- •1.1 Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау жөніндегі жалпы ереже
- •1.2 Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезіндегі қолданылынатын әдістер
- •2.1 Өндіріс шығындарын есепке алудың қарапайым әдісі
- •2.2 Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі
- •2.3 Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
- •2.4 Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі
- •3.1 Шығындар есебінің әдісі бойынша «Стандарт-кост» жүйесі
- •3.2 «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.3 Өндіріс шығындарын есепке алудың бөлістік әдісі
Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді. Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсіпорындарда: металлургиялық, химиялық, мұнай өндіру және басқа да салаларда қолданылады. Мысалы, мата тоқу кәсіпорындарында үш қайта жасау – иіру, тоқу және әрлеу саласы; қара металлургияда – домен пеші, болат балқыту, прокат: былғары өндірісінде – күлді, тері илеу және әрлеу саласы бар.
Дайын өнім немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік әдісте өндіріс кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді. Әрбір бөлістен кейін шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде – дайын өнім алынады. Бөлініс тізбегі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процестерінің арасындағы үзіліс - іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнімнің сипаты мен басқа да өзіне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процестер туралы деректердің негізінде белгіленеді. Бұл орайда, бөлініс жөніндегі шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялау мүмкіндігі ескеріледі.
Тікелей шығыстар (шикізат, негізгі материалдар, шалафабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының жалақысы т.б.) әдетте, бөлістер бойынша, ал әрбір бөлістердің ішінде - әзірленген өнім түрлері бойынша есепке алынады (шалафабрикат немесе дайын бұйым).
Үстеме шығыстар бөлістердің арасына таратылады, ал олар әрбір бөлістердің ішінде – шығарылатын өнім түрлерінің арасына таратуға қабылданған коэффициенттердің базасында жасалуы мүмкін.
Бөлістік әдісін қолданған кезде нормативтік әдістің негізгі элементтері – нақты шығындардың ағымдағы нормадан жүйелі түрде ауытқуын, сондай-ақ нормалардың өзгеру есебін және олардың себебін табуды қолдану керек.
Еңбек шығындарын, ресурстардың шығыстарын құжаттауда және жедел (оперативтік) есеп беруінде энергетикалық, материалдық және басқа да шығындардың нақты шығысын ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар өндіріс тапсырмаларына немесе нормасына негізделген шығындар да көрініс табуы керек. Белгіленген технологиялық процестердің ауытқуынан, жұмсалған материалдық шығыстардың құрамының өзгеруінен, шығарылған өнімнің ассортиментінен, олардың сорттылығынан болған қосымша шығындар немесе үнемдеулер дер кезінде көрініс табуы тиіс.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке алудың бөлістік әдісінің екі нұсқасы пайдаланылады: шалафабрикаттық және шалафабрикатсыз.
Шалафабрикаттық нұсқа әрбір бөлістер бойынша есептік калькуляция жасайды және оған үстеме шығысын қоса есептейді. Бухгалтерлік есеп жүйесінде келесі қайта жасауға тапсыруда өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құнын қайта есептеумен жүргізіледі. өндіріс шығынының жиынтық есебі өнімді әрбір қайта жасаумен шығару бойынша анықталады, сонымен бірге, келесі қайта жасауға тапсырылатын өнім тұтас ұйым бойынша және құрылымдылық бөлімше бойынша бір мезгілде калькуляцияланады.
Шалафабрикатсыз нұсқасында бірінші қайта жасауға жұмсалған материалдық және еңбек шығындарына одан кейінгі қайта жасаулардан туындаған өңдеу шығындарын қосып, содан соң өнімнің өзіндік құны анықталады. Оны бір құрылымдық бөлімшіден екіншісіне тапсыру кезінде өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны бухгалтерлік қайта есептеусіз жүргізіледі. Жартылай дайындалған өнімнің бақылау қозғалысы нақты мағынасында оперативті жүзеге асырылады. Дайындауға кететін шығын шығын баптарында ескеріледі. Үстемеленген шығындар әрбір қайта жасау бойынша көрініс табады, ал шикізат құны бірінші қайта жасаудың өзіндік құнына қосылады. өнім бірлігін өндіруге кететін шығынның жиынтық есебі өндіріс процесіндегі олардың қатысу үлестерін ескеру арқылы қайта жасаулардың шығындарын жиынтықтаумен анықталады;
Бөлістік әдісі кезінде өндірістегі шығындарды есепке алу өндіріс есебінің карточкаларында немесе әрбір қайта жасауға ашылатын ведомосттарында жүргізіледі.
Алғашқы шикізаттан өндірістің бір процессінде әртүрлі сорттағы немесе маркадағы өнім түрі алынады, сондықтан олардың өзіндік құнын анықтау үшін түзету коэффициентін пайдаланады.
Мұнай өңдеуші өнеркәсібінде, өнім шығымын техникалық тұрғыдан сипаттайтын бір өнім (шикізат) бірлігінен алынған коэффициенттер жүйесі пайдаланылады. Егер де бір шикізаттан әртүрлі мұнай өнімдері алынатын болса, онда олардың арасында тарату коэффициентінің көмегімен өнімнің өзіндік құнын белгілейді, ал өңдеу шығындары әрбір өнім түрінің арасына үлес салмағы бойынша таратылады.
Қарапайым, тапсырыстық және бөлістік әдістердің негізгі кемшілігі мынады: өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезеңнің соңында ғана немесе тапсырыс орындалғаннан кейін анықталады, ал мұның өзі кәсіпорынның (цехтың) басшылығының есеп беру кезеңі ішінде өндірістегі іс жүзіндегі шығындардың жоспар бойынша белгіленген нормаларға сәйкестігін қадағалап отыруға мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа шығындарды есепке алудың әдістерінің барлығында бүкіл шығарылған (шығарылатын) өнімнің өзіндік құны, сол өздерінің жоспарланған кезіңдегі орташа деңгейімен салыстырылады және соның нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жүргізілген ұйымдық-техникалық шараларға жұмсалған шығындардың шын мәніндегі деңгейін әрдайым дәл көрсете бермейді.
Бұл кемшіліктерді жою үшін нормативтік әдісін қолданады, бұл кезде өнімнің бір өлшемінің және бүкіл шығарылымның өзіндік құны нормативтік өзіндік құнмен салыстырылады.
