Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
buhuchet_kurs_97.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

3.1 Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі

Кәсіпорынның басқарушы есебі, есептің бір бөлігі ретінде, жіктеумен, жазумен, таратумен, талдап қорытумен, ағымдағы және жорамалданған шығындар бойынша есеп берумен байланысты жүргізіледі. Басқарушы есебі салаға, сала ішіндегі салаға, қызмет түрлеріне, кәсіпорынға лайықтап шығындарды есепке алудың және өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын есептеп шығарудың жүйелі әдістерін талдап енгізуді көздейді. Мұнда цехтар, функционалдық бөлімшелер, жауапты адамдар, қызмет түрлері, бұйымдар, кезеңдер және басқа да көрсеткіштер бойынша шығындарды есепке алу және өнімнің өзіндік құнын алдын ала есептеп шығару жүзеге асырылады. Басқарушы есеп келесі кезеңдерге өнімнің өзіндік құнын, стандарттық немесе өзі қалайтын өзіндік құнды болжайды, түрлі кезеңдер ішіндегі элементтер мен баптар бойынша өзіндік құнды салыстыруды жүзеге асырыда және түрлі жағдайлардағы өнімнің өзіндік құн бойынша бар нұсқаларға талдау жасап, кәсіпорынды басқару органдарына өзіндік құн туралы деректер береді, бұл деректер осы органдар үшін ағымдық және болашақ операцияларды бақылауды жүзеге асыру құралы болып табылады.

Кәсіпорынды басқарудың екі нұсқасын кездестіруге болады.

Бірінші нұсқада тек есептік функция орындалады: жауапкершілік орталығы бойынша өндіріске кеткен шығындардың есебін жүзеге асырады және өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялайды.

Ал екінші нұсқада таза есептік функциямен қатар өндіріске кеткен шығындардың сметасын жасауды, сондай-ақ, норматив пен норманы әзірлеуді жүзеге асырады, яғни кәсіпорынның барлық нормативтік шаруашылығын жүргізіп, жасалған шығындарды талдап, оларды стандартпен салыстырып, өнімнің өзіндік құнын болжайды. Бухгалтерия жұмысын осылайша ұйымдастыру кәсіпорынды басқару жүйесінің бір бөлігі болып саналады. Шетел кәсіпорындарында тап осындай өте жиі кездеседі және ол басқарушы есеп деп аталады.

Стандарт – кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алу.

«Стандарт» - өндіріске аса қажетті машина және еңбек шығынындағы өнім бірліктерінің саны немесе өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өндірісіне бұрын есептелген машина және еңбек шығыны.

«Кост» - бұл өнімнің бір бірлігін әзірлеуге кететін өндірістік шығынның ақшалай көрінісі.

Америкалық әдебиеттерде «стандарт-кост» ұғымы өндірістің тікелей ұйымдарын реттеуге бағытталған бақылау аспабы ретінде баянадалады.

«Стандарт-кост» жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығыны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс турады есеп беруді жасайды.

Ауытқу – нақты және нормативті (жоспарлы) шығындардың арасындағы айырмашылық. Болжалды шығындар форманың ішінде есептелген стандарттар (нормалар және нормативтер) негізінже анықталады.

Жоспарлау және есеп объектісі өндірістің заттай негізін құрайтын өнім жатады.

Барлық стандарттар жиынтығы үш топқа бөлінеді:

баға деңгейінің есебіне қабылданғанға байланысты:

  1. идеалды - әлдеқайда қолайлы (жайлы) баға мен материал, қызмет көрсетудің тарифі, еңбекақы мөлшерлемедері және үсьеме шығындардың сметалық мөлшерлемелері;

  2. қалыпты – экономикалық кезең ішінде орташа бойынша болады;

  3. ағымдық – нақты есептік кезеңдегі болжалды әрі қолданыстағы баға негізінде есеп айырысу;

  4. базистік – жылдың басында белгіленеді және жыл бойы өзгеріссіз қалады (негізінде баға индексін есептеуде қолданылады)

қуаттылықты пайдалану деңгейіне қарай:

  1. теориялық – кәсіпорын оны жақсы немесе идеалды орындауымен қол жеткізгені. Олар қуаттылықты толық пайдалануға, нормативті көлемге, демалыс уақытына (тақау, жұмыссыз бос тұру, бүліну уақыт шығындарды қарастырылмайды) негізделген кәсіпорынның мақсаттары болып табылады;

