлшерлер жиынтығы.

Экологиялық құқықты құқықтық реттеу мәні келесі қатынастар болып табылады: а) жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің экологиялық құықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша; б) табиғатты қорғау қатынастары; в) табиғи ресурсты қатынастар.

Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісі әкімшілік және азаматтық құқық әдістеріне тән биліктік-авторитарлық және автономдық сипаттарды бойына біріктіреді.

Экологиялық құқық жүйесі оқу тәртібі ретінде Жалпы, Ерекше және Арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде экологиялық құқықтың мәні, әдісі, жүйесі, дерек көздері сияқты; табиғи ресурстарға меншік құқығы; табиғатты пайдалану құқығы және т.б. мәселелер қарастырылады. Ерекше бөлімде табиғаттың жеке нысандарын ( жер, жер қойнауы, ормандар, жануарлар әлемі және т.б.) пайдалану және қорғаудың құқықтық режимі қарастырылады. Арнайы бөлімде қоршаған табиғи ортаны және табиғатты пайдалануды халықаралық-құқықтық қорғаудың мәселелері қарастырылады.

Экологиялық заңнама - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың және мемлекеттің заңды мүдделері мен экологиялық құқықтарын қорғауға, қоршаған табиғи ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер жиынтығы. Экологиялық құқықтың кайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР Заңдары (15.07.0997ж. «Қоршаған ортаны қорғау туралы», 18.03.1997ж. «Экологиялық сараптама туралы», 15.07.1997ж. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», Жер Кодексі), сондай-ақ Президенттің, Үкіметтің, министрліктердің, ведомстволардың нормативтік құқықтық актілері жатады.

Объективтік мағынадағы табиғи ресурстарға меншік құқығы - табиғи ресурстарға меншіктік қатынасты реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада - нақты меншік иесінің табиғи ресурстарды иелену, пайдалану құқығының жиынтығы. Мемлекет, жеке және заңды тұлғалар табиғи ресурстарға меншік құқығының субъектілері болып табылады. Объектілері - жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі.

Табиғатты пайдалану құқығы объективті мағынада - табиғатты пайдаланудың тәртібі мен шарттарын, табиғатты пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттемелерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада - нақты табиғатты пайдаланушының табиғи ресурстарға иелік ету және пайдалануы бойынша экологиялық заңнамамен белгіленген құқықтар жиынтығы. Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Табиғатты пайдалану құқығының мазмұнын табиғатты пайдаланушының құқықтары мен міндеттері құрайды.

Пайдаланылатын табиғи ресурстар түрлері бойынша табиғатты пайдалану құқығы: жерді пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану, суды пайдалану, орманды пайдалану, жануарлар әлемін пайдалану және т.б. болып бөлінеді. Табиғатты пайдаланудың тәсілі бойынша жалпы және арнайы табиғатты пайдалану құқығы болып бөлінеді.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдаланудың мемлекеттік-құқықтық механизмі - бұл табиғи ресурстардысақтау, тиімді пайдалану, көбейту, адамдарды қоршаған ортаның қолайлы жағдайын сақтау, шаруашылық дамуының табиғатқа, адамға зиянды әсерінің алдын алу бойынша тиісті мемлекеттік органдар қызметін қамтамасыз ететін ішкі факторлар, институттар, құралдардың жиынтығы.

Экологиялық құқықбұзушылық - бұл мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері мен экологиялық құқықтарына қайшы келетін және қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін немесе қауіп туғызатын кінәлі, құқыққа қарсы әрекет. Құқықбұзушылықтың белгілері: кінәлілік, құқық бұзушының заңға қайшы әрекеті, қоғамдық қауіп, заңға қайшы әрекет пен шеккен зияна арасындағы себептік байланыс, жазаланушылық.

Экологиялық құқықбұзушылықтың құрамын мына элементтер құрайды: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.

Экологиялық құқықбұзушылықтар қолданылатын санкциялар сипатына қарай әкімшілік, қылмыстық, тәртіптік, материалдық, азаматтық-құқықтық болып бөлінеді. Қол сұғушылық мәніне қарай: жер, су, орман және т.б.

Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік жеке тұлғаларға экологиялық құқықтық тәртіпті бұза отырып жасаған қылмысына қарай қолданылады. Әкімшілік жауапкершілік жеке және заңды тұлғаларға экологиялық құқыққа қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық құрамы болмаған жағдайда қолданылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік келтірілген экологиялық шығынның орнын нақты зиян, алынбаған пайда, табыстарды есепке алғандағы көлемде толтыруды көздейді. Тәртіптік жаза тек қана жеке тұлғаларға ғана және қызметтік міндеттерін орындамаған және нәтижесінде экологиялық зиян келтірген жағдайда қолданылады. Материалдық жауапкершілік еңбек заңнамасы негізінде экологиялық құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Жер құқығы - мемлекет бекіткен жер қатынастарын реттеу бойынша нормалар жиынтығын құрайтын құқық саласы. Жер құқығының нысаны жер қатынастары болып табылады.

Жер құқығының қайнар көздері - жер қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілер. Негізгі қайнар көз - ол жерге деген мемлекеттік және жеке меншік институтын бекіткен, мемлекет мақсаты адам өмірі мен денсаулығына аса қолайлы қоршаған ортаны қорғау деп жария қылған - ҚР Конституциясы. Жер Кодексі аса маңызды қайнар көз болып табылады.

Жер құқығы қатынастары - бұл заңнамалық актілермен реттелген жер қатынастары. Жерді пайдалану мен қорғау бойынша құқықтар мен міндеттемелер жиынтығы оның мазмұны болып табылады.

Әрекет сипатына қарай олар материалдық және іс жүргізу болып бөлінеді. Материалдық қатынастар субъектілердің заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде пайда болады. Іс жүргізу қатынастары құқықтық қатынастардың пайда болу және тоқтатылу процедурасына байланысты болады.

Жер Кодексіне сәйкес жер құқығы қатынастары - жер ресурстарын басқарумен, жер телімдерін жекелеген субъектілерге бекітумен, жерге меншік және басқа мүліктік құқықтарды бекітумен байланысты жерді пайдалану және қорғау бойынша құқықтық қатынастар. Жер құқықтық қатынастарының субъектісі - жер құқықтық қатынастарына қатысушы және осыған байланысты осы құқықтық қатынаста құқылары бар әрі міндеттенетін субъект.

Жер қатынастарының объектісі - Қазақстан Республикасының аумағы шегіндегі барлық жер, жекелеген жер телімдері, әрі оларда не орналасқанына және жекелеген субъектілердің атына бекітілгендігінің құқықтық негіздемесіне, сондай-ақ жер телімі мен жер үлестеріне байланыссыз.

Жер құқығы қатынастарының туындау,, өзгеру және тоқатуының негіздемесі белгілі бір салдарға әкелетін нақты жағдайлар болып табылады. Олардың негізгі түрлері: құқық белгілеуші, құқық өзгертуші, құқық тоқтатушы.

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк құқығының субъектiлерi: республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы; Жер Кодексінде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi жер учаскесiн иеленуге, пайдалануға және оған билiк етуге құқығы бар. Жер учаскесiнiң меншiк иесi заңнамаларда көзделген негiздерде, шарттар мен шектерде меншiк иeci құқығын жүзеге асыра алады.

      Меншiк иесi өзiнiң жер учаскесiне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынбаған кез келген мәмiлелердi жасасуға құқылы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң меншiк иелерi аталған құқықтарды осы Кодекстiң ережелерiн ескере отырып iске асырады. Жер учаскесiне меншiк құқығы басқа адамға мәмiле жасалған кездегi барлық ауыртпалықтарымен берiледi. Жер учаскесiнiң меншiк иесi оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарттың негiзiнде оны уақытша пайдалануға беруге құқылы. Жер учаскесiн уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусiз пайдалану туралы шарт (өтеусiз пайдаланушымен) нысанында жасалады.

Сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық шаруашылығы және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы.

Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi; өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; орман қорының жерi; су қорының жерi; босалқы жер.

Жер құқығы қатынастарына қатысушылар арасында жер құқығы мен заңды мүдделерін бұзудан туындайтын даулар жер даулары деп аталады.Оның мазмұны меншік немесе жерді пайдалану құқығындағы жер телімдерінің шекарасы бойынша, жерді пайдалануға беру мерзімі, меншік иелері немесе жерді пайдаланушылардың өз құқықтары мен міндеттерін іске асыруына байланысты болуымүмкін. Даудың тараптары ретінде меншік немесе пайдаланушылар да, жер ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік органдар да болуы мүмкін.       Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады. Сонымен бірге көпшілік даулар жергілікті атқарушы органдар арқылы да шешімін тауып жатады.

       Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Бекішева С.Д. ҚР экологиялық құқығы, Сұлбалар альбомы. Қарағанды: Қарағанды заң институтының баспасы, 2002.

  2. ҚР жер заңнамасы: нормативтік-құқықтық актілер жинағы (комментарийлерімен)жауапты редактор С. Стамқұлов. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

  3. Оралова А.Т. Экологияның құқықтық негіздері: оқу құралы: оқулық/А.Т. Оралова-Қарағанды: ҚарМТУ, 2000.