  2. өткендегі орташа орындау – статистикалық деректермен есептеледі және ақау, жұмыссыз бос тұру, бұліну, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктер есепке алынады;

  3. қалыпты орындау – алдағы кезеңдегі норма кернеуінің болжалдық орташа деңгейінде қарасытарды;

өнім шығару көлеміне қарай:

  1. теориялық – кәсіпорынның теориялық қуаттылығы алдын ала анықталып қойылған. Оларға қол жеткізу мүмкін емес немесе бір жолға тәртіппен қол жеткізуге болады;

  2. практикалық – кәсіпорын жақсы орындаумен қол жеткізеді, нақты қол

жеткен шығарылым деңгейіне негізделеді және болмай қоймайтын шығындарды жібереді;

  1. қалыпты – кезең ішінде өндірістің жоғары және төменгі көлемнің   орташа шамасында өнім шығарылымының қол жеткізген деңгейінде есептеледі;

  2. болжалды - өнім шығарылымының болжалды көлеміндегі өндірісітің  нақты шарты негізінде есептеледі.

Бұл сипаттамалар мынаны көрсетеді: америкалық фирмаларда шығын баптары бойынша стандарттарды белгілеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Алайда қабылданған стандарттың жаңа тәсілдемесінде өндіріс басталғанға дейінгі стандартты өзіндік құн картасында бухгалтерияда қорытылады. Картон бұйым, тапсырыс бойынша бұл бұйым, тапсырыстарды дайындауға қатысатын өндіріс бөлімшелері бойынша жасалады.

«Стандарт-кост» жүйесі – тікелей шығындарды басқару құралы. Бұл жүйенің бірнеше нұсқаларын пайдаланады:

1-ші нұсқа. Шығындар 900 «Негізгі өндіріс» шотының дебетіне жиналады және стандартты құн бойынша бағаланады, ал аяқталмаған өндіріс – стандартты құн бойынша бағаланады.

2-ші нұсқа. 900 «Негізгі өндіріс» шот дебетінде қорытыланған шығындар нақты құн бойынша бағаланады, ал 900 «Негізгі өндіріс» шот кредиті есептен шығарылады. Дайын өнім стандартты құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндіріс нақты шығынның ана немесе мына жаққа ауытқуы қоса ескерілетін стандарттық құн бойынша бағаланады.

Стандарт – кост жүйесі бойынша өндіріске кеткен шығындарды есепке алудың әдісі есептің басқа жүйесінен дербес, оқшаланған болып табылмайды. Шынында ол өндіріс шығындарын есептеу және өнімнің өзіндік құнын шығару әдістерімен ұштастыруды табуды көздейді. Негізінен, алғанда, стандарт – кост жүйесі машина жасау кәсіпорындарында қолдау үшін әзірленген. Бұл әдісті басқа салаларда да пайдалануға болады. одан басқа, стандарт – кост өнімді сатудың, негізгі құралдың жөндеуіне кеткен шығынның, күрделі құрылыстың материалдық ресурстарды дайындаудың есебін ұйымдастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Қаржылық және өндірістік есебін салыстыру кестесін келітіріп көруге болады:

Салыстыру аясы

Қаржылық есебі

Басқару есебі

1

2

3

Ақпаратты пайдаланатын негізгі тұтынушылар

Бухгалтерлік есеп жүйесінің түрлері

Таңдау еркіндігі

Пайдаланатын өлшемдері

Талдаудың негізгі обеъктісі

Есеп беру жиілігі

Сенімділік дәрежесі

Шаруашылықтан тыс ұйымдармен жеке тұлғалар

Екі жақты жазба жүйесі

Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған белгілерін мінбетті түрде басшылыққа алу

Шаруашылық жағдайының фактісі пайда болған тұсында әрекет етіп тұрған ақша бірлігінің бағамы бойынша

Шаруашылық бірлігі тұтас алынады

Тұрақты негізде, кезеңдігі бойынша

Объектілігі талап етіледі: кезеңдігі бойынша өткен жағдайлар мен фактілерді сипаттайды

Фирма ішіндегі әртүрлі деңгейдегі басқарушы тұлғалар

Екі жақтың жазба жүйесімен шектелмейді, яғни нәтиже беретін кез келген жүйесі пайдаланады

Нормалар мен шектеулер жоқ: бірден-бір өлшем – жарамдылығы

Кез келген лайықты ақшалай немесе натуралды өлшемі: адам-сағаты, машина мағаты және т.б. Егер доллардың іс-жүзіндегі немесе болашақтағы құны пайдалану мүмкін.