  4. Қоршаған ортаны қорғау: нормативтік-құқықтық актілер жинағы - Алматы: Юрист, 2003.

  5. Культеев С.Т. ҚР экологиялық құқығы оқу құралы. Алматы: Дәнекер, 2001.

  6. Экологиялық құқық: оқулық

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (о.-8,13;д.-24,28,32,35,44)

  1. ҚР экологиялық заңнамасы

  2. Жер заңнамасы

9 - тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (1 сағ)

Жоспар

  1. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері.

  2. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күресу.

  3. Сыбайлас жемқорлыпен күресу қағидаттары.

Қылмыстық құқық – қылмыстылықты және әрекеттің жазаланатындығын, қылмыстық жауапкершілік негізін, жаза жүйесін, олардың тағайындалу тәртібі мен жағдайын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуды анықтайтын, жоғарғы мемлекеттік билік органдарымен бекітілген құқық нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы.

Қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі 16.07.1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі (бұдан кейін ҚР ҚК)болып табылады.

Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі – қылмыстық заңнаманың міндеттерін, оның қағидаларын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, кінә және оның нысандары жайлы сұрақтарды анықтайды. Ерекше бөлім қылмыстың нақты түрлері мен жаза түрлері мен мөлшерлерін анықтайды.

Қылмыс - жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) деп танылады. Қылмыс белгілері болып мыналар табылады:қоғамдық қауіптілік, құқыққа қарсылық, кінәлілік және жазаланатындық.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына байланысты барлық қылмыстар аса ауыр емес, орташа ауырлықтағы, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға жіктеледі.

Қылмыс құрамы – қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс ретінде анықтайтын, заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығы.Ол белгілерге мыналар жатады:

Қылмыс объектісі –елеулі зиян немесе ондай зиян келтіруге қауіп туғыза отырып, қылмыс қол сұғатын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Теорияда жалпы, тектік және тікелей объектілер бөліп көрсетіледі.

Объективтік жағы - әрекеттің өзі (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның саналы белсенді немесе енжарлы мінез-құлқы, сыртқы сипаттамасы. Әрекеттің қоғамдық қауіптілік салдары және әрекет пен туған салдардың арасындағы себептілік байланыс. Кейбір жағдайларда сонымен қатар, қылмыс жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралы сияқты мән-жайлар болады.

Субъект – қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған және қылмыстық жауапкершілікті орындай алатын, ақыл – есі дұрыс жеке тұлға. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды. Бірақ заң кейбір қылмыстар үшін (ҚР ҚК 15 бап 2 тарм.) 14 жастан бастап жауакершілікке тартуды қарастырған. Субъект қылмыстық жауапкершілікке тартылу жасына жетумен қатар, ақыл-есі дұрыс болуы керек, қылмыс жасау кезінде өзінің жасаған әрекеттеріне есеп беріп және оны басшылыққа алу. Қылмыстың субъективтік жағы – тұлғаның өзі жасаған қылмыс пен осы әрекеттің нәтижесінде туындаған салдарға психикалық қатынасы. Бұл қасақана не болмаса абайсыздық нысанындағы тұлғаның кінәсі. Қасақаналылық тікелей және жанама болып бөлінеді. Абайсыздық, қылмыстық менмендік пен қылмыстық немқұрайдылыққа бөлінеді. Сонымен қатар, қылмыстың себепбі, мақсаты және тұлғаның қылмыс жасау кезіндегі эмоционалдық жай-күйі субъективтік жақтың қажетті белгілері болуы мүмкін.

Жаза - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы, қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылатын және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық заңмен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босататын бірқатар мән жайларды қарастырады. Олар қажетті қорғаныс; қол сұғушылық жасаған тұлғаны ұстау кезінде зиян келтіру;аса қажеттілік;орынды тәуекел ету; күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немес өкімді орындау.

Жазалардың жүйесі – қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға тағайындалатын, ауырлық дәрежесіне қарай орналастырылған, жаза түрлерінің,соттар үшін толық және міндетті тізбесі.

ҚР Қылмыстық кодексі жазаның негізгі және қосымша түрлерін қарастырған. Негізгі жаза түрлеріне мыналар жатады:айыппұл;белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары;әскери қызметі бойынша;бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жазалар: арнаулы, әскери құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;мүлкін тәркілеу. Айыппұл және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде, сонымен қатар қосымша жаза ретінде де қолданылады.

Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, айыпталушының жеке басы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар, сонымен қатар тұлғаның түзелуіне оның отбасы мен қамқорындағы тұлғалардың жағдайының әсер етуі.

ҚР ҚК жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар тізбесі көрсетілген. Жеңілдететін мән – жайларға мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау; айыпкердiң кәмелетке толмауы; жүктiлiк; айыпкердiң жас балалары болуы; қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету;күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау жатады (және ҚР ҚК 56 б. сәйкес т.б.). Бұл көрсетілген мән – жайлардың тізбесі толық емес, өйткені сот жасалған әрекеттің өзге де жеңілдететін мән – жайларын ескере алады.

Ауырлататын мән – жайларға мыналар жатады: қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы; қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру; адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау; қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару; айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту; ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау; алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау (ҚР ҚК 54 б. сәйкес т.б.). Мән – жайлар тізбесі толықтай қамтылған.

Қылмыстық құқықта қасақана қылмыс жасау сатылары туралы сұрақ қарастырылған, оған сәйкес кезкелген қасақана қылмысты бірнеше саты арқылы жүзеге асыратын құбылыс ретінде қарастыру ұсынылған. Кінәлінің әрекетін кезкелген сатысында алдын алу оның қылмыстық жауапкершілігі туралы сұрақты қоюға мүмкіндік береді. Егер тұлға бастаған қылмысын өз еркі бойынша соңына дейін жеткізбесе қылмыстық құқықта оны қылмысты жасаудан өз еркімен бас тарту деп аталады.Қасақана қылмыс жасаудың мынадай сатыларын бөліп көрсетеді:қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу;аяқталған қылмыс.

Қазіргі кезеңде сыбайлас жемқорлықпен күрес Қазақстанның қауіпсіздігін нығайтудың басты мәселесі болып табылады. Қазақстандық заңнамада сыбайлас жемқорлық түсінігі берілген, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

02.07.1998 ж. қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңының мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері:

1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

3) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi тұлғалар (жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар)

4) лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Аталған заңның 5-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес мынадай қағидалар негізінде жүзеге асырылады: барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi; мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру; жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану; жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу және т.б.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

  2. Жүнісов Б.Ж. ҚР қылмыстық құқығы: Жалпы бөлім. Қарағанды, 1998.

  3. Қайыржанов Е.И. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы: ДОИВА – Братство, 1995.

  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. – Алматы: Баспа, 2000.

СДЖ (о.- 10,13,14; д.- 47,52) үшін бақылау тапсырмалары

  1. ҚР Қылмыстық кодексі – ҚР қылмыстық құқығының негізгі қайнар көзі.

  2. Қылмыс түсінігі және оның құрамы.

  3. Жаза және оның түрлері.

10-тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы (1 сағ.)

Жоспар

  1. Іс жүргізу құқығының негіздері.

  2. Әкімшілік іс жүргізу: оның құқықтық реттеу ерекшелігіі.

  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.

  4. Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі мен қағидаттары.

Іс жүргізу құқығы – қылмыстарды ашу, азаматтық, қылмыстық, арбитраждық істерді қарастыру және шешу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін, конституциалық сот өндірісі тәртібінде қарастырылатын істерді қарастыру кезінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық жүйе нормаларының бөлімі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен үздіксіз байланысты, себебі оны жүзеге асыру мен қорғау үшін қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді.

Әкімшілік іс жүргізу – нормативтік басқарушы актілерді қабылдау және материалдық құқық нормаларын қолдану бойынша әкімшілік іс жүргізу нормаларымен реттелген атқарушы билік органдардың, ал заңмен қарастырылған жағдайларда өзге органдар және олардың лауазымды тұлғаларының қызметі.

Әкімшілік іс жүргізу субъектілері жеке және заңды тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік билік мүдделерін білдіретін өкілетті органдар (тұлғалар) бола алады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс әкімшілік – юрисдикциялық үрдісінің құрылымына кіреді және 30.01.2001 ж. қабылданған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексімен реттеледі.

Әкімшілік іс жүргізуде бірнеше дербес іс жүргізу кезеңдерін бөліп көрсетуге болады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау; істі қарау; әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қаулы шығару; шешімге шағым жасау және наразылық білдіру; әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша заңдық күшіне енбеген қаулыларын қайта қарау; әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларды орындау.Барлық кезеңдер өзара шекті байланысты және тұтастай бір жүйені құрады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда, сот пен үрдістің басқа да қатысушылары арасында қалыптасатын азаматтық – іс жүргізу қатынастарын реттеуге бағытталған құқық нормаларының жүйесінен тұратын құқық саласы.