Шаруашылық бірлігінің әртүрлі құрылымдық бөлімшелері

Қажет болған жағдайда, тұрақты есем негізе жасалуы да мүмкін

Жоспарлау мақсатына тікелей байланысты болып келеді; бірақ қажет кезде дәл деректерде пайдаланады; табиғаты жағынан футуристік болып келеді

Стандарт – кост жүйесінің негізгі ерекшілігі сынандай: өндіріске жұмсалатын барлық шығындар өндірісте жұмсалмай тұрып есептелінеді. Шығындар стандартын есептеу үшін натуралдық және құндық көрсеткіштер пайдаланылады. Одан басқа, арнайы шоттарды қолдана отырып, нақты жұмсалған шығындар мен стандарттық өзіндік құнның арасындағы айырманы көрсетеді. Стандарт-кост жүйесі шығындарды нормалауға болатын стандарттар нормаларын әзірлеуді, бұйымдардың стандарттық калькуляциясын жасауды және стандарттардан ауытқуларды бөліп көрсетуді, өндірістегі іс жүзіндегі шығындарды есепке алуды көздейді. Стандарт-кост жүйесі өндіріс шығындарын жедел бақылап отырудың басты құралы болып табылады.

Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсенткендей, олардың басым көпшілігі стандарт-кост жүйесін толық көлемінде пайдаланбайды: олар аяқталмаған өндірістің қалдығын бағалау үшін пайдаланбайды, бухгалтерлік есеп жүйесінде стандарттық құны бойынша калькуляция баптары (материалдар, жалақы және т.б.) калькуляциянбайды. Көптеген фирмалар шығындар стандарттары мен стандарттық калькуляцияны шығарылған өнімнің негізгі номкенклатурасы үшін ғана әзірлейді. Соның өзінде, бұл стандарттар көбіне тек натуралдық өлшемдермен ғана белгіленеді.

Стандарт-кост жүйесінің жұмыс істеуі негізіне фирманың өзі белгіленген және өндіріс процесі барысында өзгеріп отыратын стандарттар (нормалар мен нормативтер) топтамасы жатады. Барлық стандартты үш топқа бөлуге болады:

-теориялық стандарттар – бұл кез келген фирманың ұмтылыс жасайтын идеалы немесе жетілдірілген стандарттар;

-ағымдық стандарттар – стандарт белгіленген мерзіміне өндіріс шығындарының мөлгшерін көрсететін стандарттар;

-базистік стандарттар - өндіріс процесінде болған өзгерістерге дейін жылдан жылға өзгермейтін стандарттар.

Материалдарға, энергия тарифтеріне, қызметтерге жасалған баға өзгерістері базистік стандартты өзгертпейді, ол тек қана стандарттық өзіндік құнмен нақты құнның арасындағы ауытқуды анықтайды.

Шығыстар жатқызалатын баптар бойынша фирманың келесі қызметі олардың стандартын әзірлейді: технологиялық қызметі материалдардың барлық түрлері бойынша стандартын белгілейді; жабдықтау қызметі – қызметтердің, жұмыстардың, материалдардың барлық түрлері бойынша стандарттық бағасын; өндірістік-өндірістік операциялар бойынша өнімділік стандартын; қызметкерлер категориясы бойынша еңбек ақының бағасын қоюды және сағаттық мөлшерлемені жасайды. Осындай жолмен әзірленген жеке-дара стандарттар өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының карталарын жасауға және оларды шолып талдауға септігін тигізеді.

Стандарт-кост жүйесі қолданатын жекелеген фирманың шеңберіңде өнімнің өзіндік құнын жоспарлаумен тығыз байланыстарылады, өйткені ол өндіріс барсындағы шығындарға бақылау жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жүйенің мәні: тікелей (өзгермелі) шығындар дайын өнім түрлері бойынша қорытындылайды, ал жанама (тұрақты) шығындар жеке шоттар жинайды және ол қай есептік кезеңде пайда болды, сол есептік кезеңдегі жалпы қаржылық нәтижеге есептен шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]