Азаматтық сот өндірісі ҚР Конституциясы және республиканың басқа да нормативтік құқықтық актілері негізінде жүзеге асырылады. Олардың негізгісі 13.07.1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (ҚР АІЖК).

Азаматтық істерге тікелей азаматтық істер ғана жатқызылмайды, сонымен қатар соттың қарауындағы отбасы, тұрғын үй, еңбек және өзге де даулар жатқызылады.

Азаматтық сот өндірісі – бұл азаматтық істерді қарау және шешу барысында сот пен басқа да субъектілерінің арасында қалыптасатын азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастары және іс жүргізу әрекеттері, шешімдер жиынтығын құрайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен реттелетін мемлекеттік сот қызметінің ерекше түрі.

Азаматтық сот өндірісінің негізгі түрі талап арыз өндірісі, ол азаматтық, еңбек, отбасылық ісерді тараптардың теңдігі жағдайында туындайтын даулар бойынша бұзылған құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінгенде орын алады.

Азаматтық сот өндірісінің сатылары – бұл азаматтық сот өндірісінің құрамдас бөлігі, ол оның тізбегін көрсете отырып, іс жүргізу мақсатын, қатысушылар құрамын, іс жүргізу әрекеттерінің және қабылданатын шешімдер жалпылығымен сипатталады.

Азаматтық іс жүргізудің келесідей сатылары бөліп көрсетіледі: сотта азаматтық істі қозғау; істі соттық талқылауға дайындау; істі мәні бойынша бірінші сатыдағы сотта қарау; екінші сатыдағы сот өндірісі; заңдық күшіне енген соттың қаулыларын қадағалау сатысында қайта қарау; заңдық күшіне енген соттың анықтамасы мен шешімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау; сот қаулылары мен өге органдардың қаулыларын орындаумен байланысты өндіріс.

Қылмыстық сот өндірісі немесе қылмыстық іс жүргізу – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелетін, заңмен өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың, сонымен қылмыстық іс жүргізу қызметінің өзге де қатысушыларының, өтініштір мен қылмыс жасалатыны туралы хабарды тексеру, қылмыстық істі қозғау, алдын-ала тергеу және қылмыстық істі соттық талқылау (шешілуі) бойынша қызметі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көзіне ҚР Конституциясы, оған сәйкес заңдардың нормалары, өзге нормативтік құқықтық актілер жатқызылады. Негізгі қайнар көзі 13.12.1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ҚР ҚІЖК).

Қылмыстық іс жүргізу қызметінде түрлі органдар мен тұлғалар қатысады, заң қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын мынандай топқа жіктейді:

а) сот; ә) қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар (прокурор, тергеуші, анықтаушы); б) өзінің не болмаса өкілдік берушінің мүддесі мен құқықтарын қорғайтын үрдістің қатысушылары (сезікті, айыталушы, қорғаушы, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, жауапкер, жәбірленуші және т.б.); в) қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де тұлғалар (куәлар, сарапшылар, куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшысы).

Сот ісінің өзара байланысқан жалпы тапсырмалары мен принцптері қылмыстық процесс жүйесін құрап, өндіріс ісінің жалпы ретін сатылар жиынтығы анықтайды. Қылмыстық процесс сатысы қатаң реттілікпен біреуінен келесіне кезектесіп ауысып отырады. Соттағы және сотқа дейінгі сатылар болып бөлінеді. Сотқа дейінгі сатыға қылмыстық істі өршіту және алғашқы тергеу жатады. Ал соттағы сатыға төменгі сатыдағы сотты соттық анықтау; екінші сатыдағы сотты дайындау; шағым, арызды дайындау; үкімнің орындалуы жатады.

Ерекше сатыға қадағалау тәртібі мен түскен үкімнің заңды күшін қарап шығу, анықтау, сот қаулысы және қайта қаралған жағдайдағы қылмыстық істі дайындау жатады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. ҚР азаматтық іс жүргізу Кодексі, 13.07.1999.

  2. ҚР қылмыстық іс жүргізу Кодексі, 13.12.1997.

  3. Оспанов С.Д. ҚР қылмыстық үдерісі. Жалпы бөлім. Алматы: заң. әдеб., 2003.

  4. Толеубекова Б.Х. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы: Жалпы бөлім – Алматы: Баспа, 1999.

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары(о.-13; д.-12, 15, 16, 50, 56)

  1. Іс жүргізу құқығы түсінігі.

  2. Іс жүргізу құқығы салалары.